Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 16:48, курсовая работа
ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.
Кіріспе
1 бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқару және электронды үкімет
1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
1.2 Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің мәні және оны туындатушы фактор
2 бөлім. Электрондық үкімет үлгілерін талдау және оның шетелдік тәжірибесі
2.1 Электронды үкімет құру үлгілерін талдау
2.2 Электронды үкімет құрудың шетелдік тәжірибесі
3 бөлім. Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары
3.1 Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Интернет технологиялардың және ақпарат таратудың инновациялық түрлерінің дамуымен бірге саяси жүйенің коммуникативтік қызметі де жандана түсуде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіндегі әлеуметтік-саяси модернизация жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мен мемлекеттік ақпараттық саясатты оңтайландыруға негізделген. Бұл тұрғыда Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануды қарастыратын электрондық үкiмет құру саласында аз жұмыстар жасалған жоқ. Қажетті заңдар қабылданып, жүйе құраушы ақпарат жүйелері, дерек қорлары, электрондық мұрағат, веб-портал, э-үкімет элементтері, ведомстволық ақпараттық жүйелер мен нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды.
ҚР Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы" электрондық үкіметтің қажетті инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызды.
Осының негізінде ҚР Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен елiмiзде электрондық үкiметтi қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы жүзеге асып, бұл ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына” ұласты.
Ақпараттық технологиялар ғасыры еліміздің өміріне белсенді араласатын зияткерлік демократиялық қоғам құру және ақпараттық технологиялар мен инновациялардың жаңа жетістіктерін пайдаланушы ғылымды көп қажетсінетін серпінді экономиканы дамыту, яғни білімге негізделген қоғам мен ақылды экономиканы дамыту үшін мемлекеттің рөлін толық қайта қарауды талап етеді.
Курстық жұмыста жұмыста электронды үкіметтің қазақстандық үлгісі соңғы онжылдық кезеңінде шапшаң қарқынмен дамып келе жатқаны айқындалады, бұл әлем елдерінің рейтингісіне сүйене отырып жасалған. Алайда, бүгінгі күннің шынайылығына келсек, мемлекеттік секторды ақпараттандыру, коммуникациялық желілер инфрақұрылымы мен автоматтандыру жағынан айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгеніне қарамастан, Қазақстан әзірге электрондық үкіметті қалыптастырудың алғашқы сатыларынан өтіп, орташа деңгейде тұр. Бұған әлемнің түрлі елдеріндегі электрондық үкіметтің даму деңгейін айқындауға арналған рейтингтердің көрсеткіштері де дәлел бола алады. БҰҰ-ның 192 елді қамтыған әлемдегі электрондық дайындық туралы 2008 жылғы есебіне сүйенсек, Қазақстан 81-ші орында.
Соған қарамастан Қазақстандағы мемлекеттік секторды электрондық үкіметтің көмегімен жаңғыртып, дамытуда тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндіктер беретін артықшылықтар да баршылық. Оларға елімізде бәсекеге қабілетті, заманауи қондырғылармен жабдықталған ақпараттық және телекоммуникация инфрақұрылымының, халықтың ақпараттық сауаттылығы сияқты шешуші факторлардың болуынан бастап, Елбасымыздың өзі бастамашы болып, электрондық үкіметті жүзеге асыруға басымдық беретін саяси ерік-жігердің болуы, соған сай мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс істеуіне дейінгі кешенді іс-әрекеттерді жатқызуымызға болады.
Осыған байланысты, электрондық үкіметтің қазақстандық нұсқасын жүзеге асырудағы негізгі стратегиялық бағыттар басты он бастамаларды іске асыруға бағытталды: 1. Сервиске бағытталған Е-үкімет. 2. Е-медицина. 3. Е-білім. 4. Е-сатып алу. 5. Е-лицензиялау. 6. Е-қауіпсіздік. 7. Е-индустрия. 8. Ақпараттық теңсіздікті төмендету. 9. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жаппай енгізу арқылы бизнестің бәсекеге қабілеттігін арттыру. 10. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу мемлекет қатарына кіруі.
Қазақстанның ақпараттық қоғам құруды қалыптастыру жолындағы жылдамырақ ілгерілеуі үшін, әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасында электрондық үкімет қалыптастыру мен оның жобаларын іске асыру жалғасатын болады. Электрондық үкіметтің алдағы кезеңдегі негізгі мақсаты халық пен бизнестің мемлекеттік органдардың қызметіне жылдам және сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бүгінгі таңда қазақстандық электрондық үкімет құрылымдары 41 мемлекеттік қызмет түрін халыққа жеткізіп отыр, ал 2009 жылдың соңында бұл көрсеткіш 54-ке дейін жетті. Осы мақсатты іске асыру үшін электрондық үкіметті қалыптастыру және тиістілікті, оның ішінде халықтың ақпараттық қоғамға даярлық деңгейін арттыруға бағытталған пилоттық жобаларды қалыптастыру және енгізуді жеделдету жөніндегі жұмыстар жандандырылатын болады. Демократиялық типтегі саяси жүйенің қызмет етуінің негізін мемлекеттік биліктің азаматтық қоғамға тәуелділігі мен есеп беруінен тұратын саяси тізбек құрайды. Жекелеген азаматтар мен азаматтық қоғамның институтталған құрылымдарының жеке және корпоративті мүдделерін мемлекеттік билік саяси шешімдер қабылдау барысында есепке алмаса, яки қолдау жасамаса, бұл өз кезегінде саяси, әлеуметтік, экономикалық сипаттардағы кернеулерді туындатады. Ал мұның барлығы түптеп келгенде саяси жүйенің тұрақтылығын шайқалтушы жағдаяттар болып табылады. Саяси шешімдер жеке тұлғаның немесе топтың белгілі бір мүдделеріне шынайы болмаса жанама нұқсан келтіретіндей жағдай туындаса, ал мемлекеттік билік өзінің шешімдері мен іс-әрекеттерінің мәні мен мазмұнын қоғамға түсіндіру қажеттілігін мойындамаса бұл саяси қатер бірнеше есе артып кетеді.
Мұндай
саяси қауіп-қатерлердің алдын
алу мен жою үшін демократиялық
саяси жүйелерде жоғарыда айтып
өткен негізгі саяси
2004 жылғы 15 қыркүйектегi электрондық сайлау жүйесiн қабылдау жөнiндегi Мемлекеттiк комиссия “Сайлау” автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн пайдалануға қабылдау туралы актiге қол қойылып, ол нақты Жүйе сайлаушыларды есепке алудан бастап, дауыстарды санау, қорытынды қаулыларды басып шығаруға дейiнгi барлық процедуралардың сайлау комиссиялары мүшелерiнiң араласуынсыз, автоматтандырылған түрде өткiзiлуiн қамтамасыз етедi. Сайлау қорытындысы дауыс беру аяқталған болса бiрден белгiлi болады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе сайлау процедурасын оңтайландырумен қатар сайлауды өткiзу кезiнде уақыт пен материалдық ресурстарды көп үнемдеуге мүмкiндiк беретiн болғандықтан, оның тартымдылығы да арта түседi. Кез келген ақпараттық жүйе ақпараттық технологиялар саласындағы қазiргi заманғы үрдiстерге сай жетiлдiрiлуi тиiс.
Электрондық БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастыруға, азаматтардың бастамаларына күшті әсер ететін факторға айналды. Қазақстандағы электрондық жобалардың жүзеге асуы дамып, қолданыс ауқымы кеңейген сайын оның демократиялық процестер мен азаматтық қоғамды дамытудағы маңызы арта беретін болады. Қазақстан өркениетті елдер сияқты, электрондық демократия деген шартты атауы бар тарихи кезеңге аяқ басты. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ете отырып, еліміз аталған халықаралық ұйымға қатысушы елдердің тәжірибесін зерттеу негізінде электрондық үкімет үшін стандарттар әзірлеу қажеттігі туындайды. Бұл осы заманғы инновациялық технологиялар арқылы демократияны дамыту мен адам құқықтарын қамтамасыз етудің тетігін жетілдіруге ықпал етеді.
Қорытынды
Қорыта
айтқанда, мемлекет дегеніміз - кез
келген қоғамның табиғатынан туындайтын
таптық тар ауқымдағы міндеттерді ғана
емес, сонымен қатар ортақ істерді атқару
үшін қажетті саяси билік ұйымы. Бұл анықтама
жоғарыда аталған анықтамаларға қарағанда
мемлекет түсінігін ғана емес, сонымен
6ipгe билік басындағы топтардың немесе
топтардың мүдделерін қамтамасыз ететін
институт ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік
тағайындалуын нақтырақ айқындайды. Мемлекетті
бұрынғыдай күштеу
машинасы, қысым көрсету құралы ретінде
біржақты түсіндіру
әлi де болса сақталуда. Қазіргі кезде
мемлекет көбінесе қолында
билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың
меншігі ретінде
қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы
ғалымдар мемлекетті
әp6ip адамға қайырым жасауға міндетті,
жалпыға бірдей игілікті
қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты - адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі аймақтық басқару oбъектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әp6ip адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдык қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана-сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі 6ip аумақта өмірді оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өміp cүpeтiн адамдарды біріктіреді және олардың өзара ic-әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет, қысқаша айтқанда, адамдардың аймақтық ұйымдастыруының белгілі 6ip тәртіптік жүйесі.
Шетелдік
тәжірибеге талдау жасау мемлекеттік
қызметті реформалауға, оның ішінде электрондық
үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді
жетілдірудің принциптері мен әдіс-
- реформалар нақты белгіленген принциптерге сәйкес жүзеге асырылады, оған басшылық жасау тікелей мемлекет басшысына немесе парламентке бағынатын жоғары деңгейдегі мемлекеттік органға жүктеледі;
- реформалардың жүзеге асырылуы ғылыми-зерттеушілік, кеңесшілік, оқытушы және өзге де қолдау көрсетуші құрылымдардың кең ауқымды желісінің құрылуымен сүйемелденеді;
-
реформаларды жүргізу алдыңғы
қатарлы ақпараттық-
- мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру процесі іс жүзінде сол аталған қызметті тұтынушылармен “кері байланыс” орнату тәжірибесін қолданумен тығыз байланысты.
Жалпы, шетелдердегі электрондық үкімет жобаларын жүзеге асырудың стратегиясының негізіне мынадай принциптер алынады:
-
жалпыұлттық стандарттарды
-
мемлекеттік қызмет көрсетуді
тікелей жүзеге асыратын
-
тұтынушылардың ерекшеліктері
- тұтынушының мемлекеттік қызметке деген сұранысын таңдаған жері мен уақыты, әрбір қызмет жеткізушіден алу мүмкіндігіне қол жеткізу, бұл қызмет сапасының артуына, уақыт пен қаржы-қаражатты үнемдеуге алып келеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласына модернизация жүргізу кезінде тұрақты нәтижелерге қол жеткізу үшін осы салаға қолдау көрсетуші инфрақұрылымның тиісті элементтерін бір мезгілде дамыту қажет.
Сонымен, диссертациялық зерттеуде электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамыту саясатына қатысты мынадай маңызды мәселелер айқындалады:
1. Ақпараттық технологияларды көз жұмып қолданысқа енгізе салу басты мақсат емес. Басты назарға алатын нәрсе – ақпараттарды барынша толық есепке ала отырып, азаматтарды тұтынушы клиент ретінде қабылдайтын, саналы, сапалы, бірізді қызмет көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін құру. Мемлекеттік чиновниктер көрсетілетін қызмет пен берілетін ақпараттың қол жетімділігіне алаңдауы тиіс, бюрократиялық процедураларды “электрондық формаға” көшіру шынайы электрондық үкіметті тежейді.
2. Электрондық үкіметті құру үшін саяси ерік-жігер аса қажет.
3. Кейде электрондық үкіметті дамытуға шенеуніктердің өздері қарсы шығып, астыртын аяқтан шалу жұмыстарын жүргізетін жәйттер де кездеседі.
4. Электрондық үкімет құруда мемлекет пен жеке сектор арасында қарым-қатынастар жаңа арнаға түседі.
5. Электрондық үкіметті жүзеге асыруда азаматтардың қатысуы маңызды, бұл демократия жағдайындағы саяси қатысудың маңызымен бірдей.
6. Электрондық үкімет мемлекеттік басқаруды ақпараттық технологиялар арқылы жетілдіреді, қызмет нәтижелілігі артады, инновациялық ғылыми-зерттеулер мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына серпін береді.
7. Қазақстанда электрондық үкіметті құру мен дамытуда шетелдік тәжірибені қазақстандық шынайылықтарға бейімдеп түрлі формаларда қолданысқа енгізуімізге болады.
Сонымен қатар, шетелдік тәжірибеге сүйенуде мемлекеттік басқару органдарының жалпы жүйесіне байланысты факторларды да ескергеніміз жөн. Басқару органдары бірнеше деңгейлі болған сайын орталықтандырылған электрондық үкімет порталының қызметі қиындайды, жұмыс тиімділігі азаяды. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдардың түрлі деңгейлері арасындағы өзара әрекеттесуді жүзеге асырудың өзіне едәуір қаржы-қаражат пен күш-жігер жұмсалады. Қазақстан сияқты жер ауқымы кең, аймақтық басқару органдары шалғай, оған қоса күрделі мемлекеттік басқару деңгейлерінен тұратын ел үшін бір сатылы электрондық үкіметтен гөрі, өзара ықпалдастырылған екі немесе бірнеше деңгейлі электрондық порталдар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету анағұрлым тиімді болмақ. Маңызды ескеретін жағдай – өркениет жетістіктерін, электрондық үкімет құру бағытындағы озық тәжірибелерін басшылыққа алуды ойластырып, ақыл таразысына салып, ұлттық ерекшеліктеріміз бен саяси дәстүрлерімізге бейімдеп қолданғанымыз жөн. Даму жолында ұлттық рухани құндылықтарымызды, ұлттық бірегейлігімізді құрбандыққа шалып жіберсек, онда бұл келер ұрпақтың алдындағы кешірімсіз қылмыс болады.
Информация о работе Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы