Новая бюджетная политика Казахстана

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:08, реферат

Описание работы

Бұл брошюра Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесті жетілдіру, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу мәселеріне арналған. Брошюрада бюджеттік саясаттың мәселелері, соның ішінде бюджеттің қалыптасуы, бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.

Работа содержит 1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.78 Мб (Скачать)

     Мақсатты  пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен несие сомасы осы трансферт пен несиені бөлген жоғары тұрған бюджетке міндетті қайтаруға жатады. Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған және/немесе жете пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасы келесі қаржы жылында нысаналы белгіленуін сақтай отырып қайта пайдаланылуына (жете пайдаланылуына) болады.

     Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған және/немесе жете пайдаланылмаған дамуға арналған нысаналы трансферттер сомасы Бюджет кодексінде белгіленген мөлшерде тиісті төмен тұрған бюджеттің иелігінде  қала алады (91-бап, 6-тармақ, 1) және 1-1) тармақшалар). 

     Әрбір бюджеттің дербес жұмыс істеуі белгілі  шығыстың дербес жүзеге асырылуын ғана емес, сонымен қатар табыс көзіне қол жеткізу мүмкіндігін де қамтамасыз ететінін білдіреді.

     Табыс көзін бюджет жүйесінің деңгейі арасында тұрақты негізде бөлу өңірдің бюджеттік қамтамасыз етілуін түзетуге, жергiлiктi атқарушы органдардың бiрдей деңгейде мемлекеттiк қызмет көрсетуiн қамтамасыз етуге бағытталған.

     Түсімдерді  бюджет жүйесінің деңгейі арасында бөлу негізіне мынадай негізгі принциптер алынған:

  • табыстың тұрақтылығы – әрбір бюджет жүйесінің деңгейіне тиісті түсімдер заңды бекітілген, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге жалпы сипаттағы ресми трансферттер мөлшері белгіленеді: бюджеттік субвенция мен алулар. Жалпы сипаттағы ресми трансферттер жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатымен қамтамасыз етілуін көлденең түзетуге және бюджеттің әрбір деңгейінің шығыс өкілеттігіне сәйкес мемлекеттік қызметтің стандартты деңгейін көрсетуге тең фискалдық мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған;
  • табыстың жеткіліктігі – бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің толыққанды мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ететін қаржы қаражаты болуы тиіс. Аймақтардың экономикалық дамуының қатты айырмашылығы болғандықтан, өңірлер бойынша табыс базасы тең бөлінбеген, сондықтан халықтың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуіне жету түрлі реттеуіш табысы арқылы жүзеге асырылады;
  • табысты реттеудің бірыңғай нысаны мен әдісі – бюджет жүйесінің әрбір деңгейіне қосымша табыс беру бірыңғай көзқарасқа негізделуі тиіс. Бұған трансферттер, бюджеттік несие және табыс бөлу нормативі арқылы қол жеткізіледі.
  • мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігі – бюджет жүйесінің әрбір деңгейі нәтижелі өндірісті және мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс.
 

4-тарау.  Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері 

4.1 Мемлекеттік борыш

     Мемлекеттік борыш анықтамасы Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінде берілген. Мемлекеттiк  борыш - Қазақстан Республикасының  заң актiлерiне сәйкес, өзара талаптарды есепке алмай, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың, концессиялық міндеттемелердің белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік борышы Үкіметтің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдардың борыштарын қамтиды.

     Мемлекеттік борыштың пайда болуы бюджет тапшылығын қаржыландыру және қоғамдық мұқтажды қанағаттандыру үшін ақша ресурсын тартудың бір нысаны ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланумен туындаған. Мемлекеттік борыштың болуы белсенді дамушы мемлекет үшін қалыпты жағдай болып табылады. Мемлекеттік борыш өз бетінше елдің экономикасы үшін оң немесе теріс фактор болып табылмайды. Егер оның экономикасы тұрақты болса, заң шығарушы база осы қарым-қатынас саласын нақты белгілейді және мемлекеттік борыштың болуы елдің халықаралық имиджіне теріс әсер етпейді. Мысалы, АҚШ экономиканың көптеген көрсеткіштері бойынша көшбасшы бола тұра, оның мемлекеттік борышы да бар.

     Мемлекеттік борыш, әдетте, ішкі және сыртқы болып  бөлінеді. Мемлекеттiк iшкi борыш - Қазақстан  Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттерiнiң алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздары мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi. Мемлекеттiк сыртқы борыш - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының қарыз берушілерінің-резидент еместерiнiң алдындағы мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi.

     Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің қаржылық тұрақтылығының макроэкономикалық көрсеткішінің бірі ретінде борыш көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы пайдаланылады.

     2008 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанның мемлекеттік борышы 917,99 млрд теңгені (7,63 млрд АҚШ долларын), немесе 7,2% ЖІӨ құрайды. 2001-2007 жылдары Қазақстанның мемлекеттік борышы елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер тудыратын шектен шыққан жоқ.  

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік борышының  мөлшері,

           2001-2007 жж. (жылдың басына) 

  2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008
ҚР  мемлекеттік борышы            
Барлығы, млрд.теңге 562 574 580 610 586 705 1146 918
% ЖІӨ-ге 21,6 17,7 15,4 13,2 10,0 9,3 11,3 7,2
Оның  ішінде, ҚР Үкіметінің сыртқы борышы            
Барлығы, млрд теңге 475 490 458 443 355 238 228 172
% ЖІӨ-ге 18,3 15,1 12,1 9,6 6,1 3,1 2,2 1,4
% мемборышқа 84,5 85,4 79 72,7 60,6 33,7 19,9 18,8
 

     Кесте деректерінен және 38-суреттен көріп  отырғандай, 2001 жылы ҚР Үкіметінің сыртқы борышы бірте-бірте төмендейді: абсолюттік бірлікте – 475 млрд теңгеден (3,3 млрд АҚШ доллары) 2001 жылы 172 млрд теңгеге дейін (1,4 млрд доллар) 2008 жылы, сондай-ақ ЖІӨ-ге пайыздық ара қатынаста – 18,3%-дан 1,4%-ға дейін. Мемлекеттік борыштың жалпы көлеміне қатысты Үкіметтің сыртқы борышының үлесі осы кезеңде 84,5-тен 18,8%-ға дейін қысқарды.  

38-сурет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышының серпіні

(жылдың басына) 

     ҚР  Үкіметінің сыртқы борышының негізгі  кредиторлары Халықаралық Қайта  Құру және Даму Банкі, Еуразия Қайта  Құру және Даму Банкі, Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі, Ислам Даму Банкі, Азия Даму Банкі, шетел коммерциялық банктері болып табылады.

 

39-сурет.  Қазақстан Республикасының сыртқы борышының серпіні

(жылдың  басына) 

     Ұлттық  банкінің сыртқы борышы 2000 жылғы мамырдан бастап жоқ, Халықаралық валюта қорының қарызын мерзімінен бұрын өтегеннен соң.

     Сыртқы  борыштың болуы экономикадағы ерекшеліктен бұрын, қағида болып саналады. Экономикалық дамыған елдердің, әдетте, елеулі мемлекеттік  борышы бар. Алайда, осы борыш түрінің  себебінде, пайда болу тәсілінде, ерекшелігінде айырмашылық бар. Ішкі мемлекеттік борыш ұлттық өз-өзіне берген қарызы ретінде қарастырылады және ұлттық байлық жиынтығының жалпы мөлшеріне әсерін тигізбейді. Белгілі теріс әсерлер инвестицияға немесе ел экономикасының дамуына қосымша қаржы ресуртарын жұмылдырудан болған оң әсермен білінбейді. 

     Алайда, ішкі мемлекеттік борыштың болуының бірқатар теріс әсерлері де бар:

     1. мемлекеттік борышқа қызмет көрсету  (қарыз қаражатын пайдаланғаны  үшін пайыз төлеу) бюджет қаражаты; яғни, салық төлеушілер есебінен жүргізіледі;

     2. борышты азайту үшін мемлекет  салықты көбейте алады, алайда  бұл инвестицияның азаюы секілді  макроэкономикалық зардапқа алып  келуі мүмкін;

     3. жеке сектордан «инвестицияны  ығыстыру» әсері жұмыс істейді,  яғни, мемлекеттің несие нарығына шығуы ақша нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді, бұл, өз ретінде, ақша капиталына пайыз ставкасын арттыруға алып келеді. Бұл жеке секторды белгілі бір инвестицияның бөлігінен айырады және тиісінше елдің экономикалық дамуын тежейді.

     Ішкі  борыштың негізгі кредиторлары, негізінен, халық, корпорация, банктер және басқа қаржы мекемелері болып табылады.

     Қазақстанға тоқталатын болсақ, Үкіметтің ішкі борышы өсуде және мемлекеттік борыштың 55,7%-ын құрайды (01.01.2008 жылғы жағдай бойынша), Ұлттық банкінің ішкі борышы – 24,9%.

     Жергілікті  атқарушы органдардың борышы аз – 5 млрд.теңге, бұл 1%-ды құрайды. 

       

40-сурет.  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік борышының  құрылымы 

4.2 ҚР Ұлттық қоры

     Қазақстан Республикасы соңғы алты жыл көлемінде экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын көрсетуде. 2000-2007 жылдары жылына орта есеппен 10,1%-ды құрайтын республиканың жалпы ішкі өнімінің тұрақты өсуі байқалды.

     Әлемдік нарықтағы мұнайға деген жоғары баға және көмірсутектер экспорты, 2000-2007 жылдарда мұнай компанияларының үлкен табысы бюджет табысының рекордпен өсуін, халықтың табысының артуын және экономикалық өсімді қамтамасыз етті.

     Алайда, әлемдік тәжірибе шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер тұрақты  экономикалық дамуға қол жеткізе алмай, әлемдік тауар шикізат нарығындағы бағаның өзгеруіне қатты тәуелді болатынын көрсетеді.

     Сонымен қатар, табиғи ресурстарды экспорттаудың  үлкен үлесіне ие және пайдалы  қазбалар қорына бай – Австралия, Канада, Норвегия, АҚШ секілді дамыған  елдердің де мысалы бар.

     Қазақстан экспортының негізгі тауары мұнай  және металл болып табылады. Зерттелген мұнай қорлары бойынша Қазақстан  әлемде Ресейден кейін (7-ші орын) 8-ші орынға ие, Венесуэла мен араб елдеріне ғана жол беріп. 
 

     Мұнайға бай елдер рейтингі 2004 жылдың басына 
 

  Ел Мұнай қоры, млн баррель Бір жанға резерв, млн баррель/адам. R&P,

жыл

Мұнай экспортының  үлесі, %
1 Сауд Аравиясы  
262,7
 
10,18
 
73
 
72
2 Иран 130,7 1,89 93 82
3 Ирак 115 4,53 139 96
4 БАӘ 97,8 38,75 131 92
5 Кувейт 96,5 38,23 135 91
6 Венесуэла 78 3,07 72 86
7 Ресей 69,1 0,48 22 42
8 Қазақстан 36,9 2,44 91 56
9 Ливия 36,0 6,39 66 92
10 Нигерия 34,3 0,25 43 91
11 АҚШ 30,7 0,1 11 2
12 Қытай 23,7 0,01 19 2
13 Мексика 16 0,15 12 11
14 Катар 15,2 18,1 46 90
15 Алжир 11,3 0,31 17 97
16 Норвегия 10,1 2,21 9 46
Көзі: DH Statistical Review of World Energy,  June 2006

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана