Валюталық жүйе

Автор: Amina Beksultan, 07 Декабря 2010 в 10:56, курсовая работа

Описание работы

Валюталық жүйенiң басты элементi-валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететiн факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлi түрлерi мен баға белгiленiмдерi берiлген. Валюталық бағам – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................2
I. Валюталық бағам валюталық жүйенің негізгі реттеушісі...............4 -19
1.1. Валюталық бағам, оның экономикаға әсері........................................9
1.2. Валюталық нарықтар...........................................................................12
II. Валюталық бағамдар нарықтарын реттеу......................................20 -30
2.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат............................20
2.2. Валюталық бағам режимін реттеу......................................................26
2.3. Валюталық реттеу................................................................................28
Қорытынды..................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................32

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 274.50 Кб (Скачать)

           Гибридтi валюталық бағамдар жүйесiмне қазiргi валюталық жуйе мысал болады. Онда валюта бағамының еркiн қалқуын iске асыратын, тұрақтылық аумағы бар елдер.

          Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер боынша жiктеуге болады.

           Валюта нарығында қолданылатын  айтарлықтай маңызды ұғымдардың бiрi нақты және номиналды валюта бағамы ұғымы болып табылады.

           Нақты валюта бағамына сай  келетiн валютада алынған екi елдiң  товар бағаларының қатынасы ретiнде  анықтауға болады.

             Er - нақты валюталық бағам

            Ph - iшкi нарықтағы бағалар

             Pf - шетелдiк нарықтағы бағалар

             En - номиналды валюталық бағам. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                              Кесте №1

    Валюта  бағамы түрлерiнiң  классификациясы

 
                Критерийлер                                                   Валюталық бағам
    1. Бекiту тәсiлi
    Қалқымалы

    Бекiтiлген

    Аралас

  1. Есеп  айырысу тәсiлi
    Тең құқықтық (паритетный)     
  1. Келiсiмдер түрi
    Жедел келiсiмдiк

    Спот-келiсiмдiк

    Своп-келiсiмдiк

  1. Белгiлеу(нұсқау) тәсiлi
    Ресми

    Бейресми

  1. Валютаның сатып алу қабiлетiнiң паритетке қанынасы
    Жоғарылатылған

    Төмендетiлген

    Паритеттi

  1. Келiсiм қатысушыларына қатынасы
    Сатып алу бағамы

    Сату  бағамы

    Орта  бағам

  1. Инфляцияны ескеру, есептеу бойынша
    Нақты

    Номиналды

  1. Сату әдiсi бойынша
    Қолма-қол  сату бағамы

    Қолма-қол  емес сату бағамы

    Валюта айырбастаудың көтерме        бағамы

    Банкноттық

     

        

    Номиналды валюта бағамы елдiң нақ осы уақыттағы  жүрiп жатқан валютаның айырбас  бағамын көрсетедi.

          Сатып алу күшi (еррр) тұрақты паритетiн  қуаттап тұратын валюта бағамы  нақты валюта бағамымен табиғаты (шығу тегi) бiрдей.

          Баға қатынасы негiзiнде есептелген  нақты валюта бағамынан басқа  осы көрсеткiштi басқа негiзбен  қолдануға болады. Мысалға, оның  орнына екi елдiң жұмысшы күшiнiң  құнын алайық.

           Ұлттық валюта бағамы басқа  әр түрлi валюталарға қарағанда уақыт аралығында бiрдей емес өзгере алады. Осылайша күштi валютамен қатынасында ол төмендесе, әлсiз валютаға қарағанда көтерiледi.Дәл осы себептен валюта бағамының динамикасын анықтау үшiн валюта бағамының индексiн есептейдi. Оны есептеген уақытында әр валюта өзiне тиiстi сыртқы экономикалық келiсiм-шарттан үлесiне байланысты өз салмағын алады. Барлық салмақтар суммасы бiрлiктi құрайды(100%) Валюта бағамдары олардың салмағына көбейтiледi, алынған мөлшерлер жинақталады (қосылады) және олардың орта мәнi алынады.

           Қазiргi жағдайда валюта бағамы  кез-келген нарықтық баға сияқты  сұраныс пен ұсыныс әсерiмен  құрылады. Соңғыларын  тепе-теңестiру  валюта нарығында нарықтық валюта  бағамының тепе-теңдiк деңгейiнiң   орнығуына алып келедi. Бұл негiзгi(фундаментальдi) тепе-теңдiк деп аталады. 

         Мұндағы шетел валютасына сұраныс  (D) мөлшерi елдiң товармен қызмет  импортына қажеттiлiгiмен, ол елдiң  туристiк шығындары, шет мемлекекеттерге  шыққандармен , резиденттердiң шетелде  инвистициялық жобаларын iске асырғысы келетiндiгiне байланысты шетел қаржылық активтерiне және шетел валютасына сұраныспен анықталады.

        Шетел валютасының бағамы жоғарылаған  сайын, оған сұраныс азаяды, шетел  валютасының бағамы төмендеген  сайын, оған сұраныс көбее түседi.Осы  жағдайлармен қаралып жатқан графикте, сұраныс қисығының иiлуi анықталады.

         Шетел валюта ұсынысының мөлшерi осы мемлекеттiң валютасына шетел  мемлекетiнiң резиденттерiнiң сұранысы  осы мемлекеттегi қызметтерге  шетел туристерiнiң сұранысы, шетел  инвесторларының активтерге сұранысы, осы мемлекеттiң ұлттық валютасында көрсетiлген, резидент еместердiң осы мемлекетте инвестициялық жобаларын iске асыру мақсатымен ұлттық валютаға сұранысымен анықталады.

          Сонымен, қаншалықты отандық валютаға  қатынасында шетел валютасының бағамы жоғары болса, соншалықты аз ұлттық нарық субьектiлерi оны шетел валютасына ауыстыруға дайын және керiсiнше қаншалықты ұлттық валюта бағамы шетел валютасына қатынасында төмен болса, соншалықта көп ұлттық  нарық субьектiлерi шетел валютасын сатып алуға дайын. Осы тусiнiктермен ұлттық валюта ұсынысы қисығының иiлуi түсiндiрiледi.

          Валюта айырбас курсының фундаментальдi  тепе-теңдiгiн өзгертуге iкелетiн  бiр қатар факторлар бар. Олар  құрылымдық(ұзақ мерзiмдi кезеңде  әрекет етушi) және коньюнтуралық( валюта бағамының қысқа мерзiмдi ауытқуын тудыратын) болып бөлiнедi.

    2-кесте

    1997 жылдағы Қазақстан  Республикасы Ұлттық  теңгесiне шетел  валюталарының бағамдары. 

    Валюта  атауы     валюта     бағам
    Австрия шиллингi (Shilling)     ATS     6,00
    Бельгия франкi (Belgian franc)     BEF     2,06
    Швецария  франкi (Swis franc)     CHF     51,77
    Қытай юаны (Yuan remindi)     CNY     9,12
    Кипр  фунты (Cyrus pound)     CYP     22,62
    Немiс  маркасы (Deutshe mark)     DEM     43,67
    Еуропа  экюi     ECU     83,36
    Француз франкi (French franc)     FRF     12,65
    Ағылшын фунт стерлингi (Pound sterling)     GBR     121,44
    Жапон йенасы (Yena)     YPU     0,62
    Қырғыз  сомы (Som)     KGS     4,36
    Кореяның  воны     KRW     1,00
    Қазақ теңгесi (Tenge)     KZT     1,00
    Мальтияның  лирi     MTH     176,92
    Голландия гульденi     NHG     37,75
    Ресей рублi (Russian rouble)     RUR     12,98
    Украина гривнасы     UAN     40,44
    АҚШ доллары ( United States dollar)     USD     75,55
    Өзбек сомы (Usbekistan sum)     UZS     1,46
 

    1.1. Валюта  бағамы, оның  экономикаға  әсерi 

          Халықаралық  экономикалық  операцияларды   жүргiзу  үшiн  ұлттық валютаны  халықаралық төлем өлшемiне айырбастау қажет. Айырбастау процесi белгiлi бiр арақатынаспен жүргiзiледi.  Әр түрлi  мемлекеттердiң  ақша  өлшемдерiнiң  арақатынасы,яғни   басқа елдiң  (немесе халықаралық ақша өлшемiнде) ақша өлшемiмен көрсетiлген бiр елдiң ақша өлшемiнiң бағасы валюта бағалы деп аталады.

           Валюта бағамы халықаралық валюталық,  есеп айырысу, несие  қаржылық  операцияларды  жүргiзу  үшiн қажет.  Мысалы, экспортшы шетел валютасымен түскен түсiмдi ұлттық валютаға  айырбастайды ,  себебi басқа елдiң валютасы бұл мемлекеттiң  жерiнде  күнбе-күнгi  жағдайда ақша қаражаты ретiнде айналысқа түсетiн құқы  жоқ.  Ал  импортшы шетелден  сатып алған  тауарларға төлеу үшiн  шетел валютасы н  сатып алады.

              Валюта бағамы қайта есептеу  коэффициентi  емес,  ол  шетел валютасымен  немесе  халықаралық  валюталық  өлшемдермен  (СДД,ЭКЮ) көрсетiлген осы мемлекеттiң  ақша өлшемiнiң  ”бағасы”. Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныспен  ұсыныс  механизмi  арқылы  күнбе – күнгi  айналым процеснде валюталарды салыстыру барысында  қалыптасады.  Валюта   бағанын  қалыптастырудың  негiзi  не?  Тауарлардың бағасы  оның  құны негiзiнде құралатыны сияқты,  ақша өлшемiнiң бағасы  оның  сатып алу мүмкiндiгiнiң негiзiнде қалыптасады.

                Валюта  бағамының  қалыптасуы -  көп факторлы процесс. Валютаға  сұраныс пен ұсынысқа әсер  ететiн факторларға мыналар

    • инфляция қарқыны;
    • процент мөлшерiнiң деңгейi;
    • бағалы қағаздардың табыстылық деңгейi;
    • төлем  балансының  жағдайы.

             Бұл факторлар  елдiң  экономикалық  жағдайын бiлдiретiн  факторлар. Мысалы ,егер  басқа факторлар  керi  әсер етпесе , басқа елдермен  салыстырғанда елдегi инфляцияның  қарқыны  жоғары болған сайын , оның  сатып  алу мүмкiндiктерiн төмендетiп және валюта бағанының құлдырау тенденциясын тудырады.

             Мемлекеттiң активтiк төмен балансында  оның валютасына шетел борышқорлығының сұранысы артады, сол кезде оның  бағаны көтерiлуi мүмкiн.

          Егер басқа мемлекеттерге қарағанда  елде  процент мөлшерi жоғары болса,  онда ол шетел капиталының  құйылуына, валютаға сұраныстың  көтерiлуiне,  оның бағанының жоғарылауына әсер етуi мүмкiн. Мысалы 80-жылдардың алғашқы жартысында АҚШ  жоғары проценттiк  мөлшер саясаты  Батыс Европа мен  Жапониядан 500 млрд.  доллардан астам мөлшерде  ивистицияның  құйылуына жағдай жасады. Қорытындысында доллардың әсерiнен бағамы көтерiлдi, ал осы факторлардың әсерiнен инвестор- елдердiң валютасының бағамы төмендедi. 

       Сонымен қатар валюта  бағамына  түрлi саяси, саудагерлiк, психологиялық  факторлар да  әсер етуi мүмкiн.

         Әрбiр мемлекет валюта бағамын реттеу әдiстерiнiң әр түрiн қолданады. Оләдiстердiң негiзгiлерi   мыналар:

  • валюталық инвистиция (орталық банктiң ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алып-сатуы);
  • орталық банктiң ашық нарықтағы операциялары(бағалы қағаздарды сатып алып-сатуы);
  • орталық банктiң проценттiк мөлшер деңгейiн және мiндеттi резервтер нормасын өзгертуi.

    Валюта бағамын белгiлеу, яғнивалюталарды  айырбастау пропорциясын анықтауды  валюталық котировка (баға белгiлеу)деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгiлеудiң екi әдiсi бар: тiкелей  және жанама. Тiкелей котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетудi айтады. Бұл әдiс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама котировка  деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгiлi бiр санының көрсетуi. Жанама котировка әдiсiн Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бiрен-саран АҚШ  қолдануда.

      Банкаралық валюта нарығының  операцияларында ұлттық валюталарды  АҚШ долларына қарап бағалау  басымырақ, бұл доллардың халықаралық  төлем және резервтiк құрал ретiндегi ролiмен түсiндiрiлдi. Банктер сауда-өнеркәсiп клиенттерiне валюта бағамын белгiлегенде әдетте кросс- курстi негiз етiп алады. Кросс-курс- ол екi валюта бағамдарының үшiншi валютаға (әдетте АҚШ долларына) қатысты арақатысы. Мысалы егер швейцария банкi швейцарлық франкiнiң ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып алады. Мысалы;

                           1,6790 ГФР маркасы =1АҚШ долларға.

                           1,4940 швейц. Франкiсi =     1АҚШ долларға, онда

                           1ГФР маркасы   =  1,4940:1,6790  = 0,8898 швейц. франкiсi.

      Банктер сатушы және сатып  алушы бағамдарын белгiлейдi. Сатушы бағамы-ол банктiң валютаны белгiленген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы бағамы банктiк валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тiкелей котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктiң пайдасын құрайды.

           Сондай-ақ, ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргiзедi. Ол есеп жүргiзу мақсатында, кедендiк төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсiбi дамыған елдерде валюталық операциялардың негiзгi бөлiгi биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетiндiктен, бұл елдердiң iшкi нарықтағы қолданатын негiзгi бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы iрi коммерциялық банктер белгiлейдi.

Информация о работе Валюталық жүйе