Өндірістік шығындарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:36, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есепті басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

Қаламқас ондірістік шыгындар есебі.doc

— 251.50 Кб (Скачать)

      2 сызбасы. Өндірістік шығындарды есептейді ұйымдастыру

      

 

      Орташа  және ірі кәсіпорындарда өндіріс  шығындарын есепке алу және өнімнін  өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

      Қаржылық  бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

      Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас  жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептін бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.

      Қаржылық  және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.

      Кәсіпорынның  қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған  өндірісті есептеу үшін 8010 - "Негізгі өндіріс", 8020 "Өз өндірісінің шалафабрикаттары",

      8020  - "Көмекші өндіріс", 13   - "Басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 8010-8030 шоттары дебеттеліп, 8010, 8020, 8030 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың    басында    қайтадан    қаржылық    бухгалтериядан    өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8010, 8020, 8030 шоттары дебеттеліп, 8010-8030 шоттары кредиттеледі).

      Сонымен, 8010-8030 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған. 

      

 

      3 сызба. Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясының өзара қарым-қатынастары

      Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.

      "Транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға бөлінеді:

      - шығындарға кеткен тікелей материалдар;

      - шығындарға кеткен тікелей жұмыс  күші;

      - үстеме шығыстар.

      Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.

      Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар - бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.

      Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. осы сияқты тікелей еңбек ақылары жатады.

      Қызмет  көрсететін цех жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.

      Үстеме  шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан  тікелей шығындарды (тікелей материалдар  шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және баска да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.

      Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады (555 б.).

      - өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті кезеңнің  барысында тікелей шығыстар туралы  ақпараттарға шолу жасалады (негізгі,  көмекші т.б. өндірістері бойынша).

      -  "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша субъекттің үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;

      -  үстеме шығыстарын белгіленген  тәсіл (шаруашылық жүргізуші субъекттің  есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады;

      -  "Транзиттік" шоттардағы жинақталған  шығыстарды дайын өнім шотына  есептен шығарып, дайын өнімнің  нақты өзіндік құны қалыптасады,  сондай-ақ аяқталмаған өндірістің  де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады.

      Өндірілген  өнімнің сапасы әрбір еңбек ұжымы бойынша олардың қызметінің нәтижесін бағалауда айқындаушы болып табылады. Әрбір кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын сақтағаны абзал. Кәсіпорын өнімнін сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің (ТББ) жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық есебінде, жалақысында және әлеуметтік игіліктерінде сөзсіз шығынға әкеп соғады.

      Сапасы  жағынан белгіленген стандарттарға  немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей мақсатына пайдалануға жарамайтын бұйымдар (шалафабрикаттар, бөлшектер, жұмыстар) өнім ақауы болып есептелінеді. Ақау былайша жіктеледі:

       ақау байқалған орны бойынша — ішкі (өнім сатып алушыға жіберілгенге дейін анықталған) және сыртқы (сатып алушы анықталған) ақау;

       анықталған ақаулардың сипаты бойынша — түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуі тиімсіз түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге болатын ақаулар;

      - пайда болу себептері бойынша — өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т.б.

      Өндірістегі ақау 950 - "Өндірістегі ақау" деп  аталатын шотта есепке алынады. Ақауды жөндеу жөніндегі шығындар "Цехтар бойынша шығындар" ведомосында  көрсетіледі. Түзетуге болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болған шығындар "Өндірістегі шығынды есепке алу" ведомосында айқындалады. Оған жазу үшін №12 ведомостағы ақау туралы хабарламалары негіз болады.

      Ақаудың есебін жүргізу үшін 95 шоттар бөлімшесі  арналған.

      95 бөлімшенің құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді:

      8031 - "Материалдар", 8040 - "Үстеме шығыстары".

      Ішкі  түпкілікті ақаудың өзіндік құнын  мынадай шығындар бойынша анықтайды: ақау болған өнімді жөндеу кезінде  жұмсалған шикізаттар, материалдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс жұмысшыларының жалақысы; жалақыдан есептелген аударымдар; үстеме шығыстар.

      Сыртқы  ақаудың құны тұтынушылардың біржола  ақау деп танылған өнімнің өзіндік  құнынан, осы өнімді сатып алуға  байланысты сатып алушыға өтелген  шығындарынан, ақауға шығарылған бұйьшдарды бөлшектеуге жұмсалған шығындарынан, сондай-ақ ақаулы өнімді ауыстыруға байланысты туындаған көлік шығындардан немесе егер өнім жөнделетін ақауға жататын болса тұтынушыдағы ақаулы өнімді түзетуге жұмсалған шығындардан тұрады.

      Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған сыртқы және ішкі ақаудан болатын шығынды анықтау үшін түпкілікті ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзетуге жұмсалған шығындары қосылады және ақаулы өнімнің пайдаланылуы мүмкін болатын бағасы бойынша оның құны, ақауды жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер де ол өнімді жеткізіп берушілердің кінөсінен болса онда оның құны бүкіл сатып алынған өнім құнынан шегеріліп тасталады.

      Ішкі  ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарында, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақаулы өнімді сатып алушылардан келіп түскен талап (рекламация) қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі.

      Бухгалтериялық  есепті және ақаудан болған шығынды  анықтауды кәсіпорынның техникалық-бақылау  бөлімі (ТББ) жүзеге асырады.

      Анықталған түпкілікті немесе түзетуге болатын ақау үшін ТББ "Ақау туралы актісі" жасайды. Жұмысшының кінәсінен жіберілген ақауды түзету наряд жазылмай жүргізіледі. Егер осы ақаудың жіберілуіне кінәлі болып табылмайтын жұмысшы ақауды жөндесе, онда мұндай жұмысқа жалпы тәртіп бойынша наряд жазылып, оған "Ақауды қайта жасау" деген мөртаңбасы (штампы) қойылады Ақау туралы акт төменде келтірілген.

      Ақаудан болған шығындарды тиісті дәрежеде есепке алуды және кәсіпорындардағы ақау туралы мәліметтерді жүйелеуді ұйымдастыру ақау себептерінің тізбесі және оған кінәлілер анықталғанға дейін жүреді.

      Ақаудың себептері мен кінәлілерге шифр қойылып, осы мәселелер туралы мәліметтер барлық цехтардың және олардың бөлімшелерінің басшыларына дейін жеткізіледі, сосын олар құжаттарда көрініс табады.

      Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс  шоттарынан көшіріліп алынып өнімнің  тиісті түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық бітпеген белгілі бір тапсырысқа (заказға) қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады Одан басқа жағдайлардың бәрінде ақаудан болған шығындар, әдеттегідей, тауар өнімінің өзіндік құнына енгізіледі.

      Өткен есепті кезеңде өндірілген негізгі  өнімге жататын сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы есептік кезенде жасалған осындай бұйымдардың өзіндік құнына көшіріліп жазылады. Мұндай өнім ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқы ақаудан болған шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түрлеріне бөлінеді.

      Анықталған  ақауды ақау туралы хабарламамен рәсімдейді. Онда бұйымның атауы, ақау байқалған операциясы, кінәлілер және ақаудың туындау себептері, жарамай қалған бөлшектерге жаткызылған тікелей шығындарының сомасы көрсетіледі. Осы арада түзетуге келмейтін ақау бойынша кіріске алынуға жататын сынықтар мен бағалы қалдықтардың құны айқындалады.

      Ақаудың барлық түрлері бойынша келесі шоттардың  корреспонденциясы жасалады. Конструкциялар және бөлшектер" шотында есепке алынады. Өндірістің өзінде өндірілген шалафабрикаттарға  өнделіп бітпеген барлық еңбек өнімдері, яғни бір цехта жасалған және басқа цехтарда өнделуге тиісті бұйымдар жатады. Мысалы, қара металлургияда - өңделетін шойын; резина өнеркәсібінде - шикі резина мен желім; химия өнеркәсібінің азотты тыңайтқыштар комбинаттарында - күкіртті қышқыл; тоқыма өнеркәсібінде - иірілген жіп және кендір (шуда) жіп.

      Шалафабрикаттардың  есебі 8020 - "Өзіне меншікті өндірісіндегі шалафабрикаттар" деген активті инвентарлық шотта жүргізіледі, олардың бөлек есебін жүргізетін кәсіпорындарда өзі өндірген шалафабрикаттардың мөлшері және олардың қайда берілгені туралы ақпарат қорытындыланады. Егер де 8020-шоты қорытындыланбайтын болса, өндірістің өзінде өндірілген шалафабрикаттар аяқталмаған өндіріс ретінде 8010 - "Негізгі өндіріс" шотында есепке алынады.

      8020  шоты алдын ала мына шоттарда көрсетілген ақпараттарды жинақтауға (шолуға) арналған:

      8021  - "Материалдар" - материалдар құнының бір бөлігі ретінде өндіріске босатылған шалафабрикаттар;

      8022 - "Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы" - еңбек ақыға төленетін шығыстың бір белігі;

Информация о работе Өндірістік шығындарының есебі