Сұлтангереева Нұршашқанның өндірістік тәжірибе бойынша

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 17:43, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание

Кіріспе

1 – тарау. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және оның бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.1 Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау. басқармасының құрылу тарихы және жалпы ережесі.
1.2 Басқарманың бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.3 Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімінің қызметтері және құқықтары.

2 – тарау. Ақтөбе облысының инвестициялық саясаты.
2.1 Ақтөбе облысының әлеуметтік экономикалық дамуы.
2.2 Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясат және оның қазіргі жағдайы.

3 – тарау. Ақтөбе облысының экономикалық дамуы және 2010-2014 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру жоспары.
3.1 2010-2012 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

СГ Нуршашкан.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

 

Құрылыс  жұмыстарының негізгі үлесі 79,4% жеке меншік субъектілерімен орындалды.

Мердігер жұмыстары құрылымының жалпы көлемінде 86,2%  жаңа объектілерді салу,  реконструкциялау,  кеңейту және техникалық қайта жарақтандыруға,  10,7% күрделі жөндеуге келеді.

Тұрғын үй құрылысы

2010 жылы кең ауқымды тұрғын үй құрылысы бағдарламасының кезекті  кезеңі аяқталды.

Іске асырылған бағдарламалары құрылыс саласының дамуын жандандырды. Жеке меншік формасы және қаржыландыру көздері бойынша пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің құрылымы өзгерді. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесінде түбегейлі өзгерістер пайда болды, негізгі рольды жеке және дербес құрылыс салушылар атқара бастады.

Бағдарлама жүзеге асырылған алты жыл ішінде (2005-2010 жылдары) облыста 2299,7 мың ш\метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл жоспарлық көрсеткіштерін 1,5 есеге артты.

Осы кезең ішінде бюджеттік қаражаттардың есебінен облыстың 20,2 мың ақтөбелік отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, соның ішінде 5,5 мың отбасы коммуналдық және несиелік тұрғын үйге ие болды.

2010 жылы тұрғын үй құрылысына 19,3 млрд. теңге мөлшерінде қаржы тартылды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық. Тұрғын үй құрылысының нысандарына бюджеттік қаражаттардың 1,2 млрд. теңгесі бағытталды.

Тұрғын үйлер салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға  1275,0 млн. теңге бөлінді, бұл 185,6 км  - электр қуатымен жабдықтау, 74,4 км - сумен жабдықтау, 67 км - кәріз, 2,0 км - жылумен жабдықтау және 15,5 км - газбен жабдықтау желілерін пайдалануға беруге мүмкіндік берді.

404,2 мың ш\метр тұрғын үй салынып пайдалануға тапсырылды, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 105,7 пайызды құрайды.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінің 60% тұрғындар қаражаты есебінен жеке меншікті тұрғын үй (251,8 мың ш\метр), 19% коммерциялық тұрғын үй  (77,2 мың ш\метр) құрайды.

4,96 мың ш\метр республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын коммуналды тұрғын үй, 12,5 мың ш\метр  республикалық бюджет қаражатының есебінен жалға берілетін тұрғын үй  пайдалануға енгізілді.

              Қазақстанға келген оралмандарды тиімді орналастыру және жайластыруға ықпал ету мақсатында  2010 жылы  «Нұрлы көш» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ақтөбе облысында бағдарламаның пилоттық жобасы ретінде Хромтау ауданының Көктау ауылында іске асырылуда.

Қайтарымды негізде несиелеу жолымен ауылдық елді мекенде 15,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынды және пайдалануға берілді, бұл  оралмандардың 200 отбасын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, салынып жатырған үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру жұмыстары жүргізілуде.

600 орындық орта мектеп құрылысы жүргізілуде, құрылысқа ауылдың еңбекке жарамды тұрғындары тартылуда.

              «Приорское» кенорнында рудникті жоспарлы енгізу оралмандарды тағы да 400 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

              Болашақта дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб құрылысы жоспарлануда, тұрғын үймен 100 оралман отбасы қамтамасыз етіледі.

2010 жылы облыстың 3183 отбасы жайластырылған тұрғын үйімен қамтамасыз етілді. Оның 197 отбасы коммуналдық және жалдамалы тұрғын үйлерде өз пәтерлерін алды.

              2011 жылға арналған міндеттері:

-  351,2 мың шаршы\м. тұрғын үйді іске қосу, оның ішінде – 14,7 мың шаршы\м. жалдамалы, 7,5 мың шаршы\м. «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша, 102,9 мың шаршы\м. коммерциялық және 200,0 мың шаршы\м. жеке тұрғын үй енгізуді қамтамасыз ету;

- 26,1 мың шаршы\м. қуатымен «Тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы  тұрғын үй құрылысы» жобасын іске асыруды бастау;

- жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе қаласының «Болашақ» шағын ауданында  72 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің және мүгедектер үшін 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау;

     - жер телімін инженерлік желілер және коммуникациямен қамтамасыз етуге бөлінген 867,0 млн. теңге, оның ішінде «Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша 242,0 млн. теңге толық көлемде игеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тарау. Ақтөбе облысының экономикалық дамуы және 2010-2014 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру  жоспары.

3.1 2010-2012 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру

 

«2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға енгізіліп отырған өзгерістер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылаумен байланысты және Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асруға бағытталған.

2010 жылға арналған ресрубликалық бюджеттің параметрлері әлемдік тауар рыноктарындағы ағымдағы үрдістер мен Қазақстан экономикасы салаларының 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанындағы даму үрдістері негізінде нақтыланды. Нәтижесінде 2010 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) нақтыланған болжамы 1 837,5 млрд. теңге сомасында айқындалды, бекітілген жоспарға қарағанда 103,0 млрд. теңгеге ұлғайды.

Ағымдағы жылдың біржолғы төлемдердің («Қазақмыс» корпорациясы ЖШС бересісін өтеу, «Қаратау» ЖШС-нің мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінің төлем кезінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын төлеу KMG EPU.A корпорациясынан қайта айырбастау кезіндегі корпоративтік табыс салығын есептеу) түсуіне байланысты корпоративтік табыс салығы бойынша 19,6 млрд. теңгеге;

Негізгі минералдық шикізатқа әлемдік бағаның жоспарланған 7 %-ға қарағанда орташа алғанда 20 % -ға ұлғаюы есебінен табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша 22,0 млрд теңгеге ұлғайды;

2010 жылға трансферттер түсімдері бекітілген бюджетке қарағанда 100,1 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 4400,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде;

Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттінен кері трансферттер түсімдерінің қысқаруына байланысты бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап, яңни осыған дейінгі көзделген мерзімнен үш ай ерте 25%-ға арттыру үшін, 24,2 млрд. теңгеге азайту есебінен;

Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауына сәйкес Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 1 200,0 млрд. теңгеге жеткізуге байланысты 124,3 млрд. теңгеге ұлғайту есебінен.

Ұлттық қорға мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдердің 2010 жылға арналған болжамы 80 млн. тонна мұнай өндіру көлемін және мұнайдың 65 доллар/баррель әлемдік бағасын негізге алғанда, 1 737,0 млрд. теңгені немесе ІЖӨ-нің 9,9 % -ын құрайды. Тікелей салықтар мен мұнай секторы бойынша түсетін басқа да түсімдердің көлемі 1 736,0 млрд. теңге сомасында болжанып отыр немесе мұнайдың әлемдік бағасы 50-ден 65 доллар/баррельге жоспарға қарағанда 367,2 млрд. теңгеге ұлғаяды.

Бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша 2011 жылға арналған болжам 99,4 млрд. теңгені құрайды немесе жергілікті атқарушы органдарға Тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдауға байланысты 13,7 млрд теңгеге азайған.

2011  жылға республикалық бюджеттің шығыстары түзетілген бюджетпен салыстырғанда 240,0 млрд. теңгеге ұлғайып, 4 182,0 млрд. теңге сомасында көзделіп отыр.

Тұтастай алғанда, республикалық бюджеттің қосымша түсімдері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыруға,  оның ішінде 25 пайызға арттыру мерзімінің үстіміздегі жылғы 1 шілдеден  1 сәуірге ауысуына байланысты бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы мен мемлекеттік стипендияларды көбейтуге, сондай-ақ Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі шараларды қаржыландыруға бағытталған. Депутаттар аталған заңға ұсынылған түзетулерді қолдап, дауыс берді. Бюджетке енгізілген толықтырулар мақұлданды.

Сонымен қатар, Осы күні «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоранан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасы қабылданды.

«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы» және осыған орай кейбір заңнамалық актілерге Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мәселелері бойынша түзетулер енгізуді көздейтін заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл заң жобасы жөніндегі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев баяндама жасады.

Аталған  заң жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің төртінші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

2011 жылдың бюджетінің ерекшелігі – оның дағдарыс бюджеті екенінде. 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері Үкімет ұсынылған заң жобасында 3 189,6 млрд. теңге көлемінде,  оның ішінде кірістері (трансферттер түмімдерін есептемегенде) 1734,5 млрд. Теңге сомасы болжанған. 2011 және 2012 жылдары кірістер түсімін алдыңғы жылдың деңгейіне қарағанда тиісінше 334,4 млрд. Теңгеге және 141,5 млрд. Теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

Ұлттық қорға түсімдердің 2011 жылға арналған болжамы 1 371 млрд. Теңгені немесе жалпы ішкі өнімге шаққанда 7,9 пайыз құрайды. Үш жылдық бюджеттің шығыстар бөлігіне келсек 2011 жылға арналғын республикалық бюджет шығыстары 3 910,6 млрд теңген көлемінде жоспарлануда.

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2010 жылы мынадай көлемде игерілген;

1) кірістер – 75 735 907 мың теңге, оның ішінде

Салықтық түсімдер бойынша -21 694 945 мың теңге;

Салықтық емес түсімдер бойынша -98 695 мың теңге;

Трансферттер түсімдері бойынша 53 942 267 мың теңге;

2) шығындар-75 674 338 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – 202 105 мың теңге оның ішінде;

Бюджеттік кредиттер – 1 551 336;

Бюджеттік кредиттерді өтеу – 1 753 431;

4) қаржы активтерімен жасалынатын операциялар бойынша сальдо-300 000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы – 36 326 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру-36 326 мың теңге;

2. 2010 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу аудандардың және Ақтөбе қаласының бюджеттеріне мынадай мөлшерде игерілген;

1) төлем кезінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: Ақтөбе қаласына – 22 пайыз, Мұғалжарға – 27 пайыз, Темірге – 71 пайыз, Хромтауға – 31 пайыз, Шалқарға – 32 тпайыз, және қалған аудандарға 100 пайыздан;

2) әлеуметтік салық бойынша; Ақтөбе қаласына – 22 пайыз, Мұғалжарға – 27 пайыз, Темірге – 71 пайыз, Хромтауға – 31 пайыз, Шалқарға – 32 тпайыз, және қалған аудандарға 100 пайыздан;

3) төлем кезінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша, қызметін бір жолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы бойынша, төлем кезінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем кезінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер Ақтөбе қаласы және аудандар бюджеттеріне толығымен есептелді.

3. Облыстық бюджеттің кірісіне келесілер есептелінді;

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы;

Облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін алынатын алым;

Облыстық бюджеттен, Ақтөбе қаласы және аудандар бюджеттіне берілетін трансферттердің аталған сомаларын бөлу облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалды.

Қазақстан Республикасының «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9-бабына сәйкес:

2011 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандық бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемі 12 747 957 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Әйтеке биге         1 297 422 мың теңге;

Алғаға                  1 2247 142 мың теңге;

Байғанинге           996 706 мың теңге;

Ырғызға                1 333 347 мың теңге;

Қобдаға                 1 521 467 мың теңге;

Мәртөкке               1 609 353 мың теңге;

Темірге                  184 073 мың теңге;

Ойылға                   1 402 365 мың теңге;

Шалқарға               2 146 918 мың теңге;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Тәжірибе нәтижесін қорытындылай келе келесідей тұжырымдар жасауға болады:

Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы-мемлекеттік мекеме болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Ақтөбе облысы әкімінің, әкімдігінің және басқада құқықтық актілерге, сондай-ақ ҚР-ның Президенті бекіткен Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Қазіргі таңда басқарма құрылымында келесідей проблемалар туындап отыр:

Информация о работе Сұлтангереева Нұршашқанның өндірістік тәжірибе бойынша