Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы- Халықаралық Валюталық қор болып табылады.
Валюталық жүйеге келетін болсақ, ол үш түрге бөлінеді:
- ұлттық валюталық жүйе;
- дүниежүзілік валюталық жүйе;
- аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе
КІРІСПЕ...........................................................................................................................3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР,
ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ТҮРЛЕРІ.................................................................5
1.1 Валюталық жүйелер, валюталық қатынастар, оның түрлері................................5
1.2 Дүниежүзілік және Қазақстандық валюталық жүйе эволюциясы......................10
2 ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ
БАҒЫТЫ, ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ.............................................................................................16
2.1 Валюта жүйесін тұрақтандырудың перспективалы бағыты...............................16
2.2 Валюталық жүйенің құрамдас бөлігінің сыртқы экономикаға әсері.................21
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................28
Ұлттық валютаның ауыстырмалық тәртіптемесін валюталық бағамды реттеудің маңызды құралы болып табылады. Валюталық аударымдық дәрежесі валюталық нарыққа қатысушылардың санына және жүзеге асатын операциялардың көлеміне әсер етіп, өзінен өзі валюталық бағамның серпінін анықтай алады. Халықаралық Валюта Қорының Келісімінің 8- бабына қосылу ағымдағы операциялар бойынша ұлттық валютаның ауыстырымдылығын қамтамасыз етуді мемлекетке міндеттейді. Валютаның ауыстырымдылығын отандық кәсіпорындарға шетел өндірушілерімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді. Сыртқы сауданың тауарларымен объектілеріне арналып бағалардың оңтайлы арақатынасының жүйесі құрылады.ішкі нарықта ұлттық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін импорттық инвестициялық тауарлар мен технологияларға қолайлы сәт туып, аясы кеңейе түседі. Ағымдағы операциялар бойынша валютаның ауыстырымдылығын салыстырмалы басымдылыққаие тауарларды өндіруге, қызмет көрсетуге елді ынталандырады. Сонымен экономикада құрылымдық қайта құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Валюталық бағамдарды реттеуге бағытталған ресми валюта үстемдігін жүргізген кезде Орталық банк бірнеше мақсатты көздейді: валюта нарығының ретсіз жағдайына қарсы тұру; валюталық бағамның қысқа мерзімді ауытқуын бәсеңдету; валюталық бағамның экономикалық негізделген деңгейге дейін түзету.
Ереже бойынша Орталық банк үстемдігін ақиқат мақсаттарын жария етпейді. Ол «ағысқа қарсы тұру» принципін ұстанатын, шетел валютасын сатып алса, әлгі валютаның бағамы төмендеген кезде оларды қайтадан сатып жібереді. Валюталық үстемділік туралы ақпараттың жариялылығы жайында Орталық банктердің мамандары арасында ортақ пікір жоқ. Біреулері мәліметтердің құпиялылығы үстемділіктің тиімділігін орташа арттырады десе, екіншілері ақпараттардың жоспарын болуын олардың тиімділігін барынша кемітеді деп санайды. Ереже бойынша, валюталық үстемділік спотты валюталық нарықта жүргізіледі. Орталық банк форвард нарықта да іс жүргізе алады. Форвардтық валюталық курс проценттік мөлшерлеменің тепе-теңдігінің жәрдемімен споттық валюталық бағаммен байланысты болып, басқыншылық форвардтық нарықтың ағымдағы бағаға әсер ете алады. Форвардтық нарықтың басқыншылықтың маңызды артықшылығы сол, қолма- қол жедел есеп айырысу талап етілмейді[9, 49-53бб.].
Жағдай өзгерген кезде орталық банк үстемдіктен бас тартып, қарсы операцияны жүзеге асырады.
Нарықтық жәнемемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекапа нақты жағдайлардағы тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай- ақ валюталық- экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.
Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат- бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық- экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, элемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталықбағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық қор болып табылады.
Валюталық жүйеге келетін болсақ, ол үш түрге бөлінеді:
-ұлттық валюталық жүйе
-дүниежүзілік валюталықжүйе
-аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу- заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама валюталық реттеу- нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Құрылымдық валюталық саясат- дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.
Ағымдық валюталық саясат- валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар[10, 105-109 бб.].
1999 жылдың 30 желтоқсанындағы жағдайдың нәтижесінде алтын- валюта резервтері 2003 млн. АҚШ долларына бағаланып, тауарлар мен қызмет көрсетулердің 3,6 айдағы импортын қаржыландыруды қамтамасыз етті. Одан кейінгі 2000, 2001, 2002 жылдары Ұлттық банктің ішкі валюталық нарықта таза сатып алушы ретіндегі беталыс басымдылығы сақталады. Сөйтіп, жаңа валюталық тәртіптеме Ұлттық банктің елеулі валюталық резервтерді үнемдеуіне мүмкіндік туғызды. Коммерциялық банктер үшін депозиттер бойынша ұлттық және шетелдік валюталар мен міндетті резервтердің сараланған нысандарын белгілеуге Ұлттық банктің мүмкіндігі барды. Депозиттер бойынша шетел валютасымен резервтік талаптарды ұлттық валюталы резервтік талаптардан жоғарылатса, шетел валютасына деген сұранысты арттырып, өзге де тең жағдайларды ұлттық валютаны құнсыздандырады және керісінше болады.
Елде таңдап алынған құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесі валюталық бағамның елеулі түрде ауытқуына жол беруі мүмкін. Экономикалық саясат мақсатына жауап бермейтіндіктен Ұлттық банк ондай жағымсыз ауытқуларды оқшаулауға мүмкіндік беретін жергілікті алтын- валюта резервін қалыптастырады. Ұлттық бағамды (оның ішінде ресми) белгілей отырып ұлттық валютаның деңгейін нарыққа көрсеткен сыңай танытып, бағамның қажетті бағытын көрсетіп, нарық оны қабыл алады. Мұндай беталыс 2000 жылдың басынан бастап айқын көрінеді[12, 26-31 бб.].
Құбылмалы валюталық бағаның тәртіптемесіне көшкенге дейін Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының жоғарғы шегіне бақылау жасап отырды. Сол уақытта нарық негізінен «төменге» қарай бағыт алған- тұрғын. Валюталық тәртіптеменің өзгеруіне және сауда байланысының оң сальдосына ие болуға байланысты Ұлттық банк теңгенің долларға арақатынасына қарай деңгейін көрсете отырып, төменгі шегін қорғайды. Теңгенің құнсыздану шапшаңдығы ротыратындылықтан Ұлттық банк валютаның тез құнсыздануына қарсы тұрады. Егер жылдық есептемеде құнсызданудың орташа қарқыны үш күн ішінде ағымдағы жылға арналған болжамды деректерден асып кетсе, Ұлттық банк валюталық бағамның серпініне араласады. Сондықтан алып- сатарлық уәждеме әлсіреп, нарықтың кейіпін анықтай алмайды. Сондай күндерде коммерциялық банк клиенттерінің шамалы көлемдегі тапсырыстары қанағаттандырылып, ол шетел валютасының басым ұсыныстарының айналысында жүргізілуі мүмкін. Сол себепті Ұлттық банк теңгенің нақты көріністе қымбаттауына жол бермей доллар бағамын ұстап тұруға, оған сұраныс мүмкіндігін жасауға мәжбүр болады.
Айырбас бағамы тәртіптемесі ауысқаннан кейін Қазақстанның экономикалық саясаттың өзгерісі ретінде өнеркәсіп өндірісінің өсуіне, экспортты және импорттың орнын басуды алтын- валюта авуарларды жинақтауға әсер етеді.
Кез келген елдің валюта бағамы белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс атқарады. Елдің халықаралық валюта- қаржы және несие қатынастарына қатысудың, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудіңтиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады. Қазіргі кезде халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті тәртіптемесі әрекет етеді:
- валютаға сұраныс пен ұсыныстың ықпал етуімен еркін өзгеретін құбылмалы бағамдар;
- орталық банктердің басшылық шектері арқылы бағамдардың ауытқуына шек қоятын валюталық дәліздер;
- алдын- ала белгіленген шамада бір бағытта өзгеріп отыратын шектеулі құбылыс;
- күні бұрын белгіленген деңгейде валюталық бағамды Орталық банк ұстап тұратын реттелмелі құбылыс;
- таңдап алынған шетел валютасына ұлттық ақшаның тіркелген бағамын қолдауға ақша- несие саясаты айрықша бағытталатын валюталық басқару;
- бір топ ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ;
- елде өзге мемлекеттің ұлттық валютасы қолданылатын долларландыру[13, 3б.].
ҚОРЫТЫНДЫ
Валютадық жүйенің басты элементі- валюталық бағам. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттаы және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Валюталық жүйе халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда- бұл шаруашылық байланыстардыинтернационалданд
Біздің тақырып аясында айтып кеткен ұлттық валюталық жүйе – елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Ал резервтік валюта дегеніміз – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интеграция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Осы айтылған резервтік валюта мәртебесінне ие болу үшін:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы жәневалюталық шектеудің болмауы керек.
Енді өзіміздің еліміздің валюталық жүйесін қысқаша қорытындылап кетейік. Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасу және даму кезеңін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, оның негізгі тенденциялары мен пішіні жеткілікті түрде анықталды деп толық айтуға болады.
Біздің мемлекет дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1990 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық валюта қорына мүше болып кірді.
Қазақстанның валюталық жүйесінің тағы бір элементіне тоқтала кетсек, ол- халықаралық валюта өтімділігін реттеу болып табылады.
Халықаралық валюта өтімділігі дегеніміз- елдің халықаралық міндеттемелерін кредйторға ұнамды төлем қаражаттары арқылы дер кезінде төлеу мүмкіндігі. Халықаралық валюта өтімділігі, қысқаша айтқанда елдің төлем қабілетінің көрсеткіші.
Қазақстан Республикасы ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
1. Ұлттық валюта бірлігі;
2. Ұлттық валютаның еркін ауысуы, айырбасталу мүмкіндігі (конвертируемость);
3.Ұлттық валютаның паритеті. Паритет- валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес арақатысы. Ұлттық валюта бағамының (курсының) режимі;
4. Валюталық шектеулердің деңгейі және валюталық бақылау;
5. Валюта өтімділігін (ликвидность) ұлттық (мемлекеттік) тұрғыдан реттеу;
6. Халықаралық кредит қаражаттары айналымын реттеу;
7. Елдің халықаралық есептеулерін реттеу;
8. Ұлттық валюта рыногы мен бағамы металлдар рыногының тәртібін қадағалау;
9. Елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші органды (мекемелері).
Валюталық жүйенің институциондық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.
Қазақстан Республикасы Халықаралық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден- бір қатысушысы болып саналады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Сахариев С. С., Сахариева А. С. Әлем экономикасы. Оқу құралы.- Алматы. Дәнекер, 2003.- [152-160 бб.].
2. Мақыш С. Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы.- Алматы. Издат- маркет, 2004.- [205-225 бб.].
3. Блеутаева К. Б. Ақша және банктер. Оқу құралы.- Алматы, 2007.- [123-
126 бб.].
4. Сейітқасымов Ғ. С. Ақша, несие, банктер. Оқулық.- Алматы. Экономика, 2001.- [372-376 бб.].
5. Байгісиев М. Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық. Оқу құралы.- Алматы, 2003.- [108-109 бб.].
6. Көшенова Б. А. Ақша, несие, банктер. Валюталық қатынастар.- Алматы. Экономика, 2000.- [ .].
7. Бұхарбаев Ш. Қаржы- Қаражат// Валюта жүйесін тұрақтандырудың перспективалы бағыты. – Алматы, 2006. № 2.- [36-41 бб.].
8. Мақыш С. Б. Қаз ҰУ хабаршысы// Валюталық операциялар.- Алматы, 2003. №5.- [19-21 бб.].
9. Бұхарбаев Ш. Банки Казахстана// Валюталық жүйенің құрамдас бөлігінің сыртқы экономикаға әсері.- Алматы, 2005. №1. - [49-53 бб.].
10. Чинибаева Ш. Г. ҚазҰУ хабаршысы// Валюталық тәуекел.- Алматы, 2005. №5.- [105-109 бб.].
Информация о работе Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері