Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 17:43, курсовая работа
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Кіріспе
1 – тарау. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және оның бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.1 Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау. басқармасының құрылу тарихы және жалпы ережесі.
1.2 Басқарманың бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.3 Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімінің қызметтері және құқықтары.
2 – тарау. Ақтөбе облысының инвестициялық саясаты.
2.1 Ақтөбе облысының әлеуметтік экономикалық дамуы.
2.2 Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясат және оның қазіргі жағдайы.
3 – тарау. Ақтөбе облысының экономикалық дамуы және 2010-2014 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру жоспары.
3.1 2010-2012 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
- үш жылдық кезеңге арналған облыстың және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын және өңірлік, салалық бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыруды бақылау;
- облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу және өңірдің экономикалық дамуы және жылдық кезеңге арналған облыстың орта мерзімдік фискалдық саясаты болжамын әзірлеу;
- стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды, облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
- шығыстар тиімділігінің уақтылығы, сапасы нәтижесінің критерийлерін қолдана отырып, іске асырылатын бағдарламалардың түпкі мақсатына жету деңгейін анықтау үшін өңірлік бағдарламалардың және бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу және оларды жоспарлау сатысында бюджеттік бағдарламалар негіздемесін талдау және есептеуді жүзеге асыру;
- білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау, бағалау және қорытынды дайындау;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің және Экономика және бюджеттік жоспарлау министірлігінің белгіленген формаларына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларын қаржыландырудың жинақ жоспарын, арнайы бірынғай қажетті есептерімен құру;
- облыс әкімдігіне және ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсыну үшін, бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобасын және алдағы қаржы жылына бюджет жобасы бойынша материалдарды қарау;
- тиісті қаржы жылына бюджетті бекіту, нақтылау үшін білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салалары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын қарау.
10. Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімі - Бөлімнің негізгі міндеттері:
-жергілікті басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың)
тізбесін жасау;
-аймақтың әлеуметтік экономикалық орта мерзімді даму
жоспарының аясында заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру және көбейтуге қатынасу арқылы бюджеттік инвестициялар мен бюджеттің инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) жоспарлау;
-бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау;
облыстың аймақтық бағдарламаларына талдау және мониторинг жасау.
-Бөлімнің қызметі- облыстың инвестициялық қызметіне талдау жасайды;
-аймақтық деңгейде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы бойынша жинақ ақпарат даярлайды және мониторинг жүргізеді;
-стратегиялық жоспарларды әзірлеу сатысында бағдарлама әкімшілері ұсынған инвестициялық ұсыныстарды қарау және ұсыну;
-бюджеттен қосымша қаржыландыруды қажет ететін инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін экономикалық бағалау бойынша шешімдерді қарастыру және даярлау;
-жергілікті басым инвестициялардың Тізбесін жасау;
-облыс бюджетінің нақтылануы кезінде облыстың бюджеттік комиссиясына инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларын қаржыландыру туралы ұсыныстарды талқылауға ұсыну;
-бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларының іске асуына мониторинг жүргізу.
1.3 Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімінің қызметтері және құқықтары.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Жалпы инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар және тәсілдер ұсынылуда.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімі
1. Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімі экономика және бюджетті жоспарлау Басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін бөлімді бағыттаушы Басқарма бастығының және Басқарма бастығы орынбасарының жетекшілігімен жүзеге асырады.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері:
жергілікті басым инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін жасау;
аймақтың әлеуметтік экономикалық орта мерзімді даму жоспарының аясында заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру және көбейтуге қатынасу арқылы бюджеттік инвестициялар мен бюджеттің инвестициялық жобаларын (бағдарламаларын) жоспарлау;
бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау;
облыстың аймақтық бағдарламаларына талдау және мониторинг жасау;
3. Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, өкімдерін және т.б. нормативті құқықтық актілерін, облыс мәслихаты мен әкімінің қаулылары мен өкімдерін, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы бастығының бұйрықтарын, ішкі еңбек күн тәртібінің ережелерін және осы берілген Ережені негізге ала отырып атқарады.
4. Бөлім бекітілген заңнама тәртібі бойынша және өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес келесідей қызметтер атқарады:
облыстың инвестициялық қызметіне талдау жасайды;
аймақтық деңгейде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы бойынша жинақ ақпарат даярлайды және мониторинг жүргізеді;
стратегиялық жоспарларды әзірлеу сатысында бағдарлама әкімшілері ұсынған инвестициялық ұсыныстарды қарау және ұсыну;
бюджеттен қосымша қаржыландыруды қажет ететін инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін экономикалық бағалау бойынша шешімдерді қарастыру және даярлау;
жергілікті басым инвестициялардың Тізбесін жасау;
облыс бюджетінің нақтылануы кезінде облыстың бюджеттік комиссиясына инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларын қаржыландыру туралы ұсыныстарды талқылауға ұсыну;
бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар мен даму бағдарламаларының іске асуына мониторинг жүргізу;
көрсетілген бағдарламалардың іс шаралар Жоспарының орындалуы бойынша аналитикалық ақпараттарды даярлау және облыстың аймақтық бағдарламаларына мониторинг жүргізу;
бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын аймақтық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау;
облыс экономикасына маңызды нысандарды енгізу мониторингін жүргізу;
5. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және өз қызметін атқару барысында құқылы:
облыстық басқармалар яғни аймақтық және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, аудан әкімшіліктері және Ақтөбе қаласындағы сәйкес бөлімдерімен; шаруашылық субьектілерімен басқа да мекемелермен өз құзыретінің шегінде өзара қарым-қатынас жасауға, қажетті ақпаратқа сұрау жіберуге және қабылдауға құқылы;
Ақтөбе қаласының, аудандардың әкімшіліктері мен облыстық басқармаларының бюджеттік инвестицияларды пайдаланудың тиімділігіне бағалау жүргізуге және жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруды қажет ететін инвестициялық және концессиялық жобалардың жүзеге асырылуына бақылау жасауға;
облыстың инвестициялық қызметін жақсартуға ұсыныстар енгізуге және жергілікті инвестициялық жобалардың Тізбесіне түзету жасауға;
бюджеттің нақтылануы кезінде облыстың бюджеттік комиссиясына инвестициялық жобаларды және даму бағдарламаларын қаржыландыру туралы ұсыныстар даярлауға;
инвестициялық ұсыныстар мен жобалардың техникалық - экономикалық және қаржылық - экономикалық негіздемелеріне экономикалық баға беруге, берілген жұмыстарды орындау барысында (консультация беру) жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды қатыстыруға;
аймақтық бағдарламалардың орындалуына бақылау жасаушы комиссияның хаттамалық шешімдері мен облыс әкімшілігінің қаулыларының орындалу барысына бақылау жүргізуге;
4. Бөлім қызметін ұйымдастырудың негізгі сұрақтары.
6. Инвестициялық саясат бөлімнің бастығын Еңбек заңнамасы мен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес экономика және бюджетті жоспарлау Басқармасының бастығы тағайындайды және орнынан босатады.
7. Бөлім өзіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің сапалы және уақытылы орындалуына жауапты.
2-тарау. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты.
2.1 Ақтөбе облысының әлеуметтік экономикалық дамуы
Облыста нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша белгіленген жұмыс жүргізілді, оның ауқымында 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлері әзірленді, жергілікті мемлекеттік органдармен стратегиялық жоспарларды құру жөніндегі жұмысы ұйымдастырылды.
Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес стипендия мен бюджет саласының қызметкерлері жалақысының 25% өсуі 2010 жылдың сәуірінен бастап жүзеге асырылды. 2011 жылға арналған міндеттер
-- нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру;
-- қатаң үнемдеу және жергілікті бюджет шығыстарын оңтайландыру, бюджеттік қаражаттарды пайдалануда мониторинг жүргізу арқылы бюджеттің барлық шығыстары бойынша қатаң қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету.
-- экономиканың басымды салалары: тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобаларды іске асыруға инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмысты жалғастыру;
-- бюджеттік инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыру.
Бюджеттік қаражаттарды дамытуға тартылғандардың өскенін айта кету қажет, оның республикалық бюджет қаражаттары 66%-ға, жергілікті бюджет 62%-ға ұлғайды.
Жалпы республикалық көлемде өнеркәсіптің үлес салмағы — 8,0%.
2010 жылы 951,1 млрд. теңгеге өнімді өндірді, бұл 2009 жылғы деңгейден 255,9 млрд. теңгеге көп немесе 2006 жылғы деңгейден 1,7 есе көп. Үстіміздегі жылы триллиондық межеден асыру болжамдалуда. (Қосымша 1)
Таукен өндіру саласының ірі алыптары – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл» ЖШС, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС, Дөң КБК АҚ мұнай, мыс және хром рудаларын өндіру, мыс және хром концентраттары өндірісі көлемі 2009 жылғы деңгейден ұлғайды.
Таукен өндіру өнеркәсібінің нақты көлем индексі 108,1% құрады.
Саланың динамикасына өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемінің озық өсімі елеулі әсер етті, мұнда нақты өсім өткен жылғы деңгейден 1,5 есе артты. Облыс республика өңірлері арасында аталған индикатор бойынша үшінші орынды иемденді.
Информация о работе Сұлтангереева Нұршашқанның өндірістік тәжірибе бойынша