Өндірістік шығындарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Қаламқас ондірістік шыгындар есебі.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

      Өндірістегі барлық шығындар цехтардың ведомостары бойынша топтастырылады, онда әрбір цех үшін жеке парақтар ашылады.

      8010 - "Негізгі өндіріс" шотының дебеттен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясын қарастыру үшін жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Шағын аяқ киім тігетін кәсіпорын төрт негізгі өндіріс цехтары бар болсын делік: кесу, пішу, дайындау.  Ол кәсіпорын төрт түрлі өнім ассортиментін шығарады делік:

      - ерлер ботинкасын;

      - ерлер туфлиін;

      - жеңіл әйелдер туфлиін;

      - үйге киетін әйелдер туфлиін.

      Ағымдағы  айда аталған өнімнің өндіріс  көлемі мынадай болған:

      10 мың жұп — ерлер ботинкасы;

      7 мың жұп — ерлер туфлиі;

      5 мың жұп — әйелдер туфлиі;

      12 мың жұп - әйелдердің үйге киетін  туфлиі.

      Кәсіпорынның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін онда көмекші өндірістер құрылған: жөндеу-механикалық; қазандық; автотранспорттық; олардың шығыны дайын өнімнің өзіндік құнын келесі тәртіпте енгізіледі: жөндеу-механикалық цехының шығыны - жөндеу жұмысының түрлері бойынша; бу қазаны мен автотранспорт цехтарының шығындары — тұтынылған қызмет көлеміне сәйкес пропорционалды жолмен таратылады.

      Кәсіпорынның  есептік саясатында үстеме шығыстар құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына қатысты (осы шығындардың деңгейшен алынған құрал-жабдықтың бір сағаттағы жұмысынан есептелген) бөліміне және тиесілі өнім бірлігін әзірлеу кезіндегі жұмыстың ұзақтығына қарап таратылуы мүмкін. Жалпы үстеме шығысын тарату негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының деңгейіне қарап жасалынады.

      Ағымдағы  кезенде 400 жұп аяқ киім сапа бөлімінің бақылауынан өтпеген, демек олар ақау болып табылған. 52 жұп әйелдердің үйге киетін туфлиі жөнделмейтін ақау болып танылған, олар" 12000 теңге сомасын құраған. Жөнделмейтін ақау бойынша жасалган шығыстан 2000 теңге сомасын өзіндік құнға жатқызған. Ерлердің 348 жұп туфлиі бойынша 24683 теңге деңгейінде ақаулар табылған, бірақ ол ақауды жөндеуге болатындығы дәлелденген. Ақаулар бойынша орын алған шығындардың бір бөлігі өтелген, оның сомасы 17100 теңге құраған, ал оның бір бөлігі өндіріс шығыны ретінде есептен шығарылган. Ағымдағы айда аяқ киімді дайындау кезінде келесі шығыстар жасалғаны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладная) арқылы қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің құнына 1320 -"Дайын өнім" шоты дебеттеледі және 8010-шот кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шот дебеттеледі де, 8010 шот кредиттеледі.

      2.2 Көмекші өндірістің шығындарының есебі

 

      Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып  жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 шоты арналған және ол "Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.

      Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:

      8030 - "Көмекші өндірістер (қорытушы шот)";

      8031  - "Материалдар";

      8032 - "Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу";

      8033 - "Еңбекақыдан қаржы бөлу";

      8034 - "Амортизациялық қаржы бөлу".

      Көмекші өндірістердің әрбір цехтары  бойынша шығындарды есепке алу "цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста  жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.

      Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын  баптары бойынша жүреді. Шығын  номенклатурасы өндірістің күрделілігі  мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық жөне технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

      Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын  өнімнің біртектестігі немесе біртектес  еместігі көмекші өндірістің көрсеткен  қызметінін өзіндік құнын есептеу  үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

      Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

      Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын  есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын  есептеу үшін ағымдағы жөндеудің  өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кенінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдық қалмайды.

      Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл  цехтарда ай соңында қалдықтары болуы  мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 8030 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеледі де, 8030 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі — бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.

      Келесі  есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік (басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8030 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеліп, 8030 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.

      Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша  тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір кемекші цехтардың жиынтык шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша — будың тоннасы, компрестік қондырғы — қысылған ауаның кубометрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт — тонно/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

      Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің  көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.

      "Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.

      Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың көрсетілген  қызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардын жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсегілген қарама-қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

      Екінші  бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8030 шоты кредиттеледі.

      Үшінші  бөлімде көрсетілген қызметтің  жабдықтаушысы болып саналмайтын  бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

      Технологиялық процестің сипатына және шығаратын  өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай  қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

      Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық және оттегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.

      Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.

      Енді  осы аталған түрлеріне сәйкес біз бір мысал келтіріп көрейік.

      Кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотпранспорттық, жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар бопсын делік. Олардың ішінен жөндеу-механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі қарапайым цехтар қатарына жатады. 
 
 
 
 
 
 
 

      ІІІ Әлеуметтік сфераны ұстау мен үстеме шығыстар есебінің ұйымдастырылуы

      3.1  Әлеуметтік сфераны ұстау бойынша жасалатын шығындардың есебі

 

      Кәсіпорын қызметкерлерінің тұрмыстық мұқтаждығына тиісті өндірістер мен шаруашылықтар (асханалар, наубайханалар, моншалар, кір жуу, тұрғын үй-тұрмыстық шаруашылық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, жөндеу және пішу шеберханалары және басқалар) қызмет көрсетеді. Осы өндірістердің өндірген өнімінің, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінің шығындарының есебі

       - "Әлеуметтік сфера" шотында жүргізіледі; оның құрамына мынадай субшоттар жатады:

      1.  "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы";

      2.  "Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары";

      3. "Тұрмыстық қызмет көрсету,  киім тігу және басқа да  өндірістер";

      4. "Демалыс және еңбек лагерьлері";

      5. "Мектеп жасына дейінгі балалар  мекемелері";

      6.  "Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер";

      7. "Басқа да өндірістері мен  шаруашылықтар".

      Қызмет  көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу, олар үшін белгілеген шығындар баптарының номенклатурасы бойынша "Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу ведомосында" жүргізіледі.

      Ведомосқа жазу "Жалақы мен материалдар  шығындарын тарату", "Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясының есебі", "Көмекші  өндірістер көрсеткен қызметтерін тарату" талдамалы кестелерінен және басқа да құжаттарынан жасалынады.

      Әлеуметтік  сфераның шығындарын есепке алатын ведомоста  көрсетілген мәліметтер әлеуметтік сфераның әрбір объектілері бойынша  жұмсалған шығындарды бақылау үшін пайдаланылады. Оның көптеген объектілерінде аяқталмаған өндіріс болмайды, не болмаса оның мөлшері азғантай болғандықтан калькуляциялау кезінде ескеріле бермейді.

      Жекелеген өндірістер мен шаруашылықтар бойынша  есепке алу әдістемесін қарастырып көрейік.

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының шығындары мен табыстарын есепке алу (1 субшоты). Оның құрамына тұрғын үй қоры, жалға тапсырылған тұрғын үй емес үй-жайлары, (үй астындағы подвалдар), радиотораптар, санитарлық-гигиеналық объектілер (сумен жабдықтау, канализация, моншалар, кір жуу, шаштараз және т.б.), жол шаруашылығы, қонақүйлер және т.б.

      1. Жалақы мен жалақыдан жасалатын  (аударылатын) аударымдар — ТҮКШ  қызметкерлеріне негізгі және  қосымша жалақы — аула сыпырушыларына, күзетшілерге, коменданттарға және аталған қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар (21% мөлшерлеме бойынша ұсталынатын (есептелінген) әлеуметтік салық).

      2. Үй шаруашылығын ұстау — қоқыстарды алып кету және қоқыстарды жағу, қардан тазарту (алып кету), жалпы пайдаланудағы жерлерді күтіп-ұстау және т.б. басқа да шығыстар.

      3. Тұрғын үй құрылысын жөндеу — тұрғын үйлерді, ғимараттарды және баска негізгі құралдарды жөндеу жөніндегі шығындар: жұмысшылардың еңбек ақысы, еңбек ақыдан аударьшған аударымдар, жөндеу материалдарының құны, көліктік және басқа да шығындар, мердігерлік әдіспен және өзінің көмекші өндірісінің көмегімен атқарылған жөндеу жөніндегі жұмыстарға ақы төлеу.

      4.  Тұрғын үй құрылысы (қоры) бойынша басқа да шығыстар — бұрынғы баптарда есепке алынбаған шығындар.

Информация о работе Өндірістік шығындарының есебі