Муниципалды қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 09:34, курсовая работа

Описание работы

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.

Содержание

Кіріспe……………………………………………………………………………...3
І ҚР-ның муниципалды құрылымындардағы бюджет………………………….4
1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы, құрылымы………………………....4
2Шет елдердегі жергілікті қаржының ерекшеліктері………………………....12
ІІ ҚР муниципалды құрылымдырдағы бюджеттің қазіргі жағдайы………….17
1 Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің көлемімен құрылымы………………………………………………………………………...17
2 Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері шығыстарының көлемі мен құрылымы…………………………………………………………………...19
3Астана қаласының жергілікті бюджеті……………………………………….22
ІІІ ҚР-ның жергілікті бюджетінің аймақтарды дамытудағы рөлі……………25
1 Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы …………………………....25
2 ҚР жергілікті қаржы мәселелері және оны шешу жолдары…............……...27
Қорытынды………………………………………………………………………31
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………..32

Работа содержит 1 файл

иманова.docx

— 104.30 Кб (Скачать)

Облыстың  бюджеті олардың арасындағы өзара  өтемелі операцияларды ескерместен  облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің жиынтығы болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет қаражатының  жалпы көлемінің кірістер бойынша  шамамен 30%-ын және шығыстар бойынша  – шамамен 48%-ын алады.

Жергілікті  бюджеттерді қалыптастырудың олардың  өз бетімен жұмыс істеуінің үш деңгейі бойынша өз ерекшеліктері  бар: облыстық бюджет деңгейінде, республикалық  маңызы бар қала мен астананың  бюджеті деңгейінде және аудан бюджеті  деңгейінде. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің  кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін  салық түсімдері Бюджет және Салық  кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне  сәйкес республикалық бюджетке түсетін  салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.

Жергілікті  бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден  ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіреді.

Мыналар:

- аудандардың (облыстық маңызы  бар қалалардың) бюджеттерінен облыстық  бюджетке трансферттер;

- республикалық бюджеттен трансферттер  жергілікті бюджетке трансферт  түсімдері болып табылады.

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне  республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді  өтеуден, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың коммуналдық  меншігінде тұрған мемлекеттің қаржы  активтерін сатудан, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түскен түсімдер есептеледі.

Мыналардың:

- облыстың;

- республикалық маңызы бар қаланың;

- астананың,

- ауданның (қаланың),

- қаладағы ауданның,

- аудандық маңызы бар қаланың,

- кенттің, ауылдың (селоның),

- ауылдық (селолық) округтің бюджеттік  бағдарламалары жергілікті болып  табылады.

Облыстық  бюджеттің шығыстары облыстық деңгейдегі билік органдарының функцияларына  сәйкес шығыстардың бағыттары бойынша  жүзеге асырылады.

Облыстық  деңгейдегі жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың жұмыс істеуіне; облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлауға; облыстың деңгейінде бюджеттік жоспарлауға; облыстық бюджеттің  орындалуын ұйымдастыруға; облыстық коммуналдық  меншікті басқаруға  жұмсалатын шығындар жалпы сипаттағы мемлекеттік  қызметтерді қамтамасыз ететін шығыстарға жатады.

Жергілікті  қаржының әлеуметтік – экономикалық мәні жалпымемлекеттік қаржыға ұқсас.Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың  сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік  – аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиімті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерінің белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне,төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.

Өркениетті  батыс елдерінде жергілікті қаржы  мемлекеттің  қаржы ресурстарын  қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде  олар мемлекеттік бюджеттің жалпы  жүйесіне кірмейді.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің көрінісін тапқан. 

«Бюджеттік  бөлініс» салықтар мен алымдардың әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда   корпорациялық табыс  салығы түгелдей ресбубликалық бюджетке, ал акциздер, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергілікті бюджетке қалдырылады. Бұл әкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынатын айыппұлдар республикалық  және жергілікті бюджеттер арасында тепе-тең бөлінетін болды.

Нарықтық  экономикаға өту және тиісті экономиалық  реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары өздерінің  құзыры мен дербестігін арттыруға  объективті түрде ұмтылады. Бұл эвллюция ең алдымен республикалық билік  өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге қтуі тиістілігінде  көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының  аумақтық субъектілері болып табылатындықтан  биліктің жергілікті органдары өз аймағының  халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждықтары  мен тілектеріне жауапты өздерінше  іздестіру тиіс.

1994 жылға  дейін Қазақстанда 3045 жергілікті  бюджеттер болған еді; 1994 жылдың  басынан жүргізілген бюджет жүйесін  орталықтандыруға байланысты 2500 жергілікті  бюджеттер – селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджетжүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырцдың дәрежесі едәуір бәсеңсіді.

Аймақтардың шаруашылық қызметінің ұлғаюя республикалық  және жергілікті бюджеттердің өзара  қатынастарының проблемасына, жергілікті бюджеттердің мемлекеттік қаржыландырудағы және оны жүзеге асыру нысандарындағы қажеттіліктерін дұрыс ұйымдастыруға  жаңа көзқарасты талап етеді.

Осыған  байланысты түрлі деңгейлердегі  бюджеттер арасындағы бюджеттік  құқықтарды айқын шектеу және орталық  пен аймақтардың бюджеттік мүдделерін теңестіру туралы мәселе айрықша  мәнділікке ие болып отыр.

Қазақстан Республиксындағы бюджеттер арасындағы жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында  тұр, оның оңтайлы механизмі іздестірілуде.

Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік  басқару мен бекітіліп  берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты  бөлуді қажет етеді.

Жергілікті  қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы  қызметінің қаржы базасы болып табылатын  жергілікті бюджеттерге маңызды  рөл беріледі.

Жергілікті  бюджет(әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың )бюджеті.

Бюджет  кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылған және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті болып табылады.

Бюджет  заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын  және ауданның (облыстық маңызы бар  қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы ( облыстық маңызы бар қаладағы ) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала )бюджеті болып табылады.

Жергілікті  бюджет-бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік  жасайтын және билік басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасны жасауды  қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың  жиынтығы.

Жергілікті  бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану  өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекекелері арасындағы,бюджет жүйесінің буындарй арасындағы, мемлекетпен халық арасындағы қоғамдақ өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті  бюджеттердің экономикалық мәні олардың  мынадай арналымында көрінеді:

-билік  пен басқарудың жергілікті органдарының  ақша қорларын қалыптастыру;

-бұл қорларды  жергілікті деңнейлегі инфрақұрылым  салалары мен халықтың арасында  қайта бөлу.

Жергілікті  бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы  қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтық экономиалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резерфтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп  жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейде экономикалық және әлеуметтік мәндеттерді  жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Жергілікті  жерлердегі бюджеттің бекітілу тәртібіне  келетін болсақ, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы  тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

Облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қаланың, астананың бюджетін тиісті мәслихаттар Президент республикалық  бюджет туралы заңға қол қойғаннан  кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей  бекітеді.

Егер мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің  жергілікті атқарушы органының кезекті  қаржы жылының бірінші тоқсанына  арналған жергілікті қаржы жоспары  туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы  жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау  жөніндегі жергілікті уәкілетті  орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші  тоқсанына арналған жергілікті қаржы  жоспары республикалық бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей  кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы  жоспарын бекіту кезінде осы қаржы  жылына арналған жергілікті бюджет сол  жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей  бекітілуге тиіс.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін  бекіту туралы шешімдерді қабылдағаннан  кейін бір апта мерзімде мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті органға және бюджеттің  атқарылуы жөніндегі орталық  уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде сәйкестендірілген  облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын  жоспарлы жылға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

Қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың кезекті қаржы жылының  бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешімімен  бірге жергілікті бюджет туралы мәслихаттың  шешімі республикалық бюджет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

1.2 Шет елдердегі жергілікті қаржының ерекшеліктері

 

Әлемдегі  өркениетті елдердің бюджет жүйесі бұрынғы  Кеңес Одағындағы тәжірибеден өзгеше.Оларда бюджет жүйесіне орталық әкімшілік, аймақтар, жергілікті билік органдарының және әлуеметтік қамтамасыз ету бюджеттері кіреді. Бюджет жүйесінің барлық буындары бір-бірінен және орталық әкімшілік(үкімет) бюджетінен бөлек.Олардың  араларындағы тура не болмаса кері байланыстар бір бюджеттен екінші бюджетке аударма (трансферт) арқылы жүргізіледі.

Әр деңгейдегі бюджеттің міндеттері анық белгіленген. Орталық әкімшілік бюджеті бүкіл мемлекеттік шығындар мен бағдармаларды (қорғаныс, басқару, аппарат, күрделі ғылыми зерттеулер,т.б.) қаржыландырады. Жергілікті бюджеттер ең алдымен әлеуметтік –экономикалық, тұрғын үй(коммунальды) шаруашылығы, жергілкті көлік, сол сияқты басқа да ақсаттрады қаржыландыру үшін жауапты. Әлеуметтік қамту қорлары бюджетінен халыққа зейнет және басқа жәрдем беріледі.

Әр елдерде олардың мемлекеттік құрылымы, көлемі, әкімшілік –аумақтық бөлімі, саяси, тарихи, ұлттық мәдени, дәстүрлері мен ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік басқару және бюджет жүйесі буындары арасындағы өкілеттік бөлу қағидалары бірінен-бірі өзгеше болуы мүмкін. Тіпті әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы   міндеттердің бөлінуі мемлекеттік биліктің орталықтандыру немесе орталықтандырмау  деңгейіне байланысты деуге болады. Керісінше, елдің бюджет орталықтандырылған немесе орталықдырылмағанның көрсеткіші ретінде елдің жалпы жинақ бюджетіндегі орталық үкімет бюджетінің , сонымен қатар жергілікті  билік органдары бюджетіндегі үкімет бюджетінің трансферт үлестері саналады. Бірқатар мемлекеттерде орталық үкімет бюджетінің үлесі 30-35! шамасында, басқа сөзбен айтсақ, мемлекеттің қаржы қорының үштен бірі орталықтың қолында болса, ал көпшілігінде орталық бюджеттің үлесі молырақ жинақ бюджеттің үлесі молырақ жинақ бюджеттің 50-60!-не дейін жетеді. Әртүрлі елдерде орталық бюджеттің   үлесі мұндай бірінен бірі  алшақ болуы әртүрлі себептерге, соның ішінде мемлекеттік құрылымның формасына да байланысты болып келеді .

Информация о работе Муниципалды қаржы жүйесі