Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 14:05, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты; мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасы тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті;мемлекет-басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысан көрсету.

Содержание

I Кіріспе...............................................................................................................3
II Негізгі бөлім
1. Мемлекет механизм ұғымы және теориялық негіздері
1.1Мемлекет механизмінің ұғымы,ұйымдастырудың және қызметінің принциптері..........................................................................................................5
1.2 Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны......................................................................................................................6
1.3 Мемлекет механизмінің маңызды буындарының сипаттамасы.........................................................................................................7
2 Мемлекеттік аппарат мәні,функциялары
2.1Саяси жүйе түсінігі,жіктелуі,элементтері…………………......................11
2.2 Мемлекеттік аппарат түсінігі,принциптері,мақсаттары………………..14
2.3 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары…………………………………………………………………….18
3 Қазақстандағы билік жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік билік органындағы заң шығарушы органның құрылымы және атқаратын қызметі……………………………………………................20
3.2 Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары.................22
3.3 Қазақстандағы сот билігі…………………………………………………26
III Қорытынды..................................................................................................29 IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................31

Работа содержит 1 файл

насырова.docx

— 76.15 Кб (Скачать)

Алайда, бірқатар мағынасы бар  жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып көрсете  алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік органдардың  ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік-билік  өкілеттіктері туралы ережені ұсынды. Өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметінде олар азаматтардың барлығына немесе белгілі бір категорияларына, лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесс нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар аталған органның моральдық-қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де сүйенеді.

Мемлекеттік органдардың  басқа сипаттағы белігілеріне мыналаржатады:

олардың әрқайсысын конституцияның, заңдар немесе басқа нормативтік  құқықтық актілер негізінде құру;

мемлекеттің олардың әрқайсысының алдына қойған міндетінің ұйымдық құрылым  мен құзіретінің ауқымына сәйкес келуі;

қызметтің олардың өздеріне ғана тән айырықша нысандары мен  әдістерін пайдалануы.

 

1.3 Мемлекет механнзмінің маңызды буындарының сипаттамасы

 

Заң ғылымында мемлекеттік  органдарды мемлекет функциялары бойынша  топтастырудың мүмкін еместігі туралы қалыптасқан пікір дұрыс, өйткені  олардың көпшілігі бір ғана емес, екі немесе одан көп функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Сондықтан  мемлекеттік органдарды топтастыру үшін басқа негіздемелер алынады. Олардың  ішінде ең көп тарағаны - өздерінің  тікелей қатысы бар билік тармақтары бойынша топтастыру болып табылады. Бұл негіздеме бойынша барлық мемлекеттік органдар 1) заң шығарушы және өкілді; 2) атқарушы; 3) сот органдары болып бөлінеді.

Мемлекеттік биліктің заң  шығарушы және өкілді органдары белгілі  бір дәрежеде халықтық егемендікті  бейнелейді. Сайлау процесімен халық  сайлаған соң олар өздерін мемлекеттік  маңызды мәселелерді шешуге халықтың өзінен мандат алған сияқты сезінеді. Әдетте, заң шығару функциясын мемлекет механизмінде негізгі орындардың бірін  алып отырған парламент (кейде ол конгресс, сейм, фолькетинг  хурал, ұлы халық жиналысы және т.б. деп аталады) жүзеге асырады. Федеративті мемлекеттерде әдетте парламент екі палаталы, ал көптеген біртұтас мемлекеттерде бір палаталы құрылымда болады. Бірақ, - бұл қатып қалған заң емес, басқаша да болуы мүмкін. Парламент заң шығармашылығынан басқа бірқатар жалпы мемлекеттік өкілеттіктерді де (мемлекеттік бюджетті және оның орындалуы туралы есепті бекіту, үкімет пен басқа атқарушы органдардың қызметіне бақылау жасау, мемлекеттің бірқатар органдары мен лауазымды тұлғаларын сайлау немесе тағайындау) жүзеге асырады, және соңғысының нақты көлемі бір елдің парламентінде ауқымды болса, басқалардында -шамалы.

Қазақстанда бір палаталы Жоғарғы Кеңестен екі палаталы Парламентке  ауысу жүзеге асырылды, мұнда Мәжіліс  пен Сенаттың өкілеттіктері бірдей емес, олар әр түрлі мәселелерде  бірін бірі толықтырып, маңызды қоғамдық қатынастарды заңға сәйкес реттеуді қамтамасыз етіп отырады.

Жергілікті өкілеттік  органдар парламентпен бір реттегі  жүйені құрады, тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымдардың өміріңде маңызды  роль атқарады, бюджет мәселелерін  шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген  қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілср қабылданды.

Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін-өзі  басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан  Республикасының Конституциисына  сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару  халықтық жергілікті маңызы бар мәселелерді  өзі шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық  тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық  топтары жинақы тұратын аумақты  қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа  жергілікті өзін-өзі басқару органдары  арқылы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 89-бабы).

Атқару органдарының қатарына мемлекеттік саясатты іс жүзінде  дайындап, іске асыру, конституция мен  заңдар талабын іс жүзіне асыру міндеті  жүктелген органдар жатады.

Үкімет және салалық орталық, сондай-ақ маңызды жергілікті атқарушы органдар мемлекет басшысына тікелей  есеп береді және бақылауында болады, кейде оларды мемлекет басшысы тағайындайды және қызметінен босатады, толығымен дерлік соған бағынады. Сондықтан саяси-заң ғылымында мемлекет басшысы дәстүрлі түрде атқарушы органдар қатарына жатады, елдегі атқарушы "вертикальдың" шыны болып есептеледі. Алайда соңғы кездері Қазақстанда және ТМД-ның бірқатар елдерінде президент билік бірлігін бейнелейді, билік тармағының үстінен қарайды, олардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді деген идея тарауда. Осы көзқарастардың алғашқысы (дәстүрлісің), президент атқарушы билікті басқарып қана қоймайтындығын, сондай-ақ мемлекет басшысы ретінде атқарушы биліктің шегінен шығатын бірқатар функцияларды (ол елдің карулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады, Қазақстанның басқа елдердегі және халықаралық ұйымдардағы елшілері мен диполоматиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады, кешірім жасау құқығы бар және т.б.) жүзеге асырады. Екінші көзқарас президентті билікті бөлу шегінен шығарып жібереді. Бұл мәселе қосымша зерделеп, талдау жасауды қажет ететін сияқты.

Атқару органдары жүйесіндегі  маңызды орынды үкімет алады. Ол елді тікелей басқаруды жүзеге асыратын, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметін біріктіріп және бағыттап отыратын мемлекеттің жоғары атқарушы және жарлықшы органы болып табылады. Үкімет құзыреті экономиканың, әлеуметтік саланың мәденитетті, ғылымды, білім беруді дамытудың бюджеттің орындалуының ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырудың, тәртіпті және азаматтардың құқығын қамтамасыз етудің елдің қорганыс қабілетін нығайтудың көптеген мәселелерін қамтиды. Үкімет қаулы шығарады, ал Премьер-министр мемлекет аумағында міндетті күші бар жарлық шығарады. Министрліктер мен ведомстволар жекелеген салаларға немесе мемлекет өмірінің салаларына басшылық етеді және мемлекет басшысы, парламент пен үкімет алдында олардын жағдайына жауап береді. Олардың жалиы саны, бір бірімсн ара қатынасы, атқаратын міндеті мен қызметі, мәртебесі мен өкілеттігі әр елде әр түрлі. Дара басшылық бастауында әрекет ететін префектуралар коммуналар, жергілікті үкіметтер, мэриялар, қауымдастық басқармалары жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Қазақстанда жергілікті жердс әкімдер, олардың департаменттері және оларға бағынатын басқа да құрылымдар атқарушы органдар міндетін атқарады. Олар өздерінің әкімшілік-аумақтық бірлігіндегі істердің жайына жауап береді және жергілікті жердегі түйінді мәселелерді шешеді. Жергілікті атқару билігінің бағыныстылығы былай: облыс әкімі Президентке, ал төменгі тұрған әкімдер жоғары тұрған әкімдерге бағынады. Оларды құру тағайындау жолымен жүзеге асырылады.

Сот органдары әділ сотты  қылмыстық, азаматтық, шаруашылық нысаныңда, ал көптеген елдерде – конституциялық сот өндірісі нысанында жүзеге асырады. 1995 жылдын тамыз айының соңына дейін  Қазақстанда Жоғарғы сот басқаратын жалпы соттар, Жоғары төрелік сот  басқаратын төрелік сот және Конституциялық сот болды. Қазір жалпы және төрелік  соттар Жоғарғы сот басқаратын бір жүйеге біріктірілді, ал Конституциялық сот Конституциялық Кеңеске орын берді.

Сот органдарының қызметі  мемлекеттегі Конституциялық құрылысты  қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүлделерін қорғауды»  қоғамдық қатынастар субъектілерінің  арасында туған дауларды заң негізінде  шешуді қамтамасыз етеді. Бұл қызметтің  ерекшелігі, заңмен белгіленген процедуралар мен ережелерді сақтай отырып, айырықша процессуальды нысанда жүзеге асыру  болып табылады. Жаңа заманға сай  мемлекеттер конституциялары соттың заң шығарушылар мен атқару билігінен  тәуелсіз екенін, әділсот функциясын жүзеге асырған кезде тек қана конституция мен заңға бағынатындығын, заң алдында барлығының тең екендігі принципін жүзеге асыратындығын, айыпкердің қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, кінәсіздік презумпциясын белгілеп берді.

Жоғарыда аталған мемлекеттік  органдардан басқа мемлекет механизмінің құрамына сондай-ақ армия, полиция, түрмелер, барлау, қарсы барлау және биліктің басқа да кейбір ұйымдастыру-мәжбүрлеу  құралдары кіреді. Олар болмаса мемлекет өзінің алдында тұрған міндеттерін  орындай алмайды. Мемлекеттің қандай да бір мақсатына қол жеткізу  үшін мұндай билік құралдарының бар  екендігі фактісі жеткілікті. Ол тиісті нәтиже бермеген жағдайда, биліктің аталған  құралдары іс-әрекет жасауға мәжбүр болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1Саяси жүйе  түсінігі,жіктелуі,элементтері

 

«Саяси жүйе» ұғымын саяси  ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана  бастады. Саяси жүйелер теориясының  негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д.Истон мен Г.Алмонд. Д.Истон өзінің «Саяси жүйе» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси жүйені сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси жүйе біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы.

Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси жүйе саяси процестср субъектілері әлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл бойынша саяси жүйе ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады.

 «Саяси жүйе» ұғымы  ең алдымен қоғамның саяси  сферасының жүйелік сипатын білдіреді.  Антика кезеңінен бастап саяси  ойшылдар қоғамның әртүрлі саяси  қүрылыстары өмір сүретінін түсіне  білді. Мысалы, Платон мемлекеттік  басқарудың үш формасын көрсетеді:  монархия, анархия, демократия, олардың  әрқайсысы өз кезегінде заңды  және заңсыз болып болінеді. Бұған  ұқсас пікірді Аристотель де  айтады, ол басқарудың төрт формасы  болатындығын көрсете отырып, оларды  дұрыс және дұрыс емес деп  беледі.

Батыстық саясаттануда екі  идея басым: біріншіден, саяси жүйе туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси  жүйені нақты түсіну элементтердің  өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс  жолға қойылады.

Талаптардың ауқымы оте кең  жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, білім берудегі ассигнованиялар және т.б. Егер де талаптар көп болса, бұл тек белгілі бір шекке дейін шешуге қабілетті жүктемелердің көбейіп кетуіне байланысты жүйенің әлсіреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер де талаптар көп болып, оны парламент немесе үкімет шешуге физикалық жағынан дайын болмаса жүктемелер сандық, егер де талаптар күрделі болса сапалық болуы мүмкін. Сондықтан да оларды жүйе мүмкіншіліктерімен сәйкестендіру керек. Мұның салдарының ауырлығынан құтылу жолын саясаткерлер іздестіруге тиіс. Бұл мәселені талаптарды белгілі бір шеңберде ұстап тұратын қоғамда өмір сүріп отырған құндылықтар жүйесі, мәдени нормалар, қондырмалар және т.б. атқарады.

  Саяси жүйе теориясының негізін салушы Д.Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси жүйе элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси жүйенің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады. Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі.

Кез-келген саяси жүйеде маңызды екі механизмнің болуы  шарт. Біріншіден, бұл қадағалаушы  механизм, осы арқылы жүйені әрекетке түсіретін талаптар мен қолдаулар  белгіленеді. Екіншіден, талаптар мен  қолдауларды шешімдер мен әрекетке өзгерте конверсивті (өзгертуші) механизм жұмыс істеуі керек. Д.Истон талаптардың  келесі түрлерін бөліп көрсетеді:

- жүріс-тұрысты реттеумен  байланысты талаптар (қоғамдық қауіпсіздікті;  нарықты; неке, денсаулық сақтау, санитарлық ахуалды жақсарту  және т.б. салалардағы бақылауды  қамтамасыз ету);

 - коммуникация мен ақпарат сферасындагы талаптар. Қолдауға келер болсақ, оларды былай топтауга болады:

- материаддық қолдау: салық  төлеу, қоғамдық бастаулардағы  еңбек, әскери қызмет;

- заңдар мен директивалардың  сақталынуы;

- саяси өмірге араласу:  дауыс беру, саяси дискуссияларға  қатысу және т.б. саяси қатысу  формалары;

- ресми ақпараттарға  назар аудару, оларға сену, мемлекет  пен оның рәміздеріне және  ресми салтанаттарға құрмет.

 Саяси жүйенің негізгі  элементтері:

- билік — шешімдерге  ықпалын тигізе алатын бәсекелес  топтар арасында ресурстарды  бөлу;

 – мүдделер — мақсаттар  жиынтығы, оларды көздей отырып  жекелеген тұлғалар немесе топтар  саяси процестердің қатысушысы  болады;

 – саясат — әдетте  заңнама түрінде болатын билік  пен топтардың мүдделерімен бірге  олардың арасындағы өзара әрекеттердің  қоғамдық нәтижесі.

Саяси жүйе экономикалық қатынастар мен құрылымдардан бастап рухани адамгершілік сферадан аяқтап қоғамның ахуалын бейнелейді. Ол арқылы әлеуметтік мүдделер анықталынады, кейіннен саясатта бекітілетін әлеуметтік басымдылықтар құрылады. Саяси жүйеде барлық, әлеуметтік өмірдің «өзегі» өтеді, өйткені онда жалаң түрде және тікелей көзқараспен қол жететіндей формада қайшылықтар болады, мұнда олар рұқсат алады. Осы мағынада саяси жүйе әлсуметтік өмірдің бейнесі бола отырып, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін саяси биліктік шешімдер қабылдау жолымен қоғамдық күштер мүдделерінің қақтығысы да, келісуі де өтетін сфера болып табылады. Осындай жолмен саяси жүйелер құрылымына саяси қатынастар да енеді.

Саяси жүйенің қалыпты  қызмет етуі, тұрақтылығы, тұтастығы  мен легитимділігі бірқатар шарттарға  байланысты мүмкін болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, талаптардың ұстаусыз өсуі мен қолдаудың бәсеңдеуі  жүйенің дезинтеграциясына соқтыруы мүмкін. Сол себептен де ол билік  легитимділігінің құралдарына ғана емес, сонымен бірге талаптардың  легитимділігіне ие болуы тиіс, олардың  бір бөлігін ескірген немесе уақыты етіп кеткен ретінде саяси алаңның  жиегіне шығарып тастауы, талаптардың  өзін рационализациялауы керек. Құндылықтар  жүйссіне, яғни оның талаптардың тиімді көлемі мен сипаттарына толықтай кепілдік бере алатынына сенім артуы, демек стихиялардың шлюзін ашуы керек, осының нәтижесінде процсстер бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Қалыпты ряси өмір талаптары мен жүйе мүмкіндіктерінің белгілі сәйкестігін қамтамасыз ете алады. Егср дс антократиялық  жүйеде саяси жүйенің қоғамға  үстемдігі орын алар болса, өкілдік  жүйедс іс белгілі бір мағынада қарама-қарсы  бағытта өрбиді.

Информация о работе Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде