Валюталық жүйе

Автор: Amina Beksultan, 07 Декабря 2010 в 10:56, курсовая работа

Описание работы

Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 274.50 Кб (Скачать)

    Қазақстан  «рубiльдiк аймақ» режимiн сақтап қалуға ұмтылған едi, өйткенi қалыптасқан  экономикалық кеңiстiк пен шаруашылық байланыстарды қолдау қажет болды.

    Бiрақ  көптеген экономистер пiкiрi бойнша, бұл режим ең нашар ақшалық  режимнiң бiрi болған едi. Қазақстан валютасы теңгенi енгiзуге дайындық процесi кезiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi шетелдер, соның iшiнде ТМД елдерi тәжiрибесiн мұқият зерттедi.Ұлттық валютаны енгiзудiң әр түрлi нұсқалары түбегейлi қарастырылды.

    Әлемдiк  тәжiрибеде валютаны енгiзудiң 3 түрлi нұсқасы бар:

    • аралық енгiзу;
    • параллелдi енгiзу;
    • тiкелей енгiзу.

    Осы әдiстердiң үшiншi нұсқасы таңдалды.

    Валюталық режимдi таңдау кезiнде мемлекеттiк  комиссия Ұлттық банктiң интервенциясымен валюталық нарықты басқаратын жүзу режимiн белгiледi. Бұнымен қатар, бiртұтас валюта бағамы мен теңгенiң еркiн айырбасталуы қолданылды.Олар ағымдық шот бойынша операцияларды қамтыды және шетелдiк инвесторлардың пайдасын тiркедi.

    2-кезең: 1994-1995жж. Бұл кезеңде отандық заңды құқықтық база, соның iшiнде валюталық базасы қалыптасты. Екiншi кезеңде жекешелендiру процесiн аяқтау және шетелдiк акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң 80%-ке дейiнгi беру жоспарланды.

    Валюта  нарығының қалыптасуымен қатар, құнды қағаздар нарығы да құрылды.

    Реформалау  саясатының басым мақсаттарының бiрi- еркiн ауыстырылу (конвертация) проблемасы болды. Сондықтан валюталық  нарықтың өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету және теңгенiң iшкi өтiмдiлiгiне қол жеткiзу мақсатында барлық  валюталық табысты елге қайтару шаралары жүргiзiлдi. 1993 жылдың желтоқсан айының соңында АҚШ долларына да, Ресей рублiне де қатысты теңге бағамы күрт төмендегенi атап өтiлдi. Қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi қатаң несиелiк саясат жургiздi, ол нақты айырбас бағамын салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақтауға мүмкiндiк бередi. Бiрақнаурыз айында номиналды айырбас бағамы төмендей бердi (осының әсерiнен несиелiк эмиссия күшейдi).

    1994жылы  Ұлттық валюта бағамының төмендеу  қарқыны шамамен 11,6%-тi құрады (орташа айлық есептеу бойынша), ол 1995жылы 11,5%-ке тең болды. Осы жылдардағы валюта бағамының динамикасы оның төмендеу қабiлетiлiгiн көрсеттi,ол инфляция деңгейi мен экономиканың дағдарыстық жағдайына толық сәйкес келедi.

    Теңге бағамы төмендеуiнiң соңғы кездегi тенденциялары халықтың теңгеге  деген сенiмiнiң артқанын дәлелдейдi, ол мүмкiндiгiнше экономиканың доллардан арылуы процесiн жеделдетедi.

    Теңге тұрақтылығын сақтау және төлем балансының тапшылығын қысқарту мақсатында сыртқы саудадағы экспорт ынталандырылды.

    Осы шарамен бiрге бiр мезетте iшкi нарықты және отандыыыық өндiрушiлердi қорғау мақсатында жекелеген тауарлар импортына шектеулер енгiзiлдi.

    Төлемдiк  дағдарыстың әсерiнен отандық  өндiрушiлер жаппай банкротқа ұшырады. Несиеге қойылған процент шектен тыс жоғары болғандықтан, көптеген кәсiпорындардың оларды алуға мүмкiндiктерi болмады.

    1995жылдың  екiншi жартысынан бастап , валюталық  нарықтың биржадан тыс сегментi  жедел дамыды.1996жылы оның көлемi  валюта биржасындағы операциялардың  көлемiнен асып кеттi.

    3-кезең. 1996-1998 ж.ж. Әлеуметтiк- экономикалық жағдайға жүргiзiлген талдау көрсеткендей, ел экономикасының барлық салаларында реформалар процесiнiң әлi де жүргiзiлгендiгi анықталған. Республикадағы мұнай –газ кешенiнде ТМД-дегi ең iрi инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

    Шетелдiк  инвесторлар үшiн салық салудың ұлттық режимi белгiленген, сонымен бiрге, осы қолайлы режимдi қамтамасыз ететiн бiрқатар заңдар қабылданды. Осы кезеңнiң мынадай ерекшелiктерiн атап өтуге болады.    

    • Ұлттық валютаның тұрақтануы;
    • Болжамдалған инфляция мен жұмыссыздық;
    • Отандық банктiк жүйенiң құрылуы;
    • Шетелдiк банктердiң қызметi;
    • Қаржылық нарықтың, соның iшiнде бағалы қағаздар нарығының дамуы.

          Валютаның айырбас бағамы сияқты  – валюталарды сатып алу қабiлетiн  қамтамасыз ету және iшкi валюта  нарығында валюталық алып-сатушылық (саудагерлiк) операциялардың белсендi дамуына жол бермеу шараларын ескере отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты – барлық басқа қаржылық нарықтардың дұрыс қызмет етуi ментеңгенi нығайтуға жағдай жасау.

           Валюталық саясаттың дәстурлi  формаларының iшiнде мынадай құралдар қолданылады: валюта бағамы тәртiбiн реттеу, валюталық интервенциялар, алтын-валюталық резервтердi басқару және теңгенiң еркiн айырбасталуы дәрежесiн реттеу. Ұлттық банк теңгенiң реттейтiн еркiн өзгермелi айырбас бағамын белгiлеген едi. Канада және бiрқатар басқа елдерде кең қолданылатын валюталық интервенциялар Қазақстанның iшкi валюталық нарықтарында жүзеге асырылуда. Валюталық интервенцияның мақсаты: валюталық нарықтағы конъюнктураның қысқа мерзiмдi өзгерiстерi арқылы теңгенiң номиналды бағамының тербелiсiн баянлату болып табылады. Шетелдiк валютадағы алтын- валюталық активтердiң уақытша төмендеуi Ұлттық банктiң валюталық интервенцияларды жүргiзу саясаты нәтижесiнде болды (1991жылы-11,2млн.АҚШ долларына,1994жылы-18,9млн.АҚШ долларына,1995жылы-106,8млн.АҚШ долларына ). Ұлттық валютаның тұрақты бағамын сақтау үшiн алтынның құнын анықтаудың жаңа жолы iздестiрiлуде, оның құны энергия тасымалдаушылардың құнына байланысты белгiленген, бүкiл әлемде осы жол қабылданған.

          АҚШ долларына қатысты  теңгенiң ресми айырбас бағамы биржалық және биржадан тыс валюта нарығының жағдайына, сонымен бiрге, инфляция деңгейi мен басқа макроэкономикалық көрсеткiштер деңгейiне байланысты белгiленедi.

         Көп жағдайда мұндай бағам  заңды тұлғалар арасындағы келiсiмдерде қолданылады.

         1996 жылы халықаралық валюталық  қормен келiсiмдегi 8- баптың шартына  қосыла отырып, Қазақстан өзiне  төмендегiдей мiндеттемелердi алды:

  • Валюталық шектеулердi енгiзбеу немесе күшейтпеу мiндеттемесi;
  • Көп валюталық бағамдарды қолдану тәжiрибесiн енгiзбеу немесе өзгерту;
  • Төлемдiк балансқа байланысты себептер бойынша импортқа деген шектеулердi енгiзу немесе күшейту.

         Келiсiмге сәйкес, ағымдық халықаралық  келiсiмдер бойынша төлемдер мен  аударымдарды орындаудың шектеулерi  алынып тасталды.Бұл жағдай теңгенiң еркiн айырбасталуын қамтамасыз ету және төлемдердiң көп жақты жүйесiне өту шарттарына қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi.

            Немiс маркасына қатысты теңге  бағамы динамикасы мен АҚШ  долларына қатысты теңге бағамы  динамикасыының ұқсастығы болғанымен, бiрақ оның кең ауқымды қысқа мерзiмдiк тербелiстерi бар.

            Ресей “рублiне” қатысты теңге  бағамы динамикасы АҚШ долларына  қатысты теңге бағамы динамикасына  қарама- қарсы дәрежеде дамыды.

           Валюта нарығы- Қазақстанның өте  динамикалық қаржылық нарықтарының  бiрi.

           Биржалық және биржадан тыс  нарықтардан тұратын валюта нарығының  жалпы айналымының өсу тенденциясы  бар.

           Табыстылық, өтiмдiлiк, тәуекелдiлiктiң  iс жүзiнде жоқ болуы сияқты  көрсеткiштер бойынша валюта нарығе  мен мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығына елде әзiрше альтернатив(балама ) жоқ.

            1996 жылғы валюталық тәуелдiлiктердi  хеджирлеу механизмiн құру валюталық  нарыққа тән ерекшелiк болды. 1996 жыл iшiнде валюталық фьючерс  бойынша екi ауданда: Қазақстандық агроөнеркәсiптiк биржасы (ҚАӨБ) мен Қазақстандық қор биржасында сауда жүргiзiлдi.

               1997 жылдың iшкi валюталық нарықтағы  валюталық айырбастау операцияларының  ерекшелiгi операциялық тәжiрибеге  СПОТ операциялары сияқты құралдарды  енгiзу болды.Мұндай операциялар АҚШ долларына және Қазақстан теңгесi бойынша қысқа мерзiмдiк өтiмдiлiктi көтерудегi банктiк тұтынуды қанағаттандыруға мүмкiндiк бердi.

                  Бұл кезде биржа нарығындағы  сұраныс пен ұсыныстың көтерiлмеуi және валюта бағамының сәйкес  түрде өзгермеуi тиiс iшкi рыноктар 10 СПОТ операциясы жүргiзiлдi.

                  Биржадан тыс валюта нарығының  дамуына қарай, биржадағы сауда  – саттық көлемдерi азайды валюталық  операциялардың едәуiр бөлiгi биржадан  тыс нарықтың үлесiнде. Биржалық  көлемдер динамикасындағы мерзiмдiк факторды атап өту керек.   

          Жыл басы мен аяғы шетел салютасына деген жоғарғы сұранысты сипаттайды. Қаңтар айында сұраныс биржалық көлемнен артық болды. Мұндай мерзiмдiк фактор экономиканың барлық субъектiлерi үшiн қаржылық жылдың алдыңғы жылдық аяқталумен байланстырылған.

    1997 жыл iшiнде қыркүйекте қаржылық  құралдардың (AFINEX) Алматы биржасы  болып өзгертiлген қазақстандық  қор биржасында 257 валюталық сауда-саттық  жүргiзiлген. Сауда-саттық көлемi 1.124.7 млн. АҚШ долларына және 11,2 млн. немiс маркасына тең болды.

    1996 жылмен салыстырғанда, АҚШ доллары  бойынша сауда-саттық 10,5% -ке, ол немiс  маркасы бойынша 25,3%-ке азайды.

    Фьючерстiк  контрактiлар шетелдiк валютаның  сауда-саттғынан кейiн 1,2 және 3 айға (СПОТ) шарты бойынша жасалады.

    Есеп  беру жылында қазақстан валютасының  нарығын ары қарай ырықтандыру  бойынша жұмыстар жалғастырылды. Сонымен  бiрге, 1996 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан  Республикасының (Валюталық реттеу жөнiндегi) жаңа Заңы қабылданды.

    Валюталық реттеудi заңды тұрғыда қамтамасыз ету – қазақстанның валюталық ақша-жүйесiн реформалау жағдайында үнемi өзгерiстерге ұшырап отырды. “Валюталық реттеу жөнiндегi” алғашқы Заң 1993 жылдығ 14 сәуiрiнде қабылданды. Бұл Заң осы жүйедегi ырықтандырудың қол жеткен деңгейiне жауап бере алмады, ал кей жағдайларда нормативтi актiлер бiр-бiрiне қарам-қайшы болды. Жоғарыда аталған себептер “Валюталық реттеу жөнiндегi” жаңа заң жобасын жасаудың қажеттiлiгiне әкеп соқты. Ол Заң 1996 жылдың 24 желтоқсанында қабылданды.

    Валюталық ретте, басқаша айтқанда, бiрқатар әкiмшiлiк шаралар валюталық түсiмдердi арттыруға және де валютаның елден шығып кетуiн қысқартуға бағытталған. Валюталық реттеудiң негiзгi басымдықтары:

    • елдiң төлем балансының теңгерiлуiне қол жеткiзу;
    • теңгенiң тұрақты бағамын сақтау;
    • мемлекет қарамағындағы валюталық ресурстардың шоғырлануы.

    Шетел валютасы, бағалы қағаздар және төлем  құжаттары- құйма түрiндегi алтын-валюталық  реттеу объектiлерi болып табылады. Валюта дегенiмiз- банкнот, монета түрiнде, соның iшiнде бағалы метелдардан жасалған, заңды түрдегi төлем құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi.

    Шетел валютасы- шет мемлекеттер валютасы. Бұл заңда валюталық операциялардың екi түрi көрсетiлген:

    • ағымдағы операциялар;
    • капитал қозғалсымен байланысқан операциялар.

    Жаңа  заң валюталық заңдылықты бұзудағы жауапкершiлiктi қарастырады.

    1995 жылы Ұлттық Банк iшкi рыноктағы  шеьел валютасымен өрнектелген  экспорттан түскенн табысты мiндеттi  түрде сату бойынша өз талаптарын 30% -ке дейiн төмендеттi, ал кейiннен  мүлдем оны алып тастады.

    Осыған байланысты биржалық саудаңы жүзеге асыруды ұлғайту керектiгi атап өтiлдi.

    Қазақстанның  Ұлттық банкi ұлттық валюта бағамын  шетел валютасына қатысты реттеп тұрады, яғни аптасына бiр рет, дүйсенбi күнi Ұлттық банк жетекшi әлемдiк валюталарға  қатысты теңге бағамын белгiлеп отырады. Мұндай белгiлеу есеп жүргiзу және кедендiк төлемдер үшiн керек.

    Ұлттық  банк мынандай қызметтердi жүзеге асыруға  құқығы бар:

    • шетел валютасын сатып алу және сату;
    • қазынашылық вексельдер және басқа бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
    • алтынның қабылдануын, сақталуын және өңделуiн қамтамасыз ету.

    Теңгенiң iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн Ұлттық банк алтыннан, шетел  валютасынан тұратын, шетелде сақталатын банкнот, монета түрiнде; валюталық  құндылықтар; халықаралық резервтiк активтер; кепiлдеме негiзiнде шетелдiк үкiмет шығарған вексельдер түрiнде алтын-валюталық резервтердi құрады.

    Валюталық органдарға мыналар жатады: мемлекеттiк  Кеден комитетi, салық органдары, Қаржы министрлiгi.

    Валюталық нарық.

    Валюталық нарық қаржы нарығының  құрамдас бөлiгi болып табылады.

    Валюталық нарық- бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталықболып табылады.

Информация о работе Валюталық жүйе