Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 14:05, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты; мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасы тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті;мемлекет-басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысан көрсету.

Содержание

I Кіріспе...............................................................................................................3
II Негізгі бөлім
1. Мемлекет механизм ұғымы және теориялық негіздері
1.1Мемлекет механизмінің ұғымы,ұйымдастырудың және қызметінің принциптері..........................................................................................................5
1.2 Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны......................................................................................................................6
1.3 Мемлекет механизмінің маңызды буындарының сипаттамасы.........................................................................................................7
2 Мемлекеттік аппарат мәні,функциялары
2.1Саяси жүйе түсінігі,жіктелуі,элементтері…………………......................11
2.2 Мемлекеттік аппарат түсінігі,принциптері,мақсаттары………………..14
2.3 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары…………………………………………………………………….18
3 Қазақстандағы билік жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік билік органындағы заң шығарушы органның құрылымы және атқаратын қызметі……………………………………………................20
3.2 Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары.................22
3.3 Қазақстандағы сот билігі…………………………………………………26
III Қорытынды..................................................................................................29 IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................31

Работа содержит 1 файл

насырова.docx

— 76.15 Кб (Скачать)

Министрліктерге  өздеріне тапсырылған басқару салаларын, ғылыми-техникалық прогресті одан әрі  дамытуға, мемлекеттің осы салаларындағы  барлық өнімдерінің түрлеріне сұраныстарын  анағұрлым толық қанағаттандыруға жағдайы үшін жауапкершіліктер артылады. Министрліктер өздеріне тапсырылған  салаға басшылық  жасайды, өздеріне  берілген құқықтар шегінде барлық сұрақтарды шешуге өкілетті, өз қызметінде сала аралық мәселелерді шешуде  әне әзірлеуде  басқа министрліктер мен ведомстволармен  байланыс жасап және іскерлік ынтымақтастықты  жүзеге  асыруға арналған.

Министрліктерге әртүрлі  өкілеттіліктер берілген, мысалы, қандайда  бір қызметпен айналысуға рұқсат береді (лицензия), әртүрлі объектілерді тіркейді, қадағалау және бақылау  функцияларын  жүзеге асырады (қаржылық бақылау), шаруашылық қызмет, құқық  қолданушылық қызмет және т.б.

ҚР Агенттігі - ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқару органы болып табылады.  Премьер-министрдің  ұсынысы бойынша  ҚР Президенті құрады, қайта құрады және таратылады. Агенттік тиісті саланы басқарады, сала аралық және өзге де  басаруды, арнайы және рұқсат берушілік функция атқарады.Агенттіктің  құрылымын оның жетекші төрағасы бекітеді және ереже бойынша департамент  пен басқармалардан тұрады. Агенттіктің  актісі - агенттік төрағасының бұйрықтары болып табылады.

Ведомство -  бұл жекелеген  сала аралық, басқарушылық немесе министрліктің  шегінде арнайы салалық  функцияларды  атқаратын орган. Көбінесе рұқсат берушілік, бақылаушы және қадағаулаушы функцияларды  атқарады. Ведомстволарды екі негізгі  топқа бөлуге болады: 

а) үкімет жанынан құрылған - ұны ҚР Президенті құрады, қайта  құрады және таратады;

б) министрліктер құрамында  құрылатын және әрекет ететін - бұны ҚР Президенті де және Үкіметі де құрады, мысалы, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің  Комитеті.

ҚР Президенті - жеке дара ең  жоғарғы мемлекеттік  орган  болып табылады. ҚР Конституциясына  сәйкес  ҚР Президенті  Қазақстан  Республикасының  ел басы болып табылады және адам мен азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарының кепілі болып  табылады, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы  саясатының негізгі бағыттарын  белгілейтін, Қазақстанды ел ішінде, сондай-ақ халықаралық қатынастарда  білдіретін ең жоғарғы  лауазымды  тұлға болып табылады. ҚР Конституциясында белгіленген тәртіпте ҚР егемендігін, оның тәуелсіздігін және мемлекеттік  біртұтастығын  қорғау бойынша шаралар  қабылдайды. Мемлекеттік  биліктің барлық тармақтарының келісімді  қызмет етуін,  билік органдарының халық алдында жауаптылығын қамтамасыз етеді. ҚР Президенті конституциялық заңға  сәйкес рспубликаның  кәмелеттік жасқа  толған  азаматтарымен жалпы, тең  және тура  сайлау негізінде  құпия  дауыс беру жолымен 7 жылға  сайланады. ҚР Президенті болып 35 жасқа толған республикада туған,  мемлекеттік  тілді жетік меңгерген,  Қазақстанда  ең кемінде 15 жыл тұрған  азамат бола алады. Бірақта азамат екі реттен артық сайлана алмайды.  ҚР Президенті  ауырған жағдайда  ұзақ уақыт  еңбекке жарамсыз болған кезде  лауазымынан  өзінің міндеттерін атқарудан босатылуы  мүмкін. Жаңа ҚР Президентін кезектен тыс сайлауы  ҚР Президентінің  өкілеттілігін мерзімінен бұрын  тоқтатылған сәтінен бастап екі  ай мерзімінде өткізілуі тиіс.

 Жергілікті атқару  органдары. ҚР әкімшілік - территориялық  құрымына сәйкес атқарушы билік   әкімдермен басқарылатын оның  органдарымен жүзеге асырылады.

Әкім - сәйкес әкімшілік - территориялық  бірліктің  жергілікті атқару органын  басқаратын лауазымды тұлға және  Президент пен  Үкіметтің өкілі  болып табылады.

Облыс әкімдері және республикалық  маңызы бар қалалардың әкімдерін  Премьер-миистрдің ұсынысы бойынша  Президент тағайындайды. Өзге әкімшілік - территориялық  бірліктің әкімдерін  ҚР Президенті белгілеген тәртіпте  лауазымға тағайындалады немесе сайланады, ҚР Президенті қалауы бойынша  әкімдер лауазымынан босатылады.

Барлық әкімшілік - аумақтық бірліктердің әкімдері  мемлекеттік - өктемді сипаттағы өкілеттіліктер беріледі, сәйкес  аумақта: облыс, аудан, қала көлемінде міндетті күші бар  шешім қабылдайды.

 Әкімдердің қызметінің  негізгі  бағыттарына мыналар  жатады:

- маслихаттардың бекітуіне   сәйкес әкімшілік - территориялық  бірлікті  дамытудың экономикалық  және әлеуметтік

-бағдарламаларының  жобаларын  дайындап  ұсынады және  олардың  орындалуларын қамтамасыз етеді;

- маслихатқа бюджеттің  жобасын  бекітуді ұсынады  және оның орындалуын қамтамасыз  етеді;

- коммуналдық меншікті  басқарады;

- жергілікті әкімшіліктің  құрылымдық бөлімдерінің  басшыларын  лауазымға тағайындайды және  босатады;

-жоғарғы атқарушы органдар  делегирлеген өкілеттіліктеріне  сәйкес коммуналдық меншікті  басқару бойынша  

-ұйымдардың қызметін  үйлестіру;

-ҚР жер  туралы заңнамасына  сәйкес  жер қатынастарын реттейді;

- ссуда, займ және басқа  да  ұзақ мерзімді міндеттемелер  туралы  шешімдер қабылдайды.

 

3.3Қазақстандағы сот билігі

 

Cот билігі дегеніміз-ол, мемлекет билігінің бір тізбегі  ретінде Қазақстан Республикасының  аумағында әділдік пен теңсіздікті  қамтамасыз ететін және әлеуметтік,әділдікті  орнатудағы заңды шешім қабылдау  нәтижесінде жүзеге асыратын  Қазақстан Республикасының жоғарғы  сотынан төменгі деңгейдегі сот  органдарын айтады.

Сот билігі-ол биліктің жеке бір тәуелсіз әрі өте маңызды  саласы болып табылады. Жалпы сот  билігінің шынайы тәуелсіздігіне және әділдігінің өте маңызы бар. Себебі демократиялық қоғам қалыптастырып  дамыту үшін ол басты әрі шешуші роль атқарады. Қазақстан Республиксы  Конституциясының 75 бабына сәйкес Қазақстан  Республиксында сот билігін тек  сот органдары ғана  жүзеге асырады.Сот  билігі азаматтар мен заңды түлғалардың  қүқықтары мен бостандықтарын және Қазақстан Республиксы сот жүйесін  Жоғарғы Сот пен жергілікті әкімшіліктердегі аудандық, қалалық және облыс орталықтарында орналасқан соттар қүрайды.Сотттарды тағайындау арнайы заңдар бойынша жүзеге асырылады және олар біліктілік емтиханын тапсыруға міндетті, ал сот судияларын таңдауды немесе іріктеуді Қазақстан Республиксы Президентінің жанындағы Конституциялық Кеңес жүзеге асыруға міндетті.Қазақстанда Жоғарғы сот қүрамын сот пленумы, азаматтық жэне қылмыстық істер жөніндегі алқа мен әскери алқа қүрайды.Сот билігінің төрелігін Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік аппараттар жүйесінде Сот Кеңесінің алатын орыны өте зор. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық сот деп аталған.Қзақстандағы сот билігінің денгейін қазір қанағаттандырарлық деп бағалауға толық негіз бар.Сот алдында азаматтар да заңды тұлғалар тең және мемлекетке де жеке дара жеңілдіктер көззделінбеген.Сот билігі кез-келген мемлекет үшін аса маңызды аппарат болып табылады.

Қазақстандағы сот жүйесiнiң  мәнiн анықтайтын негiзгi актілер  — ҚР Конституциясы жене «Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң. Осы басты құжаттарға сәйкес елiмiздің сот жүйесiн Қазақстан Республикасының- Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға облыстық және соған теңестiрiлген соттар, сондай-ақ аудандық және соған теңестірiлген соттар жатады.

Соттарды мiндетiне қарай  бөлудiң негiзiнде сот инстанциялары  жатыр. Мысалы, бiрiншi инстанциядағы  сот — бұл iстi мәнi бойынша қарайтын сот, екiнші инстанциядағы сот  — бiрiншi инстанциядағы соттың әлi заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен  қаулыларына жасалынған апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша  қозғалған iстерді қарайтын сот, қадағалау  инстанциясы — заңдық күшiне енген  сот шешімдерiне тараптардың жасаған  шағымдары, наразылықтары бойынша  қозғалған iстерді қарайтын сот.

Осындағы соңғы екi инстанция  — апелляциялық және қадағалау —  соттардың үкiмдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысына жатады: апелляциялық— үкiмдер мен қаулылар заңдық күшiне енбеген жағдайда және қадағалау — үкімдер мен қаулылар заңды күшiне енген жағдайда. Заң  шығарушылар әдiл соттың мақсатын барынша қамтамасыз ету үшiн қосымша  кепiлдiк ретiнде жоғарыда аталған iс жүргiзудiң екі сатысынан  басқа соттардың үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың және бiр түрiн  — жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта  бастауды қарастырды. Қайта караудың бұл түрі Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 10-бөлiмiне “Соттың заңды күшiне енген  шешімдерiн қайта қарау жөнiнде  іс жүргiзу” деген тақырыппен енгiзілді.

1. Қазақстан Республикасының  сот жүйесін Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты және Қазақстан  Республикасының Конститутциясына  және осы Конститутциялық заңға  сәйкес құрылатын жергілікті  соттар құрайды. 2. Жергілікті соттарға  мыналар жатады:

  1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );

2) аудандық және оларға  теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған  сот-гарнизонның әскери соты және  басқалар ): 3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Соты мен жергілікті  соттардың Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің  атауы бейнеленген мөрі болады.ық  және кассация                       

Қазақстан Республикасының  сот жүйесінің бірлігі:

1) Конститутцияда , осы Конститутциялық  заңда, іс жүргізу және өзге  де заңдарда белгіленген, барлық  соттар мен судьялар үшін ортақ  және бірыңғай сот төрелігі  мен принциптерімен;

2) сот билігін барлық  соттар үшін сот ісін жүргізудің  заңдарға белгіленген бірыңғай  нысандары арқылы жүзеге асырумен;

3) Қазақстан Республикасының  барлық соттарының қолданыстағы  құқықты қолданумен;

4) заңдарда судьялардың  бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

5) заңды күшіне енген  сот актілерін Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;

6) барлық соттарды тек  қана Республикалық бюджет есебінен  қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.

 Қазақстан Республикасындағы  соттар қызметінің тәртібін және  судьялардың мәртебесін белгілейтін  заңдар

Қазақстан Республикасындағы  сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру  тәртібі Қазақстан Республикасының

Конститутциясымен , осы  Конститутциялық заңмен жне басқа  да заң актілерімен белгіленеді

ҚР-ң сот жүйесі;

1.Қазақстан Республикасының  Президенті бірнеше әкімшілік-  аумақтық бірліктерде бір аудандық  сот немесе бір әкімшілік –аумақтық  бірлікте бірнеше аудандық сот  құруы мүмкін.

2.Аудандық соттар үшін  судьялардың жалпы санын уәкілетті  органның ұсынысы бойынша Қазақстан  Республикасының Президенті бекітеді.

3. Әрбір аудандық сот  үшін судьялардың санын осы  сот төрағасының ұсынысы негізінде  уәкілетті орган белгілейді.

Қазакстан Республикасының  жасы жиырма беске толған, жоғары заң  білімі, заң мамандығы бойынша  кемінде екі жыл жұмыс өтілі (стажы) бар және біліктілік емтиханын  тапсырған азаматтары судья бола алады. Судья қызметін алғаш рет  атқарып отырған адам ант қабылдайды. Соттардың тұрақты судьялардан  тұратындығын атап көрсету қажет; судьялардың  тәуелсіздігі мен олардың құқына қолсұғылмаушылығы Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген негіздемелер бойынша ғана тоқтатылады.

Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конститудия  мен заңға ғана бағынады. Судьяға  ешкімнің ешқандай ықпал етуге құқығы жок. Судья сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен  Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті, судьялық этика (әдеп) талаптарын сақтауға тиіс, заңсыз араласуға  жол бермеу жөн. Судьялардың кеңесінің  құпиясың сақтауға міндетті. Судья  оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы  төленетін жұмысты атқара алмайды. Судьяны тұткынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік  жазалау шараларын қолдануға, Республика Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына  негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз қылмыстық  жауапқа тартуға болмайды. Судьялар мен оның отбасы мүшелері және мүлкі  мемлекет тарапынан қорғалады.

 

 

                                               

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Қорытындылай келе,жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік  билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан  Республикасының Үкіметі және Қазақстан  Республикасы соттарының жүйесі. Осы  органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  билік органдарының бірыңғай жүйесін  құрайды.

     Аталған соттар  өздерiне берiлген заң шеңберінде  бірін-бірі алмастырып, әрi сот билiгiнiң  “тiк сызығы” бойында орналаса  тұрып, бiрiншi инстанциядағы және  содан кейiнгi инстанциялардағы сот  үкiмдерiнің қаулыларының, тағы басқадай  шешiм заңдылығы мен негiздiлiгiн  тексеру мiндеттерiн атқарады.

Қазақстан Республикасындағы  сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру  тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен,осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.

Жоғарғы атқарушы билік органдары (ҚР Үкіметі) - Үкіметтің құрамына кіретін  орталық  атқару органдары (ҚР министрліктері, ведомстволары) - Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы билік  органдары - жергілікті атқарушы билік  органдары (облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер).

  Үкімет -  ҚР Конституциясына сәйкес Қазақстанда атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы  билік оргадарының жүйесін басқарады және олардың қызметтеріне басшылық етеді. ҚР Үкіметі өз қызметінде ҚР Президенті алдында жауапты, ол ҚР Парламентіне есеп береді. Үкіметті ҚР Президенті құрады.

 Министрліктер өз құзырлықтарының  шегінде  заңдардың және мемлекеттік  биліктің және басқарудың жоғарғы  органдарының шешімдерінің негізінде  және солардың орындалуы үшін  актілер шығарады,  олар  бұйрықтар,  нұсқаулар, ережелер түрінде болады.

Министрліктерге әртүрлі  өкілеттіліктер берілген, мысалы, қандайда  бір қызметпен айналысуға рұқсат береді (лицензия), әртүрлі объектілерді тіркейді, қадағалау және бақылау  функцияларын  жүзеге асырады (қаржылық бақылау), шаруашылық қызмет, құқық  қолданушылық қызмет және т.б.

Қорыта айтқанда: мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында  тұрған міндеттерді шешу үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін, құрылған мемлекеттің барлық органдарының, сондай-ақ биліктің ұйымдастырушылық – мәжбүрлеу құралдарының жүйесі.

Мемлекет механизмі түсінігімен  қатар, теория және практика жұзінде  мемлекеттік ақпарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл  түсініктердің ара қатынастары  туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан  бір бірімен өте жақын және көп жағдайда бір біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары  да бар. Ол айырмашылық мынада: Мемлекеттік  аппарат мемлекет механизмінің мемлекеттік  қызмет принциптеріне негізделген  буындарын ғана қамтиды. Сондықтан  да мемлекеттік аппаратқа, мысалы жергілікті өкілді органдар қызметші болып табылмайтын, депутаттық қызметі үшін мемлекеттен  ақы алатын депутаттар кірмейді. Сөйте  тұра, жергілікті өкілді органдар, күмән  жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып табылады.

Информация о работе Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде