Новая бюджетная политика Казахстана

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:08, реферат

Описание работы

Бұл брошюра Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесті жетілдіру, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу жүйесін енгізу мәселеріне арналған. Брошюрада бюджеттік саясаттың мәселелері, соның ішінде бюджеттің қалыптасуы, бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.

Работа содержит 1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.78 Мб (Скачать)

     Инфляцияның өсуі жағдайында зейнетақы төлемдерінің сатып алу қабілетінің төмендеуі де екінші маңызды проблема болып қалуда.

     Аталған проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мынадай бірқатар міндеттерді шешуді жоспарлап отыр:

    • зейнетақы төлемдері мөлшерінің барабарлығын қамтамасыз ету, 2011 жылға қарай базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін ең аз күнкөріс деңгейінің 50%-ына дейін арттыру (2007 жылғы 34%-бен салыстырғанда), 2011 жылы ауыстыру коэффициентін 42%-ға дейін арттыру (2007 жылғы 29%-бен салыстырғанда). 2009 жылы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу жоспарлануда;
    • жинақтаушы зейнетақы қорларындағы (ЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарының сақталуын қамтамасыз ету, 2009 жылы инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдікті іске асыру тетігін әзірлеу;
    • ЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің уақтылылығын қамтамасыз ету, ЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді 2011 жылға қарай 2,5%-ға дейін азайту (2007 жылғы 6,4%-бен салыстырғанда).

     Жинақтаушы  зейнетақы жүйесін әкімшілдендіру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар  аудару жоспарлануда. Осы бағытта  жүзеге асырылатын іс-әрекеттер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы бірден асатын шарты бар салымшылардың санын 2007 жылғы 1,8 млн адаммен салыстырғанда 2011 жылға қарай 0,8 млн адамға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңмен белгіленген «бір салымшы – бір қор» қағидатын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

     Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі тиімділігін арттыру жөнінде  белсенді іс-қимылдар қабылдауда. Мәселен, халыққа ұсынылатын мемлекеттік  қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін жақсарту үшін қазіргі кезде зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді көрсетудің 10 негізгі стандарттары мен регламенттері әзірленді. Зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің электрондық бағыттағы автоматтандырылған жүйесін енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде.

3.2.2 Экономикаға арналған бюджет

     Қазақстан Республикасының бюджет шығыстары  құрылымында экономикаға мынадай  функционалдық топтар бойынша қаржыландыру бөлінеді:

     - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

     - отын-энергетикалық кешен және  жер қойнауын пайдалану;

      - ауыл, су, орман, балық шаруашылығы,  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар  дүниесін қорғау, жер қатынастары;

     - өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы  және құрылыс қызметі;

     - көлік және коммуникациялар; 

Шығыстардың серпіні

     Экономикаға жұмсалатын шығыстар өсімінің орташа қарқыны 12%-ды құрады. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығына жұмсалатын шығыстар барынша жедел қарқынмен өсті. 
 

     21-сурет. Республикалық бюджеттің 2007-2008 жылдардағы экономика салалары бойынша шығыстарының серпіні

Көлік және коммуникациялар

     2008 жылғы республикалық бюджетте  көлік және коммуникацияларға  барлығы 236 млрд-тан астам теңге көзделді. 

Көлік пен коммуникацияларға  жұмсалатын шығыстардың  ведомстволық құрылымы

Мекеме Шығыстар, млрд теңге
  Көлік және коммуникация министрлігі 230,25
  Білім және ғылым министрлігі 0,07
  Ұлттық  ғарыш агенттігі 2,23
  Ақпараттандыру және байланыс агенттігі 4,04
  Барлығы: 236,59
 

     Қазақстан Республикасының көлік кешені темір  жол, автомобиль, су, авиация, сондай-ақ басқа да көлік түрлерін біріктіреді.

     2007 жылы темір жол саласына инвестициялар  139 млрд-тан астам теңгені құрады. 2012 жылға дейін 3000 км магистралдық желіні (жалпы ұзындықтың 21%) жөндеу, 500 бірлік локомотив (2008 жылғы 1 қаңтардағы мүкәммал паркінің 32%-ы) және 23 000 жүк вагондарын  (37%) сатып алу жоспарлануда.

Жыл сайынғы тарифтердің  өсуін ескергенде 2008 – 2012 жылдардағы инвестициялар

Атауы 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. Жиыны
Құны, млрд теңге
Магистральдық желі 69 79 75 76 81 379
Локомотив шаруашылығы 22,3 23,2 26,7 72,1 109,7 254,2
Вагон шаруашылығы 25,3 36,0 45,4 70,5 77,1 254,5
Барлығы 116,7 137,9 146,9 218,3 267,9 887,8
 

     2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін  жоспарланатын инвестициялар 267,9 млрд теңгеге дейін біртіндеп ұлғаяды.

     2008 жылы автожол саласын дамытуға  республикалық бюджеттен 209,4 млрд теңге, оның ішінде облыстық бюджеттерге мақсатты трансферттер есебінен автомобиль жолдарының торын дамытуға 20,4 млрд теңге және Астана, Алматы және Атырау қалаларының әкімдігіне көлік инфрақұрылымын дамытуға 83 млрд теңге көзделді. 4,3 мың км-ді барлық жөндеу түрлерімен қамту жоспарланды (автожолдардың жалпы ұзындығының 3,4%-ы). 

     

22-сурет. 2008 жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру құрылымы 

     2012 жылдың соңына қарай республикалық  маңызы бар автожолдардың 86%-ының және жергілікті желінің 70%-ға жуығының жай-күйі жақсартылатын болады.

     Бюджетте  сондай-ақ әуе көлігін дамытуға ассигнованиялар  көзделді. 2008 жылы тұрақты ішкі тасымалдарды субсидиялауға 668 млн теңге (2007 жылы – 640 млн) бөлінді; 3,3 млрд теңге әуе  көлігінің инфрақұрылымына бөлінді. Авиатасымалдардың болжамдық көлемі 3,2-3,5 млн жолаушыны құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда жолаушылар ағынының 17-27%-ға ұлғаюына барабар. Бұдан басқа 2011 жылға қарай 12 әуежай ХААҰ (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) санатын иеленетін болады (2007 жылы мұндай әуежайлар 9 болды).

     2008 жылы ұшқыштарды даярлау жөніндегі  бағдарлама шеңберінде Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым  министрлігіне  70 млн-нан астам теңге бөлінді. Су көлігі саласында қазіргі кезде инфрақұрылымды дамыту жөнінде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, оның өткізу қабілетін 23 млн тоннаға дейін жеткізу мақсатында Ақтау порты кеңейтілуде (2007 жылы жүктерді тасымалдау көлемі 11 млн тоннаны құрады). Жобаның жалпы құны – 37,8 млрд теңге. 2009 – 2012 жылдары Теңіз көлігін дамытудың 2006 – 2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың екінші кезеңі шеңберінде Баутино портын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен бірге Құрық портын кешенді дамыту мақсатында Каспийдің мұнай қайраңындағы  теңіз операцияларын қолдау үшін қажетті бірқатар өндірістік объектілерді орналастыру болжануда. Құрық портында инфрақұрылым құру құны 70,3 млрд теңгеге бағаланып отыр.

     2008 жылы коммуникация саласын дамытуға  республикалық бюджеттен 4 млрд-тан астам  теңге бөлінді. Бұл ассигнованиялар екі бюджеттік бағдарламаға бөлінген: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдарды техникалық сүйемелдеу (153 млн теңге) және ауылдық байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі шығындарын өтеу (3,88 млрд теңге). 2011 жылға қарай әмбебап байланыс қызметтерін алатын абоненттердің саны 2008 жылмен салыстырғанда 38%-ға ұлғаяды (665 мың адамнан 905-ке дейін). Тіркелген байланыс желілері абоненттерінің тығыздығы 2011 жылға қарай 2008 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғаюға тиіс (100 тұрғынға 9 абоненттен 100 тұрғынға 18 абонентке дейін). 

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

     Соңғы он жыл көлемінде Қазақстан тұрақты  өсім тенденциясын көрсетуде. Соңғы  сегіз жылда өнеркәсіп салаларының  орташа өсу қарқыны шамамен 9,5%-да құрады. Шикізат ресурстарын ауқымды игеру өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі қазып шығаратын өнеркәсіп секторының үлесі 2003 жылы 57%-дан 2007 жылы 60%-ға дейін артуына алып келді.

     Елдің өнеркәсіп секторының алғашқы диверсификациялау  белгілері білінгенін атап өту қажет. Осылайша, екі жыл қатар (2006-2007 жылдар) өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны тау-кен өндірісіне қарағанда елеулі жоғары болғанын атап өту қажет. 2007 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,7%-ға артты, ал тау-кен өндірісінде – тек 2,6%-ға ғана.

     2007 жылы Қазақстанға салынған инвестициялар  көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артып, 27 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 2,7%-ға өсіп, 3 млрд долларын құрады. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің болжамы бойынша өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестицияның өсу қарқыны арта беретін болады (23-сурет).  

23-сурет. Өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестицияның өсу қарқыны (ЭБЖМ болжамы бойынша)

     Өңдеу саласының негізгі капиталына салынатын инвестицияны қаржыландыру көзінің арасында 2008 жылғы қаңтар-маусым айларында инвесторлардың дербес қаражаты басым болды (жалпы көлемнің 74,5%-ы), қарыз қаражатының үлесі - 21%, шетел – 4,5%, бюджет қаражатының үлесі - 1%-дан кем.  
 

24-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына қаржыландыру көздері бойынша инвестициялау құрылымы

     Алайда, технология салаларының негізгі  қаражатына салынған инвестиция (2007 жыл  ішінде) шикізат саласына салынатын инвестиция пайызының бірлігін мен аз ғана үлесін құрады, бұл шикізат емес салалардың жағдайын одан да қатты қиындатты. Теңгерілген экономикалық құрылымға көшу мәселесін шешу үшін мемлекет экономиканы одан әрі диверсификациялау үшін жағдай жасауға бар күшін шоғырландырды. Осы саясаттың негізгі құралы өңдеу секторын озық дамытуға және осының негізінде шикізат бейімін бірте-бірте жеңуге бағытталған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы болып табылады.

     Осы стратегия іске асырылудың екінші кезеңіне өтті (2006-2010 жылдар). Осы кезеңдегі қызметтің маңызды бағыты басым салаларда өңдеу технологиялық өнеркәсібін құру болып табылады. 2009 жылы 150, 2010 жылы – тағы да 180, 2011 жылы – 210 өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны құрылады деп жоспарлануда.

     Қазіргі уақытта «Астана – жаңа қала», «Ақтау» теңіз порты», «Ақпараттық  технологиялар бағын», «Оңтүстік», «Бурабай» және «Ұлттық мұнай  химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) құрылды. «Астана – жаңа қала» АЭА-ға 2008 жылы 6,8 млрд АҚШ доллары тартылды, оның ішінде 60%-ын жеке инвестициялар құрайды. «Ақтау» теңіз порты» АЭА-да 348 млн доллар сомасына үш зауыт салынды. 2008 жылы «Оңтүстік» АЭА-ның инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен шамамен 2 млрд теңге бөлінді, бұл өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бөлінген қаржының жалпы көлемінің 66,3%-ын құрайды.

     Өнеркәсіптің  өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы табыстың анықтаушы  факторы инновациялық қызмет, ғылыми-техникалық және технологиялық потенциалды пайдалану және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндіріс құру болып табылады. Қазақстанның инновациялық өнімінің құрылымында елеулі үлесті (64%) жетілдірілген өнім алады. Жаңадан енгізілген немесе елеулі технологиялық өзгеріске ұшыраған өнімнің үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы келеді.

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана