Валюталық жүйе

Автор: Amina Beksultan, 07 Декабря 2010 в 10:56, курсовая работа

Описание работы

Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 274.50 Кб (Скачать)

        Капитал және қаржымен жасалатын операциялар  шотында төмендегiлер көрсетiледi:

  1. тiкелей инвестициялар;
  2. портфельдiк инвестициялар;
  3. мигранттардың транеферттерi (кетуi және келуi);
  4. сауда (коммерциялық) несиелер;
  5. заемдар;
  6. Басқа да инвестициялар (депозиттер, валюта және т.б.)

    Қателiктер мен қалып қойғандар  шотындаресми түрде резидент еместермен ескерiлмей қалғандарды, оған қоса “көлеңкелi бизнестi” есепке алады.

    Жалпы төлем балансы ағымдағы операциялар бойынша төлем балансын, капиталдар мен несиелердiң қозғалысының балансы, сондай-ақ алтын және валюта резервтерiнiң қозғалысын құрайды.

    Жалпы төлем балансы әрдайым теңесiп  отырылады, яғни оның активтiк және пассивтiк операциялары бiрiңғай шаманы құрады.

        Қаржыландыру шотында мыналар есепке алынады:

  1. Қазақстан Ұлттық банкiнiң резервтiк активтерi;
  2. Монетарлы алтын;
  3. Шетел валютасы;
  4. ХКБ несиелерi.

    Төлем балансының басты ерекшелiгi, мұнда  қаражаттардың ағымы, олардың мерзiмi iшiндегi өзгерiсi ғана көрсетiлiп, босалқы  бөлшектер мен қорлар есепке алынбайды. Мұндағы, ағымдағы операциялар шотында  өң қалдықтың болуы тауарлар мен  қызметтердiң экспортын, табыстар мен трансферттердiң түсiмiн бiлдiрсе, ал терiс қалдықтың түзiлуi тауарлар мен қызметтер импортын, төленген табыстар мен трансферттердiң болуын сипаттайды. Капиталдармен жасалатын операциялар шотындағы оң көрсеткiш сол елдiң резидент еместер алдындағы мiндеттемелерiнiң өсуiн жiне резервтер жағынан резидент еместерге деген талаптарлың қысқаруын сипаттаса; ал терiс шама елдiң резидент еместер алдындағы мiндеттемелердiң қысқаруын және резиденттер жағынан резидент еместерге қойылатын талаптарлың өсуiн сипаттайды.

    Төлем балансынан есеп айырысу балансын ажырата  бiлу қажет.

    Есеп  айырысу балансы елдiң шетелге қатысты талаптары мен мiндеттемелерiн бiлдiредi. Мұндай талаптар мен мiндеттемелерге мемлекеттiк (алтын-валюта және басқа да) және жеке активтер, тiкелей инвестициялар, алынған және берiлген несиелер, қаржы және қаржы еместер корпорациялардың мiндеттемелерi жатады. Төлем балансынан бiр айырмашылығы есеп айырысу балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен мiндеттемелер қамтылады. 
 

    Қорытынды

        Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген.

        Валюталық бағам-басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.

        Валюталардың баға белгiленiмi  айырбас үшiн ұсынылған екi ақша  бiрлiгiнiң шектi қатынасын анықтауға  мүмкiндiк жасайды. Валюталық баға  белгiлеу түрi валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейiне әсер  етпейдi, өйткенi валюта бағанының мәнi қалады,ал оның формасы өзгередi.

        Шетел валютасы халықаралық төлем  айналымында ең бастысы банктiк  және несиелiк айналыс құралдары-телеграфтық  және пошталық аударымдар, гектер,тратталартүрiнде болады.Әр түрлi елдердiң валюталарының салыстырылуы олардың өндiрiс және айырбас процесiнде қалыптасатын объективтi құндық қатынастарына  негiзделедi.

        Валюталық нарықтарды валюталық  операцияларды жүргiзудiң негiзiнде  халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетiлген қызметтер мен капиталдар мен несиелердiң халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негiзiнде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргiзiлетiн ресми орталықтарды бiлдiредi. Валюталық операциялардың көлемiне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлiнедi.

       Валюталық нарықтардың қатысушыларын  екi басты топқа бөледi:пассивтi, валюталық  операцияларды жүргiзу қажет болғанда  басқа банктерден және брокерлiк фирмалардан баға белгiленiмiн белгiсi келетiндер, активтi баға белгiленiмiн сұрағандар үшiн банктерге бағаны қоюшылар.

       Сауда-өнеркәсiптiк клиенттер үшiн  валюталар баға белгiлеу кросс-бағам  негiзiнде бекiтiледi, ол екi валютаның  өзара қатынасының үшiншi валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.

       Мемлекеттiң валюта бағамына әсер  ету шаралары валюталық интервенция,  диконттық саясат және протекционеттiк  шаралар болып табылады.

       Әсер етудiң ең тиiмдi әдiсi-валюталық  интервенция. Орталық банктердiң әлемнiң жүргiзушi валюталарына қарсы валюта нарықтарында ұлттық валютаны сатып алу-сату операциялары.

       Валюта бағамымен манипуляция  жасау  елдiң сыртқы сауда  операцияларына айтарлықтай   әсер етедi. Ұлттық валютаның төмендетiлген  бағамы экспортерлерге тиiмдi, ал жоғарылатылған бағам импортты арзандатады.

       Қ.Р Ұлттық Банкi валюталық реттеу  функцияларын жүзеге асыратын  негiзгi валюталық реттеу органы. Қ Р Үкiметi және басқа да  мемлекеттiк органдар ҚР заңдарына  сәйкес валюталық реттеудi жүзеге  асыра алады. 
 
 

     Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Көшенова  Б.А. «Ақша, несие, банктер», «Валюталық қатнастар» Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000.
  2. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы: Экономика, 2001.
  3. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары», «Ақша айналысы және несие» Оқу құралы / Алматы: Қазақ университеті, 2000 – 2002.
  4. Лаврушина О.И. «Банковское дело» Москва, 1992.
  5. Лаврушина О.И. «Деньги, кредит, банки» / М: Финансы и статистика, 1999.
  6. Саниев М.С. «Ақша, несие, банктер» Оқу құралы / Алматы:Экономика және статистика институты, 2001.    
  7. «ҚР – дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
  8. ҚР Ұлттық банктің 2002 -2004 жылға арналған ақша – несие саясаты.
  9. ҚР Ұлттық банктің 2003 -2005 жылға арналған ақша – несие саясаты.
  10. Балабанова И.Т. «Банки и банковское дело» / Питер, 2001.
  11. «Қаржы лизингі» туралы ҚР заңы. 5.07.2000
  12. Смагулова А. «Лизинг» Уч. Пособие / Алматы: Балауса, 1996 - 176с.
  13. Журналы: «Банки Казахстана» №1,2,6,7,8,11; «Вестник КазНу» 2003 -2004.
  14. Усоскин В.М. «Современный коммерческий банк: управление и операции» / М: Антидор, 1998.
  15. Маркова О.М. «Коммерческие банки и их операции» / М: Банки и биржи, 1995.
  16. «Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг» Учебное пособие/ Алматы: Ирбис, 2000.
  17. Е.Н.Нәбиев “Халықаралық экономикалық қатынастар”. Астана                 2001- б. 49.
  18. Д.М.Мадиярова”Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық        қауiпсiздiк”. Алматы “Экономика” 1997ж. 31-б.
  19. Е.Ф.Авдокушин. Международные экономические отношения:     учебник. –М.Юристь 1999.-386с.
  20. Статистическое обозрение Казахстана №1-1999./Гл. ред. Ж.А.Қулекеев. – Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2000.
  21. Н.Қ.Мамыров, Д.М. Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева. Алматы “Экономика” 1998ж.
  22. Майдан - Әли Байгесиев “Халықаралық экономикалық қатынастар”.   Алматы “Санат” 1998ж.

Информация о работе Валюталық жүйе