Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:45, автореферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады.
Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:
– бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;
– ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;
– кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;
– жеңілдікті кәсіпкерлік.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг –келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».
Франчайзинг – көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес. Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады, осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары тұрғысынан қарастырамыз (1-сурет).
1-сурет - Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы
Ескертпе – автор құрастырған.
1-суретте көрсетілгендей, франчайзингтік келісім-шарттың тараптары болатындар:
1) Франчайзер – франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.
2) Франчайзи – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға, компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде – франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи үшін франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді.
3) Франчайзинг компоненттерінің бірі – франшиза – белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық.
Франшиза – франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама. Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның келесідей құрамдас бөліктері бар:
– Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна – франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері;
– Роялти – франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти);
– Жарнамалық қорға төленетін төлемдер – бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның мөлшері алдын-ала белгілейді.
Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады:
1) Франчайзинг тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тараптарды анықтау және олардың міндеттерін тағайындау;
2) Франчайзингтік келісімді әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тұлғаларды белгілеп, ережелер мен шарттар жасау;
3) Франчайзинг жөнінде әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу;
4) Франчайзинг бағдарламасын әзірлеу кезеңінде жүйені кеңейту жоспарын жасау;
5) Бағдарламаны жүзеге асыру және бақылау.
Франчайзингті жіктеудің тәсілдемелері тәжірибе жүзінде толық зерттелмегендіктен, шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, оны белгілеріне сәйкес жіктеудің авторлық үлгісін ұсынамыз (2-сурет).
2 - сурет– Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары
Ескертпе – автор құрастырған.
Әрине, франчайзингтік үлгінің жалпы жіктелімі мұнымен шектелмейді, ұсынылған жіктеме франчайзингтік қызметтің жалпы құрамын сипаттап, франчайзингте жүретін барлық үрдістерді зерттеуге жеткілікті негіз болуы мүмкін.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуын негізгі сипаттамалары бойынша талдай отырып, оның келесі кезеңдерін бөліп көрсеттік (1-кесте).
1- кесте Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері
Кезең- дері | Компания атауы | Құрылу жылы
| Негізгі сипаттамалары |
Бірінші кезеңі 1994-1999 ж.ж. | «Coca Cola» | 1994 | 1. Франчайзингті реттеуші нормативтік-құқықтық базаның болмауы. 2. Нарықта бәсекелестіктің жоқтың қасы. 3. Жекелеген шетелдік компаниялар іс-әркет аумағын кеңейту мақсатында Қазақстандық нарыққа шықты. 4. Өндірістік және сервистік фран-чайзинг қалыптаса бастады. |
«Рахат Палас» | |||
«Adidas» | 1995 | ||
«Сеймар» | 1996 | ||
«Kodak» | 1997 | ||
«Дока» |
1999
| ||
«Анкара» | |||
«Рамстор» | |||
Екінші кезеңі 2000 – 2004 ж.ж. | «1C» | 2000
| 1. Франчайзинг туралы Заң қабылданды. 2. Шетелдік ірі фирмалардың франчайзилерінің нарыққа шығуына байланысты бәсекелестік қалыптасты. 3. Қазақстан Франчайзинг қауымдас-тығы құрылды. 4. USAID кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытында франчайзинг бағдар-ламасын ұсынды.
|
«Баскин31Роббинс» | |||
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы |
2002
| ||
Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы | |||
«Il Patio», «Планета Суши» | |||
«World Class» |
2003
| ||
«Business Consult», «Scot Holland Estates» | |||
«Пятерочка» |
2004 | ||
«MaxMara», «Sela» | |||
«Три Толстяка» | |||
Үшінші кезең 2005 жылдан басталып осы кезге дейін | «English First» |
2005 | 1. Санаткерлік меншікке, франчайзингке қатысты заңнамалар белсенді қолданылды. 2. Франчайзинг көрмесі ұйымдас-тырылды. 3. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын әзірледі. 4. Бәсекелестік өсіңкі түрде дамыды. 5. Медиа және әлеуметтік франчайзинг пайда болды. |
«Алма – TV» | |||
«Tiffany Marble» | |||
«Ромат» |
2006
| ||
«Umex Realty» | |||
«Сбарро» | |||
«Finn Flare» | 2007 | ||
«Aquatoria of Luxury Life» | 2008 | ||
Ескертпе – автор құрастырған. |
Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезең жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикада франчайзингтік қатынастар жүйесін пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал-жабдықтар саласында дамып, өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. Екінші кезеңде – Қазақстан нарығына ірі шетелдік франчайзингтік фирмалардың келуі, елімізде осы салаға қатысты заңнаманың қабылдануы, Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ) құрылуы, отандық кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400-ге жуық оператор-фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, ҚФҚ-на біріктірілген, 40 - 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларында қызмет етуімен сипатталады.
Франчайзингтің отандық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларында пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономикалық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материалдық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеретін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда. Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері «Mariott», «Интерконтиненталь» қонақүйлері, «Coca-Cola» сусындар өндірісі, «Mango» киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда.
Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар компаниялар нарықта белсенділік танытуда. Қазақстан франчайзинг қауымдастығы мәліметтерін жинақтап, оларды зерттеу барысында еліміздегі франчайзингтік жүйелердің қызмет ету салалары бойынша даму қарқыны мен үлесі 2-кестеде сипатталады.
2-кесте – Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік кәсіпорындарының үлесі (сәйкес салалар бойынша)
Сала | Сәйкес қызмет ету салалары бойынша фран-айингтік кәсіпорындардың үлесі, % | 2007 жылды алдыңғы жылдар-мен салыстырған-дағы өзгерісі, есе | |||
2001 ж | 2004 ж. | 2007 ж. | 2001 ж. | 2004 ж. | |
Жылдам тамақтандыру кәсіпорындары | 1,1 | 2,3 | 4,3 | 3,9 | 1,9 |
Мейрамханалар | 0,31 | 1,2 | 2,8 | 9,0 | 2,3 |
Фирмалық бөлшек сауда | 0,95 | 2,7 | 8,2 | 8,6 | 3,0 |
Азық-түлік өнімдері бөлшек саудасы | - | 1,6 | 3,8 | - | 2,4 |
Денсаулық сақтау және фитнес | 1,0 | 1,4 | 3,3 | 3,3 | 2,4 |
Консалтингтік және аудиторлық компаниялар | 0,87 | 1,8 | 3,2 | 3,7 | 1,8 |
Телекоммуникациялар және байланыс құралдары | 0,35 | 0,3 | 1,0 | 2,9 | 3,3 |
Ескертпе- ҚФҚ мәліметтері. |