Новая бюджетная политика Казахстана

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:08, реферат

Описание работы

Бұл брошюра Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесті жетілдіру, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу мәселеріне арналған. Брошюрада бюджеттік саясаттың мәселелері, соның ішінде бюджеттің қалыптасуы, бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.

Работа содержит 1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.78 Мб (Скачать)

      Министрлік  Каспий теңізі қайраңының оған жақын  орналасқан аймақтың ластану проблемасына аса назар аударады. 2008 жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің экологиялық қауіпсіздігін қамтмасыз ету тұжырымдамасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, Каспийге экологиялық мониторинг жүйесін енгізуді кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, мұнай кен орындарын әзірлеу жобасына жоғары талап қолданылуда.

      2003 жылғы желтоқсанда Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманы іске асырудың екінші кезеңінде (2008-2010 жылдар) қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін тұрақтандыруға және табиғатты пайдаланушыларға қойылатын экологиялық талапты жетілдіруге бағытталады. Екінші кезеңнің негізгі нәтижесі тұрақты даму принципіне сәйкес келетін және үшінші кезеңнің басталуымен қоршаған орта жағдайының сапалы жақсаруын қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жүйесін құру болып табылады.  

Тұрғын  үй - коммуналдық шаруашылығы

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығының маңызды мәселелері мыналар болып табылады:

      - қазіргі тұрғын үй қорының жай-күйін ұстап тұруды, оны жаңартуды және күрделі жөндеуді қаржыландыру жүйесін қалыптастырумен байланысты тұрғын үй-коммуналдық салаға жүйелік жаңарту жүргізу;

      - тұрғын үй қорын тиімді басқару үшін жағдай жасау;

      - пайдалануға берілетін тұрғын  үй қорының жай-күйін және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тиісінше бақылауды қамтамасыз ету;

      - өмір сүру жағдайы мен ұсынылатын  қызмет сапасын қамтамасыз ету  үшін коммуналдық қызмет саласындағы  қарым-қатынасты жетілдіру.

     

Тұрғын  үй – коммуналдық қызмет саласына шолу жасау

      Тұрғын  үй - коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясат ХХ ғасырдың соңғы он жылдығының ортасында басталған реформаға дейін тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік монополияны, барлық ресурсты орталықтандырылған бөлуді білдірді. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарды мемлекет белгіледі, ол сондай-ақ пәтер ақысының мөлшерін нақты шығынға қарамастан белгіледі.

      ХХ  ғасырдың соңғы он жылдығының ортасында  басталған реформа көп жағдайды өзгертті. «Тұрғын үйдi ұстау мен  коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегі және «Тұрғын үйлердегi пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды меншiктенушiлердiң тұтынушылар кооперативтерiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы қаулыларында мыналар көзделді:

      – тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифнің осы қызметті көрсетуші ұйымның шығындарын жабатындай деңгейге біртіндеп көшуі;

      – жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың аз қамтылған топтарына жәрдемақы беру түрінде әлеуметтік қорғау шараларын қолдану;

      – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сферасында бәсекелік орта құру және демонополизация;

      – табиғи монополистер-кәсіпорындарының қызметіне тарифтерді мемлекеттік  реттеу.

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалудың бірінші кезеңінде Табиғи монополиялардың шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне сумен қамтамасыз ету және кәріз қызметін көрсету, электр және жылу энергиясын беру және бөлу, жергілікті желіні пайдалану телекоммуникациясы қызметін көрсету жөніндегі кәсіпорындар енгізілді. Табиғи монополиялар субъектілері коммуналдық салада өндіретін және іске асыратын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына енгізілетін шығын құрамын қалыптастырудың ерекше тәртібі бекітілді. Тұрғын үйді ұстап тұру жөніндегі пайдалану жұмыстарына бірыңғай пәтер ақысының бірлігі түріндегі ақы жинаудың бұрын белгіленген тәртібі жойылды. Пәтер иелері және тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй емес үй-жайлары кооперативінің жарғысының жобасы бекітілді.

      Қазақстан Республикасында 1996 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау басында көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қорының 80%-дан астамы жаппай жекешелендіру арқасында кейін пәтер иелері және тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй емес үй-жайлары кооперативін құру арқылы азаматтардың меншігіне берілген болатын.

      Республикада  жүргізілген реформа нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының облыстық және қалалық құрылымын демонополизациялау жүргізілді, республиканың тұрғын үй қорының шамамен 90%-ын басқаратын 4801-ден астам ПИК (пәтер (үй-жай) иелері кооперативі), 45 ПИК-тің өңірлік қауымдастығы, сондай-ақ Республикалық үй-жай иелері кооперативінің қауымдастығы құрылды. 

Тұрғын  үй қорының жай-күйін талдау

      Қолданыстағы  заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры меншік нысаны бойынша жеке тұрғын үй қорының (244,9 млн шаршы м.) 97%-ынан және мемлекеттік тұрғын үй қорының (7,8 млн шаршы м.) 3%-ынан  тұрады.

      Тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау мақсаты жаппай жекешелендіру жүргізу болып табылды, осының нәтижесінде барлығы дерлік мемлекеттік тұрғын үй қоры жекешелендірілді.  Және де, осыдан көп пәтерлі тұрғын үйлерде жаңа меншік иелерін қалыптастыруға көшу жүргізілді. Коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорын құруға өзгерістер енгізілді. Өзінің қызметін шығынмен жүзеге асыратын үлкен және аз тиімді тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, негізінен, жаңа меншік иелерінің тұтыну кооперативіне алмастыру көзделді. ПИК кондоминиум объектілерін басқарудың ең көп таратылған нысаны болды.

      Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін орта мерзімді перспективада арттыру тұрғын үй құрылысындағы жаңа саясатты талап етеді.

      Осыған  байланысты, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, оның негізгі бағыты халықтың тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу болып табылады. Бюджеттен жұмсалатын шығын тапшылығы 190,5 млрд теңгені, 2009 жылы - 102,8 млрд теңгені, 2010 жылы – 87,7 млрд теңгені құрайды.

      Жоспарлы  кезеңде тұрғын үй салу көлемі 2009 жылы 9000 шаршы м., 2010 жылы – 11000 шаршы м. және 2011 жылы – 11300 шаршы м. құрайды. Жылына бір адамға мынша тұрғын үй тапсыру жоспарлануда: 2009 жылы 0,57 шаршы м., 2010 жылы – 0,69 шаршы м, 2011 жылы – 0,70 шаршы м. 

3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет

Ұлттық  қорғаныс

      Ұлттық  қорғаныс кез келген мемлекет бюджетінің ақшалай қаражатын жұмсаудың  басым бағытының бірі болып табылады. 2007 жылы бекітілген республиканың әскери доктринасына сәйкес, «Қазақстан біртіндеп әскери күштің маңызы азайтылған кездегі халықаралық қатынастар жүйесіне кіруде және де оның функциясы әскери шиеленісті ұстап тұру мәселесіне келтіріледі», осы функционалдық шығыс үлесі соңғы 3 жылда аса жоғары емес және мембюджеттің барлық шығысының шамамен 3,5-4%-ын құрайды (ЖІӨ-нің 0,7-1,3%-ы). Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік саласындағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатты – «Толық аймақтық тұтастығын сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз дербес мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету»,  біртіндеп өмірге келтіру үшін де қаржыландыру жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан, жаңа әскери доктрина әскери күшті техникалық жаңартуды, ұтқыр кәсіби әскер қалыптастыруды көздейді.

 

33-сурет.  Мемлекеттік бюджеттің қорғанысқа арналған шығысының серпіні және оның ЖІӨ-мен үлесі 
 
 
 
 
 

Мемлекеттік бюджеттің ұлттық қорғанысқа арналған ең елеулі шығысы, млрд теңге

         2006 ж.        2007 ж.         2008 ж.
Қарулы  күштердің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және өзге техникасын, жануарлары мен инфрақұрылымын ұстап тұру         46,1         57,4          64,9
Қарулы  күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету        11,1          11,9          13,0
Қарулы  күштердің ақпараттық жүйесін құру         0,71           0,8           1,4
Қарулы  күштердің инфрақұрылымын дамыту          4,3           4,7           9,02
Қару-жарақ, әскери және өзге техника, байланыс жүйесін  жаңғырту, қалпына келтіру және сатып  алу          8,8 55,2           40,4
Әскерге шақырылатындарды әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау          0,1           0,05           0,1
Қарулы  күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету           1,9            2,6           2,6
 

      2007 жылы шығынның өсуі республиканың  Қарулы күштерінің техникалық жаңаруымен түсіндіріледі, бұл «Қару-жарақ, әскери және өзге техника, байланыс жүйесін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу» бөлімшесінде жаңадан қабылданған әскери доктрина шеңберінде көрсетілген.

      Кейбір  елдер бюджетінің (оның ішінде Қазақстанның да) қорғанысқа және қарулы күштерге шығысын (бір адамға есептегенде) салыстыру және 2004-2006 жылдардағы олардың өзгеру серпіні белгілі қызығушылық тудырады. 

Кейбір  елдер бюджетінің қорғанысқа және қарулы күштерге меншікті шығысы (1 адамға есептегенде), АҚШ долларымен

Ел 2004 г. 2005 г. 2006 г.
Франция 755,85 756,57 774,1
Германия 376,24 367,15 370,12
Ресей 108,79 135,94 176,9
Украина 20,3 26,08 35,59
АҚШ 1745,91 1886,55 2121,03
Бразилия 18,79 21,96 24,67
Қытай 18,67 20,3 22,78
Үндістан 15,81 18 20,85
Жапония 349,97 343,32 319,67
Қазақстан 23 27,24 33,28

      Қазақстандағы шығыс өсімінің қарқыны үлкен  емес екені көрініп тұр, алайда, 3 жыл бойы біртіндеп өсіп келе жатқаны  байқалады және де ол 2008-2011 жылдары  осы оң серпінді жалғастыру үшін қажет  елеулі күшке ие.  

3.2.4 Бюджетаралық қарым-қатынас

      Бюджетаралық  қарым-қатынас – бұл мемлекеттік  билік органдары мен жергілікті мемлекеттік органдары арасында тиісті бюджетті қалыптастыру және атқару жөніндегі процесте туындайтын қарым-қатынас.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетаралық қарым-қатынас бюджет процесінде жоғары тұрған және төмен тұрған бюджет арасындағы қарым-қатынас болып табылады:

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана