Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:36, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Бұл арада атап өтетін бір жайт, ол құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары оның калькуляцияланатын объектілеріне істелген машина сағатына пропорционалды түрінде сметалық (нормативтік) мөлшерлемесін пайдалана отырып таратады және ол өндіріс жұмысшыларының жалақысына тәуелді емес. Сондықтан бұл шығындардың сметалық (нормативтік) мөлшерлемесі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пайыздық қатынасы арқылы есептелінеді және осы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік құнына енгізіледі, демек, оларды таратудың техникалық әдісі болып табылады. Көмекші процестердің сметалық мөлшерлемесі де осыған ұқсас есептелінеді.
Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды таратылады.
Есептелген
сметалық мөлшерлеменің негізінде
құрал-жабдықты пайдалану және күтіп-ұстау
шығыстарын өнімді шығару туралы мәліметтерін
тарату үшін келесі есептеулер жасалады.
Қортындылай келе кез келген өнімдерді өндіру жұмыстарды атқаружәне қызмет көрсету белгілі бір шығындармен байланысты болады. Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез келген кәсіпорын үшін маңызы зор. Әрбір кәсіпорын үшін өндіріс шығындарын дұрыс есептеу кәсіпорынның әрі қарай өркендеуіне ықпал етеді. Өнімдердің өзіндік құнын нақты есептеу үшін өндіріске жұмсалған шығындарды толық дер кезінде және шынайы есепке алу керек. Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің типіне байланысты болады. Өндіріс жеке, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа бөлінеді. Жеке өндіріс-өнімнің жеке даналарын немесе аса көп емес қайталанатын партиялармен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен трубиналарды өндіруге тән. Сериялық өндіріс- біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады. Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт кезең бойынша біркелкілі өнім өндіретін өндіріс. Бұл машина жасауда, прибор жасауда, кондитерлік өндірісте қолданылады. Кәсіпорынның өндірістік цехтары негізгі және көмекші өндірістерден тұрады. Негізгі өндіріс - өнімдерді өндіруге сондай-ақ ішкі зауттық тұтынуға қажетті жартылай өнімдерді дайындауға арналған өндіріс. Көмекші өндіріс – негізгі өндіріске қызмет көрсететін өндіріс яғни негізгі өндіріске қажетті құрал-саймандарды дайындаудың немесе негізгі өндіріс құрал-жабдықтарының жөнделуін қамтаммассыз ететін өндіріс. Негізгі өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттар жоспарында 8010 шотын қолданады. 8010 шотта дебитінде өнім өндірумен байланысты және шығарылған өнімнің негізін құрайтын шығындар жинақталады. Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қортындылау үшін 8010-Негізгі өндіріс шоты арналған. Осы шоттың 8011-Материалдар, 8012-Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы, 8013-Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар, 8014-Үстеме шығыстар көрсетілген.
Негізгі
өндіріс тұтынатын өнімді шығарып
жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін
өндіріс көмекші өндіріс деп
аталады. Көмекші өндіріс қазандық, электростанциялар,
сумен жабдықтау, жөндеу механикалық цех,автокөлік
цехы т.б. Көмекші өндірістің шығындарын
есептеуге 8030 шоты арналған. Көмекші өндірістің
талдамалық есебі әрбір цехта өнім түрлері
және шығындары баптары бойынша жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды
қортындылау үшін 8030-Көмекші өндіріс
шоты арналған. Осы шоттың 8031-Материалдар,
8032 -Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу,
8033-Еңбек ақыдан қаржы бөлу, 8034-Амортизациялық
қаржы бөлу. Сонымен қатар өндірісте өндірістегі
акқауларды есепке алу және үстеме жығыстарды
есептеу де маңызды орын алады. Сапасы
жағынан белгіленген стандарттарға немесе
техналогиялық шарттарға сәйкес Өндірістегі
ақауларды есепке алу өндірілген өнімнің
сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың
қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы
болып табылады. Үстеме шығыстарға өндіріске
қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші
цехтардың жұмыс ұйымдастырумен байланысты
шығыстары жатады, оларды тікелей дайын
өнім түрлеріне жатқызуға болмайды. Үстеме
шығындарын есепке алу үшін шоттар жоспарында
8040 шотын қолданады. Үстеме шығындар бөлімшесі
мынадай шоттардан тұрады: 8041-Материалдар,
8042-Қызметкерлердің еңбегіне еңбекақы
төлеу,8043-Еңбекақыдан аударымдар, 8044-Негізгі
құралдарды жөндеу, 8045-негізгі құралдардың
тозуы. Осы шығындарды дұрыс есептей отырып
кәсіпорынның экономикалық жағдайын көре
аламыз.