Муниципалды қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:34, курсовая работа

Описание работы

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.

Содержание

Кіріспe……………………………………………………………………………...3
І ҚР-ның муниципалды құрылымындардағы бюджет………………………….4
1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы, құрылымы………………………....4
2Шет елдердегі жергілікті қаржының ерекшеліктері………………………....12
ІІ ҚР муниципалды құрылымдырдағы бюджеттің қазіргі жағдайы………….17
1 Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің көлемімен құрылымы………………………………………………………………………...17
2 Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері шығыстарының көлемі мен құрылымы…………………………………………………………………...19
3Астана қаласының жергілікті бюджеті……………………………………….22
ІІІ ҚР-ның жергілікті бюджетінің аймақтарды дамытудағы рөлі……………25
1 Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы …………………………....25
2 ҚР жергілікті қаржы мәселелері және оны шешу жолдары…............……...27
Қорытынды………………………………………………………………………31
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………..32

Работа содержит 1 файл

иманова.docx

— 104.30 Кб (Скачать)

Республикалык, маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң  құрамында қаладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында қаладағы ауданның аудандық маңызы бар қаланың кенттiң ауылдық (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:

қаладағы ауданның аудандық маңызы бар қаланың кенттiң ауылдық (селоның) ауылдық (селолық) округтікүкiмi аппаратының жұмыс icтeyi шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру азаматтық хал актiлерiн тipкey жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету мектепке дейiнгi тербие беру мекемелерiн материалдық техникалык қамтамасыз ету ерекше жағдайларда сырқаты ayыp адамдарды дәрiгерлiк көмек көpceтeтін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру, мұқтаж азаматтарға үйiнде әлеуметтiк көмек көрсету, елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету, жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу, елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру,мәдениет мекемелерiн материалдық -техникалыққамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.

Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарында әлеуметтiк инфрақұрылымдарды - бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтiк корғауды қаржыландыру (51,1%), экономикалық салалардан – көлiкке және байланысқа жұмсалған шығыстар басым болып отыр .

Қорғанысқа жұмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтыққорғаныс (төтенше оқиғалар кезiнде) пен әскери комисариаттардың шығындарын к,аржыландыруды бiлдiредi.

Ресми трансферттерде - жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшiн жергiлiктi бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары.

Бюджеттiкалынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесiне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегiден жоғары салык, базасы және тиiсiнше салық түсiмдерiнiң жоғары деңгейi бар облыстарда болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiңәлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiн теңестiру үшiн пайдаланылады.

 

2 кесте-Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттерішығыстарының көлемі мен құрылымы (2010 ж)

 

Шығыстардың функциялық топтарының атауы

Млн

%

ІІ.  ШЫFЫСТАР 

979992

100

ШЫFЫСТАР

972831

97

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттiк  қызметтер көрсету 

61220

8,8

2. Қорғаныс

1253

5,4

3. Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк 

37773

4,3

4. Бiлiм беру 

430976

14,6

5. Денсаулық сақтау 

94112

9,1

6.Әлеуметтiк к:амсыздандыру және әлеуметтiк көмек

70145

8,3

7.Тұргын үй-коммуналдық шаруашылығы

74544

8,5

8. Мәдениет, спорт, туризм және  ақпараттық кеңестік

55498

6,2

9.Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

1876

1,1

10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы  және қоршаған ортаны қорғау 

5486

2,9

11. Өнеркәсiп және құрылыс 

9036

4,3

12. Көлiк және байланыс 

8501

3,9

13. Басқалар 

65887

16,2

14. Борышқа қызмет көрсету 

11170

11,3

15. Ресми трансферттер

157650

29,9

Несиелер

17162

22,1

Ескертпе: www.minfin.kz


 

 

Жеке  функциялық топтар бойынша мемлекеттiк  бюджет шығыстарындағы жергiлiктi бюджеттер  шығыстарының үлесiнде әлеуметтiк - тұрмыстық инфрақұрылымды қаржыландыру бағыттары бойынша ол басым орын алады.

Жергiлiктi деңгейдегi қаражат түсiмдерi мен  жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әлеуметтiк-экономикалық даму дәрежесiн анықтайтын мынадай  факторларға байланысты: өндiрiстiк  объектiлердiң болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтiк және тұрмыстық инфрақұрылым объектiлерi, бөлiнiс мертебесi, халықтың жиiлiгi, табиғат-климат жағдайлары және т.с.с.

Бюджеттердi қалыптастыру жергiлiктi өкiлеттi органдар әзiрлейтiн жергілікті бюджеттікбағдарламалар негiзiнде жүзе асырылады. Жергiлiктi бюджеттiк бағдарамаларды қаржылық негiздеу және iскe асыру - жергiлiктi бюджеттiк бағдараламалардың әкiмшiлерiне - жергiлiктi атқарушы органдар мен оларға бағынышты мемлекеттiк мекемелерге жүктелген.

Жергiлiктi атқарушы органдардың заңды және жеке тулғалардың сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінен (республикалық бюджеттен кредит алу жолымен) үкiметпен келiсiлген аймақтык, инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн қарыз қаражаттарын алуға құқығы бар. Қарыз алу жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару немесе қарыз алу нысанында жүзеге асырлады олардың тәртiбiн үкімет анықайды.

Бюджеттiк  бағдарламаларға кiрiктiрiлетiн мемлекеттiк  мекемелер шығыстарының сметаларын жергiлiктi атқарушы органдардың қаржылык, рухсаттарына сәйкес осы мекемелердiң басшылары атқарады.

Бюджеттiк  шешiмдер к,абылдауды оңтайландыру сметаларды нөлдiк негiзде жасау және бюджеттердi жоспарлау, бағдарламалау (БЖБ) жүйесiн пайдалану әдiсi арқылы мүмкін.

Бюджеттердi нөлдiк негiздежасау әдiсi мынада: жыл сайын жаңа смета жасалынады, ал бюджеттiк мекеме өзiнiң бағдарламасын толық негiздеуi және басымдықтарды анықтауы мiндеттi.

БЖБ әдiсi ұйымдық шаралар мен әр турлi мекемелер  арасында ресурстарды бөлудiң қандай ұштастырылуы нәтижелiктiң ең жақсы  керсеткiштерiне жетуге, ең жоғары дәрежеде жәрдемдесетiнiн анықтау үшiн бюджеттiк  бағдарламаларды өлшеуге epeтін натижелерiн  қаржыландыру үшiн пайдаланылады. Бюджет pәciмi тиiмдiлiк өлшемiне негiзделуi мүмкін.

 

 

2.3Астана қаласының жергілікті бюджеті

 

Жергілікті  бюджеттің жергілікті әлеуметтік проблемаларды  шешудегі орны ерекше. Олардан әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік қамсыздандыру, оқу  жүйесінің бағдарламалары, денсаулық  сақтау бағдарламасының негізгі  бөліктері қаржыландырылады. Сондықтан  жергілікті бюджеттер мемлекеттік  бюджеттің басты құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тікелей қатысады.

Астана  қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы  № 284/42-IV Шешіміне сәйкес:Астана қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті, оның ішінде 2010 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілген:

1) кірістер  – 271 465 492,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық  түсімдер бойынша – 67 422 136,0 мың теңге;

салықтық  емес түсімдер бойынша – 1 801 319,0 мың  теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша – 8 083 600,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 194 158 437,0 мың  теңге;

2) шығындар  – 265 778 895,4 мың теңге;

3) қаржылық  активтермен жасалатын операциялар  бойынша сальдо – 25 324 793,0 мың  теңге, оның ішінде:

қаржылық  активтерді сатып алу – 10 307 300 мың  теңге;

4) бюджет  тапшылығы (профициті) – (-19 613 196,4) мың теңге;

5) бюджет  тапшылығын қаржыландыру (профицитті  пайдалану) (-19 613 196,4) мың теңге;

6) қарыздар  түсімі бойынша – 9 300 000 мың  теңге;

7) Бюджет  қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 12 549 696,4 мың теңге;

Жоғарыда  көрсетілген жоспарға сәйкес Астана қаласының 2010 жылғы бюджетінің кіріс бөлігі 100,2%-ға орындалды.

2010 жылғы  Астана қаласының бюджеті трансферттерді, займдарды, бюджеттік кредиттердің  өтеуін қоса алғанда  289 795,5 млн.теңге  түсті, немесе жоспардағы 289 229,1 млн.теңге  100,2% орындалды, оның ішінде: нысаналы  трансферттер – 200 182,7 млн.теңге,  кредиттер – 9 300,0 млн.теңге, бюджеттік  кредиттерді өтеу - 25,0 млн.теңге,  меншікті кірістер – 80 287,8 млн.теңге.[9]

Нәтижесінде, меншікті кірістің жалпы көлемі 80 287,8 млн.теңгені құрады, немесе 77 307,1 млн.теңге  жоспардың 103,9%, оның ішінде: салық түсімдері  бойынша кіріс көздерінің 87,2 % құрайды, түсімдер 69 877,2 млн.теңгені немесе жоспардың 103,9% құрады (қосымша түскені 2 455,0 млн.теңге); салықтан тыс төлемдер бойынша – 2 054,2 млн.теңге немесе 1 081,3 млн.теңге жоспардың 114,0 % (қосымша 252,9 млн.теңге түсті); негізгі капиталды сатудан түскен кірістер бойынша – 8 356,4 млн.теңге немесе 8 083,6 млн.теңге жоспардың 103,4 % (қосымша түскені 272,8 млн.теңге).

Барлығы меншікті кірістер бойынша жоспар 2 980,7 млн.теңгеге артығымен орындалды (жоспарланғаны 77 307,1 млн.теңге, орындалғаны 80 287,8 млн.теңге).

2009 жылғы  бюджеттің орындалу нәтижесімен  салыстырғанда (87,6 %) ағымдағы жылда  бюджеттік қаражатты игеру бойынша  оң динамика байқалады, жоспарланғаны  301 778,8 млн.теңге, шығындар 287 740,8 млн.теңге  сомасында атқарылды немесе 95,3%. 2010 жылдың сәуір айынан бастап  бюджеттік сала қызметкерлеріне  еңбекақы төлемін 25%  өсіру  қамтамасыз етілді.

Қаржы басқармасы бастығының баяндамасында экономиканы  тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы  шаралар шеңберінде республикалық  бюджеттен 27 043,0 млн.теңге алынды делінген. Оның ішінде «Жол картасын» іске асыруға 9 592,5 млн.теңге, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуге 16 850,8 млн.теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдау және «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға 599,7 млн.теңге бағытталды.

«Жол  картасын» іске асыру шеңберінде халықтың жұмыссыздар қатарынан 3280 қызметкер жіберілді және жұмысқа  орналастырылды.

Кәсіптік  даярлау және кадрларды қайта  даярлау курсына 4817 адам жіберілді, 1937 адам оқуын аяқтады, 1408 адам жұмысқа  орналастырылды.

Әлеуметтік  жұмыс орындары мен жастар практикасына 2389 адам қамтылды, оның ішінде 673 адам үшін әлеуметтік жұмыс орны құрылды, жастар практикасына 1716 оқу бітіруші жіберілді.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша  бюджеттік қаражаттардың бос  қалдықтары 14 604,4 млн.теңгені құрады, бұл қаражат 2010 жылдың бірінші тоқсанында елорданың дамуына бағытталды.

2011 жылға  Астана қаласының бюджеті 12 182 687 мың теңгеге көбейту жағына  өзгертілді. Бұл мәселе Мәслихаттың  кезектен тыс сессиясында талқыланды. Осылайша, 9 ақпандағы жағдай бойынша  Астана қаласының 2011 жылға нақтыланған  бюджетінің жалпы көлемі 233 610 433 мың  теңгені құрап отыр.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104,106 баптарына сәйкес бұл мәселе мәслихат сессиясының талқылауына  шығарылды. Аталған баптарға сәйкес, бюджетті нақтылау арқылы жыл басына игерілмей қалған бюджет қаражатын  ағымдағы жылғы шығындарды қаржыландыруға жұмсауға болады.

Республикалық бюджеттен 2010 жылға бөлінген мақсатты трансфертті игеру нәтижесінде  игерілмей қалған трансферттер көлемі 3 811 581 мың теңге болып отыр. Астана қаласының әкімдігі 2010 жылы бөлінген 2 518 453 мың теңге сомасындағы пайдаланылмаған  трансферттерді 2011 жылы игеру жөнінде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына енгізу туралы Қазақстан  Республикасының Қаржы министрлігіне  ұсыныс жіберді. Пайдаланылмаған трансферттердің 1 293 146 мың теңге көлеміндегі қалған сомасын республикалық бюджет пайдасына  қайтару қажет. Оның айтуынша, 96 753 мың теңге сомасы 2008 жылғы мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған сомаларын қайтару үшін жергілікті бюджет пайдасына қайтарылды. Сондай-ақ жалпы сомасы 6 953 860 мың теңгені құрайтын 2009, 2010 жылдардағы пайдаланылмаған несие қалдықтарын жүзеге асыру көзделіп отыр.

2011 жылғы  Астана бюджетін нақтылау жобасында  жергілікті бюджеттің 3 838 926 мың  теңге көлеміндегі бос қалдықтарының  қалған сомасы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салалары  мен қаланы абаттандыруға бағытталды.

Сонымен қатар, нақтыланған бюджет жобасында  бюджет қаражатын игеруге жасалған мониторинг нәтижесінде жекелеген  бюджет бағдарламалары бойынша жылдық жоспарлық тағайындаулар қайта  қарастырылды. Ол ішкі қайта бөлу арқылы жүзеге асырылып отыр. Олар әлеуметтік сала мен елорда дамуындағы шұғыл  шараларды шешуге бағытталып отыр.[10]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ҚР-НЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТІНІҢ АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

 

3.1  Арнаулы экономикалық аймактардың қаржысы

 

Нарықтық  экономикада әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң  аумақтарында  экономикалық және әлеуметтiк  қызметтi неғұрлым кең  ырықтандыру  арқылы оларды дамытудың өзiндiк  ұйымдықэкономикалық әдiстерi кең тapaғaн. Бұл әдiстер epкін немесе арнаулы экономuкалык, аймақтар түрiнде экономиканы дамытудың нарықтық жолын таңдап алған елдерде кеңінен дамыған. Экономикалық қызмет еркiндiгiнiң дережесi әр түрлi болуы мүмкін, сондықтан атауларда: epкін сауда аймағы, epкін кеден аймағы, қосалқы аймақ және т.с.с нұсқаулар болуы мүмкін экономикалық ырықтандырудың шектi нұсқасы оффшорлык, аймак, немесе аумак, болып табылады.

Арнаулы (epкін) экономuкалық аймақ (АЭА) дегенiмiз  аймақ  аумағының әлеуметтiк-экономикалық дамуын тездету үшiн шетелдiк капиталды, үдемелi (прогрессивтi) шетелдiк технология мен басқару тажiрибесiн тарту мақсатында құрылған белгiлi бiр әкiмшiлiк шекаралары және айрықша құқықтық режiмi бар арнайы түрде белiнген аумақ.

АЭА-ны құру аймақ экономикасын сауықтыруға, маңызды микроэкономикалық мiндеттердi шешуге - өндiрiстi тұрақтандыруға және оны улғайтуға, шаруашылықты жаңғыртуға, iшкi рынокты жоғары сапалы тауарлармен толықтыруrа бағытталған. Қосымша шетелдiк капитал мен озық технологияны тарта отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын кеңейтуге, жергiлiктi жұмыс күшiнiң бiлiктiлiгiн apттыруға маркетинг жане менеджмент саласындағы тежiрибенi сатып алуға мумкiндiк туады.

АЭА аумағында  отандық және шетелдiк заңи ттулrалар мен азаматтардьщ шаруашылық қаржы және өзге қызметiнiң кез келген түріне (заңнамамен тиым салынған түрлерiне басқасы рұхсат етiледi. Отандық заңи тұлғалар (энергетикалық және көлiк жүйелерiне жататаныдарынан басқасы) аймақта дербес және ведомстволык, бағыныштығына қарамастан тәуелсiз ұйымдар болып табылады. Аймақтан тыс орналасқан заңи тұлғалар аймақ аумағында өздерiнің филиалдары мен жаңа кәсiпорындарын құралады.

Қазақстанда АЭА жұмысының тәжiрибесi бар: тiптi 1992ж. әр түрлi облыстарда бiрнеше аймақтар құрылған болатын, бiрақ олардың жұмыс iстеуі тауар-ақша ауқымының қозғалысына толық бақылаудың жоғалуы және әкiмшiлiк-аумақтың бөлiнiстердiң экономикалық дербестiгiн алуы тұрғысынан орталық билiктi қанағаттандырмады,  аймақтар таратылды.

1996 жылдан  АЭА-ның(Қызылорда, Ақмола, Лисаков) ic-әpeкетін жаңғырту аймақты дамытудың бұл тиiмдi жолының жұмыс iстеу тетiктерiн жақсартуға мүмкiндiк бердi, бiрақ 1998 жылдьщ аяrынан бастап басқару мен қаржыны орталықтандыpyғa белгiленген бет бұрыс бұл аймақтардың өмір cүpyiн алдын ала шештi. Қазiргi уақытта Қазақстанда eкi АЭА - Ақтауда және Астанада жұмыс iстейдi, олар қысқа мерзiм iшiнде бiрқатар жаңа өipicтер құpуғa мумкiндiк бердi. Астана қаласында оның мемлекет астанасы ретiндегi айрықша мәртебесiне байланысты салықтарды бөлу, өндiрiстiк-техникалық арналым заттары мен тауарлары импортының жеңiлдетiлген тәртiптемесi сақталынған. Елде ақпараттың технологиялардың жаңа экспортқа бағдарланғaн және импорт алмастырушы саласын құру мен Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлуетiн неғурлым толық пайдалану мақсатында 2013 жылғы қазанның 1-iне дейiнгi кезеңге "Ақпараттың тенологиялар" паркi арнаулы экономикалық аймағы құрылған.

Информация о работе Муниципалды қаржы жүйесі