Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 14:05, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты; мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасы тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті;мемлекет-басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысан көрсету.

Содержание

I Кіріспе...............................................................................................................3
II Негізгі бөлім
1. Мемлекет механизм ұғымы және теориялық негіздері
1.1Мемлекет механизмінің ұғымы,ұйымдастырудың және қызметінің принциптері..........................................................................................................5
1.2 Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны......................................................................................................................6
1.3 Мемлекет механизмінің маңызды буындарының сипаттамасы.........................................................................................................7
2 Мемлекеттік аппарат мәні,функциялары
2.1Саяси жүйе түсінігі,жіктелуі,элементтері…………………......................11
2.2 Мемлекеттік аппарат түсінігі,принциптері,мақсаттары………………..14
2.3 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары…………………………………………………………………….18
3 Қазақстандағы билік жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік билік органындағы заң шығарушы органның құрылымы және атқаратын қызметі……………………………………………................20
3.2 Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары.................22
3.3 Қазақстандағы сот билігі…………………………………………………26
III Қорытынды..................................................................................................29 IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................31

Работа содержит 1 файл

насырова.docx

— 76.15 Кб (Скачать)

Саяси жүйе жалпы адами  адамгершілік нормалар мен талаптардың  басымдығын сезінгенде ғана берік бола алады. Жалпы алғанда адамзат  қоғамы шексіздікке, адам болмысының ақиқаттығына деген сенімді қажет етеді. Бұл  өте жұқа материя нағыз шынайылық, онымен есептеспеуге ешқашан жол  берілмейді.

Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы  өр алуандықты талдауға, жекелей алғанда  шатаспас үшін және оларды түсінуге қол  жеткізу үшін олардың формалары  мен типтерін анықтауға әрдайым  талаптанып келеді. Саяси ғылымда  саяси-жүйелердің белгілі бір критерилері  бойынша бірқатар типологиясы бар:

1) Әлеуметтік-экономикалық  формация типі маңызды критерий  болып табылады. Осы тип бойынша  саяси жүйелердің маркстік типологиясы  құрылған. Формациялық принциптерге  сай құл иеленушілік, феодалдық,  буржуазиялық және социалистік  саяси жүйелерді бөліп көрсетеді.  Формациялық төсіл шекарасы туралы  мәселе ашық болып қалса да  қарастырылып отырған типология  барынша ғылыми. Әлеуметтік топтар  мүдделерінің келісімі мен қоғамның  тұрақтылығын қамтамасыз ету  тәрізді саяси жүйе типі қоғамдық  қатынастардың сипатымен, үстем  таптың мүдделерімен анықталынады. Бірақ саяси жүйені лайықты түсіну үшін фориациялық тәсіл антикалық дәуірден бастау алған өркениеттілікпен толықтырылуы қажет. Бұл әсіресе қазіргі саяси жүйелердің типологиясы үшін маңызды, өйткені қазіргі дөуірде формациялық принцип толықтай жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылған.

2) Мұндай тәсілдің негізін  М.Вебер қалаған. Саяси жүйені  типологияландырудың критерийі  немесе негізі билікті негіздеудің,  оның легатимділігінің әдісі  болады. Осы критерийге сай саяси  жүйелер дәстүрлі және рациональды  болып бөлінеді.

Вебер бойынша билікті, оның легитимділігін негіздеудің бұл  дәстүрлік әдісі тек қана заңдылыққа деген сенімге ғана емес, өмір сүріп  отырған тәртіп пен биліктің қасиеттілігіне де негізделінген. Өзінің мотивациясы  бойынша бұл тип көп жағдайда үлкенге және отбасы иесіне ерікті бағыну дәстүрі берік және тұрақты  болатын патриархалды отбасы қатынастарына  ұқсас. Легитимацияның дәстүрлі әдісі  феодалдық Еуропа мен Шығыс үшін тән. Вебер Батыста да құқықтық мемлекеттің  тұрақтылығын нығайту үшін саяси  дәстүрлермен бекіту керек деп есептейді. Сол себептен де ол демократияның  тұрақтылығы үшін билікті мойындаудың  көпғасырлық дәстүрімен мемлекет беделін  көтеретін және азаматтардың мемлекетке ерікті бағынуын қолдайтын мұрагерлік монархтың сақталуы пайдалы болар  еді деп есептейді.

Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде  ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп  бөлінуі.

Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны  мен түрлеріне сай оны 5 түрге  бөледі:

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді  қабылдағанда меншікке иелік  етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты  құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;

3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің  саяси және экономикалық үстемдігіне  негізделеді;

4) Дамып келе жатқан  елдерде қалыптаса бастаған саяси  жүйе. Онда авторитарлық басқару  белең алады;

5) авторитарлы-консервативтік  жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық  теңс

 

2.2 Мемлекеттік аппарат түсінігі,принциптері,мақсаттары

 

Мемлекеттік аппарат дегеніміз  – бұл мемлекеттік билік пен  мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар жүйесі, басқаша  айтқанда, мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.

Мемлекет аппаратының  маңызы өте зор, себебі ол демократиялық  құндылықтарға сәйкес қүрылып, қоғамға қызмет көрсетсе, мемлекеттік аппарат шын мәнінде мемлекетті басқаруына дамуына оңды ықпалын тигізері сөзсіз.

Кез келген елдің мемлекеттік  аппарат өз құрылымымен ерекшеленеді. Біздің Республикамыз егеменді, құқықтық мемлекет, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, тәуелсіз деп танылғаннан бері мемлекеттік  аппаратта біршама өзгерістер болды. Осы өзгерістердің енгізілуімен мемлекеттік аппарат құрылымының  әр элементі дербес, тәуелсіз кең өкілеттіктерге ие болды.

Мемлекеттік аппарат - заңнамада  бекітілген бірыңғай қағидалар мен  билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік  органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат  билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай  біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың  әртүрлі топтары мен тарамдары  өзара қарым-қатынаста әрекет ету  арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады. Мемлекеттік  органдардың құрылу тәртібі мен  қызметі, құрылысы мен құзыреті құқықтық нормалармен бекітіледі және оларға жалпыға міндетті көпшілікке немесе жекелеген тұлғаларға бағытталған  заңи актілер шығару құқығы беріледі. Осы актілер тәрбиелік, марапаттаушылық, сендіру, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда күштеу шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың  мемлекеттік бюджеттен қаражат  алу мүмкіндігі болады әрі өз қаулы-қарарларын орындатуға қажетті материалдық  құралдармен жабдықталады.

   Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын жэне тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі үйымдастырушылық, материалдық жэне экімшілік кепілдіктермен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен қүқықтарын қорғау үшін қүрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет-азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кэсіби қызмет» делінген.

Сонымен, мемлекеттік аппарат  өкілетті, атқару жане сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік  органдар төменгі және жоғарғы органдарына  бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық және жергілікті органдарға бөлінеді. Ал, мемлекеттік органдар деп мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық элементін айтамыз.  Мемлекеттік аппарат ұғымы мемлекеттік органдар түсінігінен ауқымды болып келеді. Екеуін шатастыруға болмайды.

  Мемлекеттік аппараттың  ерекше ішкі құрылысы бар: олардың  арасындағы қатынастар бір жүйеге  біріктіріледі. Бүл жүйенің негізін  экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерінде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.

   Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі қүрылысын және құзіретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес боуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғарғы этикалық дэрежеде орындауы тиіс. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, оны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары - олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық үйымдарды қүрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені қүрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тікелей жэне өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жүмыс істеуі жөніндегі эрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жэне ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары сайлау жэне оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.

   Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кэсіпшілігі, тэжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиіс.

 Мемлекет аппаратының ішкі қүрылысы-қатаң тәртіпті, субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару жэне сот жүйелері, құқықты қорғау жэне қарулы күштер жүйесі. Бұл мемлекеттердің алдыңда тұрған мақсаттары, ішкі қүрылыстары, құзіреті, қолданатын эдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.

  Мемлекеттік аппарат  - алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конститтуцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады,әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық бегіленген. Басқа мемлекеттік органдармен қалай қатынасатыны, ішкі қүрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттің аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттарға жэне міндеттерге сэйкес анықталады. Мысалы: прокуратура органдары, сот жүйесі, МВД, КГБ қүқықты қорғау қызметін атқарады. б¥л органдар бір-бірімен байланысты.

Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР Конституциясы  мен заңдарын, азаматтар мен заңды  түлғалардың қүқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаметтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген қүқықтар шегінде және заңды міндеттеріне сэйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігі шегінде мэселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тэртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.

Мемлекет аппараты болып мемлекеттің өзіне тән қызметін жүзеге асыруға, яғни қоғамды басқаруға және оның мүддесін қорғауға арналған арнайы органдар мен мекемелердің жүйесі табылады. Мемлекет өзінің аппаратынсыз өзіне тиісті міндеттері мен қүқықтарды жүзеге асыра алмайды.

Мемлекеттік билік аппаратының құрылысын және оның құрамдас органдарын қаратырып, талдау нэтижесінде келесі басты қорытынды жасауға болады. Осыған орай, мемлекеттік аппарат қызметін үйымдастыру мен атқару бірқатар принциптер негізінде жүргізіледі. Бүл принциптердің көпшілігі мемлекеттердің Конституцияларында немесе басқа заңдар мен нормативті-құқықтық актілерінде бекітілген.

Мемлекеттік аппарат құрылымына және оның қалыптасуына түрлі тарихи, мәдени, экономикалық, саяси және басқа да факторлар әсер етеді.

Қоғам дамуының әр сатысында  мемлекеттік аппарат алға қойған нақты мақсат пен құрылымына қарай  мемлекеттік аппарат пен органдары  өзгеріп отырады. Демократиялық  құқықтық қоғамда мемлекет оның органдары  мемлекетті құқықпен камтамасыз етіп адам мен азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын , жалпы қоғам  қауіпсіздігін камтамасыз етеді.

Мемлекеттік аппаратты айтқанда билікті жүзеге асырушы лауазымды  тұлғалар мен органдарды аппаратты  қамтамасыз етуші тұлғалармен органдарды бөліп көрсетуге болады.

 

2.3 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі  қағидалары

 

 

Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды  адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске  асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру

Информация о работе Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде