Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 08:08, курсовая работа
Жұмыссыздық ресми мойындалған талассыз құбылыс ретінде тоқсаныншы жылдардың басында нарыққа өту кезеңінде өндірістің құлдырауына, басқару жүйесін қайта құруға, қорғаныс кешенін конверсиялауға және басқа да себептерге байланысты пайда болады. Тұрақсыз өтпелі экономикалы жағдайында тұрғындардың материалдық жағдайы күрт төмендеп кетті. Бұл жаңа қалыптаса бастаған еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысын өсуіне әкеп соқты, ол жерге бұрын еш жерде жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс істеуге құлық көрсеткен адамдар келді. Олар негізінен жұмыссыз әйелдер мен жастар болады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............5
1.1 Жұмыспен қамтылудың мәні...............................................................................5
1.2 Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..............................................13
2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы шешу жолдары.....................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жағдайын талдау.............17
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................23
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................
КІРІСПЕ......................
1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............5
1.1 Жұмыспен қамтылудың
мәні..........................
1.2 Жұмыссыздыққа
сипаттама және оның түрлері.......................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫ.......................
2.1 Жұмыссыздыққа
әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы
шешу жолдары.......................
2.2 Қазақстан Республикасындағы
жұмыспен қамту жағдайын талдау.............17
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Нарықтық қатынастарға көшу мен экономикалық реформалауға байланысты жаңа тәуелсіз елдерде жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық мәселелері пайда болады. Еліміздегі нарықтық экономикаға әсер ететін қаржылық және экономикалық тұтқалардың нарықтық инфрақұрылымның жетілдіруі көптеген әлеуметтік мәселелерді, әсіресе еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы мәселелерді өте маңызды ете түсті.
Жұмыссыздық ресми мойындалған
талассыз құбылыс ретінде
Жоғарыда жазып өткендей еңбек нарығыдағы басты мәселелер халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздықпен күресу болып табылады.Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Халыққа жолдауында да нақты айтылған.Онда халықтың тұрмыс деңгейі көтеру мәселесі қаралғанда халықты жұмыспен қамту да,жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы және т.бтмаңызды мәселелер қаралды. Онда былай делінген:
“Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс органдарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады”-, дей келе Елбасымыз “Нұр Отан” партясының бес жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту,жұмыссыздық деңгейін төмендету шаралар, жұмысшылар жалақысын, зейнетақысын, жәрдемақысын көтеру жөніндегі мәселелер жөнінде де атап көрсетті. Осылар жөнінде Елбасымыз жаңа үшжылдық бюджетті ұсынды.
Үкіметтің
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасымен
танысып шықтым. Онда еліміздің экономикасын
тұрақты дамыта отырып,бәсекелестік деңгейін
көтерудегі стратегиялық міндеттер баса
көрсетілген. Соның ішінде маман-кадрлардың
кәсіби біліктілігін арттыру жергілікті
мамандарды қайта даярлау саясаты әрі
қарай жалғасын табады. Бұған қоса алдағы
уақытта бюджеттік сала қызметкерлерінің
жұмыс сапасын көтеріп,олардың тиімді
жұмыс істеуі үшін еңбекке ақы төлеу жүйесін
жетілдіру шаралары жалғасады. Яғни,мұнда
да еңбекпен қамтылу, жұмыссыздықпен күрес
шаралары анық көрсетілген.
Еркін жұмыссыздық-бұл жұмыскерлердің белгілі бір бөлшегінің еңбек нарығынан шығуы ж\е әр түрлі себептермен “өз еркімен” жұмыссыздарға айналуы(ұжымдық келісім-шартқа сәйкес немесе өзінің жұмыс күшінің қолайлы еңбек шартын ж\е жақсы төлем табуды көздеп).Осыдан басқа,еңбек нарығын талдап зерттегенде қайталанып келетін жұмыссыздықтың ж\е жұмыс табудан күдер үзіп,жұмысшы күші есебінен шығып кеткен адамдарды есепке алатын,тоқыраулы жұмыссыздықта бар.
Жұмыссыздықтың келесі себебі жалақының қатаңдығы, яғни оның икемді өзгере алмайтындығынан.Жалақы сұраныс пен ұсыныс тепе–теңдігіне сай келетін деңгейден жоғары тұрғанда, нарықтағы еңбекке ұсыныс оған сұраныстан артық болады. Сондықтан, нақты жалақының қатаңдығы жұмысқа орналасу ықтималдығының көрсеткішін төмендетеді және жұмыссыздық деңгейін жоғарылатады.
Қазіргі уақытта жұмыссыздық, жұмыспен қамту мәселелері пікірталас тудыратын, әрі қызықты мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан бұл курстық жұмысымның аты “Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық:демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланыстылық” деп аталады.
Бұл курстық жұмысымда жұмыспен қамту
мен жұмыссыздық жайында баяндалмақ. Жалпы
курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады.
Онда жұмыспен қамту мен жұмыссыздыққа
сипаттама,олардың пайда болу жолдары,
әсер ететін факторлар және Қазақстан
Республикасындағы олардың жағдайын талдау
мен жұмыссыздыққа қарсы проблемаларды
шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатыр-осылар
жайында баяндалмақ.
1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1.Жұмыспен қамтылудың мәні және маңызы.
Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мәселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір және батыл қойылған саяси экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі.
Экономикалық ұстаным көзқарасы тұрғысынан жұмыспен қамту–еңбекке қабілетті халықтың қоғамдық өнім жасау жөніндегі әрекеті.
Жұмыспен қамтудың бірнеше теориялары бар:
–кейнстік бағыт жұмыспен қамтуға тек жиынтық сұраныс әсер етпейді,оған жалпы сұраныстың өсуінің әр түрлі салалар арасындағы бөлінуде, яғни жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді.Бұл үлгі мемлекеттің макроэкономикалық процестерді басқаруға кірісуіне негізделеді, ал оны жүзеге асыру механизмі психологиялық сипаты бар заңдылықтар мен құбылыстарға(тұтынуға бейімділік, жинақтауға бейімділік, инвестицияға ынталандыру) және басты экономикалық көрсеткіштердің арасындағы мультипликативтік байланыстарға негізделеді.[2, б. 45,53]
–монетарлық мектептің тұжырымдауы бойынша, нарықтық экономика жұмыспен қамтудың рационалды дәрежесін өзі белгілейтін, өзін–өзі үйлестіретін жүйе, бағалық механизм болып табылады.Жұмыспен қамтуды тұрақтандыру саясаты жұмыссыздық нормасының оның табиғи дәрежесінің ауытқуымен, өндіріс көлемі және жұмыспен қамтылғандардың санының ауытқуыларымен күресуге бағытталуға қажет.
–икемді нарық концепциясы жұмыспен қамтудың әдеттегідей емес, функционалдық, индивидуалданған және тсандартты емес, жекелей жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы, қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау формаларына көшу қажет.Осыған жету жолдары:
Жалпыэкономикалық санат ретінде жұмыспен қамтылуды анықтаудың үш тәсілі бар:
Жұмыспен
қамтылу–нақты адамдардың жеке және
қоғамдық қажеттіліктерін
Жұмыспен қамтылған халыққа ХЕҰ стандарттары
бойынша еңбекке жарамды жасқа жеткен
және одан ересек жалданып жұмыс істейтін
және өздерін өздігінен жұмыспен қамтитын
адамдардың барлығы жатады.Олар–кәсіпкерлер,
Жұмыспен қамтылуды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
−өнімді жұмыспен қамту;
–әлеуметтік пайдалы жұмыспен қамту;
−толық жұмыспен қамту.
Өнімді жұмыспен қамтылу–халықтың қоғамдық өндірісте жұмыс істеулері.
Әлеуметтік пайдалы жұмыспен қамтылу тек қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін адамдардың ғана емес,сонымен бірге әскери қызметкерлердің еңбекке жарамды жастағы оқушылардың,үй шаруашылығын жүргізумен айналысушылардың балаларға қарайтындығының санымен анықталады.
Жұмыспен толық қамтылу–қалағандардың барлығының ақы төленетін жұмысы бар,кезеңдік жұмыссыздық орын алмайтын қоғамның жай–күйі.Бұл орайда уақытша және құрылымдық жұмыссыздықтан анықталатын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі сақталады.
Жұмыспен толық қамтылмаудың екі түрі бар:
– көзге көрінетін;
– жасырын.
Біріншісі толық емес жұмыс уақытымен жұмыс істейтін адамдар санымен тұлғаланады.Екінші түріне еңбек ресурстарын дұрыс бөлмеуді немесе еңбекпен өндірістің өзге факторларының арасындағы баланстың бұзылуын көрсететін пайдалылық ұғымды білдіреді.
Жасырын толық емес жұмыспен қамтылудың өзіндік белгілеріне төмен табыс өнімділігі жұмыс істейтіндердің біліктіліктерін толық пайдаланбау жатады[6, б. 54-64]
Еңбек нарығын реттеу үшін икемді жұмыспен қамтылудың түрлі нысандары қолданылады, олар толық емес жұмыс уақытының түрлі режимдерінде жұмыспен қамту қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесімен байланысты жұмыспен қамтылу,стандартты емес жұмыс орындарындағы жұмыспен қамтылу стандартты емес ұйымдық нысандар бойынша жұмыспен қамтылу жұмыспен икемді қамтылу мен жұмыссыздық арасында аралық аймақ құрады.
Азаматтардың көпшілігі үшін жұмыс мағыналы өмірге ең қолайлы жол ретінде көрінеді, ол тауарлар мен қызметтер нарығына жол ашады, өз өтбасы мен жалпы қоғамға позитивтік үлес қосуға мүмкіндік береді, адамдар арасындағы байланыстарды кеңейтеді. Жұмыс адамның қалыптасуына, тұлғаның дамуына, сондай-ақ адамның объективтік және позитивтік мәдениетінің дамуына көмектеседі. Бұл көзқарастан жұмыссыздық адам маңыздылығын төмендету, оны жоқ қылу болып табылады. Шынымен де, жұмыс адамның ар-намысына қатысты мәселе.
Роберт Рейх "Халықтар жұмысында" (1992 ж) айтып кеткен жұмыстың үш түрін бөлуге болады:
1)Шаблондық (ескішілдік) өндіріс пен қызметтер,2) Жұмысшыларға көрсетілетін қызметтер, 3) Шығармашылық жұмыс.