Валюталық жүйе

Автор: Amina Beksultan, 07 Декабря 2010 в 10:56, курсовая работа

Описание работы

Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 274.50 Кб (Скачать)

    Валюталық операциялардың көлемi, сипатына және пайдаланатын санына қарай байланысты валюталық нарықтар үшке бөлiнедi.

    халықаралық;

    аумақтық;

    ұлттық (жергiлiктi)

    Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк  қаржы орталықтарында орналасқан. Оның iшiнде, Хондайдағы, Нью-Йорктегi, Франкфуртна-Майнедегi, Париждегi, Цюрихтегi, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонконгтағы iрi валюталық нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгiлi бiр еркiн алмастырылады, мысалы: Сингапур –доллары, Сауд-риалы, Кувейт –динары т.б. орналасқан банктер өз клиенттерiне валюталық қызметiн түсiндiредi.

    Валюталық нарықтағы операцияларға банктер  функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарықхалықаралық есеп айрысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететiн валюталық операциялардың жиынтығын бiлдiредi.

    Институционалдық  жағынан қарасақ, валюталық нарықҮкiметтiң, банктердiң, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлiк конторалардың және шетелдiк банктердiң жиынтығы.

    Ұйымдастырылу – техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық – банктердi халықаралық есеп айырысу барысында өзара байланыстыратын басқа да коммуникациялық жүйелер жиынтығын бiлдiредi.

    Валюталық нарықты белгiлерiне қарай келесiдей  түрде жiктеледi:

  1. Орналасу аумағына қарай:
    • халық аралық;
    • iшкi;
    • аумақтық;
  1. Валюталық шектеуге қатысты:
    • еркiн нарық;
    • еркiн емес.

    Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты  –еркiн емес нарық деп, ал валюталық  шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркiн  валюталық нарық деп атауға болады.

  1. Валюталық бағамның  қолданылу түрiне қарай:
    • бiр ғана режимдi;
    • қос режимдi.

    Бiр  ғана режимдi валюталық нарық –  бұл еркiн валюталық бағамға  негiзделген, яғни валюталардың өзгермелi бағамы биржадағы саудада белгiленедi. Қазақстан Республикасында теңгенiң  арнайы валюталық бағамы фиксинг көмегiмен белгiленедi. Фиксинг (француз сөзiнде fixer, латында Fixus- белгiлi бiр жағжайда бекiту) – Қазақстанның қор биржасында жүзеге асырылатын және АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамын анықтауды бiлдiредi. Фиксинг бағамы- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiртұтыс бағамы болып табылады. Валюталық фиксинг аптасына екi рет болады. Фиксинг арқылы Рейтер (Reuter) агентiгiнiң кросс- бағамын есептеуде төмендегiдей формула пайдаланылады:

                                               Шетел валютасының долларға қатысты  бағамы 

     Кросс –бағам (теңге) =

                                          Теңгенiң долларға қатысты бағамы

    1.2. Валюталық бағамдар режимiн реттеу

 

    Айырбас бағамы режимiнiң нұсқасын таңдау екi факторға тәуелдi болады:

    1. Елдiң экономикалық мүмкiндiгiне, оның әлемдiк аренадағы жағдайына  және дамыған елдер тобына жататындығына байланысты.

      2.   Аталған ел шеңберiндегi уақытша ара-қашықтыққа сәйкес.

    Айырбас бағамы режимiнiң нұсқасы аталған  ел үкiметiнiң қатысу дәрежесiне байланысты iрiктеледi. Осыны есекре отырып, айырбас  бағамы режимiнiң үш нұсқасын бөлiп көрсетуге болады:

    1. Бағамды  ел үкiметi анықтайды;
    2. Режимдi белгiлеуде үкiметтiң араласыу (ерекше) белгiлi орынды алады;
    3. Үкiметтiң араласуы толық түрде болмайды, яғни бағам режимiн нарықтың өзi анықтайды.

    1-нұсқа: Бiр шетел валютасына немесе бiр мезетте бiрнеше валютаға қатысты шараларды қамтиды. Үкiметтiң араласуы девальвация шараларымен шектеледi. Сонымен бiрге үкiмет-елдiң приоритеттiк сауда серiктестерiмен бiрге инфляция қарқынындағы айырмашылықты салыстырады.

    2-нұсқа: Кей жағдайда үкiмет елдiң приоритеттерiн ескере отырып, қалқымалы бағамды еркiн түрде реттейдi

    3-нұсқа: Ел валютасының еркiндiгiн көрсетедi. Бұл кезде бағамды валюталардың сұранысы мен ұсынысын ескере отырып, нарықтың өзi белгiлейдi.

    Аталған айырбас ағамы режимiнiң әр қайсысының артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Сондықтан оларды мiндеттi түрде қарастыру керек.

    Тұрақты бағам режимiнiң  төмендегiдей артықшылықтары бар:

    -сандық  тұрғыда анықталғандығы ;

    -валюталық-қаржылық  саясатқа деген жоғары сенiмдiлiктi күшейтедi.

    -соңғы  артықшылық несие беру мен үкiметтiк шығындарды бақылау қажеттiлiгiнен туындаған. Сонымен бiрге тұрақты бағам режимiнiң артықшылығы инфляциянытежеп тұруда айқын көрiнiс тапты. Валюталық-қаржылық саясатқа деген жоғары сенiм, еңбек нарығы мен қаржылық нарықтарда болуы мүмкiн инфляциялық процестердi жеңiлдетедi. Бiрақ бұл режимнiң төмендегiдей кемшiлiктерi бар.

    Ел  белгiлi бiр экономикалық оқыс жағдайларға  тап болғанда, оған қарсы тұруға қабiлетсiз болады. Оның бiрден бiр  себебi экспорттық нарықтарды жоғарылатуы және тұрақты бағамды демейтiн валюталық резервтердiң жеткiлiксiздiгi.

    Бұндай  құбылыс iшкi бағалардың күрт төмендеуiн  туындатады. Ал бұл төмендеу өз ретiнде  өндiрiстiң тоқырауы мен жұмыссыздар  тобының күн санап өсуiнiң алғы шарты болып келедi. Осыдан тұрақты баға режимiн белгiлеу кезiнде валюта санын нақтылауға қатысты проблема туындайды. Белгiлi бiр елде валюта белгiлi бағамын белгiлеу төмендегiдей сипатталады:

    А.Барлық қаржылық нарықтардағы компаниялардың түсiнуi үшiн бұл саясат өте қолайлы;

    Ә. Бағамдарды үкiметтiк реттеу мүмкiндiгi елеулi қысқарады;

    Б. Саудадағы айырбас бағамының  теуiлдiлiгi қысқарады, өйткенi валюта бiрлiгi бағамын белгiлеу iрi сауда секiктесi үшiн ыңғаылы болады;

    В. Валюта бiрлiгi бағамының өзгерiсi айналымдағы  барлық валюталарға қатысты iшкi валюта бағамының өзгеруiне әсер етедi.

    Бұл саясатпен салыстырғанда,валюталар  кәрзенкесiн белгiлеуге байланысты тұрақты бағам саясаты төмендегi параметрлермен сипаталады:

    А. Шетелдiк инвесторлар бұл саясатты ауыр қабылдайды, өйткенi олардың пiкiрiнше, валюталар кәрзенкесiнiң кеңiнен танымал болмауына байланысты билеушi органдар валютарларды реттейдi. Мұндай жағдайларда шетелдiк серiктестер девальвацаның мүмкiндiгiн айқындайды;

    Б. Бұл саясат бiр ғана валюта құнының  көтерiлу тәуекелдiлiгiн жояды.

    Тиiсiнше, ол елдiң барлық сауда серiктестерiмен болатын келiсiмдердi реттеу iсiнде өте қолайлы. Бiрақ валюта құнының жоғарылауы экспорттың азаюына, импорттың өсуiне әкелiп соғады, соның салдарынан елдiң төлем балансы нашарлайды.

    Валюталық интервенция. Валюталық бағамдарды реттеу әдiстерiнiң бiрi-ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында валюталық бағамның қызмет етуiне Орталық банктiң араласуын талап ететiн операциялар.

    Бұл жағдайда, егер валюталық нарықта  шетел валютасының ұсынысы көп  болса, онда орталық банктер оны сатып алады да қайта салады. Ал, шетел валютасының ұсынысы төмендеген жағдайда, орталық банк шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысты теңестiредi және шетел валютасы бағамының өзгеруiн шектейдi. Валюталық саясаттың бұл формасы бiр елдiң орталық банксi немесе бiрнеше мемлекеттердiң банктерiмен жүргiзiледi. Мысал ретiнде, Европалық валюталық жүйенi алуға болады. Европалық жүйенiң орталық банктерi валюталық интервенция көмегiмен өз валюталарының бағамын тұрақты шектер көлемiнде ұстап отырады. Валюталық интервенцияны жүзеге асыру кезiнде валютаны таңдап алу қажет. Ол халықаралық валюталық жүйедегi берiлген валютаның орнына интервенция мақсатына және қалыптасқан институционалдық ортаға байланысты болады. Осылайша орталық банктердiң көбiсi банкаралық нарықтардағы немесе диллер, брокер арқылы валюталық интервенция ретiнде анықтайды. Бұл кезде ақпарат жасыран болып, операциялардың құпиялылығын ескеруi тиiс. Валюталық интервенцияны қолданудың белгiлi шектеулерi бар. Яғни ол ресми валюталық резервтердi туындатады. Тиiсiнше валюталық резервтердiң көмегiнiң жеткiлiксiздiгi жағдайында көптеген мемлекеттер валюталық шектеулердi қолдану iсiне ден қояды.

    Валюталық шектеулерзаңды немесе әкiмшiлiк ретiмен  мемлекет тарапынан белгiленген шаралар  мен ережелер. Оны қолданудың шарты-сыртқы төлемдерiмен түсiмдердi теңестiру мақсатындағы төлем балансының созылмалы iрi тапшылығы болып табылады. Ресми бағам бойынша, экспорттық түсiмнiң орталық банкке берiлетiн сату талаптарының 100 процентiнiң белгiлi бiр шектерiне дейiнгi валюталық шектеулердiң түрлерi өте көп

    Валюталар девальвациясы мен револьвациясы. Көптеген елдер сыртқы дүние мен  халықаралық экономикалық қатынастарын дамыта отырып, әр түрлi елдерде инфляцияның  әр түрлi дәрежесiмен кезiгедi. Бұл  жағдайда, егер тұрақты валюталар бағамының режимi қолданылса, онда орталық банктер өздерiнiң ұлттық валюталарының ресми бағамын қайта қарау қажеттiлiгiн сезiнедi. Өйткенi, шынайы нақты бағамдар ресми бағамнан ауытқиды. Валюта бағамының құнсыздануы нақты түрде ұлғаятыны белгiлi. Ал, жылдам қарқынмен инфляцияға ұшырайтын валюталар күрт төмендейдi. Осындай жағдайда валюталық бағамға қатысты операцияларға түзету жүргiзу немесе девольвациямен револьвация қажеттiлiгi туындайды. Девальвация-бұл ұлттық валюта бағамын ресми түрде төмендету операциясы. Ал, ұлттық валюта бiрлiгiнiң бағамын шетел валютасына немесе есеп айырысу бiрлiгiне қатысты көтеру-ревальвация деп аталады.

    Әлемнiң  өзгермелi валюталық режимге өтуi салдарынан ревальвация сипатында  өзгерiстер болды, ұлттық шеңберде жүргiзiлетiн  бұп процесс аймақтық сипаттық шараға айналды. 

1.3. Валюталық реттеу

    2-шi  бап. Валюталық  реттеу органдары

    1. ҚР-ның Ұлттық Банкi ҚР-сының заңдарына сәйкес ҚР-сындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негiзгi валюталық реттеу органы болып табылады.

    2. ҚР-сының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар ҚР-ның заңдарына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады.

    3- бап. Валюталық  операциялар жүргiзуге  қойылатын шектеулер.

  1. Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында және төтенше жағдайлар пайда болған реттерде ҚР-ның президентi кез-келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы.
  2. ҚР-ның Ұлттық Банкi резиденттердiң экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу қоюға және экспорттық валюта түсiмiн мiндеттi түрде сату тәртiбiн белгiлеуге құқылы.

    4-бап  Шетел валютасына  байланысты қызметтi  лицензиялау.

    1. Шетел валютасымен банктiк операциялар жүргiзудi лицензиялауды ҚР-ның заңдарына сәйкес ҚР-ның Ұлттық банкi жүзеге асырады.
    2. ҚР-ның Ұлттық Банкi бөлшек салданы және қолма-қол шетел валютасы үшiн қызметтер ұсынуды жүзеге асыруға байланысты қызметтi, ҚР-ндағы валюта түрiндегi есеп шоттарымен қоса, олар тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктерi мен шетел қаржы институттарында резиденттердiң ашқан есеп-шоттарын, сондай-ақ валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердiң пайдасына өтiун көздейтiн капитал қозғалысына байланысты операцияларды лицензиялайды.

    Төлем балансыбұл елдiң, белгiлi бiр үақыт iшiнде шетелге шығарғандарынан түскен түсiмдерi мен сырттан әкелiнген  мен сырттан әкелiнген тауарлары мен қызметтерi үшiн төленген төлемдер арасындағы шектi қатынасты бiлдiредi.

    Елiмiздегi  төлем балансы келесiдей бөлiмдердi қамтиды:

    А. Ағымдағы шот.

    В. Капитал және қаржымен жасалатын операциялар шоты.

    С. Қателер мен қалып  қойғандар.

    Д. Жалпы баланс.

    Е. Қаржыландыру.

          Ағымдағы  шотта мыналар көрсетiледi:

  1. Сауда балансы
      • экспорт
      • импорт
  1. Таза қызметтер:
      • жүк тасымалдау;
      • адамдар тасымалдау;
      • байланыс қызметi;
      • басқа да.
  1. Табыстар
      • заемдар және несиелер бойынша сыйақы (мүдделендiру);
      • резервтер бойынша сыйақы (мүдделендiру);
      • басқа да.
  1. Ағымдағы трансферттер;
  1. Гуманитарлық көмектер;
  2. Техникалық көмектер;
  3. Гранттар.

Информация о работе Валюталық жүйе