Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 16:48, курсовая работа

Описание работы

ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқару және электронды үкімет

1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

1.2 Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің мәні және оны туындатушы фактор


2 бөлім. Электрондық үкімет үлгілерін талдау және оның шетелдік тәжірибесі

2.1 Электронды үкімет құру үлгілерін талдау

2.2 Электронды үкімет құрудың шетелдік тәжірибесі

3 бөлім. Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары

3.1 Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Уразгалиева.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

     Әрине, осы жоғарыда аталған проблемаларды  ойластырып шешуде парламенттің рөлі айтарлықтай екені белгілі. Мемлекеттік  құрылыс пен экономикалық құрылым  түрі мен бағыттарының заңнамалық негізін  қалыптастырудағы оның рөлі тіпті бөлекше. Дей тұрғанмен тап сол кезеңде қоғамдық өмір талабынан туындаған күрделі мәселелерді жедел шешу мүддесіне тек парламенттік көзқараспен келу уақыт жағынан ұтылысқа алып келер еді. Осыны өз уақытында тусінуге экономикалық, саяси - әлеуметтік және қоғамдық дамуымызға жанашыр болып жүрген алдыңғы қатарлы қайраткерлер мен саясаткерлердің интеллектуалдық деңгейінің жеткені де еліміздің бақыты болып есептелуге тиіс. Осындай түсініктің арқасында ғана Парламент Президенттік билікті күшейту жөнінде шешім қабылдауы және соңғы 15 жылдық тарихымыз сол шешімнің дұрыс болғандығын дәлелдеп берді.

     Ал, Қазақстандағы ендігі жағдай мүлдем басқаша. Еліміз экономикасының іргетасы қаланып, «қабырғасы» қатайды. Оның жылма – жылғы өсу қарқыны (8 – 10%) және тұрақты болып отыр. Шаруашылықтағы жетістіктер әлеуметтік мәселелерді де түбегейлі шешуге мүмкіндік беріп отыр. Еңбекші халықтың табысы көбейді, кедейшілікпен күрес те жемісін беріп келеді, қызмет жасауға мүмкіндігі жоқ адамдарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау күшейтілді. Соңғы 5 жылда халықтың табиғи өсімі әрбір 1000 адамға шаққанда 3,09 – ға көбейіп, 2005 жылы 8,05 – ке жетті. Жан басына есептегендегі кіріс пен әрбір жұмыскердің орташа еңбекақысы да осы мерзім ішінде 2 еседей өсті. Тағайындалған зейнетақы жөнінде де осыны айтуға болады. Еліміздегі банктік – несиелік құрылымдар мен қаржылық нарық жүйесі бұрынғы кеңестік республикалармен салыстырғанда алдыңғы қатарға шығып, бүкіләлемдік деңгейде таныла бастады. Қазақстанның осы деңгейдегі экономикалық және саяси орны да барған сайын айқындала түсуде. Оның мемлекеттік нысандары, қорғаныстық және интеллектуалдық әлеуеті күшейтілді, соның арқасында халықаралық беделі бұрын – соңды болып көрмеген деңгейге көтерілді. Осының барлығы уақытында, бірақ эволюциялық қағидамен жүргізілген экономикалық реформалар мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп отырудың нәтижесі ретінде бағаланғаны ләзім.

     Ендігі  жерде мемлекетіміз бен экономикамыздың  бәсекелестігін арттыру, сөйтіп алдыңғы  қатарлы елдер санатына қосылу мақсатында саяси реформаларды іске асыруды қолға алуға әбден болады. Өйткені ол үшін керекті факторлар, алғышарттар, экономикалық мүмкіндіктер, ішкі және сыртқы саяси жағдайлар жасалды. Сондықтан да Ел Басшысы биылғы халқымызға арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында да, Қазақстанды демократияландыруды жаңа сатыға көтеру жөніндегі Парламент мәжілісінде (16.05.2007ж.) жасаған баяндамасында да тек әлеуметтік – экономикалық мәселелерді ғана емес, саяси өмірімізге енгізілетін өзгерістерді негіздеп берді. Олардың көпшілігі алдымыздағы 10 жыл аясында жүзеге асырылуы керек.

     Ең  әуелі аталмыш Жолдаудың негізгі  қағидаларына тоқталуымыз дұрыс  болар еді. Қысқаша айтқанда, олардың  мән – мағынасын төмендегіше  топтауға болады:

    • халықтың табысы мен әл – ауқатын өсіру, сөйтіп оның өмір сүру деңгейін көтеру мақсатын іске асыруға саннан гөрі сапалық сипат беру; Бұл маңызды интегралдық көрсеткіш – адами даму индексін (адамдар өмірінің орташа ұзақтығы, денсаулық пен білімділік деңгейі, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі) едәуір жоғарылауға мүмкіндік туғызады;
    • қоғамдық және экономикалық өмірімізді жан – жақты жаңғырту және осы мақсатта іске асырылатын шаралардың басыңқылықтарын анықтай отырып, оларды жеделдету;
    • әлемдік экономиканың дамуы мен жаһандану үрдісі заңдылықтарын теориялық - әдіснамалық негізде нақтылай отырып және өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды тиімді пайдалана отырып бәсекеге неғұрлым қабілетті елу елдің қауымдастығына кіру бағытына қарй жедел қарқынмен жылжуымызды қамтамасыз ету;
    • Қазақстанның жаңа кезеңдегі негізгі міндеттерін (экономикалық өсуді басқару, өңірлік экономиканың сапалы дамуы, өңдеуші секторды тиімді дамыту, өндірістің шикізаттық емес секторын әртараптандыра дамыту, осы заманғы инфрақұрылымды дамыту, «парасатты экономика» негіздерін қалыптастыра отырып оны инновациялық экономика дамуымен ұштастыру, әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыта отырып, оны атаулы әлеуметтік қолдаумен сәйкестендіру, халықаралық тәжірибенің біз үшін оңтайлы жақтарын ескере отырып әкімшілік реформаны сатылап іске асыру және еліміздің Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктерін алға апара беру) орындауға барлық әкімшілік – экономикалық тетіктер мен интеллектуалдық ресурстарымызды тиімді пайдалану;
    • жаңа Қазақстанды құру үшін халықтың патриотизмі мен саяси еріктілігін шешуші факторлар ретінде пайдалану.

     Бұған қоса осы жолдаудың II – ші бөлімінде  Ел Басшысы «Ішкі және сыртқы саясатымыздың  аса маңызды 30 серпінді бағытын айқындап берді». Олар төмендегідей атаулармен 6 топқа бөліп қарастырылған:

     1.Қазақстанды  қазір қолымызда бар мүмкіндіктерді  айқындау мен пайдалану, сондай  – ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар  қалыптастыру арқылы  әлемдік  экономикаға ойдағыдай кіріктіруге  бағытталған мемлекеттік саясат.

     2.Әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияландыру негіздерін жасау арқылы  
Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға бағытталған мемлекеттік саясат.

     3.Еңбек  нарығы дамуының серпіні мен  келешегіне сәйкес келетін білім  беру және кәсіптік қайта даярлаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясат.

     4.Осы  заманғы әлеуметтік саясат: басты  назарда – адамдардың сұранысы  мен қажеттіліктері және жұмыс  орындарын жасақтау.

     5.Жаңа  кезеңнің ығытына қарай саяси  және әкімшілік даму.

     6.Қазақстанның  жаңа өңірлік және геосаяси  жауапкершілігі.

     Бұл топтамаларда көрсетілген бағыттар «Қазақстан – 2030» Стратегиясы аясында  алдағы 10 – шақты жылда іске асырылуға  тиісті стратегиялық мәні бар шаралар  жүйесі болып табылады. Олардың саяси – ұйымдастырушылық жағы Президенттің жоғарыда көрсетілген Парламент мәжілісіндегі сөзінде айқынырақ көрініс тапты. Әңгіме, ең алдымен, елімізде іске асырылатын саяси реформалардың негізін қалау үшін Атазаңымызға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар жөнінде болып отыр. Олар жөнінде Ел Басшысы үстіміздегі жылғы мамыр айының 16 – ші жұлдызында Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде арнайы сөз сөйлеп, жаңағы өзгертулер мен толқулардың 2 жыл бойы жүргізілген дайындық жұмыстарының қорытындысы ретіндегі мәні мен мағынасын ашып берді және экономика мен әлеуметтік жағдаятымыз жақсарғаннан кейін енді саяси реформаларға қадам басатын күн туғанын дәлелдеп,олардың негізгі астарлары мен бағыттарына тоқталды.

     Қысқаша қайырып айтқанда, ол бағыттардың  мәнін төмендегіше көрсетуге болады:

    • Президент пен парламент арасындағы біраз биліктік өкілеттілік пен жауапкершілікті қайта бөліп, сол арқылы Парламенттің рөлін күшейту; ол үшін Мәжіліс депутаттарын сайлағанда пропорционалды сайлау жүйесіне көшіп, сол тетік арқылы саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
    • жаңадан сайланған Президенттің басқару мерзімі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқарту арқылы оны басқа билі субъектілерінің сайлануы мерзімімен сәйкестендіру және еліміздегі демократияландыру үрдісін тұрақтандыру мен өрбіте беру;
    • Сенат пен Мәжіліс депутаттарының санын көбейту (сәйкесінше, 8 және 30 адамға) арқылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының саяси рөлін жоғарылату;
    • Үкіметтің тек Президент алдында ғана емес, сондай – ақ ендігі жерде Парламент алдындағы жауапкершілігін жоғарылату арқылы мемлекеттік басқару қызметінің тиімділігіне, жоғары сапасына және ашықтығына қол жеткізу;
    • оларға қол жнткізу бағытындағы маңызды шара ретінде Парламент пен оның палаталары тарапынан Үкіметке сенімсіздік білдіру үрдісін жеңілдету және ол үшін бұрынғыдай депутаттардың дауыс берудің үштен екісін емес, жәй көпшілік дауыс беруді есепке алу;
    • ендігі жерде Премьер – Министрді Президенттің тиісті жарлығымен тағайындауды Мәжілістің партиялық фракцияларымен ақылдасқаннан кейін Мәжіліс депутаттарының көпшілігінің келісімімен ғана іске асыру;
    • қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қызметін мемлекет тарапынан қаржыландыру және сол арқылы олардың саяси өміріміздегі рөлін жоғарылату;
    • жергілікті өзін - өзі басқару жүйесіне көшу және оның алғышарты ретінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалр мен Астананың әкімдерін сәйкес маслихаттардың келісімімен тағайындау;
    • сот жүйесін және оның жұмысын жетілдіру;
    • халықаралық келісім мен Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайта беру;
    • азаматтық қоғам институттарын қолдап отыру мақсатында жүйелі шараларды іске асыру;
    • азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау  жүйесін нығайту және т.б.

     Осындай көлемді өзгерістер мен толықтыруларды Атазаңымызға енгізу (бұл жөнінде  Парламент толыққанды шешім қабылдады) еліміз тарихындағы және оның саяси өміріндегі айтулы уақиға болды және бұны тек қана отандық емес, дүние жүзіне танымал шетелдік саяси қайраткерлер де растап отыр. Ендігі жерде қазақстандықтар Парламент пен саяси партиялардың қоғам дамуындағы рөлі күшейтілген жағдайда, бірақ Президенттік басқару аясында өмір сүретін болады.

Әрине, әрбір тарихи кезеңде өмір талабынан  туындайтын проблемаларды шешіп  отыру барысында мемлекеттік  басқару жүйесін одан әрі жетілдіре  беру міндетін атқаруға тура келеді. Ол – болашақтың ісі. 

    1. Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің мәні және оны туындатушы фактор
 
 

     Қазіргі жағдайда бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістік қалыптастыру жаһандық даму факторына айналуда, ал ақпарат мемлекеттің  маңызды стратегиялық ресурсы болып  табылады. Ол ұлттық маңыздылықты, геосаяси бәсекелестік пен қоғамдық қатынастарды реттеуде мемлекеттің рөлін күшейтеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ақпараттық қоғам орнатудың негізгі құралы.

     Ақпараттық қоғам төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: ақпараттық-технологиялық жарылыс тудырған қоғамның жаңа түрі; білім қоғамы; ақпарат алмасуда уақыт, кеңістік, саяси шекаралар деген ұғымдардың  әсері жоқ жаһандық қоғам. Ақпараттық қоғам құру 1980 жылдардың аяғында барлық дамыған елдердің стратегиялық мақсаттарының біріне айналды. Үлкен сегіздік елдері 2000 жылы шілденің 22-сінде қабылдаған “Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинавалық Хартиясында”: “Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ХХI ғасырдағы қоғамның қалыптасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады” деп тұжырымдалды.

    Жаңа  ақпараттық технологиялар қоғам мен мемлекет өзара әрекетінің мәнін, мазмұнын өзгертеді, сол арқылы сан-алуан ақпараттар көзіне азаматтардың қол жетімділігін кеңейтеді, саяси шешімдер қабылдау процесіне адамдардың қатысу мүмкіндігін арттырады, билік құрылымдарының қызметіне қоғамдық бақылау орнатуға жағдай туғызады, ақпаратты тұтынып қана қоймай, оны белсенді өндіруге түрткі болады. Сондықтан да диссертацияда ақпараттық қоғам электрондық технологиялар арқылы басқару процесін жүргізуге қызығушылық танытып, электрондық үкіметтің туындауы ақпараттық қоғамның қажеттілігі ретінде, жаңа өмірдің сұранысын қанағаттандыру мақсатында дүниеге келді деген ғылыми тұжырым жасалады.

    Ақпараттық  қоғамда биліктің, оның институттарының  дамуына мүмкіндік беретін ең алдымен озық ақпараттық технологиялар негізінде құрылатын барлық деңгейдегі коммуникативтік өзара қатынастың жаңа жүйесін жасау болып табылады. Оған қоса, соңғы кездері әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік басқару күрделене түсуде, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер саны да артып барады. Ал оларды оңтайландырудың бірден-бір жолы – электрондық үкіметтің жұмысын дұрыс жолға қою. Мұның барлығы жаңаша ақпараттық технологияларға деген биліктің мұқтаждығын өсіре түсуде. Бүгінгі ақпараттандыру дәуірінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру мен саяси жүйеге енгізу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі.

     Электрондық үкімет терминінің түсініктері:

     1) қарапайым түсіндірме бойынша  электрондық үкімет ұғымы мемлекет халқына ақпараттық-коммуникациялық технология мен интернет арқылы мемлекеттік қызметті ұсынуды білдіреді, бұл өз кезегінде азаматтардың уақыты мен қаржы-қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді;

     2) күрделі түсіндірме бойынша электрондық үкімет – мемлекеттік органдардың көрсететін қызметтерін үйлестіру, мемлекеттік басқару мәселелеріне қоғамның қатысу деңгейін арттыру мен ішкі саяси процестерді жетілдіру мақсатында интернетті, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы ішкі және сыртқы қатынастарының трансформациялануы. Электрондық үкіметтің құрылымында э-азамат, э-бизнес, э-үкімет деген терминдер қолданысқа енген.

    Біртұтас  үкіметтік интернет-портал мемлекеттік  ұйымдардың барлық қызмет көрсету кешенін  ықпалдастырып қамтиды, оған барлық уақытта (электрондық үкімет дұрыс жолға қойылған елдерде 24х7х365 форматы жалпы танылған: 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн) барша азаматтардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай порталдардың енгізілуі мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігін арттырады, мемлекеттік сектордағы бюрократизм мен сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

     Электрондық үкіметтегі қарым-қатынас жасасудың басты құралы – веб-сайттар болып табылады. Белгілі бір мемлекеттік органның сайты арқылы интернетке қосылған кез-келген компьютер арқылы азаматтар өздерінің талап-тілектерін, өтініштерін, мұң-мұқтаждарын білдіріп қана қоймай, қажет шаруаларын да тындыра алады: салық төлеу, құжаттарға тапсырыс беру, мамандардың кеңесіне жүгіну, мәліметтер алу т.б. Сайттарда кеңінен таралған коммуникативтік өзара әрекеттесудің түрлері мыналар болып келеді: форум, чат, қонақ кітабы, электоронды пошта, блог.

Информация о работе Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы