Нарық жағдайында еңбекті төлеудің теориялық негізінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 18:06, дипломная работа

Описание работы

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..................................................................................................................6

Еңбекақы төлеудің функциялары мен қағидалары..........................................6
Еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.................................................11
Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудің құқықтық аспектілері............................................................................................................22

2 «АДАЛ» АҚ-ДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ТАЛДАУ....................................29

2.1 Қазақстандағы еңбекақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау...................29
2.2 « АДАЛ» АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы................................36
2.3 «АДАЛ» АҚ-да еңбекақы төлеуді ұйымдастыру жолдары............................43

3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................................................................................49

3.1 Еңбекақы төлеудің шет ел тәжірибесі............................................................49
3.2«АДАЛ» АҚ-да еңбекақы төлеудің дамыту тәсілдері….................................58

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ.............................................................70

Работа содержит 1 файл

Дип.-Кәсіпорында-еңбекақы-төлеуді-жетілдіру-жолдары.doc

— 765.00 Кб (Скачать)

- Бұл заттай төлем жұмысшының және оның жанұясының тұтынуына кетеді.

- Бұл төлем заңды және еңбекақыға тең болу керек.

Жұмыс берушілер қызметкерлердің  құқығын шектемеу керек. Кәсіпорынның  банкрот кезінде қызметкерлер  сол жағдайдың кредиторы болады. Мұнда жалақыны жұмысшыларға толық өтеу керек.

Қазақстанда мемлекеттік  реттеудің негізгі бағыттары:

- Халықты құқықты және әлеуметтік қорғау;

- Өмір сүру минимумы сай келетін жалақының минималды деңгейін құру;

- Шет ел жұмысшы күшінің кіруін реттейтін шаралар қолдану;

- Шаруашылық субъекті жұмысшылар жалақысына тиімді салық салу жүйесін құру;

- Зейнетақыны, стипендияны, қосымша төлемді есептеу үшін орнатылған есептеу көрсеткіштері;

- Кедейлік сызығын анықтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсету;

- Жекеменшігі түрлі кәсіпорында еңбекақыны құрудың заңды және методологиялық негізін құру;

Мемлекеттік ретеудің қағидалары болып төмендегілер табылады:

- Заңнамалық және және нормативтік актілер негізінде мемлекеттің жалақыны сатып алу қабілетінің төмендеуін ары қарай болдырмау;

- Еңбек ақының ынталандырушы функциясын орындауға мемлекеттік әсерді күшейту;

- Макроэкономикалық үрдіске әсер ету;

- Еңбек ақының минималды ставкаларын бекіту;                                                                                                                              

Еңбек ақының мемлекеттік  реттеу қажеттілігі Қазақстан экономикасында орнын көрсету және өнеркәсіпте  жалақыны өткізу функциясы, бұдан елдің  даму әлеуеті  байланысты. Ұлттық деңгейде жалақының үлкендігі және дифференциясы  өндірістің және тұтыну нарығының құрылымымен байланысты.

Біздің елімізде орташа номиналды жалақының тұрақты  өсуі байқалады. Мұнда көбіне негізінен  еңбекақы және сыйақы төлеуге негізделген.Төменде   көрсетілген кестеде орташа жалақының  динамикасы соңғы жылдары материалдық  өндіріс және қызмет көрсетумен тығыз байланысты.                                                                   

Қазақстанда еңбек ақы  төлеу ортасындағы реформаның негізі, ол күш ауырлықтың ортасы еңбек қатынастарының келісім-шарттық реттеу және азаматтық-құқықтық заңнамамен сақтауы болу керек.

«ҚР еңбек туралы заңын» құруының негізгі себептерін атап өтуге болады:

    1. ЕТЗК ескірген және нарықты экономика жағдайына тура келмеді және ол басқа қоғамдық нысагға бағытталған;
    2. ЕТЗК экономикалық нақты емес кепілдік пен жеңілдікке тола болды. Бұның нәтижесінде ЕТЗК жұмыс берушілер үшін тиімсіз болды.
    3. ЕТЗК-де әйелдер, жастардың жұмыс күші нарығында бәсеке қабілеттілігі төмен болды.

Сондықтан жұмыс істемеуші нормалардан босатылып, еңбек ортасында халықты белсенді позицияға бағытталу қажет болды.

«ҚР еңбек туралы заңы» 1999 жылы құрылып 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылды. Оның орнына  «Еңбек кодексі» 2004 жылы құрылып, 2005 жылдың 1 қаңтарынан  енгізілді. Бұл кодекс Қазақстан  Республикасының аумағында еңбек  қатынастарының, сондай-ақ еңбекке тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттейді.

 









 






 

2 – сурет -  Қазақстанда еңбек ақы төлеуді реформалаудың жолдары

 

Сонымен бірге осы  кодекс Қазақстан Республикасында  еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында,заңдарында және ҚР бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толық немесе ішінара) шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға қолданылады. 

Кодексте жұмыс уақыты түрлері мен ұзақтызы анықталған. Жұмыс уақыты қалыпты, қысқартылған және толық емес болады.

Жұмыс уақытының қалыпты  ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмыс беруші әрбір қызметкердің нақты істеген жұмыс уақытының есебінен жүргізугі міндетті.

Жұмыс уақытының қалыпты  ұзақтығы мынадай уақытқа қысқартылады:

  • аптасына 16 сағатқа – он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;
  • аптасына 5 сағатқа – I және  II топтағы мүгедек қызметкерлер үшін;
  • аптасына 4 сағатқа – он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі қызметкерлер үшін;
  • аптасына 4 сағатқа және одан артыққа – Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті), жұмыстарды атқаратын қызметкерлер үшін.

Қызметкер мен жұмыс  берушінің келісімі бойынша жұмысқа  орналасқан кезде, сондай-ақ жүкті әйелдердің, он төрт жасқа дейінгі  баласы бар (он алты жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) біреуінің, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтынадамның өтініші бойынша толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін. 

Жұмыс уақытының барынша  ұзақтығы 36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан, ал 30 сағаттық және одан да аз жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан асыруға болмайды.

Түнгі уақыттағы жұмысқа 22 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейінгі  уақыт жатады. Жұмыстың ұзақтығы түнгі  уақытта бір сағатқа азайтылады.

Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс негізіндегі  тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңмен Қазақстан Республикасының  барлық уақытына белгіленеді .

Ең төменгі жалақы мөлшеріне қосымша төлем мен үстем ақылар, сыйлық ақылар мен басқа да марапаттау төлемдері, сондай-ақ қалыптыдан ауытқушы жағдайларындағы жұмыстары үшін, ерекше климаттық жағдайлардағы және радиоактивтік ластану, экологиялық апат аумақтарындағы жұмыстары үшін төлемдер, өзге де өтемдік және әлеуметтік төлемдер енгізілмейді.

Ең төменгі күнкөріс көлемі жағынан бір адамға қажетті  ең төменгі тұтыны қоржынына тең  ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі  күнкөрісті есептеу тәртібі және оның көлемі Қазақстан Республикасының заңымен белгіленеді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында  жалақының қорын мемлекеттік реттеу ретінде әлеуметтік салық орын алады. Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, ерекше кәсіпорындар, заңгерлер төлейді.

ҚР жаңа Салық кодексіне сәйкес  оның мөлшері 26%-дан 22% дейін төмендеді. бірақта Президенттің ҚР үкіміндегі жолдауында 1.07.2001жылы қосылған салығы 20-дан 16%, ал әлеуметтік салық 21%-ға төмендеді. бұл адал жалақы беруге жол береді және ҚҚС мөлшерін төмендету отандық тауар өндірушілерге  өз табыстарын айналмалы құралдарға бағыттауға ұсынады. Жеке кәсіпкерлер салықты 3 айлық есеп көрсеткіші плюс жұмысшының 2 айлық есеп көрсеткішімен анықталады. Мұнда салық салу объектісі ретінде жұмыс берушінің шығындары, ол табыстың әр түрімен төленеді, төменгілерді есептемегенде:

-Жұмысшылардың зейнетақы қорына төленетін төлемі;

-Кәсіби оқу үшін мемлекеттік бюджеттен төлеу;

-Екі қабат әйелдерге төленетін әлеуметтік ақы

-Іс-сапарға төленетін компенсация

-Вахталық жұмыста  тұрмыс жайды жалға алуға кеткен шығын

-Дәрігерлік қызмет үшін материалды көмек.

Мүгедектер жұмыс істейтін арнайы ұйымдарда мүгедектер үшін әлеуметтік салық төлейді.

Еңбек ақы төлеудің тарифтік жүйесі өзіне: тарифтік ставкаларды (айлық ақы), тарифтік торды, тарифтік коэффициентті қосады. Орындалатын жұмыстардың күрделілігі оларды тарифтеу негізінде айқындалады. Жұмыстарды тарифтеу және қызметкерлердің тарифтік разрядтарды тағайындау жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің біртұтас тарифтік-біліктілік анықтамалығын, басшылық қызметтің, мамандардың және қызметкерлердің біртұтас біліктілік анықтамалығын ескере отырып жүргізіледі. Аталған анықтамалар мен оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте бекітіледі.

Еңбек кодексімен көзделген  орташа жалақының мөлшерін айқындаудың барлық жағдайлар үшін оны есептеудің бірыңғай тәртібі белгіленеді. Орташа жалақыны есептеу үшін осы төлем көздеріне қарамастан тиісті ұйымда қолданылатын төлем түрлерінің көзделген барлық жүйелері ескеріледі. Жұмыстың кез-келген режимінде қызметкердің орташа жалақысын есептеу оған нақты есептелген жалақыдан және төлеу алдындағы 12 айда нақты істелген жұмыс уақытынан туындап жүргізіледі.

Орташа күндізгі жалақысы демалыстарын және пайдаланбаған демалысы үшін өтем төлеу үшін соңғы 3 күнтізбелік  айды есептелген жалақы сомасын 3-ке және 29,6-ға (күнтізбелік күннің орташа айлық  саны) бөлу жолымен есептелінеді. Кодекспен көзделген жағдайларда жұмыс күндері берілетін демалыстарына төлеуге арналған, сондай-ақ пайдалынбаған демалыстарына төлеуге арналған орташа күндік жалақысы есептелген жалақы сомасын күнтізбелік алты жұмыс күндік апта бойынша жұмыс күндерінің санына бөлу жолымен айқындалады. Осы бөлімде еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздерімен айқын таныстық.

 

 

 

2 «АДАЛ» АҚ-да ЕҢБЕК АҚЫ ТӨЛЕУДІ ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстандағы  еңбек ақы төлеудің деңгейі  мен серпінін талдау

 

Еңбек ақы өмір сүрудің басты кепілденген қайнар көзі болып табылуда. Ол 2005 жылы табыстың 71% құрады. Жалпы ақшалай түсімдердің 11,4%-ын әлеуметтік трансферттер құрайды, сатулардың барлық түрінен түскен табыс-11,1%. Басқа да ақшалай түсімдер көздерінен -6,5%. Осы үшін еңбек ақының динамикасын терең талдау қажет.

Қазіргі уақытта еңбек ақы белгілеудің  барлық жүйесі іс жүзінде бөлек алып қаралған жұмыс берушінің іс жүргізуінде болып табылады. Осыған байланысты еңбек ақы жөніндегі процестер стихиялық мінездемеге ие болуда, ал жалақы жұмыс күші бағасы ретіндегі өзінің негізгі қызметін атқаруды қайта-қайта өндіру, ынталандыру және реттеу.

 «Маңыздылығы, күрделілігі жоғары  еңбек орташа қоғамдық еңбекпен  салыстырғанда күрделі еңбек  күшінің пайда болуы, оның құрылуы көп шығындары керек ететіндігі, осыған орай, оның бағасы да қарапайым еңбекке қарағанда жоғары болады. Егер осы күштің бағасы жоғары болса, онда ол жоғары еңбекпен түсіндіріледі және бірдей уақыт аралығында  іске асады». Жоғарыдағы жазылғанды ескеріп, еңбек ақы өзгешеліктерінің салдарына күрделі және қарапайым еңбектен басқа жұмыстың өндірістік-техникалық жағдайларын және табиғи-климаттық, экономикалық жағдайларды жаиқызу керек. Қарастырылған факторларға байланысты еңбек ақының өзгешеліктерінің ғылыми дәлелдеріне байланысты бірдей еңбекке сәйкес ақы төлеу қағидасының іске асқанын айтуға болады. Осыған  байланысты Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеудің сәйкестігін талдау керектігі туындайды, соның ішінде, республиканың салалары мен аймақтарында. 

Мемлекеттің жалақыны аймақтық деңгейде реттеу саясаты территориялық айырмашылықтар мен аймақтық коэффициенттерді белгілеуді анықтаудан тұратыны белгілі, ол негізгі жалақыны толықтырып, әділетті еңбек ақы қағидасын қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер мен жұмысшылар рөлі, олар әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде жалақы проблемаларын шешу үшін оларды территориялық өзгешеліктерін біріктіруде жатыр.

Салалық аспектіде еңбек ақы  өзгешелігінің талдауы тағы да республикада еңбек ақы көлемінің өзгешеліктерінің тенденциясының күшеюін көрсетеді. Бұны біз 2 кестеден көре аламыз.

 

  1. - кесте - ҚР-ның экономика салалары бойынша орташа айлық жалақы                         

(тенге)

Экономикалық қызмет түрлері:

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2004ж %

2003 ж-ға

2005 ж %

2004 ж-ға

Орман және балық шаруашылығы

9567

11978

17720

125,2

147,9

Өнеркәсіп

29585

33465

46786

113,1

139,8

Тау-кен өндірісі

45594

54305

66992

119,1

123,3

Өңдеуші өндіріс

24823

30234

36780

121,7

121,6

Электр қуат, газ, су өндіру және қайта бөлу

233369

26889

32099

115,0

119,3

Көлік және байланыс

34140

41637

48663

121,9

116,8

Қаржылық қызмет

55207

64532

70784

116,8

109,6

Білім беру

14406

17964

23434

124,6

130,4

Жылжымайтын мүліктер жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсету

36624

40628

57580

110,9

141,7

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

12112

15195

21204

125,4

139,5

Басқа да коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер 

24175

29510

48982

122,06

162,9

Мемлекеттік басқару 

18045

26031

32323

144,2

124,1

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

40012

44905

51770

110,2

115,2

Құрылыс

34470

38622

55342

112,0

143,2

Информация о работе Нарық жағдайында еңбекті төлеудің теориялық негізінде