Сұлтангереева Нұршашқанның өндірістік тәжірибе бойынша

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 17:43, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Содержание

Кіріспе

1 – тарау. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және оның бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.1 Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау. басқармасының құрылу тарихы және жалпы ережесі.
1.2 Басқарманың бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.3 Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімінің қызметтері және құқықтары.

2 – тарау. Ақтөбе облысының инвестициялық саясаты.
2.1 Ақтөбе облысының әлеуметтік экономикалық дамуы.
2.2 Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясат және оның қазіргі жағдайы.

3 – тарау. Ақтөбе облысының экономикалық дамуы және 2010-2014 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру жоспары.
3.1 2010-2012 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

СГ Нуршашкан.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

ӨЖӨ-де өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2009 жылғы 8,2%-дан 2010 жылы 8,9% дейін өсті.

Жаңа қазіргі заманғы өндірістерді құру, инвестициялық салымдардың және ендірілетін технологиялардың  тиімділігі  есебінен  қосымша  121,3 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі шығарылды.

Бұл өңдеу өнеркәсібіне  тартылған инвестиция өсімінің нәтижесі болды, ол  2009 жылмен салыстырғанда 2,9 есе өсімді  қамтамасыз етіп,  21,2 млрд. теңгені құрады.

Жалпы өнімнің  негізгі түрлерін шығару бойынша  өңір өткен жылғы деңгейден едәуір  асты. Өңдеу саласының  жалпы көлемінде  өнімі  50% жуығын құрайтын, «Қазхром»ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа  зауытымен 413,0 мың тонна ферроқорытпа шығарылды (өсім – 109,3%).

Жалпы, өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 111,7% құрады, ол республиканың орташа көрсеткішінен 1,7 пайыздық пунктіне жоғары.

Үдемелі индустриялық-инновациялық  дамыту  Мемлекеттік бағдарламасының басты көрсеткіштерінің бірі  өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек  өнімділігі  есепті кезеңде салададағы  бір жұмыспен қамтылғанға 33,9 мың АҚШ долларын құрады,  бұл республикалық орташа көрсеткіштен 700 АҚШ долларынан жоғары, 2009 жылға қарағанда 2,7 есе өсті,  оның ішінде  машина құрылысы саласында 1,6 есе, агроөнеркәсіп кешенінде 1,2 есе өсті.

              Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған өнеркәсіптік өндіріс көлемін төмендетпеу  және дағдарысқа қарсы жоспарды  орындау үшін қабылданған шаралар кешенін іске асыру өңірдің жалпы өнімінің жартысын алып отырған, облыстың өнеркәсіптік секторындағы оң серпінге  ықпал етті.

              Нақты айтқанда, облыс қолмен басқару режиміне көшті, облыс экономикасының негізін құрайтын және оған ықпал ететін, ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарға  тұрақты мониторинг жүргізілді. Кәсіпорындардың қызметін тұрақтандыруға және қызметкерлердің жұмыстан жаппай шығарылуын болдырмауға бағытталған, жедел ықпал ету және алдын алу шараларын қабылдау қамтамасыз етілді.

              Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өнеркәсіптік өндірістің барлық салаларында қарқынды дамуға қол жеткізілді.

              Нақты көлем индексі — 105,6%, республикалық орташа көрсеткіштен 3,9 пайыздық пунктке артты. Облыс Республика өңірлері арасында үшінші позицияны алды.

              2010 жылдың 1 қаңтарында облыста 12 Мемлекеттік бағдарламалардың және ҚР Стратегиясы іс-шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осымен қатар, 2010 жылы Мемлекеттік бағдарламалар іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген және облыстық мәслихаттың шешімдерімен бекітілген  28 өңірлік бағдарлама іске асырылды.                              2010 жылы 5 өңірлік бағдарламаны іске асыру аяқталды: кәсіби білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, сумен жабдықтау объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, күрделі жөндеу, мәдени мұра, дене шынықтыру және спортты дамыту,  жерді тиімді пайдалану және топырақтың құнарлығын арттыру.

              Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар іс-шараларын іске асыру  облыстың әлеуметтік, коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және экономикаға жағымды әсер етті.

              2010 жыл бойы әкімшілер бағдарламалар іс-шараларына  тұрақты мониторинг жүргізді. 1.01.11 ж. дерек бойынша  өңірлік бағдарламалар іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен 21,4 млрд. теңге (99,4% игерілді), жергілікті – 25,4 млрд. теңге (99,8%), басқа көздері тартылды (кәсіпорындардың жеке қаражаттары, демеушілік көмек) 20,0 млрд. теңге (98,4%) бөлінді.             

              Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының ағымдағы күйі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

              Орташа айлық жалақы қаңтар-қараша айында 6,7%,  ақшалай кірістер 8,3%,  тұрғындардың банкілердегі салымдары 15,0%-ға ұлғайды.

              Демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасы бар,  туудың өсуі және өлім деңгейінің төмендеуі белгіленді.

              Жалпы, дағдарысқа қарсы тиімді жүргізілген саясат облыс экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуы үшін алғы шарттарын құрайтындығын атап өту қажет.

 

2.2 Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясат және оның қазіргі жағдайы

 

2006-2010 жылдардағы кезеңде негізгі капиталға тартылған инвестицияның тұрақты өсу динамикасы байқалуда.  2010 жылғы инвестиция көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайды.

 

 

 

 

 

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге - барлығы

187 090

225 176

287 212

312 523

364 394

Оның ішінде

 

 

 

 

 

Республикалық бюджет қаражаты

9 797

13 972

20 253

33 040

41158

Жергілікті бюджет қаражаты

5 804

7 337

12 861

20 647

11961

Шетел инвесторлары қаражаты

20 925

13 463

51 216

44 563

27 726

Кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындар қаражаттары

133 012

149 593

159 807

181 934

255 419

Басқа да  заем қаражаттары

17 552

40 811

43 075

32 339

28 130

 

Негізгі капиталға тартылған инвестиция өсімінің орташа қарқыны 2006 жылдан бастап 2010 жылы бойы облыс бойынша 18,4%  құрайды,  ал республика бойынша 14,3%.

Инвестицияның жалпы көлемінде Ақтөбе облысының үлес салмағы жыл сайын ұлғаюда.

 

көрсеткіштер\ жылдар

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Инвестицияның жалпы көлемі, млрд. теңге

ҚР

2 824,5

3 392,1

4 210,9

4 585,3

4 773,2

Ақтөбе облысы

187,1

225,2

287,2

312,5

364,4

Үлес салмағы, %

Ақтөбе облысы

6,6

8,0

10,2

11,1

12,9

 

2010 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 364,4 млрд. теңгені құрады немесе 2009 жылғы деңгейге 112,0%.

Негізгі капиталға тартылған инвестицияның негізгі бөлігін (70%)  кәсіпорындардың жеке қаражаттары құрайды, олар 2009 жылмен салыстырғанда 40% өсті. Шетел және заем қаражаттар жалпы  жылдық көлемде сәйкесінше 7,6% және 7,7%  құрады.

Кәсіпорындардың жеке қаражаттарын, шетел инвестицияларының және заемдық қаражаттарды тарту үшін тартымды саласы таукен байыту өнеркәсібі болып қалуда, бұл салаға  2010 жылы аталған қаржыландыру көздерінің жалпы көлемінің 69,5% бағытталды.  «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, «Восход Ориел» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ  сияқты ірі кәсіпорындар осы саланың ірі инвесторлары болып қалуда.

Өңдеу өнеркәсібіне 21,2 млрд. теңге инвестиция тартылды. Осы саланың кәсіпорын-инвесторлары – «ҚазЦКУБ Нитрохим» ЖШС, «Темір Сервис» ЖШС, «Ақтөберентген» АҚ,  «СпецТранСтройКомпани» ЖШС, «Ситал-2» ЖШС және  «Ақтөбеқұрылысмонтаж» ЖШС және т.б.

Инвестицияның жалпы көлемінен геологиялық барлау және зерттеу  жұмыстарына 6,6%, тұрғын үй құрылысына - 6%, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 4,4% тартылды.

Инвестицияның жалпы көлемінде бюджеттік инвестициялары 14,6% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда республикалық бюджет инвестициялары 24%  өсті.

Бюджеттік инвестициялардың үштен бірі көліктік инфрақұрылымды дамытуға бағытталды.  Республикалық мағынадағы Самара-Шымкент автомобиль жолының 1025-1240 км.-дегі Қарабұтақ-Ырғыз учаскесін реконструкциялау жөніндегі ірі жобалары іске асырылды.

590-690 шақырымдағы «Орал-Ақтөбе» учаскесін реконструкциялау жалғастырылуда.  «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы  (Орынбор қаласына)» автожолының 0-102 км. Реконструкциялау бойынша жұмыс басталды,  оның 7-102 км. учаскесі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» коридоры құрамына кіреді.

Бюджеттік инвестицияларының  бірталай бөлігі облыстың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға кіреді. 2010 жылы  сумен жабдықтаудың 24 объектісін іске асыру жүргізілді, суқұбырлық желілердің 82,7 км. реконструкциялау бойынша жұмыстар атқарылды,  бұл  16 мыңнан астам адамды сапалы  сумен жабдықтауға мүмкіндік берді.

Газ жеткізу құбырларын және ауылішілік газқұбырларын салу  табиғи газды тұтынушыларды 470 мың адамға дейін санын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қаланың жаңа тұрғын үй алаптарын электр қуатымен қамтамасыз ету және облыстың энергожүйесінің сенімділігін арттыру  үшін  Ақтөбе қаласныңы қала маңындағы аймағында  «ПС «Ақжар» 220/110/35/10кВ»  жаңа тораптық кіші станциясының құрылысы басталды.

Әлеуметтік инфрақұрылымға бюджеттік  инвестициялардың 30% бағытталды.  Жалпы саны 1130 орыны бар,  апаттық мектептердің орнына              4 орта мектеп және 1 қосымша ғимарат, 125 орындық 2 балалардың мектепке дейінгі мекемесі салынды. Білім берудің 11 объектісі салынады, оның ішінде        5 орта мектеп және 1 қосымша ғимарат (барлығы 1640 орындық) және 320 орындық балабақшаның  құрылысы 2011 жылы жалғастырылады.

Облыста денсаулық сақтаудың 14 объектісі салынды және енгізілді, оның ішінде  Ақтөбе қаласында  200 төсектік  көпбейінді балалар ауруханасы құрылысы аяқталды,  11 медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория және білім берудің, денсаулық сақтаудың, мәдениеттің және спорттың өзге де объектілері іске қосылды.

2011 жылға арналған міндеттері

Негізгі капиталға инвестиция көлемін 400,0 млрд. теңге деңгейінде қамтамасыз ету;

Тартылатын шетел инвестицияның көлемін 10% ұлғайту;

Экономиканың  басымды салаларына инвестиция тарту, оның ішінде экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша  жұмыстарды жалғастыру;

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ьағытталған қаражаттарды 100%  қамтамасыз ету;

Облыс аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген іс-шараларды іске асыру.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы ауқымында  мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға заемдық қаражаттарды тарту бойынша екінші деңгейлі банкілермен жұмыс жандандырылды.

Құрылыс қызметі

Индустрияландыру картасы ауқымында инвестициялық жобаларды іске асыру және жаңа объектілерді, оның ішінде тұрғын үй рыногында енгізу  облыстағы  құрылыс қызметінің көрсеткіштерін - құрылыс жұмыстарының жалпы көлемін елеулі  ұлғайтуға ықпалын тигізді.

Аталған көрсеткіш 2010 жылы 126,5 млрд. теңге құрады,  бұл 2009 жылғы деңгейден 40,7% жоғары.  Ақтөбе облысының құрылыс жұмыстары жалпы көлемінің өсу қарқыны 2010 жылы  Республика бойынша  ең жоғары болып табылады.

2006 жылдан бастап 2010 жылдары кезеңінде  көрсеткіштің орташа өсу қарқыны 133,4% құрады, ал республика бойынша 107,5%.

 

 

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд. теңге

1441,2

1617,5

1785,0

1821,8

1918,1

2006-2010 жылдардағы  орташа өсу қарқыны, %

 

 

 

 

107,5

Ақтөбе облысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд. теңге

43,2

70,0

75 ,4

79,4

126,5

2006-2010 жылдардағы  орташа өсу қарқыны, %

 

 

 

 

133,4

Республикалық көрсеткіште облыстың үлес салмағы, %

3,0

4,3

4,2

4,4

6,6

Информация о работе Сұлтангереева Нұршашқанның өндірістік тәжірибе бойынша