Орталық банктің ақша – несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 14:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республиксының банк жүйесі, қаржы жүйесі көптеген қиын белестерден өтті, бірақ 2000 жылдан бастап макроэкономикалық көрсеткіштер өсе бастады, бұны жыл сайын өткізілетін несие рейтингтері көрсетті. Бұл рейтингтерді Standart and Poor*s, Moody*s Fitsh сияқты тәуелсіз компаниялар жүргізді. Осы рейтингтер бойынша Қазақстан Республиксының экономикасының дамуы басқа ТМД елдермен салыстырғанда 2 жылға озық дәрежеде болғанын көрсетті, бұны Ұлттық Банктің дұрыс жүргізген саясатының нәтижесі деп білуге болады.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................
I ҰЛТТЫҚ БАНК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАНКІ...................................................................................................................
1.1 Ұлттық Банктің мақсаты, міндеті және құрылымы.....................
1.2 Ұлттық Банктің негізгі қызметтері және операциялары...........
1.3 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері............
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ТАЛДАУ........................................................................
2.1 Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау............................................................................................
2.2 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі көрсеткіштерін экономикалық талдау ...............................................................
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар...................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс.doc

— 612.00 Кб (Скачать)

  Ағылшын банкі екі департаментке бөлінген – эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктің портфеліндегі мемлекеттік бағалы  қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. Ал банктік департамент  өзінің шоттарындағы банктік депозиттер есебінен коммерциялық банктерді есептік мөлшерлеме бойынша несиелейді.

  Жапон банкі 1882 жылы құрылған. Қазіргі Жапон банкі туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданған. Ол үкімет мекемесі болып есептелінеді, бірақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесілі. Банкті басқарма басқарады. Ол орталық банктің барлық қызметтерін атқарады.

  АҚЩ-тың  федералдық резервтік жүйесі  өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық  эмиссиялық банктеріне балама болып  келеді, бірақ оның ұйымдастырылуына осы елдің федералдық саяси жүйесінің  негізі жатыр.

  Федералдық  резервтік жүйе өзінің құрылымы мен  басқару қағидалары бойынша басқа  елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді. Федералдық резервтік жүйені құру кезінде  ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүддерлерімен  санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан федералдық резервтік жүйенің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. Федералдық резервтік жүйенің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып,  федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары  коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құралған. Осыған қарамастан федералдық резервтік жүйе  өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің  қатарына жатады.

  Федералдық резервтік жүйе үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық федералдық резервтік жүйенің мүше банктері. Одан басқа федералдық резервтік жүйеге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті және Федералдық консултативтік  кеңес.

  Барлық  ақша және банк жүйелерінің өзегі - федералдық резервтік жүйенің Басқарушылар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін  жалпы басқаруға және жұмысын  бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін  конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары  маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.

  Басқарушылар  Кеңесі ақша-несие саясатының негізгі мәселелерін шешеді және оларды жүзеге асыруға қажетті өкілеттігі бар. 12 федералдық резервтік банктердің үш негізгі белгісі болады:

  1. олар орталық банктер болып саналады;
  2. квази-қоғамдық банктер болып есептелінеді;
  3. «банктердің банкісі».

      АҚШ аумағы 12 федералдық резервтік банктерге бөлінген. Осылар

  арқылы  Басқару кеңесінің негізгі саясаттары  жүзеге асырылады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы – Нью-Йорк қаласының  Федералдық Резервтік банкісі.

  Бұл банктер квази қоғамдық банктер  болып табылады, яғни олар жеке меншіктің және қоғамдық  бақылаудың нысанын бейнелейді. Олар коммерциялық банктердің меншігінде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесімен басқарылады.

  Федералдық  резервтік банктер – «банктердің  банкі», өйткені олар орталық банктің  барлық қызметін орындайды.

  Федералдық  резервтік жүйенің жұмысына АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы  коньюктураға әсер етудің негізгі оперативті органы болып табылады. Ол федералдық резервтік  жүйе  есебінен мемлекеттік облигацияларды  сатып алу-сатуды жүргізу бойынша инструкциялдар береді.  Федералдық  консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесімен кездесулер  жүргізіп, банктік саясат туралы өз ойларын айтып отырады.

  Жеке  коммерциялық банктермен күнделікті оперативтік байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады. Басқармада  ірі банктер және өнеркәсіптік компаниялар бар. Федералдық резервтік банктерінің негізгі қызметін: ақша эмиссиясы, банктердің міндетті резервтерін сақтау, коммерциялық банктерді несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады [7].             

                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ ЭКОНОМИКАҒА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ 

  2.1  Қазақстан Республикасының экономика жағдайын және даму динамикасын бағалау 

  Қазақстан Республикасы қаржы секторының  негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде ең қарқынды дамып келе жатқан және тұрақты бөлігі болып отырған  банктік жүйе болып табылады.  Сонымен қатар халықаралық ұйымдардың мойындауы бойынша бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі   ТМД-дағы ең қарқынды  дамушы банк жүйесі болып табылады.

  Банктер  барлығы дерлік қатысушылары  болып  табылатын халықтың салымдарына  кепілдік беру жүйесі жұмысының, сондай-ақ банктік құпия жөніндегі заңнама нормаларын  күшейту  нәтижесінде  депозиттік нарық  жедел қарқынмен  дамуда [8].

  Қазақстан соңғы жылдары экономиканың дамуында біршама прогресске қол жеткізді.  Осы жетістіктерді индустриялық елдер  және көпжақты қаржы институттары  мен даму институттары мойындады.

  Осы кезеңде әлемнің барлық халықаралық  рейтингтік  ірі агенттіктері Қазақстанның инвестициялық деңгейдегі  егеменді рейтингін растады.

  Экономикалық  ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанға 4-ші деңгейдегі рейтинг берді. Екі индексті: «өсуге арналған бәсеке қабілеттілігінің индексін» және «бизеске арналған бәсеке қабілеттілігінің  индексін» құрайтын Дүниежүзілік экономикалық форумының бағалауына сәйкес Қазақстан тиісінше 61 және 62 орындарда тұр. Бұл ТМД елдерінің арасындағы ең жоғары позиция.

  Біз  мемлекеттік  тәуелсіздіктің  14  жылын  өткердік.  Бұл  тарихтың  жаһандық  сынақтарына  жауаптар  және  жаңа  экономиканы  іздеудің  күрделі  кезеңі  болды. Кідіріссіз  де  қысқа  мерзімде біртұтас  үш  міндетті:тәуелсіз  мемлекет  құру,  жоспарлы  экономикадан  нарықтық  экономикаға және  тоталитаризмнен демократияға  көшуді  жүзеге  асыру міндеттерін шешу  қажеттігі туындады.  Біз өзімізге  әлемнің көптеген  жетекші державалары секілді  ондаған  жылдар  бойы,  ал  жүздеген  жылдар  туралы  тіпті  сөз  жоқ,  біртіндеп  дамып,  экономикалық  және  демократиялық  өзгерістерді  біртіндеп  нығайтуға  жол  беріп  қоя  алмадық.  Тарих  бізге  басқа  шарттарын  көлденең  тартты,  біз  оларға  төтеп  бердік [9]. 

  Қазақстан Республикасында болған өзгерістерді қорытындыласақ,  мына жетістіктерге  жеткеніне көз жеткізуімізге  болады: нарық маханизмін іске қосу, бағаны,  тауар қозғалысын, бәсекелестік табиғатын, инвестиция ағынын  ұсыныс пен сұраныс арқылы реттеліп отыруы.  

  Біздің  еліміз  әлемдік  темір  рудасы  қорының  шамамен  8 пайызына,  әлемдік  уран  қорының  25  пайызға  жуығына  иелік  етеді.  Мұнайдың  барланған  қоры  бойынша  Қазақстан  әлемде  12 – орын  алады  және  болжам  бойынша  2015  жылы  мұнай  өндірудің  көлемі  жағынан  алғашқы  ондық  елдерінің  қатарына  кіреді [10].

  Қазақстан  көмір  өндіретін  ел  ретінде  әлдеқашан  танылған.  Республикадағы  көмір  қоры  35,8  миллиард  тоннаны  құрайды.  Бұл  жалпы  әлемдік  қордың  3,6  пайызы.  ТМД елдерінің арасында  көмір қоры  мен оны өндіру  бойынша Қазақстан Ресей мен Украинадан  кейін үшінші  орын  алады. 

  Біздің  республиканың  міндетіне  үлкен  бөлігі  тасып  әкетілетін  табиғи  ресурстарды  өндіру  кірді.  Қазақстанда  өндірілетін  мұнайдың – 70,  темір  рудасының – 55,  қара  металдың – 46,  көмірдің 28  пайызы  сыртқа  кетіп  жатыр. 

  ЖІӨ   несиелік  қатынасы, 2003 жыл, (%). Қазақстан, 2005 ж.

           Ескерту:  ЕЦБ,АФН РК. 

  Сурет 2 
 

  Біздің   өнеркәсіп    жоғары    қосымша    құны   бар  өнімдерді  жеткілікті шығармады,    онда    4    және    5    қайта     бөлісулер     болмады.     Жерімізде  ресурстардың     барлық    түрі    бола  тұра,    біз    ақырғы  өнімді  шығармадық          (кесте 1).

  Кесте  1.

  Қазақстанның  КСРО  экономикасындағы үлесі 

  Көрсеткіштер   1990 жыл
      КСРО Қазақстан   КСРО–дағы  Қазақстан  үлесі (%)
 
Жалпы  ұлттық  өнім, млрд. руб.   
  1000   46,4   4,6
 
Жалпы  қоғамдық  өнім, млрд. руб.   
  1631,6   76,7   4,7
 
Өндірілген  ұлттық табыс, млрд. руб.   
  700,6   33,4   4,8
 
Өнеркәсіп өнімі, млрд. руб.*   
  918,0   87,0   9,5

  * 1982  жылдың  салыстырмалы  бағаларымен 

  Ауыл  шаруашылығына  экстенсивтік  және  шығындық  сипат  тән  еді.  Біздегі  қажетті  селекциясыз  және  қымбат  тұратын  жемшөптегі  мал  шаруашылығы  тиімсіз  болды.  Түсімі  өте  төмен  ұлан – ғайыр  егіс  алқаптары  елдің  астыққа  деген  қажетін  жабуға  мүмкіндік  берді,  бірақ  экономикалық  тұрғыда  өзін  ақтамады [11].

  Қорытындысында  қазіргі  сәтте  жан  басына  шаққандағы  игерілген  тікелей  шетелдік  инвестициялардың  көлемі  бойынша  Қазақстан  ТМД  елдерінің  арасында  көшбасшы  екендігі  сөзсіз.  Қазақстанға  бірінші  болып инвестициялық  деңгейдегі  несие  рейтингі  берілген (сурет 3).

  Инвестициялық  тартымдылықтың  осындай  жоғары  көрсеткіші  біз  шетелдіктерге  минералдық  ресурстарды,  соның  ішінде  мұнай – газ саласындағы  ресурстарды  игеруіне  жол  ашуымыз  арқылы  мүмкін  болды. Қаржы  қаражатының  жетімсіздігі,  негізгі  қорлардың  тозуы  жағдайында  Қазақстанның  өзі  орасан  кен  орындарын  толық  мәнінде  игере  алмады.  
 
 
 
 

  ТМД  елдерінде  жан  басына  келетін  шетелдік  инвестициялардың  

    нетто – ағыны 

  

  Ескерту: ЕЦБ,АФН РК. 

  Сурет  3 

  Алғашқы  кезде  шетелдік инвестицияларды  тарту  туралы  сұрағының  қиындығының  себебі,  Батыстың  іскер  әлемі  Қазақстанды  сенімді  экономикалық  серіктес  ретінде  елестете  алмады.  Шеврон  корпорациясының  1993  жылы  келуінен  және  Тенгиз  кені  бойынша  келісім  шарт  жасау  басқа  трансұлттық  корпорацияларға  өзгеше  белгі  ретінде  болды. 

  Кесте 2    

  Әлемде,  елдер  тобы  бойынша  және  Қазақстанда тікелей  шетел  инвестициялары  ағыны  өзгерісінің  динамикасы, 1996 – 2004  жж.,  % - бен 

Өңір/ Ел 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004
  Бүкіл  әлем 100 116,4 144,1 181,1 327,5 418,3 246,4 204,5 168,6
Дамыған  елдер 100 106,9 130,3 229,7 402,7 538,7 277,8 238,2 178,2
Дамушы  елдер 100 136,5 170,7 173,4 207,3 225,6 196,4 140,9 153,8
Орталық  Азия 100 156,5 232,3 182,1 151,7 114,2 213,9 272,1 367,0
Қазақстан 100 170,1 214,1 125,3 188,2 282,6 463,1 417,3 476,5
Ресей 100 127,9 241,3 137,0 164,1 134,6 122,5 171,7 56,7

Информация о работе Орталық банктің ақша – несие саясаты