Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа

Описание работы

Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы- Халықаралық Валюталық қор болып табылады.
Валюталық жүйеге келетін болсақ, ол үш түрге бөлінеді:
- ұлттық валюталық жүйе;
- дүниежүзілік валюталық жүйе;
- аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР,
ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ТҮРЛЕРІ.................................................................5
1.1 Валюталық жүйелер, валюталық қатынастар, оның түрлері................................5
1.2 Дүниежүзілік және Қазақстандық валюталық жүйе эволюциясы......................10

2 ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ
БАҒЫТЫ, ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ.............................................................................................16
2.1 Валюта жүйесін тұрақтандырудың перспективалы бағыты...............................16
2.2 Валюталық жүйенің құрамдас бөлігінің сыртқы экономикаға әсері.................21

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................28

Работа содержит 1 файл

Валюта.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

 

              Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңкерісінде құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердің валюта аумағында ұйымдастырылу – экономикалық формасындағы қатынастарды білдіреді[4, 372-376б.].

              Мұндағы, валюталық паритет- валюталық бағамның  негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.

              ХВҚ жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде (арнайы қарыз алу құқығы) белгіленеді.

              Егер де ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға, яғни нлдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе- бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

              Резервтік валюта- бұл басқа елдер үшін валютаық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негіз ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында алюталық интервенция жүргізуде паидаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталары.

              Валюта- бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; Үшіншіден, халықаралық есептеу бірліктері және төлем құралы (СДР,еуро).

              Валюталық бағам – Бір елдіңақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

              Валюталық бағамның қажеттігі:

              1) тауарлар мен қызметтермен сауда - саттықта, каиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.

              2)дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық көрсеткіштерін салыстыруға;

              3) фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қаита бағалап отыруға.

              Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

              Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса, ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сұраныс өсіп, ұлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышқорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын төмендетеді.

              Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға  әсері екі жағдаймен болады: а)Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен, қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді.Шын мәнінде пайызмөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді; ә) пайыз мөлшерлемесі дар валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарыққа орналастырады.

              Валюталық  нарықтар қызметі мен алып- сатарлық валюталық операциялар. Егер қандай да бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

              Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық  есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға:  Еуробанктер 60- 70% операцияларын АҚШ ($) долларымен жасағандықтан, оған деген сұраныс пн ұсыныс ауқымы анықталады.

              Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.

              Валютаға деген ұлттық және халықаралық нарықтағы сенімділік дәрежесі.

              Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда- бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық- экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық- заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық- экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік- құқықтық формасы.

Дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлатуға және  оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезеңді бөліп қарауға болады:

1)                     жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау;

2)                     құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу;

3)                     біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесін құрды [2, 205-218 бб.].

 

1.2. Дүниежүзілік және Қазақстандық валюталық жүйе эволюциясы

 

Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасу және даму дәуірін бастан кешіріп отыр. Дегенмен, оның негізгі тенденциялары мен пішіні жеткілікті түрде анықталды деп айтуға толық болады. Біздің мемлекет дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық валюта қорына (МВФ) мүше болып кірді.

Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесінің құрылымдық принциптеріне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазіргі валюталық жүйесі мен оның негізгі элементтерін (белгілерін) мұқият қарастырып көруге мүмкіндіктер жеткілікті деп есептейміз.

Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз- ұлттық заңдармен немесе мемлекетаралық келісім- шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу нысаны (формасы). Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық, аумақтық деп жіктелетін валюталық жүйелерді мақсаты мен атқаратын рөліне сәйкес ажыратуға болады.

Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, ең алдымен ұлттық заңдармен бекітілген, халықаралық құқық нормаларына сәйкестендірілген ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі елдің құрамдас бөлігі болып саналады. Дегенмен, оның салыстырмалы түрде дербестігі және ұлт шекарасынан шығу мүмкіндіктері бар екендігі де белгілі. Оның ерекшеліктерін елдің экономикалық жағдайы мен сыртқы экономикалық байланыстары ашып, анықтайды.

Ұлттық валюта жүйесінің дүниежүзілік валюта жүйесімен байланысы сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмет көрсетуші ұлттық банктер арқылы жүзеге асады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің өзара байланысы олардың ұқсастығын емес, керісінше ерекшеліктерінің айғағын паш етеді. Олардың мақсаты, қызмет ету жағдайлары мен реттелуі, жекелеген елдер экономикасы мен дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әртүрлі деңгейлі екендігін күнделікті практикада көрсетіп отыр.

Ұлттық және дүниежүзілік  валюта жүиелерінің байланысы мен ерекшеліктері олардың элементтерін қарастырған шақта белгілі болады.

Қазақстан Республикасы ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

1. Ұлттық валюта бірлігі;

2. Ұлттық валютаның еркін ауысуы, айырбасталу мүмкіндігі (конвертируемость);

3.Ұлттық валютаның паритеті. Паритет- валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес арақатысы. Ұлттық валюта бағамының (курсының) режимі;

4. Валюталық шектеулердің деңгейі және валюталық бақылау;

5. Валюта өтімділігін (ликвидность) ұлттық (мемлекеттік) тұрғыдан реттеу;

6. Халықаралық кредит қаражаттары айналымын реттеу;

7. Елдің халықаралық есептеулерін реттеу;

8. Ұлттық валюта рыногы мен бағамы металлдар рыногының тәртібін қадағалау;

9. Елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші органды (мекемелері).

                            Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ақша бірлігі құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1933 жылы 12 қарашасындағы «Қазақстан ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы негізінде 1933 жылың 15 қарашасынан бастап айналымға енгізілді. Сөйтіп, Қазақстанның ұлттық ақшасы мен валюталық жүйесі бұрынғы КСРО республикаларының ақшасы мен валюталық жүйесінен дараланды.

              Қазақстан Республикасы ақша бірлігі (ұлттық валюьа) болып теңге бекітілді Ол 100 тиыннан тұрады. Қазақстанның айналымдағы ақша белгілері банкноттар мен монеталардан құралады[5, 108-109 бб.].

Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.

              Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.

              Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына әкеледі.

              Жаңа дүниежүзілік валюталық жүиені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:

              I кезең- жаңа жүиенің қағидаларының қалыптасуы, алғышарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

              II кезең- жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

III кезең- толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүие құрылады.

Дүниежүзілік валюталық жүиенің мынадай эволюциялары белгілі:

1.      Париждің валюталық жүйесі (1867 ж.)

2.      Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.)

3.      Бреттон- вудс валюталық жүйесі (1944 ж.)

4.      Ямайск валюталық жүйксі (1976- 1978 жж.)

5.      Еуропалық валюталық жүйе (1979 ж. )

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде ХIХ ғасырда өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монета стандарты формасында, яғни алтын монометаллищмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1867 ж. Париж конференциясында бекітілді және осы конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана формасы ретінде танылды, яғни алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.

Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:

- Оның негізі алтын монета болып табылады;

              - әр валютаның өзіндік алтынға шыққандағы құрамы белгіленеді (Ұлыбритания  - 1816 ж., АҚШ – 1837 ж., Германия – 1875 ж., Франция – 1878 ж ., Ресей – 1895 ж. Белгіледі.) Алтын құрамына сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға еркін алмастырылды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;

              - нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескерк отырып, валюталардың еркін өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.

              Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын жоғалтты.

              Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағдарысиан кейін алтынға және және жетекші валюталарға негізделген алтын девиз стандарты бекітілді.

              Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем құралдарын девздер деп атады. Екінші дүниежүзілік валюталық жүйеге заңды түрде мемлекеттік келісімшартпен 1922 ж. Генуэз халықаралық экономикалық конференциясында қол жеткізді.

              Генуэз валюталық жүйесі мынадай қағидаларда қызмет етті:

- оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды. Бұл кезеңде 30 елдің ақша жүйесі алтын- девиздік стандартқа негізделді . Ұлтық несиелік ақшалар халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қолданылды. Бірақ та соғыс аралығында резервтңк валюта ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ доллары бұл аумақта жетекші қызметте жүрді;

              - алтын валюталардың құрамы сақталды;

              - еркін валюталық бағам режимі қайта қалпына келтірілді;

              - валюталық реттеу, валюталық саясат халықаралық конференциялар, мәжілістер формасында жүзеге асырылды.

              1922-28 жылдарға дейінгі валюталық тұрақтылық сақталды. Сондай- ақ бұл жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:

              - Алтын монеталық стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде, алтын момнометаллизмінің қысқарған формалары енгізілуі;

              - Валюталардв тұрақтандырудың бірнеше жылға созылуы;

              - Валюталадың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір валюталардың (фунт стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы қаитадан қалпына келтірілді;

Информация о работе Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері