Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 08:08, курсовая работа
Жұмыссыздық ресми мойындалған талассыз құбылыс ретінде тоқсаныншы жылдардың басында нарыққа өту кезеңінде өндірістің құлдырауына, басқару жүйесін қайта құруға, қорғаныс кешенін конверсиялауға және басқа да себептерге байланысты пайда болады. Тұрақсыз өтпелі экономикалы жағдайында тұрғындардың материалдық жағдайы күрт төмендеп кетті. Бұл жаңа қалыптаса бастаған еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысын өсуіне әкеп соқты, ол жерге бұрын еш жерде жұмыс істемеген, алғаш рет жұмыс істеуге құлық көрсеткен адамдар келді. Олар негізінен жұмыссыз әйелдер мен жастар болады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
1 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............5
1.1 Жұмыспен қамтылудың мәні...............................................................................5
1.2 Жұмыссыздыққа сипаттама және оның түрлері................................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..............................................13
2.1 Жұмыссыздыққа әсер ететін факторлар және оның Қазақстандағы шешу жолдары.....................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жағдайын талдау.............17
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................23
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................
Мен 1991
жылдан бастап соңғы жылдарға дейінгі
Қазақстан Республикасының еңбекпен қамтамасыз
ету саясатындағы қабылданған бағдарламалар,заңдар,
Қазақстан Республикасының еңбекпен қамтамасыз етудің бірінші бағдарламасы 1991 жылдың маусымында дайындалды және бекітілді. Мұнда әлеуметтік қорғаудың дәстүрлі қалыптарынан басқа (жүмыссыздық бойынша төленетін төлемақы төлеу, үйрету мен қайта оқыту, қоғамдық жүмыстарды ұйымдастыру), еңбекпен қамтамасыз ету қызметтері арқылы шағын кәсіпорындарға орналыстару мен тұрғындарды басқа аймақтарға бөлу қарастырылады.
Бірақ бағдарламада салынған болжамдар өзін-өзі ақтамады. Жұмыссыздардың еңбекпен қамтамасыз ету қызметтеріне арызданған 185-мыңның әрбір екіншісі ғана еңбек орнымен қамтамасыз етілді, 45% - кәсіптік оқуға және қайта даярлықтан өтуге жіберілді, 34% - жұмыссыздық бойынша төленетін төлемақы алып түрады, 12% - қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сөйтіп, әлеуметтік қорғаудың шараларының санатында белсенді қалыптарға басымдық берілді.
Еңбекпен қамтамасыз ету саласында жұмыссыздықтың өсу тенденциясын күрделендірген ахуал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22-
мамырдағы №631 қаулысымен бекітілген тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік саясатының тұжырымдамасын дайындауға кажеттілік болуы.
Тұжырымдамаға сәйкес еңбекпен қамтамасыз ету саясатының негізгі мақсаты: өнімді және еркін таңдаған еңбек түріне жету, жұмыссыздықты қысқарту және оны әлеуметтік мүмкіндік деңгейінде қолдау, еңбек нарығының құқықтық, экономикалық және қызмет атқаруының ұйымдастырушылық жағдайын және реттеуін құру.
Сөйтіп, бірінші кезеңде еңбекпен қамтамасыз ету саясаты жұмыссыздарға кешенді әлеуметтік қолдау жасауды көздеген еді (жұмыссыздарға жүмыссыздық бойынша төленетін төлемдермен стипендия төлеу, оларға материалдық көмек көрсету, қажетті мамандықтарға оқыту мен қайта даярлау, қоғамдық жүмыстарға орналастыру және т.б.)
Екінші кезеңде бірінші кезеңде басталған құрылымды -инвестицияның саясаттың іске асырылуымен, мемлекеттің нығайуына, өндіріс орындарының және жұмыс орындарының және жүмыс орындарын ұсынушы қызметтердің, жұмыссыздық бойынша алдын-ала қорғаудың қосылуларымен үшдеңгейлік қаржыландыру қалпын қүру негізінде еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің қалыптастырылуын қамтамасыз ететін қаржылык реформалар іске асырылды.
Үшінші кезең еңбекпен қамтамасыз ету жүйесінің еңбек нарығына ыңғайлануының шаралары бойынша бағыттарды іске асыруға мүмкіндік беретін, тоқырауға байланысты қиратылған оның шешуші бөліктерін қалпына келтіру мен дамытуға және еңбек нарығының бәсекелестігіне жауап беретін мамандардың екпінді кәсіптік қүрылымын қамтамасыз етуге орай есептеледі.
Осы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының "Тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету туралы" тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету саласында құқықтық, экономикалық және ұйымдасгырушылық қатынастарды реттейтін Заңы (23.01.2001 ж. №149-11 ҚР 3) халықаралық тәжірибелермен сәйкестікке келтірілді. Ол жұмыссыздықтан қорғаудың әлеуметтік шараларын қарастырады, сонымен катар, әлеуметтік қорғауды талап ететін және еңбекке орналасуда қиындықтарға жолығатын тұрғындардың мақсатты топтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шараларды, шет елдік жұмысшы күштерін тартудың тәртібін анықтайтын қосымша шараларды реттейді.
Көмек қажет ететін тұрғындарға жергілікті жерлерді тікелей жәрдемдесуге келсек, жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті материалдық көмек түрінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен еңбекпен қамтамасыз етудің аудандық (қалалық) еңбек бөлімдері басқармалары іске асырады.
Мұнда материалдық көмектің мөлшері бір айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы тиіс (2001 ж.775 тенге)
Кедейлену мен түрғындардың еңбекпен камтамасыз етуінің деңгейінің өсуін есепке ала отырып 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2000-2002 жылдар аралығында жұмыссыздықпен және кедейленуінен күрес жүргізу бойынша бағдарлама қабылданды. Бағдарламаның мақсаты — Қазақстанның көлемінде кедейленуді қысқарту, еңбекпен қамтамасыз ету саясатын белсенді іске асыру арқылы жұмыссыздықты төмендету және кедейлерге тікелей әлеуметтік көмек көрсетуді өткізу. Бағдарламаны іске асыру ең аз дегенде Қазақстандық отбасының әрқайсысының бір мүшесінің еңбекпен қамтамасыз етілуін қамсыздандыруға мүмкіндік береді және бос түрғындарды еңбектік іс-әрекетпен айналысуға тарту үшін жаңа жүмыс орындарын құруды ұсынады.
2000 жылғы Бағдарламаның барысының іске асырылуына берілген талдау белгіленген оң жетістіктерге қол жеткендігін куәландырады. [6, б. 51-64]
Бұрын жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын кұқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды "биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырады" деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Егер әлемдік багалар өзгеріп, төмендесе, біздегі ахуал қиынға айналуы мүмкін. Біз жұмыссыздықпен күрес бағдарламасында біздің елдің өзін-озі қамтамасыз етуінің элементі болуға тиіс салаларда қажетті жұмыс орындары жасалған жоқ деп мойындаймыз. Бұлар - жеңіл, тамақ өнеркәсіптері, бірінші кезекте қажетті тауарларды өндіру, құрылыс материалдарын өндіру. Яғни, біз Қытайдың, Ресейдің, Түркияның тауарларын импорт жасадық та олар біздің нарықты лық толтырды, ал біз валютаны шетке жіберіп жатырмыз. Қазіргі күні бұған төзуге болады, өйткені, әлемдік бағалардың жоғары болуымен валюта көптеп түсуде. Жоғарыда айтқанымдай егер бағалар төмендесе онда біздегі әлеуметтік жағдай ауырлау болады. Себебі, жер асты кендерін қазып шығаратын өнеркәсіпте жұмысшыларды жұмыстан шығару күшейді.
Жұмыспен қамту саласындағы және 2003-2005 жылдарда еңбек ресурстарын дамыту жөніндегі мақсат-жұмыспен қамтылған халық санының өсуі немесе еңбек ресурстарының мамандықтарын арттыру
Жұмыссыздық деңгейін төмендеіу үшін еңбек биржасы үлкен үлес қосады. Еңбек биржасы - ол жұмысшылар мен кәсіпкерлер жұмыс күшін сатып алу, сату ісін жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аралық қызмет атқаратын мекеме.[15, б. 33-45]
2008 жылдың сәуірінде Парламент Мәжілісіндегі “Нұр Отан” халықтық–демократиялық партиясы фракциясының жанындағы Әлеуметік кеңестің “Қазақстан Республиксы Президентінің Жолдауы аясында халқты әлеуметік қорғау жүйсі тиімділігін арттыру туралы” атты отырысында шешілмей жатқан проблемалар көп екенін,оның ең маңыздысы–халықты жұмыспен қамту ісінің толық шешілмей жатқандығы.Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда,бүгінгі күні жұмыссыздық деңгейі жұмықса жарамды жастағы адамдардың 7.4 %-ын құрайды.Бұл сан бір жағынан жаман емес,көптеген дамыған елдерде ол сан бұдан да жоғары.Бірақ біз жұмыспен қамтылғындардың арасына өзін-өзі қамтамасыз еткен адамдарды да қосып жіберіп отырмыз.Ал олардың саны 2.6 млн. адам немесе елдегі жұмыспен қамтылғандардың 36 %-ы.Егер адамның атында жер тілімі болса, ол жұмыссыздар қатарына қосылмайды.Алайда,олардың жерден алатын түсімнің ең төменгі мөлшерін ешкім анықтаған емес.Дегенмен,осындай салғырттықты пайдаланған көптеген адамдар әләуметік көмек алуға тырысады.Ал бұл көмек нақты мұқтаж жандарға жетіп жатыр ма,ол жағы белгісіз.
Парламент Сенатында“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасының тұсаукесері болады деп хабарлады баспасөз қызметі.
Заң жобасы тұсаукесерінің барысында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов депуттарды “ 2008 жылғы республикалық бюджет туралы” және Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфенрт туралы” заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етті.
Осыған байланысты жоба Бюджет кодексіне сәйкес және мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру– мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты жолдауындағы міндеттерді, сондай–ақ үстіміздегі жылы қаржыландыруды талап ететін шараларды орындау мақсатында әзірленгені атап көрсетіледі.
“2008 жылғы бірінші шілдеден бастап еңбекақының ең аз мөлшерін осы жылдың 1 қаңтарында белгіленген мөлшерді 1510 тг-ге ұлғайтып,12025 тг базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін 600 тг-ге арттыра отырып 4810 тг, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күн-көріс деңгейінің шамасында 1510 тенгеге ұлғайтып 12025 тенге етуді қарастырады.”
Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгерістеріне сәйкес, республикалық бюджеттің кірістері мен Ұлттық қордың түсімдер болжамы нақтыланады.Республикалық бюджет түсімдері 27297 млрд тг. Құрайды немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 35 млрд тг ұлғаяды.
Шын мәнінде жұмыссыздарды қолдау жолындағы бұл ең маңызды мәселе емес.Ең бастысы-өзін өзі қамтамасыз еткендер әлеуметтік қамсыздандыру мен зейнетақы қорларына қол жеткізе алмауда.Бұл милиондаған адамдарға қатысты болғандықтан,бір уақыттардан кейін олар біздің зейнетақымен қамту жүйемізге
қатты
зиян келтіруі мүмкін.Одан ары қарай мәселе
кезекте жұмыссыз тұрғындардың құрылымына
тоқталды.25 пен 39 жас аралығындағы азаматтар
барлық жұмыссыздардың 46.5 пайызын
қамтиды.Ресми деректерге қарағанда,бізде
80 мың техникалық жұмыскер, 10 мың құрылысшы
және 9 мың жұмысшы жетіспейді.Әсірісе,
Одан әрі әр саладағы еңбекақының айырмашылығы
өте үлкен болып келетінігі т\ы айтылды.2008
жылы қаржы секторының қызметкерлері
орта есеппен айына 175 мың теңгеден алса,ауыл
шаруашылығының тұрғындары 29.4 мың теңге
ғана алады.2008 жылғы маусымда бір қызметкердің
орташа айлық жалақысы 629998 тенгені құрап,
2007 жылғы маусыммен салыстырғанда 21.6%-ға,нақты
көріністе-2.3%-ға –өсті. 2008 жылғы қаңтар
маусымда бір қызметкердің орташа айлық
жалақысы 57719 тенгені
құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда
18.1 %-ға өсті, нақты көріністе
0.8 % төмендеу құрады.(1- сурет)
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өз саласы бойынша барлық проблемалар мен жетістіктерді атап көрсеттті.Биыл осы салаға 545 млрд. теңге бөлінген,бұл 2003 жылмен салыстырғанда 2.7 есе көп.Еліміздегі орташа жалақы қазір 54 мың теңге,ал білім беру саласында 31,денсаулық сақтау саласында 32 мың теңге ғана.Ал халықтың жалпы табысы 6 мың теңге ғана.Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 20 пайызға артық.
Қазіргі кезде Қазақстан тұрғындарының еңбекпен қамтылуы өткен жылдарға қарағанда біршама жақсы жүруде. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға 2008 жылдың басынан бергі кезең ішінде 41,3 мың адам өтінішпен келді,ағымдағы жылғы ақпанда-20,9 мың адам,ауыл тұрғындары-тиісінше 16,9 мың адам және 8,4 мың адам.
2008 жылғы қаңтар- ақпанда 25,8 мың адам жұмысқа орналастырылды,бұл уәкілетті органдарға келгендердің 62,5 %-ы.Ағымдағы жылғы ақпанда жұмысқа орналастырылған адамдардың саны 13,9 мың адам құрады,бұл өткен жылғы тиісті айға қарағанда 0,8 мың адамға(5,8%-ға) көп.Осы кезең ішінде ауыл тұрғындарының 5,2 мың адамы жұмысқа орналастырылды немесе жұмыс сұрап келген ауыл тұрғындарының 61,8%-ы.
Еңбек нарығындағы өзгерістер елдің еңбектің потенциалын жалпы сандық және сапалық қолайсыз уақыттында өтті.
Ағымдағы жылғы ақпанда кәсіби даярлауға
немесе қайта даярлауға,біліктілігін
арттыруға 2 мың адам жіберілді 9,2 мың
адам қатысты,соның ішінде ауыл тұрғындары-
тиісінше,1,1 мың және 5,1 мың адам.
2 – сурет. 2008-2009 ж.ж. жұмыспен қамтылу статусы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың құрылымы
Нарыққа өту өндіріс көлемінің түсуіне
орай кәсіпорынның еңбектік потенциалын
сақтау үшін қолданылған жасырын жұмыссыздық,
сонымен бірге, есепке алуға және реттеуге
көнбейтін қалыптан тысқарғы еңбектің
(пшелноктары'\ патентсіз сауда жасау
т.б.) және көлеңкелі нарықтың кеңеюі сияқты
арнайы құбылыстардың пайда болуымен
қатар жүрді.