Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы- Халықаралық Валюталық қор болып табылады.
Валюталық жүйеге келетін болсақ, ол үш түрге бөлінеді:
- ұлттық валюталық жүйе;
- дүниежүзілік валюталық жүйе;
- аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе
КІРІСПЕ...........................................................................................................................3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР,
ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ТҮРЛЕРІ.................................................................5
1.1 Валюталық жүйелер, валюталық қатынастар, оның түрлері................................5
1.2 Дүниежүзілік және Қазақстандық валюталық жүйе эволюциясы......................10
2 ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ
БАҒЫТЫ, ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ.............................................................................................16
2.1 Валюта жүйесін тұрақтандырудың перспективалы бағыты...............................16
2.2 Валюталық жүйенің құрамдас бөлігінің сыртқы экономикаға әсері.................21
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................28
- Валюталардың тұрақтылығы шетел несиелерінің көмегімен жүзеге асырылды.
Бұл валюталық тұрақтылық та 30- жылдардағы дүниежүжілік дағдарыстың әсерінен құлдырыды. 1929-36 жж. Дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты ерекшеліктері мынадай:
- циклдік сипат: валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және ақша-несие дағдарысымен пайда брлды;
– құрылымдық сипат дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын- девиздік стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
-ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;
30- жылдардағы дағдарыс нәтижесінде Гануэз валюталық жүйесі өзінің қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп барлық елдің валюталары тұрақсыздыққа ұшырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын тереңдете түсініп, соғыс жылдарында 1943 ж. жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы жасалды[2, 211-214бб.].
Еуропалық валюталық жүйе экономикалық интеграциялау процесін ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану процесінің даму себептеріне: шаруашылықтың интеграционализациялануы, өндірістің қарсылас орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық тұрақсыздық жатады. Еуропалық экономикалық қоғамдастық- бұл Батыс Еуропа елдерінің біршама дамыған аумақтық интеграционалдық тобын білдіреді, ол 1957 ж. наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып, 1958 жылдың 1 қаңтардан бастап қызмет етеді.
1973 жылдан бастап, еуропалық экономикалық қоғамдастыққа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия мен Испания қосылған.
Еуропалық қоғамдастықтың мақсаты:
1. шаруашылықтың мемлекетаралық реттеу базасында
экономикалық және саяси одақ құру; Еуропалық қоғамдастықты дамыған мемлекетке айналдыру;
2. Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның
дүниежүзілік нарықтағы монополиялармен күресуде позицияларын нығайту;
3. Батыс Еуропалардың бұрынғы орталығы ретінде дамушы
елдерді, өзінің әсер ету аясында ұжымдық күште ұстау.
Батыс Еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен
ажыратылады:
Біріншіден, Еуропалық қоғамдастықтың құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15-16 мемлекетке жетті. Болашақта Еуропалық қоғамдастыққа Шығыс және Орталық Еуропа елдері қосылады деп күтілуде.
Екіншіден, Еуропалық қоғамдастықтың институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшыларының отырысыЕуропалық қоғамдастық жоғарғы ұйымы болып табылады).
Министрлер кеңесі- заң шығарушы орган.
Еуропалық қоғамдастық комиссиясы (ЕҚК)- атқарушы орган.
Еуропалық парламент – кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚ бюджетін бекітеді.
ЕҚ соты- құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы.
Әлеуметтік және экономикалық комитет- кәсіпкерлер, кәсіподақтар өкілдерінен құралған кеңес беруші орган.
Үшіншіден, интеграциялық процестің материялдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.
Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған валюталық саясаттың шоғырлану процесі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық- несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.
Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе қағидалары мынадай болады:
ЕВЖ, ЭКЮ- еуропалық валюталық бірлікке негізделеді(1999 ж. дейін). ЭКЮ-дің шартты құны ЕҚ 12 елдерінің валюталары негізінде валюталардың қоржынының әдісі бойынша анықталады.
ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады[2, 217-218бб.].
Дүниежүзілік валюта жүйесі- бір аймақтағы дүниежүзілік шаруашылық байланыстардан туындаған валюта- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Негізгі жинақталушы (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюталар); валюталарды айырбастау тәртіптемесі, сондай-ақ валюта курсы мен валюталық тепетеңдік, валютаның айырбасталымдылық шарттары, халықаралық айналымды валюта- төлем құралдарымен қамтамасыз ету тетігі, халықаралық есеп айырысу нысандарын, дүниежүзілік валюта мен алтын нысандарын тәртіптеу; халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асыратын дүниежүзілік және ұлттық банк мекемелері желісін құру.
Аймақтық валюта жүйесі- бір аймақтағы бірқатар елдің валюта саласындағы қатынастардың ұйымдық экономикалық нысаны, мысалы, Еуропалық Валюта жүйесі Еуропалық одаққа мүше бірқатар елдердің валюта саласындағы қатынастарында бірігу үрдістерін ынталандыруға, ұлттық валюталар курстарының ауытқуын азайтуға және бір-бірімен байланыстыруға Еуропалық одақта бірте-бірте меншікті валюта-құн құралдарына негізделген валюталық тұрақтылық аймағына айналдыруға, Еуропалық одақ елдерінің халықаралық айырысуында АҚШ долларының ролін шектеуге, яғни келешекте Еуропалық одақ елдерінің біртұтас ішкі нарығының валюта-қаржы өрісін қалыптастыру үшін, алғышарттар жасауға бағытталған. Дүниежүзілік Валюта жүйесі халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастырудың формасы. Ол шаруашылық өмірінің интернационалды сипат алуы және дүниежүзілік рыноктың дамуымен тығыз байланысты. Тарихта белгілі үш дүниежүзілік валюта жүйесі орын алды[6, бб.].
1. XIX ғасырда алтын стандартына негізделген, мұнда алтын немесе
монеталық ақша тауары ретінде пайдаланылады, қағаз ақшаның алтынға еркін алмасуы тиіс деп қарастырылады.
2. Бұл жүйе алтын валюта стандартына негізделді. Бұл XX
ғасырдың 30 жылдарында басталып 50-60 жылдары аяқталды. Заңды түрде бұл жүйе 1944 жылы Бреттон-Вуд (АҚШ) конференциясында бекітілді. Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға интеграциялық қадамының бірі оның халықаралық валюта қорына және ғаламдық финанс- несие орталығы- халықаралық өзара есеп айырысу банкке мүшелікке енуі. Халықаралық валюта қорының Уставтың капиталы шамамен 100 млрд долларға және 80 млрд доллар уақытында қамтылған қаражат. Халықаралық Валюта қоры қазірде әр бір мүше елдің валюта, несие және экономикалық талдау жасаудың аса ірі ғаламдық орталығына айналып отыр. Халықаралық Валюта қоры жетекші дамыған елдердің макроэкономикалық саясатын көп жақты кординациялауда маңызды роль атқаруда. Халық банкі болса дамушы елдердің стратегиялық дамуын анықтаудың әлемдік орталығына айналып отыр. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстарының интернационалдануы ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретінде халықаралық валюталық қатынастар қалыптасады.Валюталық қатынастардың жекеленген элементтерінің қалыптасуы сауда орталықтарында жүргізіледі. ХХ ғасырдың орта шенінен бастап халықаралық экономикалық, қаржы қаражыт және валюталық қатынастар өз дамуында жаңа сатыға көтерілді. Ашық экономика құруға ұмтылыстардың басшы тенденциясы сауда айырбасын жеделдету дүниежүзілік қаржыландыруды дамытуды, жаңа валюта нарықтарын құруды, әр түрлі елдер арасындағы валюталық- қаржылық қатынастарды кеңейтуді көздейді. Валюталық қатынастар: дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Халықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастардың нысаны.
Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте- бірте қалыптасуы нәтижесінде пайда болып, кейінірек мемлекетаралық келісімдер арқылы заңдастырылған халықаралық валюта және қаржы –несие нарықтары дүниежүзілік шаруашылықтың халықаралық экономикалық қатынастары – ең маңызды буындарының бірі.
ХХ ғасырдың соңғы 15-20 жылдары қаржы нарықтарының қарқынды өсуімен анықталады. Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының ара- қатынасы 1980 жылы 10/1 болса, 1922 жылы бұл көрсеткіш 10/1 болған. Қаржы нарығы дамуы негізінде қаржы айналымының объективті заңдылықтары жатыр. Бұл жерлерде уақытша, бос капиталдар пайда болса, екінщі жерде оған сұраныс пайда болады.
Дүниежүзілік валюта, несие құнды қағаздар нарықтары қалыптасуының алғы шарттары:
- капиталдың өндіріс пен банктерде шоғырланды;
- шаруашылықтық байланыстардың интернационалдануы;
- банкаралық телекоммуниеациялардың дамуы[1, 158-160бб.].
2 ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ БАҒЫТЫ, ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ
Валюта жүйесін тұрақтандырудың перспективалы бағыты
Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық үрдістерді тежеу, қалыпты қолма- қол ақша айналымын ұйымдастыру, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету әрқашанда валюта саясатындағы басым бағыттар болды. Республика экономикасында жүргізілген реформалардың барысында Ұлттық банктің міндеттері алмасып, кеңейіп, құрамында валюта қатынасы да бар ақша- несие саласын реттеу әдістері мен тетіктері жетілді. Ақша түсімінің көлемі мен бағыттарына бақылау жасаудан басқа валюталық реттеудің алдына қойған бірқатар маңызды міндеттердің арасынан теңгенің айырбас бағамын тұрақтандыруды, капиталдың кемуінің алдын алудың тетігін жасауды, елге валютаның ақшалай түсімінің толық түсуін қамтамасыз етуді және басқа мақсаттарды бөліп алуға болады. Шектеу негізінен капиталдың жылыстауының жолына қойылды.
Валюта әлемі бойынша негізінен экспортшы кәсіпорындардың валюта түсімін міндетті сатуының мөлшерін белгілеу, айырбас операцияларын жүргізген кезде жеке тұлғадан 1% алым алынуды енгізу, белгілі эквиваленттегі қолма-қол валюта әлемінің сомасын мағұлымдау түрінде реттеуші сипаттағы уақытша шаралар қолданылды.
Республика әлемдік экономикаға неғұрлым көбірек біріксе оның ақша- несие және валюта саясатына сыртқы экономикалық факторлардың әсері соғұрлым күшті болатынын Қазақстан экономикасын он жыл реформалаудың тәжірибесі көрсетті. Экономикасы шикізатқа бағытталған Қазақстан экспорттық дәстүрлі баптарының әлемдік бағаларының жағдайына күшті тәуелді болады. Экспорттық валюта түсімі өте- мөте тұрақсыз болғандықтан ол төлем балансының және ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың ахуалына тікелей әсер етеді. Валюталық түсімге тәуелділікті жеңу үшін мемлекеттің ақша саясаты ұлттық экономиканы дамытуға бағдарлануға тиіс. өнеркәсіптің көпшілік саласында өндірістің өсуі байқалып, қаржы көрсеткіштері жақсарғанына қарамастан осы бағдарламаны жүзеге асыру айтарлықтай уақытты талап етеді. Алайда жеткілікті берік және тұрақты емес өсім қарқынын бекіту қажет.
Макроэкономикалық тұрақтылықтың қазіргі мезеттегі жетістігі және минералды ресурстардың жаңа кеніштерін өнеркәсіптік пайдалануға байланысты Қазақстан экономикасының өсу перспективасы валюталық реттеу жүйесін оны ырықтандыру жағына қарай түзетуге мүмкіндік береді. Мұндай өндірудің ұлғаюы, тіпті сақтанымпаз болжам бойынша , 2010- жылдың аяғына қарай 2.5 есе көбейеді. Жаңа кен көздерін пайдалану Қазақстанға алдағы кездегі шетел инвестициясы түсімін қамтамасыз етеді. Төлем балансының «Қателіктер мен өткізіп алулар» бабының сальдосының бірізді төмендеуі бір жағынан, валюта бақылауының пәрменділігінің жоғарылауын, екінші жағынан Қазақстанда капиталды инвестициялаудың өскелең тиімділігін дәлелдейді. Осындай жағдайларда резиденттің капиталды әкетуіне қойылған шектеудің сақталуы валюта рыногіндегі шет ел валютасының сұранысы мен ұсынысының арасындағы үйлесімсіздіктің ұсыныстың айтарлықтай жоғарылауы жағына қарай күшеюіне қозғау салады. Артық ұсыныс нақты тұлғада атаулы айырбас бағамының қымбаттауы бағытында қысым көрсетеді. Қазақстан теңгесінің нақты қымбаттауы ішкі тұтынушыға бағдарланғанын қосқанда отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне жағымсыз көрінеді. Төлем балансын теңестіруге минералды ресурстар экспортының сандық көлемін ұлғайту есебінен қол жеткізіліп ол Қазақстан экономикасының шикізатқа бағытталғандығын тағы да күшейте түседі. Ұлттық экономиканың бәсекелестік жайғасымының жоғалуын болдырмау ішкі валюта рыногінен монетарлық үкіметтің шет ел валютасын айтарлықтай сатып алуын талап етеді. Ол ақша жиынының өсуіне апарады. Нәтижесінде инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру үшін қосымша қиындықтар мен шығындар туындайды. Төлем балансының салыстырмалы орнықтылығына жету және шет ел валютасының ұсынысынан экономиканың «тым қысып кетуінің» жағымсыз зардаптарын болдырмаудың қажеттілігі монетарлық үкіметтердің валюталық тәртіптемені ырықтандыруына мүмкіндік береді.
Валюта тәртіптемесін одан әрі ырықтандыру ақша- несие және валюта саясатының бағыты болып табылып, ол валюта реттеуінің өзгеруін және капиталды әкелу мен әкетуге бақылау жасауды ұйғарады. Макроэкономикалық аспектілерді шешу үшін шет ел инвестициясы түсімінің маңызына, ақша айналымына оның әсеріне ерекше көңіл аудара отырып, Қазақстанның банк жүйесінің өтімділік жағдайына валютаның құрамдас бөлігінің ықпалын көзден таса қылуға болмайды.
Өткен жылдың ішінде Қазақстанның қаржы рыногінде түбегейлі өзгерістер болады. 2003 жылдың қорытындысы бойынша қаржы рыногінде 35 банк жұмыс істеп, олардың арасында 2 мемлекеттік («Қазақстанның эксим банкі» ЖАҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ААҚ), шет ел қатысқан 16 банк (Қазақстан Республикасының резидент еместерінің еншілес 10 банкін қосқанда) және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ. БВУ әжептәуір сенімді қаржы институты болып саналып, барлық сараланымдары халықаралық стандартқа келтірілген қаржы рыноктарының келешектегі дамуын байқаған Халық банкі дамыған елдерде қабылданған стандарттарға ақша-несие саясатының ең жоғары жақындауын 2003 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңдегі басым бағыты ретінде анықтайды.
Информация о работе Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері