Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 12:39, курсовая работа

Описание работы

Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы- Халықаралық Валюталық қор болып табылады.
Валюталық жүйеге келетін болсақ, ол үш түрге бөлінеді:
- ұлттық валюталық жүйе;
- дүниежүзілік валюталық жүйе;
- аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе

Содержание

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР,
ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ТҮРЛЕРІ.................................................................5
1.1 Валюталық жүйелер, валюталық қатынастар, оның түрлері................................5
1.2 Дүниежүзілік және Қазақстандық валюталық жүйе эволюциясы......................10

2 ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ
БАҒЫТЫ, ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ.............................................................................................16
2.1 Валюта жүйесін тұрақтандырудың перспективалы бағыты...............................16
2.2 Валюталық жүйенің құрамдас бөлігінің сыртқы экономикаға әсері.................21

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................28

Работа содержит 1 файл

Валюта.doc

— 213.50 Кб (Скачать)


 

 

 

 

 

 

Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2011

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3

 

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР,

ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ТҮРЛЕРІ.................................................................5

1.1 Валюталық жүйелер, валюталық қатынастар, оның түрлері................................5

1.2 Дүниежүзілік және Қазақстандық валюталық жүйе эволюциясы......................10

 

2 ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫ

БАҒЫТЫ, ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ.............................................................................................16

2.1 Валюта жүйесін тұрақтандырудың перспективалы бағыты...............................16

2.2 Валюталық жүйенің құрамдас бөлігінің сыртқы экономикаға әсері.................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................................28

 

 


КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі- валюталық қатынастарды ұйымдастырудың жолдарын табу болып табылады.

Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шектеуге байланысты анықталады. Сондықтан да олардың арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық- экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет бұл жағдайда да валюталық қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.

Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы- Халықаралық Валюталық қор болып табылады.

Валюталық жүйеге келетін болсақ, ол үш түрге бөлінеді:

- ұлттық валюталық жүйе;

- дүниежүзілік валюталық жүйе;

- аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе;

              Ұлттық валюталық жүйе- елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

 

 

 

-дүниежүзілік валюталықжүйе

-аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Ұлттық валюталық жүйе- елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

Дүниежүзілік валюталық жүйе – бұл халықаралық несие- қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.

Аумақтық валюталық жүйе өнеркәсібі дамыған елдердегі әлемдік валюталық жүйе төңірегінде құрылады.


1      ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР, ОНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ, ТҮРЛЕРІ

 

              1.1               Валюталық жүйелер, валюталық қатынастар, оның түрлері

 

              «Валюта» деген түсінік үш мағынада қолданылады:

а) әрбір әлем мемлекеттің ақша санының бірлігі  (Қазақстанның «теңгесі», АҚШ «доллары», орыстың «рублі», Жапонның «иені», ағылшынның «фунт стерлингісі», Италияның «лирі» т. б.) және оның алтын, күміс, қағаз ақша түріндегі типі;

б) шет мемлекеттің ақша белгісі, сонымен бірге шетелдің ақша бірлігіндегі көрінетін және халықаралық есеп айырысуда қолданылатын несилік және төлем құралы;

в) халықаралық аймақтық ақша- есеп айырысу бірлігі мен төлем құралы.

Бұл шетел валюталарының (банкноттар, казначейлік билеттер және монеталар, теңге, ақша түріндегіақша белгілері, сатып алу, сату) операциялары бойынша болатын қаржы экономикалық және олардың тұтынушылары валюталық операциялардың қатысушылары болып табылады. Көптеген валюталық операциялар делдалдық брокерлік фирмалар арқылы жүргізіледі. Валюталық нарықта: сыртқы сауда, туризм, қызметтер жеке адамдардың ақша аударуы, капиталдардың жұмыс күшінің миграциясы (бір елден бір елге ауысуы) т. б. бойынша кең ауқымды операциялар жүзеге асырылады. Валюталық нарықта, валюталық курстардың айырмасы есебінен пайда табу мақсатымен қаржыларын бір валютадан басқа валютаға аударып отыратын трансұлттық компаниялар маңызды роль атқарады. Қолдану саласы мен тәртібіне қарай валюталар- еркін толық айналымды, яғни, кез-келген шетел валюталарына белгілі бір эквивалент (балама) бойынша шектеусіз айырбасталатын, ішінара айналымды бола алмайтын, тұйық, яғни, тек қана бір елдің ішінде ғана айналатын, басқа шетел валютасына айырбастала алмайтын болып бөлінеді. Еркін толық айналымды валютаға АҚШ- тың доллары, ГФР- дың маркасы, ағылшын фунт стерлингісі, Швейцарияның франкісі және Жапонияның иенасы жатады. Жыл сайынғы Лондонның валюталық нарығының айналымы- 187, Нью-Иорктікі- 129, Токионікі- 115 млрд долларға жетеді. Францияның франкісі мен Италиан лирасы ішінара айырбасталатын валюталар. Тұйық валютаға көптеген дамушы елдердің, кейбір Шығыс Еуропа елдерінің валюталары жатады. Ал, ТМД елдерінің сомына (рубль) келетін болсақ, ол әзірше дүниежүзіндегі ең бір тұйық валюта болып отыр. Шетел валюта курсының биржалық копировкасы (көшірмесі) валютаның айырбас курстары әрдайым өзгеріп отырады, оның өзі валютаның сұраныс пен ұсыныс жағдайларына сезімталдығын көрсетеді [1, 152-158 бб.].

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

      Нарықтық реттеу;

      Мемлекет тарапынан реттеу;

Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысы баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіетері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

Бірақ та мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол жанама түрде кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30-жылдардағы ХХ ғ. алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі қызиетті тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ асты ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты[2, 219б.].

Халықаралық валюталық қатынастар- ұлттық шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель (тратта) бойынша есеп айырылысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталыққатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.

Капиталдың шеңбер айналасы процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.

Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді[3, 123-126 бб.].

Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.

Валюталық жүйе- ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.

Валюталық жүйе үш түрге бөлінеді:

      Ұлттық валюталық жүйе.

      Дүниежүзілік валюталық жүйе.

      Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

Тарихта ұлттық валюталық жүйе ең бірінші қалыптасқан.

Ұлттық валюталық жүйе- халықаралық төлем айналымын жүзеге

асыратын, ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурсты құраитын және оны пайдалануга көмектесетін экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді.

              Ұлттық валюталық жүйе- елдің ақша жүйесінің бір бөлігі. Оның ерекшеліктері елдің құрамдас экономикасының және сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесі мен жағдайына байланысты анықталады.

              Ұлттық валюталық жүйе дүниежүзілік валюталық жүйементығыз байланысты. Дүниежүзілік валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына таман құрылған.

              Дүниежүзілік валюталық жүйе- бұл халықаралық несие- қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар кешенін қамтиды.

              Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты мен тұрақтылығы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.

              Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелер арасындағы байланыс пен айырмашылықтары олардың негізгі элементтерінен көрінеді.

 

1- кесте  Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйенің элементтері

 

Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық жүйе

1.      ұлттық валюта

1. Резервтік валюталар

2.      Ұлттық валютаның алмастырылу шарты

2. Валюталардың өзара алмастыру шарты

3.      Ұлттық валюта паритеті

3. Валюталық  париттерінің ортақ режимі

4.      Ұлттық валюта бағамының режимі

4. Валюталық бағамдар режимінің регламентациясы

5.      Валюталық шектеудің,

валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы

5. Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу

 

6.      Елдің халықаралық валюталық өтімділігін ұлттық реттеу

 

6.  Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу

Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық жүйе

7.                       Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу

7. Халықаралық несиелік айналыс құралдарын пайдаланудың ережелерінің біртұтастығы

8.      Елдің халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу

 

     8. Халықаралық есеп айырысудың негізгі формараларының біртұтастығы

9.Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі

   9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар мен алтын нарықтарының режимі

10. Елдің валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтін ұлттық ұйымдары

     10. Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асыратын

Информация о работе Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері