Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 17:43, курсовая работа
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлы деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Кіріспе
1 – тарау. Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына және оның бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.1 Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау. басқармасының құрылу тарихы және жалпы ережесі.
1.2 Басқарманың бөлімдеріне жалпы сипаттама.
1.3 Инвестициялық саясат және өңірлік бағдарламалар бөлімінің қызметтері және құқықтары.
2 – тарау. Ақтөбе облысының инвестициялық саясаты.
2.1 Ақтөбе облысының әлеуметтік экономикалық дамуы.
2.2 Ақтөбе облысындағы инвестициялық саясат және оның қазіргі жағдайы.
3 – тарау. Ақтөбе облысының экономикалық дамуы және 2010-2014 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру жоспары.
3.1 2010-2012 жылдарға арналған бюджетті жетілдіру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Осы мақсаттарда Директор:
Басқарма директоры орынбасарларының, бөлім басшыларының және басқа жауапты қызметкерлердің қызметтерін және міндеттерін белгілейді;
заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
заңмен белгіленген тәртіп бойынша Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
өз құзіреті шегінде Басқарманың құрылымын және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
Басқарманы барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Басқарма қабылдайтын шешімдер, Директордың бұйрықтарымен рәсімделеді.
Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Мүліктің иесі болып табылатын Құрылтайшыға мекеме таратылғаннан кейінгі қалған мүлік беріледі.
1.2 Басқарманың бөлімдеріне жалпы сипаттама
Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы келесідей 10 бөлімнен тұрады:
1. Бюджеттік жоспарлау және талдау бөлімі – бөлімнің негізгі қызметіне мыналар жатады. Бөлімнің барлық қызметін басқару, жұмысын ұйымдастыру, бөлімге жүктелген тапсырмалар мен міндеттерінің орындалуына жауапты. Мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайының мәселелері жөнінде ақыл-кеңес береді, мемлекеттік қызметте болуымен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды.
Облыстың дамуының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік – экономикалық даму болжамы, және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын ұйымдастырады.
Облыс дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша бөлім мамандарының жұмысын ұйымдастырады, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүзеге асыру бойынша талдау және ұйымдастыруды жүргізеді.
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу бойынша Дағдарысқа қарсы Үкімет бағдарламасы, республика және облыстың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларының жүзеге асырылуы, Жалпыұлттық жоспарының іс-шаралары, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауын және Үкімет бағдарламасын іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде орындалуы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау және үйлестіруді қамтамасыз ету.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын және аймақ экономикасын дамуының болжамын әзірлеуге талдау жүргізеді.
Облыстың бес жылдық әлеуметтік – экономикалық даму және бюджеттік даму параметрлерінің болжамын қалыптастырады.
Үш жылдық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының Стратегиялық жоспарын дайындайды.
Облыс экономикасының Стратегиялық жоспарлаудың желісін қалыптастырады және жандандырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дағдарысқа қарсы Бағдарламасы, облыстың Жалпы Ұлттық іс- шаралар Жоспарының орындалуы, 2020, 2030 жылдарға арналған ҚР стратегиялық жоспарларын дайындау және іске асыру мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру.
Бірігей мемлекеттік экономикалық саясатын өткізу барысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлімдерімен, облыстық басқармаларымен, Ақтөбе қаласы және аудандардың экономика бөлімдерімен қарым-қатынасты нығайту.
Бөлім өзіне жүктелген тапсырмалар мен функцияларды уақытылы және сапалы орындауға жауап береді.
Экономикалық жоспарлау және талдау бөлімі. Қызмет туралы ақпарат.
Бөлім бастығы басқарма бастығының және орынбасарларының өкімдерін, бұйрықтарын қабылдайды және бағынады.
Бөлім бастығын конкурстан өтіп келгеннен кейін басқарма бастығы тағайындайды және заңдылыққа сәйкес басқарма бастығы қызметінен босатады.
Бөлім бастығы өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілеріне, заңдылықтарына, ҚР жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, басқарманың, жергілікті атқарушы органдардың өкімдеріне, бұйрықтарына, ішкі еңбек ережесіне бағынады.
Экономикалық реформаларының іс-шараларын іске асыру және жоспарлар, ұсыныстар дайындау.
Бөлім бастығының қызметтік міндеттемелерін орындау үшін:
Өзінің қарамағындағы қызметкерлерге (бөлімдегі) өкім беруге және оның орындалуын бақылауға,
Бөлімнің жұмысын жоспарлауға,
Облыстық басқармалар, комитеттер, шаруашылық субъектілер және басқада өзінің құзыры шеңберіне кіретін мекемелер басшыларымен қарым-қатынасты қалыптастыруға,
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлімдерінен облыстық басқармалар, комитеттер, шаруашылық субъектілерден, және басқа мекемелерден ақпарат сұрауға,
Бөлімнің және басқарманың қоғамдық өміріне белсенді қатысуға құқылы
3. Аймақтарды дамыту бөлімі- Аймақтық даму бөлімінің негізгі функциялары:
Біріңғай мемлекеттік экономикалық саясатты жүргізу бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және комиеттермен, Ақтөбе қаласы және аудандық экономика бөлімдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
өңірлердің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыруға қатысу;
2007-2009 жылдарға арналған Арал өңірі проблемасын кешенді шешу туралы, ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған, облыстың кіші қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысына мониторинг;
Ақтөбе қаласы және аудандардың әлеуметтік – экономикалық дамуын талдау, аймақтың әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар, нұсқаулар әзірлеу;
аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуын сипаттайтын индикаторлар негізінде Ақтөбе қаласы және аудан әкімдіктердің қызметіне рейтингтік бағалау жүйесін анықтайды;
ауылдық аумақтарды дамыту мониторингін жүргізу.
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен салаларының өнімділігі мен табыстылығын арттыру және отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту негізінде АӨК-інің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген бағдарлама.
Міндеттері болып:
Ауыл шаруашылығы құрылымдарын аймақтық мамандандыру және ірілету;
Ылғалқорсақтау технологиясын егіншілікке енгізу;
Суармалы егіншілікті дамыту;
4.Әкімшілік бөлімі- Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР Заңының орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; департамент құжаттарының мемлекеттік тілде әзірленуін есепке алады және тоқсандық мониторинг жүргізеді; әкімшілік материалдарының аударылуын қамтамасыз етеді (мемлекеттік тілге және орыс тіліне); бөлімдерде мемлекеттік тілді енгізу бойынша, қабылдау бөлмесінде құжаттардың толтырылуын мемлекеттік тілде жүргізу жұмыстарын қадағалайды; департамент қызметшілерінің мемлекеттік тілде әзірлеген ақпараттарын, талдауларын, хаттарын түзетеді; мекемеде мемлекеттік тілді енгізу туралы ақпараттарды, есептерді уәкілетті органдарға ұсынады; мемлекеттік тілде әкімшілік құжаттарын дайындайды; тауарлы-материалдық бағалы заттарды есепке алуға қатысады. Материалдық-техникалық заттарды, бұйымдарды, мүлікті есепке алады; мемлекеттік сатып алу бойынша есеп дайындайды және уәкілетті органдарға уақытылы тапсырады; Қазынашылық органынан қаржы құжаттарын қабылдайды және тапсырады; қабылдау бөлмесіндегі бақылауда тұрған құжаттарының уақытылы орындалуын және жіберілуін жүзеге асырады және қадағалайды. Бөлімнің іс құжаттарын жүргізеді. Қабылдау бөлмесінің жұмысына әдістемелік көмек көрсетеді.
Коммуникабельділік, бастамашыл, командада жұмыс істей білу, орындаушылық, еңбек тәртібін және дәреже сатысын сақтау.
5. Нақты сектордың дамуы жөніндегі бөлімі –
Бөлімнің негізгі міндеттерімен функциялары: өңірлік бағдарламалар жобаларын қарастыру және қорытынды жасау; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, қалаларды және елді-мекендерді көріктендіру, жолаушылар көлігі және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы орындардың бюджеттік өтінімдерін қарастыру, бағалау және тұжырым жасау.
Облыстық бюджеттік комиссиясы қарауына өзі жетекшілік жасайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша алдағы қаржы жылына жергілікті бюджет жобасын жасақтауға және бюджеттік бағдарламаға қаражаттар салудың тиімділігін, мақсатқа сайлылығын және оның орындалуынан күтілетін нәтижелерін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдеріне сәйкес облыстық бюджеттің нақтылауға ұсыныс енгізу;
Облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде көтерілген көкейтесті мәселелердің орындалу барысына, Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдерінің кездесулерінде айтылған проблемалық сұрақтардың шешілу барысына ай-сайынғы мониторинг жүргізу, бұл іс-шаралардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз ету, облыстық басқармалармен департаменттерден іс-шаралардың орындалу барысы жөнінде ақпараттар жинау, орта мерзімді және қысқа мерзімді кезеңдерге бюджеттік және өнірлік бағдарламаларын дайындау (түзету еңгізу) кезіндегі деректерді ескере отырып, материалдарды жинақтауды жүргізу және облыс Әкімі аппаратына мәселелердің шешілу барысы бойынша ақпараттар дайындау;
6.Кірісті болжамдау және талдау бөлімі - Бөлім жұмысының барлық қызметіне басшылық жасайды және жұмысын ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындалуына жауап береді; бөлімнің фискальдық саясат және әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының негізінде жергілікті бюджетке жыл бойына түсетін кірістерді бекіту және түзету; жергілікті бюджеттің кірістер түсіміне ай сайын талдау жасау; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарын (еңбекақы қоры) және орта мерзімді фискалдық саясат (кірістер саясаты) әзірлеуге қатысу; салық салу базасын кеңейту бойынша жұмысты ұйымдастыру; салық салу базасын кеңейту мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу; салалар қимасында облыстың көлеңкелі экономикасы жөнінде мониторинг, талдау және материалдарды ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру; салықты болжамдау мәселесі бойынша ЭБЖМ, облыстық салық комитетімен, басқармалармен, департаменттермен жұмыс; бюджеттік бойынша талдау жұмысының түрлері мен әдістерін білу. Ақпаратты жинақтау және жалпылау (қорыту).
7. Мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімі - Мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады:
- орта мерзімдік және бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру;
- ортамерзімді фискалдық саясатын әзірлеу;
- тиісті қаржылық жылға жергілікті бюджет жобасын, сонымен қатар алдағы үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін әзірлеу;
-облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етуге, сонымен қатар қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың шығыстарына бюджеттік өтінімдерін қарау, бағалау және қорытындысын әзірлеу, бағалау;
- өңірлік бағдарламалар жоспарларын қарау және қорытындысын дайындау;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес және облыстың үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспары негізінде облыстың мемлекеттік аппарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік мекемелерінің шығыстарын жоспарлау ;
- мемлекеттік аппарат, қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік мекемелерінің жылдық қаржыландыру жоспарын дайындау;
- жергілкті атқарушы органдар мен бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штаттық сандарының лимитін бекіту туралы облыс әкімі шешімдерінің жобасын дайындау;
8. Кадр және ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімі - Негізгі кадр және ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар бөлімінің функциясы:
-экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, облыстық департаменттер, басқармалар, комитеттер бөлімдерімен іс әрекетін қалыптастырады,
-мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты шешімдерін рәсімдейді, қызметшілердің жеке істерін жүргізеді, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына (қызмет ету тізімдеріне) қажетті жазбалар енгізеді,
-мемлекеттік қызметшілердің заңда белгіленген шектеулерді қабылдауы туралы келісімін жазбаша нысанда белгілейді (өзіне қабылдаған шектеулерді бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етеді),
-мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайының мәселелері жөнінде ақыл-кеңес береді, мемлекеттік қызметте болуымен байланысты шектеулердің сақталуын бақылайды,
9.Әлеуметтік сала бөлімі - Әлеуметтік сала бөлімінің негізгі міндеттері:
- экономика және бюджеттәк жоспарлау басқармасының бөлімдерімен, облыстық басқармаларымен, департаменттерімен, комитеттерімен, аудандық қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерімен бірынғай мемлекеттік саясатты және бюджеттік жоспарлау саласындағы саясатты жүргізу бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Информация о работе Сұлтангереева Нұршашқанның өндірістік тәжірибе бойынша