Автор: Amina Beksultan, 07 Декабря 2010 в 10:56, курсовая работа
Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32
Валюта нарығына басқа
Жалпы валюта бағамының өзгеруi ел экономикасына екi жақты әсер етедi. Ұлттық валюта бағамының төмендеуi, әдетте экспортшыға тиiмдi, себебi ол қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы доллармен) түскен түсiмдi арзандаған ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенiң бағамы 1теңгеден 150-ге дейiн төмендесе, онда 1 долларға келетiн үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдiк бағадан төмен тауарларды алып кетудi кеңейту жолымен өзiне түсетiн пайданы ұлғайту үшiн ұмтылады.
Бұл тұста импортшылар ұтылады,
Шетел ақша өлшамдерiмен
1.2.
Валюталық нарықтар
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.
Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер үшiн валюталвқ түсiм алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлiк және кеме компанияларынан алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргiзуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.
Валюталық
нарықтар-сұраныс пен ұсыныс негiзiнде
ондағы айналатын валюталарға сауда-
Валюталық операциялардың көлемiне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазiргi валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергiлiктi) болып бөлiнедi.
Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың iшiнде: Лондондағы, Нью-Йорктегi, Франкфурт-на-Майнедегi, Париждегi, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөлiп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергiлiктi нарықтарда белгiлi бiр конвертирленетiн валюталармен операциялар жүргiзiледi. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргiзуге маманданбаған, өз клиенттерiне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкiн) валюта бойынша қызмет көрсететiн сол елдiң аумағында орналасқан банктердiң жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, iшкi ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргiзiлетiн операцияларды жатқызады. Жоғарыда келтiрiлген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 жылы операциялар көлемi USD-1124735 мың, DEM-11165 мыңды құрайды.
Валюталық операциялар айналымы
(күнiне US $ млрд.)
Күнiне
барлығы 1000 млрд. US $
Сол
немесе басқа елдiң iшкi валююталық заңдылықтарының
ырықтандырылуына байланысты ресми
валюталық нарық “қара
Институциональдық көзқараспен қарағанда,валюталық нарық банктер, банкирлер үйiн, брокерлiк фирма және iрi корпорациялардың жиынтығын бiлдiредi.
Қалған
банктер мен блокерлiк фирмалар
өздерiнiң валюталық
Валюталық операцияларды жүргiзуге құқылы банктер өкiлеттi немесе девиздiк банктер деп аталады.
Девиздiк
банктердiң валюталық
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тiкелей жүргiзiледi(телекс немесе телефон юбойынша), бiрақ кейбiр елдерде (Скандинавия елiнде) Орталық банк өкiлдерiнiң валюталық нарыққа қатысушыларымен кездесетiн валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етедi, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргiзедi.
Нарықты қатысушы барлық мүшелерiн екi негiзгi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топқа пассивтi қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргiзу қажеттiлiгi әр кездерде туындайды да, баға белгiленiмiн бiлу үшiн олар басқа банктерге өтiнiш жасайды (маркет-юзерлер). Активтi қатысушылар өздерiне баға белгiленiмiн бiлуге өтiнiш жасайтын банктер үшiн бағаны белгiлейдi (маркер-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында iлiмнiң барлық жерлерiне таралған бөлiмше тораптары және үлкен диллерлер штаты бар. 20-ға жүық банктер ерекше бөлiнедi. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы iрi сомаға мәмiле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етедi.
Дүниежүзiнiң тек өте iрi банктерiнде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын бiлiктi диллерлер бар. Өз клиенттерiнiң тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебiнен жүргiзбейтiн, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерiнiң клиенттерi мен банк арасындағы делдалдық рольдi жетiстiктермер атқару үшiн, валюталық операциялар туралы жалпы түсiнiгi бар банкттiк қызметкер болса жеткiлiктi. Мысалға, 2000-ға жуық бөлiмшелерi мен кеңсесi бар, бiрақта уш бөлiмiнде ғана (Франкфурт-на Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық банк аралық валюталық нарықта операциялар жүргiзетiн валюталық департаментi бар Германияның iрi коммерциялық банкi-Дойче Банктi алуға болады. Қалған бөлiмшелерi валюталық операцияларды шектеулi сомалар бойынша, Дойче Банктiң уш бөлiмшесiнiң бiрiнiң «Сименс» каналы арқылы берiлетiн бағамдар бойынша жүргiзе алады.
Банктердiң басқа да топтары iрi, бiрақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бiр, екi-уш валюталармен операциялар жүзгiзуге маманданады және стандартты сомаларға баға өояды. Күнделiкте жұмыстарында бұл банктер брокерлiк фирмалардың қызметтерiн пайдаланады.
Брокерлiк фирмалар 30 пайызға жүық валюталық операцияларға қызмет етедi және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты ьрокер тұлғасында, екi банкiнiң арасында-валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролiнде де жүредi.
Брокерлер
делдал ретiнде бола отырып клиенттерден
брокерлiк комиссиялық ақы
Брокер мәмiле жасайтын және баға белгiлейтiн өзiнiң банк-клиенттерiне толық тәуелдi. Брокер арқылы жұмыс iстеудiң айтарлықтай артықшылығы мыналар: котеровка процесiнiң үздiксiздiгi және брокер белгiлейтiн кез-келген бағамен мәмiле жасау мүмкiндiгi, мәмiле жасағандығы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкiндiгi.Диллер мен брокердiң арасындағы iскерлiк ынтымақтастық тек өзара түсiнiстiк, сенiм және сыйластық болғанда ғана мүмкiн және ол тығыз өзара қатынас негiзiнде қалыптасады.
Банктердiң
валютамен жасалатын
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалыай белгiлер түрiнде болмайды, ол банктiк және несиелiк айналыс құралдары формасында-шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрiнде болады.
Аударым-бұл басқа елдегi банк –корреспондентiне өзiнiң клинентiнiң өтiнiшi бойынша және оның есебiнен телеграфтық немесе пошталыұқ аударым негiзiнде белгiлi бiр ақщша сомасын шетелдiк алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктiң бұйрығы. Аударым барысында банк екi операцияны бiр уақытта жүзеге асырады.: өз клиентiне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айырысуды жеделдетедi және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепiл бередi.
Банктiк
чек-шетелдiк банк-
Банктiк
вексель-осы елдiң банкiнiң
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсiптiк фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.
Несиелiк айналыс құралдары халықаралық төлем айналымынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлi елдердiң банктерi арасында корремспонденттiк қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттiк шоттарды жүргiзу тәжiрибелерiнiң таралуына қатты ықпал еттi. Бұл өз кезегiнде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргiзуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкiндiк жасайды.
Халықаралық
есеп айырысулардың сызбалы