Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:08, реферат
Бұл брошюра Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесті жетілдіру, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу мәселеріне арналған. Брошюрада бюджеттік саясаттың мәселелері, соның ішінде бюджеттің қалыптасуы, бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.
Мемлекет алдында тұщы жер асты суының аса тапшылығын сезінетін 1650 ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша күрделі мәселе тұр. 2008 жылы 25% ауыл үшін мәселе шешімін табуы тиіс.
Республикада мал шаруашылығын және егінді дамытуға қолайлы жағдай жасалған, оған агроөнеркәсіп кешеніне салынған мемлекеттік инвестициялар көп көмек көрсетті. Осылайша, бидай өсіру халық санына 2007 жылы 1058 килограмға жетті, бұл өткен жылы осы көрсеткіш бойынша Қазақстанға Австрлияны озып, әлемде 1-ші орынға шығу мүмкіндігін берді. Бидай экспорты бойынша біздің еліміз әлемде 7-ші орынға ие. 2008 жылы ірі қара мал саны 2007 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға, құс – 9,4%-ға артты.
30-сурет. 2005-2007
жылдардағы дән экспортының
серпіні
Мал
шаруашылығы секторында да өсім байқалады.
2008 жылы мал және құс санының өсімі
жоспарлануда, бұл мал шаруашылығы
өніміне деген халықтың мұқтажын
толық қамтамасыз етуі тиіс.
2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы мал санының өсімі, %-бен
ІҚМ | 102,91 |
Оның ішінде сиыр | 102,76 |
Қой және ешкі | 104,79 |
Шошқа | 102,87 |
Жылқы | 105,38 |
Түйе | 104,00 |
Құс | 109,37 |
Сондай-ақ, қайта өңдеу өнеркәсібінде де өсім байқалады. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қайта өңделген ауыл шаруашылығы шикізатының үлесі оның өндірісінің жалпы көлеміне қарағанда артты: сүт - 29%-ға дейін (2006 ж. – 26,6%), дән - 37%-ға дейін (28,2%), май өнімдері - 98%-ға дейін (75%), ет - 24%-ға дейін (17,8%).
Қазақстан ауыл шаруашылығының белсенді салаларының бірі балық шаруашылығы болып табылады. Ұзақ мерзімді бекіту принципін енгізумен туындаған балық саласына салынатын инвестицияның өсіміне байланысты бекітілген балық аулау лимитін игеру деңгейі де кенеттен артты. 2007 жылы 50,5 мың тонна лимит кезінде игеру тәуелсіздік алған жылдарда алғаш рет 97% белгісіне жетіп, 49,2 мың тоннаны құрады. Балық шаруашылығы сыртқы экономикалық потенциалын арттыруда. Экспортқа шығатын балық өнімінің көлемі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 2,5 мың тоннаға немесе 8%-ға артты, бұл ретте, бағасы 63%-ға өсіп, 71 млн долларын құрады.
Агроөнеркәсіп кешенін ойдағыдай дамытудың маңызды факторының бірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының техникалық жарақтануы болып табылады. Қазақстан ауыл шаруашылығы машиналарының қазіргі паркінің 80%-ға дейін тозығы жеткен. Негізгі ауыл шаруашылығы техникасының қызмет етуінің орташа мерзімі 8-10 жыл болғанда, 10 жылдан астам пайдаланылған трактордың жылдық құрамы 94,5%-ды, дән жинау комбайны – 77,7%-ды құрайды. Бұл ретте, тракторларды жыл сайын жаңарту орташа есеппен 0,87%-ды, дән жинау комбайны – 3,2%-ды құрайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығындағы техникалық жарақтану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.
31-сурет. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 2007-2011 жылдарда техникалық жарақтану деңгейін және мамандандырылған техникалық қызметтің қол жетімділігін арттыру серпіні
Соңғы жылдары қол жеткізілген АӨК-ны дамытудағы елеулі нәтижелерге қарамастан, ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелер әлі шешімін таппай келеді. 2009-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі ауқымды стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді жоспарлауда, оның маңыздысы мыналар болып табылады:
- агроөнеркәсіп кешені саласының тұрақты дамуы, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті ДСҰ-ға кіру шартына үйрету;
-
отандық өнімнің ұлттық
- АӨК саласының қазіргі заман инфрақұрылымын дамыту және техникалық жарақтануын арттыру.
2011 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 107,6%-ға өсіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды егінді жерлерді 2007 жылы 1,39 млн га-ға арттырумен салыстырғанда 1,5 млн га-ға арттыруды талап етеді. АӨК-ні ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымымен тұрақты қамтамасыз ету де үлкен мәселе болып отыр: 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 7,4 мың тоннадан 10,5 мың тонна бірегей тұқым шығару жоспарлануда. Астыққа қауіпті зиянкештер мен аурудың зиян келтіруін болдырмау мақсатында химиялық заттармен өңделетін жер ауданын шамамен екі есеге арттыру жоспарлануда: 2007 жылы 2,9 млн га-дан 2011 жылы 5,2 млн га-ға дейін.
Мал шаруашылығын дамытуға да аса назар аударылуда. 2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара малдың асыл тұқымды өнімін шығару көлемін 4881 тоннаға дейін арттыруды көздейді, бұл 2007 жылдың деңгейінен 1,8 есе жоғары, шошқа өсіру көлемін –2007 жылы 1175,6 тоннамен салыстырғанда 1497 тоннаға дейін.
Қазақстан өзін халықаралық нарықта экспорт алқабына ие болу үшін АӨК-нің бәсекеге қабілетті өнімін шығаратын ел ретінде таниды. Осы мақсатта 2009 жылы экспортқа 34 мың тонна балық өнімін, 370 тонна тоқыма (2007 жылы 162,3 тоннамен салыстырғанда), 750 мың шаршы м. тері шикізатының жартылай фабрикатын (2007 жылы 27,5 мың шаршы м.) шығаруы жоспарлауда.
АӨК қарқынды дамыту ауыл шаруашылығы техникасын өз уақытында жаңартпаса мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы жабдықтарының техникалық тозығы мәселесі 2009 жылдан бастап 2011 жылды қоса алғандағы кезеңде шешімін табады, осының нәтижесінде жаңартылған техниканың үлесі 2009 жылы 20%-ға, ал 2011 жылы - 25%-ға жетеді.
АӨК-ні
ойдағыдай дамыту бастамасы ауыл
шаруашылығы өндірушілерінің
2009-2011
жылдары орманды қалпына
2009
жылға арналған бюджетте
Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүруінің, денсаулығының және білімінің сапасын арттырудың маңызды бастамасының бірі болып табылатын экологиялық жағдайдың жақсаруы «Қазақстан - 2030» стратегиясында мойындалады.
Отандық
өнеркәсіптің қарқынды өсуі, қоршаған
ортаға антропогендік әсер ету деңгейінің
артуы шиеленіскен экологиялық
проблеманың бар екендігін
Аталған экологиялық проблемаларды шешу үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі үш стратегиялық қызмет ету бағытын бөліп көрсетеді:
-
қоршаған ортаның сапасын
-
Қазақстан Республикасының
- экологиялық мониторингтің қазіргі заман жүйесін енгізу және гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
2007
жылы Қоршаған ортаны
Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізуге 1,4 млрд.теңге бөлінді. Бағдарламаны іске асыру «Қазгидромет» қызметінің материалдық базасы мен техникалық жарақтануын елеулі нығайтуға мүмкіндік берді: метеостанциялар саны 245-тен 254-ке дейін, гидрологиялық бекеттер саны – 226-дан 276-ға дейін артты.
2007
жылы Қазақстан оңтүстігіндегі
уран шығатын өңірлердегі
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Сарыарқа» немесе «Солтүстік Қазақстан далалары мен көлдері» атымен бірыңғай номинацияға біріктірілген Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғат қорығын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне қосу жөнінде жұмыс жүргізді.
2007
жылы Ілек өзенінің бормен
және хроммен ластанудан
2007
жылы қоршаған ортаның
Осы
мәселелерді қаржыландыру көлемін
арттыра отырып шешудің негізгі
бағыты мен тетігі Қазақстан Республикасының
2008-2010 жылдарға арналған Қоршаған ортаны
қорғау бағдарламасына енгізілді.
2008-2010 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын іске асыруға арналған шығыс көлемі, млн теңгемен
Жыл | Республикалық
бюджет |
Халықаралық грант |
2006 | 6 184,0 | 302,2 |
2007 | 13 950,6 | 150,5 |
2008 | 15 089,3 | 139,4 |
Қоршаған ортаға эмиссия деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету жоспарлануда, ол 2007 жылғы 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,31 тоннамен салыстырғанда 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,18 тоннаны құрайды. Эмиссия деңгейін төмендету мәселесін шешудің негізгі жолы ретінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мынаны көріп отыр: ең озық технологияларға көшуді ынталандыру, эмиссияны квоталау, даму жобалары мен бағдарламаларына экологиялық сараптама жүргізу.
Экономиканың дұрыс бағыт алуы және энергияның жаңартылған ресурстары мен көздерін тиімді пайдалануға жағдай жасау да маңызды мәселе болып табылады. 2011 жылы энергияның жаңартылған көздерін пайдалануды ынталандыру тетігін енгізу жоспарлануда, атап айтқанда, экологиялық салық, заңды бұзушыларға қолданылатын тиімді санкция жүйесі және т.б.
Гидрометеорологиялық
және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету мәселесіне де аса
назар аударылады. 2011 жылы ауа райы
болжамының дәлдік деңгейін 2007 жылы 88%-бен
салыстырғанда 90%-ға дейін арттыру жоспарлануда.
2008 жылы 3 метеостанция, 15 гидробекет, 16
стационарлық гидрометеорологиялық бекет
салу жоспарлануда, бұл республикалық
бюджеттен 157,1 млн теңге бөлуді талап етеді.
32-сурет. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі орындайтын функцияны қаржылай қамтамасыз ету
Су бетінің ластану, бұлғану және азаю процесі жалғасуда, оның басты себебі су тоғандарына тазартылмаған немесе жеткілікті деңгейде тазартылмаған тұрып қалған суды тастау болып табылады. Су объектілеріне жыл сайын тастау шамамен 2,5 млн тоннаны құрайды. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу проблемасы бұрынғысынша қалып отыр. 2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ластанған, таза емес және өте таза емес су тоғамдар санатына 80 тұшы су тоғамдарының 15-і жатқызылған.
2011 жылы министрлік күшімен су көзіне тасталатын ластаушы заттарды тастау көлемі 2007 жылы 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,2 тоннамен салыстырғанда 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,15 млн тоннаға дейін қысқартылуы тиіс. Осы бағыт шеңберінде 2008-2010 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ілек өзенінде тазалау құрылғысы кешенін қайта жаңарту, Шалқар өзенінің табанын тазалау жұмыстарын жүргізу, Семей қаласында тұрып қалған суды биологиялық тазалау құрылғысын кеңейту, Балхаш өзені экожүйесінің Солтүстік Балхаш маңы жерінің табиғат қызметінен технологиялық ластануын төмендету жоспарлануда.