Өндірістік шығындарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Қаламқас ондірістік шыгындар есебі.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

      8023  - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар" - 8022 шоты бойынша көрсетілген, еңбек ақыдан есептелген әлеуметтік салықтың бір бөлігі;

      8024 - "Үстеме шығысы" - шалафабрикат өндірісіне қатысты үстеме шығысының бір бөлігі.

      Ай соңында 8020 шоттың дебетіне өзі өндірген шалафабрикаттың өндірісі бойынша барлық шығыстары мен (8021-8024) шалафабрикат өндірісі бойынша ақаумен байланысты сома да, есептік кезенде аяқталмаған шалафабрикаттың құны да 8020 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" шотынын кредитінен әкелінеді, ал олар өз ретінде осы есептік кезеңде шалафабрикаттың өзіндік құнын калькуляциялау үшін қажет.

      8020 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" шотының кредитінен шалафабрикаттардың дайын нақты өзіндік құны мен аяқталмаған өндіріс құны мына шоттардың дебетіне есептен шығарылады:

      8010 - "Негізгі өндіріс", 8030 - "Көмекші өндіріс" - одан әрі өңдеу үшін негізгі немесе көмекші өндірістерге берілген шалафабрикаттардың бір бөлігі;

      1320 - "Дайын өнім" - сатуға жататын шалафабрикаттардың дайын бөлігі;

      8020 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" - шалафабрикат өндірісіндегі аяқталмаған бөлігі.

      Шалафабрикаттардың  талдамалық есебі олардың сакталатын жерлері және жекелеген атаулары (түрлері, сорттары, мөлшерлері жәнет.б.) бойынша жүргізіледі. Шалафабрикаттардың қайда жұмсалынып жатқаны туралы деректерді жинақтау үшін "Цехтардағы материалдарды есепке алу ведомосы" қолданылады, ол, әдетте, цехтардың, учаскелердің берген есептері негізінде жасалады. Ведомоста айдың басындағы және сонындағы шалафабрикаттардың қалдықтары; жалпызауыттық қоймадан, цехтардан дербес қоймаларынан түскен түсімдері, басқа да түсімдері; жалпызауыттық қоймаларға қайтарылғаны, цехтардың дербес қоймаларына берілгендері; басқа да босатулар және есептен шығарылғандар (оның ішінде кем шығу) көрсетіледі.

      Өндірістегі шалафабрикаттар қозғалысын, яғни жедел  есебін кәсіпорынның басқару бухгалтериясы, не өндірістік-диспетчерлік қызметі  жүргізеді.

      1.2 Қарапайым және  күрделі өндірістің калькуляциясы

 

      Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өнімнің санына бөледі (өзара көрсеткен қызметтерін шегеріп барып).

      Анықталған өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға 8030 шотының кредитінен есептен шығарылады.

      1. Бу қазан цехы. Бу қазан цехының  таза өзінің шығыны 2610080 теңге  құраған, ал жөндеу-механикалық  цехының көрсеткен қызметі (құрал-жабдықтарды жөңдеу бойынша) — 175150 теңге құраған, автотранспорт цехының көрсеткен қызметі (есептік құны бойынша) — 382719 теңге құраған.

      1 тонна будың есептік өзіндік  құны — 185 теңге құраған (өткен  айдағы нақты шығындарының деңгейінен  алынған).

      Ағымдағы  айда жылыту үшін 14397 тонна бу шығарылған, енді ол счетчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады:

      Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің  нақты өзіндік құны 2920049 теңге  құраған (6 кестеге қараңыз): 2610080 + 175150 + 382719 - 1340 х 185 (жоспарлы өзіндік құны бойынша жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі). Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнының бірлігі 223,64 теңгеге тең болған (2920049 : 13057).

      Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің  нақты өзіндік құны туралы мәліметтің (223,64 теңге) және тұтынылған қызметтің саны туралы ақпараттың негізінде бу қазанының шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен шығарылады.

      2. Автотранспорт цехы. Автотранспорт  цехының тасымалдаған жүгінің  саны 18957 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша). Ал автотранспорт цехының өзі жасаған шығын 3414419 теңге - құраған, қарама-қарсы қабылданған қызметтің деңгейі — 253861 теңге құраған (жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі). Өткен айдың нақты өзіндік құны туралы мәлімет бойынша бір т/км-дің жоспарлы өзіндік құны 193 теңге құраған.

      Жоспарлы  өзіндік құн бойынша қарсы  көрсетілген қызметтін сомасы цехтар бойынша мынаны құраған:

      бу  қазан цехы бойынша — 382719 теңге (1983 т/кмх!93);

      жөндеу-механикалық  цехы бойынша — 100360 теңге (520 т/кмх!93).

      Жоғарьща  келтірілген мәліметтер бойынша  негізгі тұтынушыларға көрсетілген  қызметтің нақты өзіндік құнының  сомасы 3185021 теңге құраған (3414419+253681-382719-100360). Негізгі тұтынушыға көрсетілген  қызметтің көлемі 16454 т/км құраған (18957-1983-520). Негізгі тұтынушылар бойынша шығындардың жалпы деңгейін (3185021) негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің көлеміне (16454) бөлеміз де, 1 т/км нақты өзіндік құнын табамыз, ал ол біздің мысалда — 193,57 теңге құраған (3185021:16454).

      Жасалған  калькуляцияның және жол парағының  негізінде транспорттық қызметті тасымалданған  жүктің т/км бойынша есептелген санына пара-пар (пропорционалды) етіп тұтынушылардың арасына таратылады.

      Күрделі өндірістің калькуляциясы. Шығындардың  талдамалық есебі жөндеу түрлері және жөнделетін объектілер бойынша, дайындалған аспаптар, керек-жарақтар, модельдер (үлгілер) түрлері немесе топтары бойынша жүргізіледі. Әрбір есеп (калькуляция) объектісіне талдамалық есеп ведомосы немесе карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ағымдағы ай ішіндегі шығындар, есепке алынған шығындарды азайту тәртібімен есептеп шығару (материалдардың қайтарылуы, өндіріс қалдықтары), дайын өнімді кіріске алу, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын есептеп шығару, ай соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары көрсетіледі.

      Жеке  орындауға қабылданған цех тапсырысы  тапсырыстар кітабына жазылады және олар белгіленген мерзімде орындалуы  тиіс. Накладнойда, жұмысшының нарядында  және басқа құжаттарда тапсырыстың нөмірі көрсетіледі. Бұл жұмсалған әрбір шығынды тиісті тапсырысқа жатқызуға қажет. Материалдар бір тапсырысқа қажет шегінде қоймадан босатылады. Пайдаланбаған материалдар тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға қайтарылады және сол қайтарылған материалдардың құнына тапсырыстың шығыны азайтылады.

      Әрбір тапсырыстың өзіндік құны цех  мәліметтерінің негізінде бухгалтерияда  есептелінеді. Өзіндік құнның калькуляциялық-карточкасының  негізінде ай сайын 8030 шоттың кредитінен тиісті тұтынушыларға есептен шығарылып отырады.

      Мысалға, жөндеу - механикалық цехының еңбеккерлері негізгі цехтың (кесу және пішу) құрал-жабдықтарына күрделі жөндеу жұмысын жүргізген, сондай-ақ бу қазан және автотранспорт  цехтарына ағымдағы жөндеу жұмысын  жүргізген және олардың өндірісіне қажет құрал-саймандарды әзірлеген.

      Накладной мен нарядтың негізінде жұмыс  түрі мен тұтынушылары бойынша тапсырыстарды  топтастырады, содан соң бүкіл  жөндеу-механикалық цехы бойынша  шығындарын анықтайды, олар келесі түрде  жасалады:

      Бу  қазаны мен автотранспорт цехының жөндеу-механикалық цехына көрсеткен қызметі қарама-қарсы қабылданған өткен айдағы қызметтің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің негізінде анықталған есептік құны бойынша көрсетілген:

      - бір т/км өзіндік құны —  193 теңге;

      - бір тонна будың өзіндік құны — 185 теңге.

      Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын  дұрыс есептеу үшін аяқталмаған  өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен  маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс бойынша, яғни іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға болады.

      Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп  шығарылады. "Негізгі материалдар", "Қосалқы материалдар", "Негізгі және қосымша жалақы" және т.б. баптар бойынша шығындар бастапкы құжаттардың деректері бойынша тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды белу тәртібімен белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.

      Екінші  әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс объектілерінің саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып және бір норма-сағаттың жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін табады. Материалдардың құнын нормативтік калькуляцияның деректері бойынша, ал қосымша шығындарды — жалақыға проценттік қатынасы бойынша анықтайды. Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің құнын құрайды.

      Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот (тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке алынған шығындары қосылады және айдың соңында аяқталмаған өндірістің сомасы алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құнын құрайды.

      Біздің  мысалда айдың басына да, айдың соңына да аяқталмаған өндірістің қалдығы болған жоқ.

      Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату үшін "Көмекші өндірістің қызметтерін  тарату кестесі" деген аналитикалық кестесін жасаймыз.

      Көмекші өндіріс қызметін тарату кестесін жасаған  кезде оның бірінші бөлімінде негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты өзіндік құны анықталады (қарсы қабылданған қызметтің өзіндік құны қосылып, қарсы көрсетілген қызметтің өзіндік құны шегеріледі). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ІІ ӨНДІРІСКЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЕСЕБІ

      2.1 Негізгі өндіріс  шығындарының есебі

 

      Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8010 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.

      Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 8010-"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 8011 - "Материалдар", 8012 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 8013 - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар", 8014 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл сонында 8010 "Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады.

      8010 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістін шығындар есебі төмендегі номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке алынады.

      Материалдар. Шикі заттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға, оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.

      Лимиттік-алу  карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар (өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлерына (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.

      Көмекші материалдар —  тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.

Информация о работе Өндірістік шығындарының есебі