Орталық банктің ақша – несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 14:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республиксының банк жүйесі, қаржы жүйесі көптеген қиын белестерден өтті, бірақ 2000 жылдан бастап макроэкономикалық көрсеткіштер өсе бастады, бұны жыл сайын өткізілетін несие рейтингтері көрсетті. Бұл рейтингтерді Standart and Poor*s, Moody*s Fitsh сияқты тәуелсіз компаниялар жүргізді. Осы рейтингтер бойынша Қазақстан Республиксының экономикасының дамуы басқа ТМД елдермен салыстырғанда 2 жылға озық дәрежеде болғанын көрсетті, бұны Ұлттық Банктің дұрыс жүргізген саясатының нәтижесі деп білуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................
I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................
1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс.doc

— 612.00 Кб (Скачать)

  Қазіргі уақытта құрылып отырған несиелеудің   үш деңгейлі  жүйесі елдің түрлі  аймақтарында адамдардың неғұрлым басым көпшілігіне және ұйымдарға қаржылық қызмет  көрсетуге мүмкіндік береді. Ол екінші деңгейдегі банктерден, банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттік ұйымдардан тұрады. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті қаржыландыруды  ұлғайтуға мүмкіндік беретін микрокредиттік ұйымдарды дамыту ерекше маңызды.

  Қаржылық  қызмет көрсетуді аймақтық қамтуды  кеңейтуге сондай-ақ пошта-жинақ  жүйесі де ықпал етті.

  Халықтың  әлеуметтік проблемаларын шешу үшін Қазақстанда 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің    екі деңгейлі жүйесі енгізілді. Оның бірінші деңгейі банктер және ипотекалық несиелер беретін банктік емес ұйымдар, ал жоғары деңгейі – басты мндеті қайталама нарықта  ипотекалық кнесиелерді   жүзеге асыратын банктерді  қайта қаржыландыру болып табылатын Қазақстан Ипотекалық компаниясы.

  Ең  қысқа мерзімде құрылған және 1998 жылдан жұмыс істеп келе жатқан  жинақтаушы зейнетақы жүйесі халықты әлеуметтік қорғауа барынша үлес қосуда. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшыларының саны 2005 жылғы қаңтарда 6 миллион адам болды.

  Бұл – экономикалық белсенді халықтың 80 пайызы.

  Қазіргі уақытта жинақтаушы  зейнетақы  қорлары ірі институттық инвесторларға  жатады. Зейнетақы активтерінің жалпы  көлемі 540,8 млрд. теңге. Бұл ІЖӨ-нің 8 пайызын құрайды. Барлық инвестицияланған зейнетақы активтері отандық компаниялардың бағалы қағаздарына және банктік депозиттерге орналастырылады.

  Ақиқаты сол, Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның  басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда  дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған. Қаржы секторын дамытудың жемісті болуы елдің несиелік рейтингін жоғарылатады.

  Ел  экономикысының  стратегиялық даму көрсеткіштеріне болжам жасала отырып, 2006-2007 жылдары теңгені еркін айырбасқа  жіберу туралы мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Осыған орай  теңге барлық экономкалық кеңістіктерде АҚШ доллары сияқты еркін айырбасталатын валютаға айналады [19].

  Қазіргі  нарығының ең дамыған сегменті мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Қазіргі жағдайда айналымда 58 мемлекттік облигациялардың эмиссиясы қызмет істейді  және олардың номиналдық  бағасы 116,9 миллиард теңге, немесе ІЖӨ-ның 3 пайызын құрап отыр.

  Сақтандыру  нарығы дамып келе жатыр, дегенмен оның деңгейі  экономика қажеттілігін өтей алмай отыр. 32 сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін іске асыру лицензиясы бар, соның ішінде 7-еуі шет ел компанияларының қатысуымен жұмыс істейді, ал 1-еуі адам өмірін сақтандырумен айналысады. Сақтандыру компанияларының жиынтық активтері 24,4 миллиард  теңге, жиынтық меншік каиталы 7,8 миллиард теңге болып отыр.

  Қаржы нарығының инфрақұрылымына мыналар  кіреді: төлем жүйелері, Қазақастан қор биржасы, Қазақстан банкаралық есеп айырысу  орталығы, Бағалы қағаздардың  орталық депозитарийі, Банкнот фабрикасы, Теңге сарайы, құндылықтарды сақтау орталығы.

  Қазақстанның  төлем жүйеінің негізі – банкаралық бөлшек төлемдер жүйесі болып табылады. Ел банктерінің шығарған пластикалық  карточкалары 1,8 миллион данаға жетті, яғни экономикалық белсенді халықтың төрттен бірінің төлем карточкалары бар. Ұлттық банкаралық төлем карточкалар жүйеін құру  бағдарламасы қабылданды және ол халыққа қызмет  көрсетуде  электрондық ақша қолдану арқылы біркелкі төлем кеңістігін құруға жағдай жасайды. Осындай нәтижеге жеткізген қаржы секторындағы реформалар мемлекеттің саясаттың дұрыстығын анықтайды.     

  2.2.  Ұлттық Банктің  ақша-несие саясатын  жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау 

  Қазақстанның  Ұлттық Банкі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Ақша-несие саясаты:

- ресми қайта қаржыландыру ставкасын;

- ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

- ең аз міндетті резервтердің нормативтерін;

- ерекше жағдайларда операциялардың жекелеген  түрлерінің деңгейінде және көлеміне қойылатын тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

 Ақша-несие саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi

мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады: 
 1)қарыздар беру; 
 2) депозиттер қабылдау; 
 3) валюталық интервенциялар; 
 4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару; 
 5)мемлекеттiк және басқа да бағалы  қағаздарды  сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен; 
 6)коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу; 
 7)Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.     

  Қазақтан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберiнде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына экономика әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.

  Пайыздық  саясат ақша-несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық Банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық Банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

  Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі  пайыздық саясаттың негізгі мақсаты  – теңгені несиеге деген сұранысын  азайтатын,  ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны   төмендетудегі қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі, яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

  Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте  пайдалануға мүмкіндік беретін  келесі бір факторға – шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады.     

  2005 жылда айналымға жіберілген қолма-қол ақшаның көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 4,9%-ке немесе 1955,3 млн. Теңгеге төмендеп, 37901,3 млн.теңгені құрады. Айгалымнан шығарылған қолма-қол ақшаның көлемі 2005 жылда 1,4 есе өсіп, 41742,8 млн. теңгені құрады [20].

  Алдындағы жылдардың серпінінде көрсетілгендей, ақпан айында қолма-қол ақшаға деген  сұраныстың  ұлғаюы зейнетақы мен  жәрдемақының өсуіне, сондай-ақ жыл  қорытындылары бойынша сыйақы төлеуге  байланысты. Сонымен, 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, екінші деңгейдегі банктердің кассаларынан жасалған еңбекақы 239 млн. теңгеге (14,9%), банкоматтарды нығайту 346 млн.теңгеге (26,2%), зейнетақы мен жәрдемақы 194 млн.теңгеге (10,2%), жеке тұлғалардың шоттарынан берілген 932 млн.теңгеге (61,8%) төлемдері өскен.

  2005 жылдың Маусым айында банк  кассаларына қайтарылған қолма-қол ақшаның көлемі берілген қолма-қол ақшаның көлемінен асық болды. Нәтижесінде теріс эмиссиялық қорытынды қалыптасты. Кассалық айналымдар кіріс бойынша 40,0%-ке, шығыс бойынша 29,0%-ке өскен [21].

  Түсімдер  көлемінің өсуі 2004 жылдағымен салыстырғанда, мыналардан құралған:

- шетел валютасын сатудан – 3151 млн.теңгеге (28 есе), оны ипотекалық несие берудің дамуымен байланыстыруға болады. Әдеттегідей, халық жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алумен байланысты операциялар жүргізетін кезде шетел валютасын белсенді пайдаланады. Осыған байланысты мынадай цифрларды келтіруге болады: 2005 жылда Оңтүстік Қазақстан облысында автокөлік құралдарының саны 20 мың бірлікке ұлғайған, оның басым көпшілігі жеке тұлғалардың меншігінде. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығынан алынған ақпарат бойынша, облыста 1 млрд. доллардан астам сомаға жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасалынған. Сонымен қатар, доллар азаматтардың қаражат жинақтаудағы сенімді ұралы болып қалуда;

- жеке тұлғалардың депозиттерінен – 758,2 млн.теңге (1,5есе);

- басқа да түсімдер (соның ішінде: есепті қолма-қол ақша қайтарылымды және жеке тұлғалардың аударымдары) – 2062,6 млн.теңге (1,8 есе).

  Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақасының  өсуі мен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шоттарға түсімдердің ұлғаюында өзара байланыс бар (6,9 млрд. теңгеге немесе 33,7%-ке өсуі).       

  Тауарларды, көрсетілген қызметтерді мен  жұмыстарды сатудан түскен 93,5 млн.теңгені  құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен  7 млрд. теңгеге немесе 8,1%-ке жоғары. Бұл көрсеткіштің өсу себебі, аумақ экономикасында өндірілген тауарлар мен көрсетілегн қызметтер көлемінің ұлғаюымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің халыққа берген тұтынушылық кредиттер көлемінің ұлғаюы. Бұл сауда кәсіпорындары арқылы сату көлемінің ұлғаюына әсер етеді.   

  Ақша-несие  саясаты мен қатысушыларға экономикалық талдау жүргізу мақсатында репонденттерден  алынған ақпаратты барынша және тиімді пайдалану үшін Қазақстан  Республиксының Ұлттық Банкінің  мониторинг жүйесінің жетілдіру жұмыстары  өзінің оң нәтижесін көрсетуде. Сонымен, 2004 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда, мониторинг қатысушыларының саны 8 кәсіпорынға ұлғайып, 01.01.2006 ж. Жағдай бойынша 64 кәсіпорынды құрады. Өткен жылда 14 кәсіпорын тартылды, сонымен қатар, таратылуына байлансты 6  кәсіпорын есептен шықты. Мониторингке  қатысудан бас тартудың негізгі себебі – бухгалтерлік қызметтердің есептен бас көтермеуі, ал шетелдік қатысуы бар кәсіпорындарда - өз ақпаратын басқаларға жария етпеу саясаты.  

    Кесте  3 

  Мониторингке қатысушы кәсіпорындардың салалық құрылымы

     

  Саланың аталуы   2005ж. 1 тоқсан   2005ж. 2 тоқсан   2005ж.3 тоқсан
Кәсіп

орындар

дың саны

Жалпы көлемдегі  үлесі Кәсіп

орындар

дың саны

Жалпы көлемдегі  үлесі Кәсіп

орындардың  саны

Жалпы көлемдегі  үлесі
  1 2 3 4 5 6 7
  Ауыл  шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы   3   4,9   3   4,8   3   4,7
Өндіру  өнеркәсібі   2   3,3   2   3,2   2   3,1
  Кесте 3 жалғасы
1   2   3   4   5   6   7
Өндеу өнеркәсібі   38   62,3   36   57,1   37   57,8
  Элекр энергиясын, газ бен су өндіру және тарқату   2   3,3   2   3,2   2   3,1
  Құрылыс   6   9,8   7   11,1   7   10,9
  Сауда: автомобиль және үй шаруашылығы бұйымдарын жөндеу   6   9,8   8   12,7   7   10,9
  Көлік және байланыс   3   4,9   3   4,8   3   4,7
  Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалдау кәсіпорындарға көрсетілетін  қызметтер   1   1,6   2   3,2   3   4,7
  Барлығы, іріктеу бойынша    61   100   63   100   64   100

Информация о работе Орталық банктің ақша – несие саясаты