Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:36, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар — бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.
Қайтарылған
қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар,
шалафабрикаттар, жылуды сақтайтын
материалдар т.б. материалдық ресурстары-
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық, құнды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды. Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
- егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
- қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы бойынша;
- егер де қалдықтар шартка сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына "Шикізат пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 1315-шоттың дебеті және 8010-шоттың кредиті бойынша көрсетеді. 8010-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсететін қызметтеріне өткізіліп жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық процестерді сактау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын шығындар жатады.
Субъектінің өз транспортымен жөне өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын аударымдарға және т.б.).
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады: жабдықтау-сату ұйымдарына теленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны үшін қосымша кіре ақысы; субъектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары. Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі өндірген отыңдардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін, бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын жүргізу үшін т.б.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын (химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және соның салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім щығара отырып) пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын (ілеспе) өнім де қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық, әдістемелік ұсыныстарында белгіленеді.
Еңбек ақы. "Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:
-
кәсіпорында қабылданған еңбек
ақы төлеу жүйесімен және
-
ынталандыру сипатындағы
- жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін, мамандықты (кәсіпті) қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түліктің құны, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін тұрғын үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар (түрғын үй, коммуналдық қызметтер және т.б. тегін берілмегені үшін төленетін ақшалай өтемнің сомалары);
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім-кешекті қоса алғанда) құны немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы);
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға ақы төлеу (пайдаланылмаған демалысқа өтем ақы төлеу), сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты уақыттар;
- заңдарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта құрылуына, қызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін бір мезгілдік сыйақылар (осы кәсіпорындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы бойынша үстемақылар) төлеу;
-
қолданылып жүрген заңдарға
-
кәсіптік-техникалық училищені
-
кешкі және сырттай жоғары
және арнаулы орта оқу
- заңдарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы темен жұмыстарды атқарғаны үшін ақы төлеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;
-
бұрынғы жұмыс орнындағы
- вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның орналасқан жерінен (жиналу пунктінен) жұмыс орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндері үшін, сондай-ақ ауа райының жағдайына қарай және көлік ұйымдарының кінәсінен жолда кідіріп қалған күндері үшін айлықақының тарифтік ставка мөлшерінде төленетін сомасы (вахталық әдіспен жұмыс істеген кезде);
-
жұмысшы-донорға тексеруден
-
егер атқарылған жұмыс үшін
есеп айырысуды тікелей
Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар. Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген әлеуметтік салығы (21% мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. Әлеуметтік салықтың салық салу объекті болып жұмыс берушілердің еңбеккерлерге ақшалай немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын төлемдерден басқасы түгел кіреді.
Үстеме шығыстар. Үстеме шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет керсетумен байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың құрамында экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары бойынша 8040 "Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.
Үстеме шығыстар ай соңында белгіленген әдістеме бойынша. Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан кезде 8014 шоты дебеттеліп және 8040 шоты кредиттеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъекттер өзінің есептік саясатында өндіріс ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер енгізуі мүмкін.
Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті дайындау және игеру шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу ұзақтығына және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып, оған қажетті шығын деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын бекіткен кезде өндіріске енгізілетін объектінің өндірістік қуаттылығын және оның нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп анықтайды.
Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда шығыстың жалпы сомасынан алынған өнім бірлігіне белгіленген норма бойынша өтеледі.
Егер
де кәсіпорында бірнеше өнім түрі
өндірілетін болса, онда жаңа өндірісті
игеру шығындары олардың