Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 17:43, курсовая работа
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Кіріспе
1 – тарау. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және оның бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.1 Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау. басқармасының құрылу тарихы және жалпы ережесі.
1.2 Басқарманың бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.3 Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімінің қызметтері және құқықтары.
2 – тарау. Ақтөбе облысының инвестициялық саясаты.
2.1 Ақтөбе облысының әлеуметтік экономикалық дамуы.
2.2 Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясат және оның қазіргі жағдайы.
3 – тарау. Ақтөбе облысының экономикалық дамуы және 2010-2014 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру жоспары.
3.1 2010-2012 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы
050510 «Мемлкеттік және жергілікті басқару» мамандығының
4 курс студенті
Сұлтангереева Нұршашқанның
өндірістік тәжірибе бойынша
Есебі
Ақтөбе, 2011 жыл
Жоспар
Кіріспе
1 – тарау. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және оның бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.1 Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау. басқармасының құрылу тарихы және жалпы ережесі.
1.2 Басқарманың бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.3 Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімінің қызметтері және құқықтары.
2 – тарау. Ақтөбе облысының инвестициялық саясаты.
2.1 Ақтөбе облысының әлеуметтік экономикалық дамуы.
2.2 Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясат және оның қазіргі жағдайы.
3 – тарау. Ақтөбе облысының экономикалық дамуы және 2010-2014 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру жоспары.
3.1 2010-2012 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Мемлекеттік бюджет елдің қаржы жүйесінің негізгі буыны және қаржылық экономикалық өзара қарым-қатынастың аса күрделі салаларының бірі болып саналады. Мемлекеттік бюджет түсінігі, орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын құру және аталған жинақтарды мемлекеттік экономикалық реттеу мақсатында пайдалану кезінде қоғамдық өнімді немесе ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құралатын, ақша қатынастарының жиынтығын қамтиды.
Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет- бұл оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4- бабына сәйкес бюджетке келесідей түсінік берілген, «Бюджет- ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар, материалдық негізгі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізгі – жалпы экономикалық қарым – қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң. Осы бюджетті жоспарлаумен мемлекттік қадағалануы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі құзырында. Министрліктің негізгі міндеті шоғырланған ақша қаражаттарын мақсатты жұмсалуын қадағалау ақша қорларын салаларға бөлу және соны басқару болып табылады.
Өндірістік тәжірибе есебін жазудағы мақсат - Қазақстан Республикасының бюджетіне сипаттама бере отырып, Ақтөбе облысының бюджетін талдап, инвестициялық саясатының қазіргі таңдағы жағдайын анықтау болып табылады.
Жұмысты жазудағы міндеттер:
- Жалпы бюджет түсінігіне анықтама беріп, Ақтөбе облысының бюджет жүйесін талдау;
- Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылымына тоқталу;
- Ақтөбе облысының инвестициялық саясатына шолу жасау;
- Облыстың әлеуметтік –экономикалық жағдайын жетілдіру жолдарын анықтау;
Өндірістік тәжірибе есебі кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан құралған.
1-тарауда, Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатына жалпы сипаттама беріліп, Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылу тарихы, құрылымы және бөлімдері сөз етіледі.
2-тарауда, Ақтөбе облысының инвестициялық саясатыныа жалпы шолу жасалып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы талқыланған.
3-тарауда, Ақтөбе облысының экономикалық дамуы және 2010-2014 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру жоспары қаралған.
Осы жұмысты жазу барысында келесідей ақпарат көздері пайдаланылды: Президент Қаулылары, Облыс әкімінің есебі, «Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бөлімдерінің құрылым ережелері.
1-тарау. Ақтөбе облысының бюджеттік жоспарлау басқармасына және оның бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.1 Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының құрылу тарихы және жалпы ережесі.
Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, салааралық үйлестіруді облыстың стратегиялық жоспарларын және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімдік жоспарларын (бұдан әрі – стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын) әзірлеуге басшылық жасайды және салааралық үйлестіреді, түсім көлемін болжауды және ортамерзімді кезеңге арналған жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін және тиісті қаржылық жылға жергілікті бюджет жобасын қалыптастыруды және жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтінің кесімдерін, облыс әкімдігінің өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерін, қаулыларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанда заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Казақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Құрылтайшысы : Ақтөбе облысының әкімдігі.
Басқарматың штат санының лимитін облыс Әкімі бекітеді.
Басқарматің заңды мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы, 40 үй.
Басқарманың толық аталуы – «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Мыналар басқарманың негізгі міндеттері болып табылады:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастырады ;
2) облыстық әлеуметтік-экономикалық дамуына экономикалық талдау, макроэкономикалық болжау жасайды және реформалар барысын бағалайды;
3) Ақтөбе облысы экономикасының стратегиялық, орта мерзімдік және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастырады және жетілдіреді;
4) салық және басқа да қаржы органдарымен әрекеттестікте мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
5) бюджеттік бағдарламалау әдістерін енгізеді, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалайды ;
6) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ықтимал инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ұйымдарға жәрдемдеседі;
7) облысты дамыту бюджеттінің басымдықтарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді ;
8) облыстың қаржы рыногын және оңтайландыруға дамыған инфрақұрылымын құруға қатысады ;
Басқарма заңнамамен белгіленген тәртіппен және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және ортамерзімді жоспарларын, орта мерзімді қазыналық саясатын әзірлейді және іске асырады;
2) әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарларды, жергілікті бюджеттерді, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етеді;
3) ҚР Үкіметі Бағдарламасын орындау бойынша облыстың іс-шаралар Жоспарын, салалық және аймақтық бағдарламаларды, стратегиялық, ортамерзімді жоспарларды әзірлеу және іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіреді;
4) облыстың қаржы рыногының дамыған инфрақұрылымын құрады және реттеу тетіктерін әзірлейді;
5) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттік инвестициялардың басымды бағыттарын қалыптастырады;
6) аумақтық салық органымен бірігіп жергілікті бюджеттің кірісін болжамдауды жүзеге асырады ;
7) орта және ұзақ мерзімді болашаққа әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындайды;
8) алдағы қаржылық жылға жергілікті бюджет жобасын, сонымен қатар алдағы үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің болжалдық көрсеткіштерін әзірлейді;
9) облыс бюджетінің жобасын қалыптастырады, облыстың қарыз лимиттері мен аса негізгі жергілікті бюджет бағдарламалары бойынша ең аз шығыстарының мөлшерін, алдағы қаржылық жылға облыс бюджетіне түсетін түсімдер көлемін жоғарғы тұрған органдармен келіседі және есептерін құрады;
10) даму бюджетінің инвестициялық жобаларын қалыптастырады және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
11) облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін ұсынылатын, инвестициялық жобаларға экономикалық сараптамасын жүргізеді;
12) орта мерзімді қазыналық саясатты, инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың барысы және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды;
13) бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін талдау және бағалауды жүргізеді;
14) облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында жалпы сипаттағы ресми трасферттардың болжамдық көлемін анықтайды;
15) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары үшін жергілікті бюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастырады;
16) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары мен қарыз алу мониторингін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
17) экономиканы қаржылық сауықтандыру бойынша шараларды әзірлеуге қатысады және ұсыныстарды облыс басшылығына ұсынады;
18) мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
19) жергілікті атқарушы органдардың ұсынылған Ақтөбе қаласы және аудандардың болжамдық көрсеткіштерін (жергілікті бюджетке түскен түсімдер; сәйкес қаржылық жылдың аяғына дейін қарыздың көлемі; қарызды өтеу және қызмет көрсетуде шығындар көлемі және т.б.) белгіленген Заңнама тәртібімен келіседі;
20) өз қызметі саласында заңнаманың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, нормативтік-құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеуге қатысады, оларды облыс әкімиятының қарауына енгізеді;
21) инвестициялық бағдарламалар (жобалары) сараптамасына инвесторлармен келісілген, шарттарға экономикалық сараптама жүргізуге өз құзіреті шегінде қатысады;
22) мемлекеттік қаржыны және мемлекеттік меншікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;
23) Басқармаке заңнамамен жүктелген басқада функцияларды жүзеге асырады.
Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді және функцияларды жүзеге асыру үшін:
облыс Әкімиятына орта мерзімді қазыналық саясат және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
Ақтөбе қаласы және аудан әкімияттары мен облыс басқармаларының орта мерзімді жоспарларын, аймақтық және салалық бағдарламаларды, сонымен қатар ҚР Үкіметінің Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға;
Үкімет бағдарламасын, аймақтық және салалық бағдарламаларын іске асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын түзету жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
өз құзіреті шегінде жергілікті атқарушы органдардан, шаруашылық субъектілерден қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
өз құзіретінің шегінде нормативті актілерді шығаруға;
кеңес беру және сараптамалар жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға;
қаржылық қаражаттарды мақсатты пайдалануға мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Басқарманың мүлкі оған мемлекет берген мүліктен, сондай-ақ құны Басқарма теңгерімінде көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
Басқарма бекітілген мүлік коммуналды меншікке жатады.
Басқарма өзіне бекітілген мүлікті өздігінен оқшаулауға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Басқарма облыс Әкімі қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын Директор басқарады. Басқарма директоры қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын екі орынбасары болады.
Директор Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Басқарма жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асырылуына жеке жауап береді.
Информация о работе Сұлтангереева Нұршашқанның өндірістік тәжірибе бойынша