Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа

Описание работы

Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы- Халықаралық Валюталық қор болып табылады.
Валюталық жүйеге келетін болсақ, ол үш түрге бөлінеді:
- ұлттық валюталық жүйе;
- дүниежүзілік валюталық жүйе;
- аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР,
ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ТҮРЛЕРІ.................................................................5
1.1 Валюталық жүйелер, валюталық қатынастар, оның түрлері................................5
1.2 Дүниежүзілік және Қазақстандық валюталық жүйе эволюциясы......................10

2 ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ
БАҒЫТЫ, ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ.............................................................................................16
2.1 Валюта жүйесін тұрақтандырудың перспективалы бағыты...............................16
2.2 Валюталық жүйенің құрамдас бөлігінің сыртқы экономикаға әсері.................21

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................28

Работа содержит 1 файл

Валюта.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

ЕДБ-дің мұндай мөлшеріне рынокте орын жеткіліксіз болғандықтан Қазақстан ЕДБ- ның алдында жеткілікті қатаң күрес тұр. Жақсы дайындалып, тиімді ішкі тәртіп пен жүйені құра алған банктер өміршеңдік танытып, бәсекелестік күресте жеңіп шығады. Ұзақ мерзімді келешекте ЕДБ- дың алдында ұзақ өсу тұр: бүгінгі күні банк жүйесінің активтері жалпы ішкі өнімнің тек үштен біріне жуығын құрайды. Банк активтерінің қалыпты көлемі жалпы ішкі өнімге 60-70 %-ке жуық болады.

Банк секторының табыстылығының біркелкі өсімі қаржыларды орналастыруға байланысты проблемалардың бар екенін көрсетеді. Қисапсыз ресуртарды иеленген жинақтаушызейнетақы қорларының сақтандыру компанияларының активтерінің өсуі қаржы рыноктарына айқын қысым көрсетеді.

Ішкі рыноктың сыйымдылығы шексіз емес болғандықтан капиталдар экспортының үдерісін одан әрі тежеудің республика үшін де, шаруашылық жүгізуші көпшілік субьектілер мен халық үшін де жағымсыз зардабы болуы мүмкін. Ақша рыногіндегі тұрақтылықтың жетістігі, сұраныстың шет ел валютасына теңгерімділігі және инфляцияның бақыланатын деңгейі валюта операцияларын жүргізген кезде жекелеген шектеулерді алып тастауға бағытталған валюта тәртіптемелерін ырықтандыруға жаңа тәсілдемелерді шығарудың, уақыт пен халықаралық практиканың талаптарына сәйкес валюта операцияларын реттеудің өзге де әдістерін қолданудың қажеттілігіне қозғау салады.

Қазақстан Республикасының валюта заңымен бұрын белгіленіп, осы кезде де қолданылатын шектеулер мен тосқауылдар нарықтық қатынастармен дамушы елдердің көпшілігіне тән. әлемдік экономиканы ғаламдандыру және халықаралық қаржы операцияларының өсуі жағдайында әлемдік экономикаға көбірек активтік бірігуге артықшылықты барынша пайдалануды қалайтын елдер үшін капитал қозғалысын ырықтандыру экономикалық дамудың болмай қоймайтын және қажетті шартты болып саналады. Сонымен, валюта қатынастарының ырықтандырудың әрбір кезеңінде ұшырасуға тура келетін белгілі тәуекелдіктерді есепке алу қажет.

Капидалдың шекараның арғы жағына безіну болжамы, сондай- ақ шет ел банктеріндегі шет елдік есеп шоттарға халыұтың жинақ ақшаларының жылыстауы басты мазасыздыққа қозғау салады.

Шет елдік қатысушыларға, әсіресе қысқа мерзімді алыпсатарлық капиталға ішкі қаржы рыногіне кіруге рұқсат ету болуы мүмкін әлемдік эеономикалық дағдарыстардың алдында экономиканың осалдық дәрежесін жоғарылатады. Қауіптің тууына және Қазақстан экономикасын «долларландыру» деңгейінің көтерілуі мүмкіндігіне қозғау салады.

Бүгінгі күн Қазақстан экономикасы қос секторлы үлгі тәрізді жұмыс істейді. Бірінші секторда экспорттық төмен үлесіне ие кәсіпорындар топтасып, олар ішкі ресурстардың есебінен дамйды. Екінші секторға шет ел компанияларының меншігіндегі өндіруші саларының экспортқа бағдарланған кәсіпорындары жатады. Мұнда тікелей шетел инвестиция ағынының келуі табиғи. Өтпелі кезеңде бас тарту мүмкін емес. Экспорттық салалар таза өнімнің, ұлттық табыстың негізгі көздерімен алда келеді. Тікелей шетел инвестициясының болмауы немесе кідірісі келешектк экономиканың дамуын бір мезгілде жағымсыз әсер етуі мүмкін. Реципиент елдердің экономикалық тікелей шет ел инвестициясына негіздеу – ішкі қорланымның болмауынан айрықша мәжбүрліктен туған шара. Осы арада ғаламдандырудың жетекшілері- шеткері аймақтар мен елдердің экономикалық мүдделерінің қарама- қайшылығы айқын кқрінеді. Реципент елдердегі тапшылық кезінде шет ел капиталы ұтып, қабылдаушы жақтар барлық кезде пайдалы бола бермейтін жобаларды қолдануға мәжбүр болады.

Қазақстандағы стратегиялық салалар мен өнеркәсіптің 80%-тен астамының шет ел инвесторларының бақылауында болуы осындай жағымсыз нәтижелерді дәлелдейді. Әлемдік практикада жинақталған шнт ел инвесторларына рұқсат етудің сыни шегі 30-50% шекте ауытқып, оның жоғарылауы кемітілген экономикалық егемендік, жас егеменді мемлекеттердің экономикалық мүдделерін шекті тарылту қаупін тудырыды.

Қазақстанның экономикасы әлі толық ырықтандырылмаған. Шет елдік шығарушылар шығарған бағалы қағаздардың айналымы жеткілікті  жетілмегендігі Қазақстанның бағалы қағаздар рыногіне арналған заңымен оларға рұқсат етуді қатал нормативтеріне байланысты. әлемдегі ірі мемлекеттердің биржаларымен салыстырғанда параметрлері қарапайым жалғыз қор биржасы қаржы рыногінде өз қызметін жүзеге асырады.

Теңгенің тұрақты нақты бағамын сақталып тұрғанда Ұлттық банктің ішкі валюта рыногінен шет ел валютасының артығын сатып алуы ақша жиынының өсуіне апарады. Соның нәтижесінде егер ақша ұсынысының көбеюі оларға нақты сұраныстың өсуімен өтелмесе, не инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұруда қиындықтар туып Ұлттық банк ақша жиынын айықтыруға жәрдемдесетін борышқорлық құралдарға қызмет көрсету бойынша залал шегеді. Орташа мерзімді перспективада төлем балансының салыстырмалы орнықтылығына жету валюталық реттеу саясатының акцентін капиталдың жылыстауын қатаң әкімшілік бақылаудан мына мәселелерді шешу арқылы валюта қаржыларын тарту мен пайдаланудың тиімділігін жоғарылатудың міндеттерін шешуге ауыстыруға мүмкіндік береді:резидент еместердің бағалы қағаздарға салған сапалы инвестицияларына валюталық бақылау реттемелерін жұмсарту жолымен инвестициялық қоржынды әртараптандыруға жағдай жасау; Қазақстанның өндірістік әлеуметін кеңейтетін, жаңа перспективалы рыноктарға енуге жағдай туғызатын инвестициялау обьектілерін бақылауды қажетті деңгейге келтіретін резиденттердің тікелей инвестицияларын ынталандыру; валюталық реттеудің және ең мәнді валюталық операцияларға экспорттық- импорттық валюта бақылауын жасаудың тиімділігін жоғарылату, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырған кездегі шектен тыс  әкімшілік бөгеттерді жою.

Қазақстанның монетарлық үкіметі валюта тәртіптемесін ырықтандыру тұжырымдамасын және оны жүзеге асырудың 2004 жылға дейінгі әрекет ету бағдарламасын айқындады. Біздің ойымызша, осы тұжырымдаманы валюта саясатын ырықтандырудың алғашқы сатысы ретінде қарастыруға болмайды. Ең алдымен, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жүзеге асыру болып саналады[7, 36-41бб.].

Іс жүзінде валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты болып бөлінеді:

1.      Ағымдық операцияларға жататындар:

- тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәлімдемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

- 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;

- салымдар, инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

- гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;

- осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2.      Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

- инвестицияларды жүзеге асыру;

- интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

- мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

- тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәлімдемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

- 180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;

- өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;

- зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;

- жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

              Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады.

Банктердің жүзеге асыратын валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктеледі:

1.      Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізуге байланысты:

-         заңды және жеке тұлғаларға валюталық шот ашу;

-         шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;

-         овердрафт несиелерін беру;

-         операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;

-         кез келген уақыт аралығында шот архивін рәсімдеу;

-         клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау;

-         экспорттық- импорттық операцияларға бақылау жасау.

2.                       Сауда емес операциялар (клиенттерге тауарлар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуларға байланыссыз операциялар) сипатына қарай;

-         қолма- қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;

-         шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкасациялау;

-         шетел банктерінің жол чектерін сатып алу;

-         ақшалай аккредитивтерді төлеу.

3.      Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнатуға қарай:

-         НОСТРО шотын ашу және оны жүргізу, яғни корреспондент банкке коммерциялық банктің атына ағымдық шот ашумен байланысты операциялар;

-         ЛОРО шоты- коммерциялық банкте корреспондент- банктің атына ағымдық шот ашу және оны жүргізу операциялары.

4.      конверсиондық операциялар сипатына қарай:

-СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар[8, 19-21бб.].

2.2 Валюталық жүйенің құрамдас бөлігінің сыртқы экономикаға әсері

 

Дүниежүзілік валюта жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі- валюталық бағам болып саналады. Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдармен несиелердің қозғалысы кезінде , дүниежүзілік және ұлттық нарықтардың бағаларын, сонымен бірге әр алуан елдердің ұлттық немесе шетелдік валюталарға шаққандағы құндық көрсеткіштерді салыстырған уақытта, фирмалардың және банктердің есепшоттарын шетел валютасымен қайта бағалаған кезде валюталарды өзара айырбастау үшін валюталық бағам аса қажет.

Валюталық бағам- шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға алмастырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша проценттерді төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды.

Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:

1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабілетіне қарай құндылық заңының әрекетін бейнелейтін валюталар арақатынасы валюталық бағамның өзіне тән қызмет етеді. Сондықтан валюталық курсқа құнсыздану қарқыны әсер етеді.

Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдардың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсызданудың салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.

2. Төлем базасының жайкүйі. Активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады

3. Әралуан елдердегі процент мөлшерлемесінің айырмашылығы. Процент мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдардың қозғалысына әсер етеді. Процент мөлшерлемесінің жоғарылауы шетел капиталының құрылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына асуына дем береді.

4. Валюталық нарықтағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметі. Егер қандай да бір валюта бағамының төмендей беталысы байқалса, ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен «қапыл» ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.

5. Белгілі бір валютаның евронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі.

6. Валютаның бағамдық арақатынасына сондай- ақ төлемдерді жеделдету немесе кідіріс те әсер етеді.

7. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенім дәрежесі. Ол елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырған факторлармен айқындалады.

Дүние жүзінің экономикасын қамтыған дағдарыс 1998 жылдың басынан бастап Қазақстанның төлем балансының жағдайына жағымсыз әсер етіп, соның нәтижесінде ұлттық валютаның айырбас бағамы қымбаттады.

Валютаны реттеудің тиімділігін бұдан әрі сараптау үшін валюталық бағамдардың отандық экономиканың жағдайына ықпалын қарастырамыз.

Валюталық  бағам экономикалық өсуге тікелей емес жанама жолдармен ықпал етеді: тауар бағаларын өзгерту; ішкі нарықта отандық өнімдер бағамын бәсекеге қабілеттілігі; экспорт пен импортты ынталандыру; ішкі және дүниежүзілік проценттік мөлшерлеменің арақатынасын өзгерту; халықаралық төлемпаиыздықты алтын- валюта резервтерімен қамтамасыз ету.

Информация о работе Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері