Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 16:48, курсовая работа

Описание работы

ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқару және электронды үкімет

1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

1.2 Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің мәні және оны туындатушы фактор


2 бөлім. Электрондық үкімет үлгілерін талдау және оның шетелдік тәжірибесі

2.1 Электронды үкімет құру үлгілерін талдау

2.2 Электронды үкімет құрудың шетелдік тәжірибесі

3 бөлім. Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары

3.1 Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Уразгалиева.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

     Сонымен қатар, осы курстық жұмыс құрамында дәстүрлі үкіметтен толық электрондық үкіметке өту процесінің кезеңдері ашылып көрсетілген. Электрондық үкіметтің басты мақсаты - азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет түрлеріне жылдам әрі сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс жасау нәтижелілігін арттыру, мемлекеттік құрылымда бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру және дамыту.

 

2 бөлім. Электрондық үкімет үлгілерін талдау және оның шетелдік тәжірибесі

2.1 Электронды үкімет  құру үлгілерін  талдау

     Отандық электрондық үкіметті дамытудағы алты стратегиялық басымдықтар:

     1. Халыққа анағұрлым қажетті қызметтерді  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар  көмегімен  көрсетудің сапасын  жақсарту.

     2.  Электрондық үкімет арқылы сыбайлас  жемқорлықпен күресу.

     3. Электрондық үкіметті өзге де әкімшілік реформаларды жүзеге асыру барысында қолдану.

     5. Электрондық үкімет арқылы тиімді қызмет ететін мемлекет құру.

     6. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі  мен имиджін жақсарту.

     Электрондық үкімет қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттігін көтеруге бағытталған бірқатар шешімдерді ұсынады, олар порталдар арқылы жүзеге асатын қызметтерден тұрады. Үкімет – үкіметке (G2G) ақпараттарды қолдану мақсатындағы мемлекеттік органдардың аралық және ішкі әрекеттестігі және тиімді жұмыс жасауды қолдау; Үкімет – азаматтарға (G2C): ақпаратқа Интернет жүйесі арқылы қол жетімділік, интрактивті сауалнама, конференциялар, ашық дискуссиялар және т.б; Үкімет – бизнеске (G2B): тауарларды сатып алу, осыған орай түрлі қызметтер жасау, салық төлеу, патенттеу, лицензиялау т.б.

     Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен қоғамының барлық саласына оңтайлы қажеттілік тұрғысынан сай келетін электрондық үкіметті барынша ендірудің тактикалық әдіс-тәсілдері:

     1. “Бір терезе” қағидасына негізделетін  бағдарлама.

     2. Қызмет көрсету көп арналы,  бұл таңдау бостандығын қамтамасыз етеді.

     3. Электрондық нұсқаға түсіру алдында  қызмет түрлері мен процестеріне  реинжиниринг жасау.

     4. Электрондық үкімет қызметтерін  аутсорсинг пен жеке-мемлекеттік  әріптестікті қолдану арқылы  көрсету. 

     Жоғарыда  көрсетілген стратегиялық және тактикалық іс-шаралар кешенді жүзеге асырылатын болса, Қазақстанда 2020 жылға дейін азаматтарға бағытталған тиімді мемлекеттік қызмет көрсететін электрондық үкімет өмірдің нақты шынайлығы мен қажеттілігіне айналады.

     Коррупцияның  деңгейін төмендетудегі электрондық үкіметтің маңызы жоғары бағаланады. Электрондық үкіметтің антикоррупциялық әлеуеті мынадан көрінеді: мемлекеттік басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану чиновниктердің жемқорлық іс-әрекет жасау мүмкіндігін барынша азайтады. Өйткені, электрондық үкімет мемлекеттік қызметті онлайн режиміне көшіріп, азаматтар мен чиновниктер арасындағы жеке контактілерді минимумға жеткізеді. Электрондық үкімет жобаларын жүзеге асырған сайын:

     - азаматтар мен мемлекет өкілдерінің контакті жасауы әлденеше рет қысқарады (“бір терезе” принципі барлық қажетті мемлекеттік қызмет түрін бір жерден көрсетуді қамтиды);

     - азаматтар мен щенеуніктердің  контакт жасауының сипаты өзгереді: электрондық үкімет жағдайында  мұндай “кездесу орны” веб-портал болады.

     Мемлекеттік қызмет көрсетудің де сипаты өзгереді: электрондық үкімет стандартты және  деперсоналды қызмет көрсетуді жолға қояды, бұл өз кезегінде коррупциялық механизмдерді пайдалану мүмкіндігін қиындатады. 

     Келесі  бір маңызды нәрсе - шенеуніктердің дискреционды өкілеттіктері айтарлықтай қысқарады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өзінің параметрлеріне байланысты әкімшілік процедураларды автоматты және нақты алгоритмдерге негіздей отырып жүргізетіндіктен, саяси ерік-жігерден тәуелсіз. Бұл идеяның мәні әкімшілік өкілеттіктерді реттестіру мен негізгі әкімшілік процестерді электрондық форматқа формализациялауда. Нәтижесінде азамат әр мәселе мен құжат қанша мерзімде орындалады, қандай талаптарға сай болуы тиіс деген мәселелерді нақты білетін болады, тамыр-таныс іздеудің қажеттілігі болмайды. Әрине, жемқорлыққа қарсы күрестегі электрондық үкіметтің рөлі оның ашықтығымен, мөлдірлігімен анықталады. Соңғы бесжылдықта э-мөлдірлік термині айналысқа енді.

     Азиялық тәжірибені салыстыра талдау арқылы ізденуші жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілетін іс-шаралар кешенін қажетсінетінін көрсетеді. Сондықтан да басқарушылық, ұйымдастырушылық өзгерістер электрондық үкіметті жүзеге асырумен сүйемелденетін болса, онда сыбайлас жемқорлықтың  деңгейін анағұрлым төмендетуге болар еді. Мысалы, мемлекеттің қаржылық қызметі (ұлттық қордан бастап, бюджеттік қаражат) туралы ақпаратты интернет желісінде жариялау қоғамдық бақылаудың тиімді құралына айналар еді.

     Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік  басқаруда ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану дәстүрлі коррупцияның мүмкіндіктерін қысқартқанымен, жемқорлық мінез-құлықтың жаңа түрлерінің туындауына да әсер етеді. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияларды шебер меңгерген кейбір  ашкөз чиновниктер қоғамдық мүддені кері ысырып қойып, өздерінің қалтасы мен құлқынын ойлап, э-коррупция (e-corruptіon) деген жаңа құбылыстың туындауына себепкер болуда. Қоғам мен технология дамыған сайын қылмыскерлер де ақылды, құйтұрқы бола түсері сөзсіз.

     Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды мемлекеттік секторда кеңінен қолдану билік органдарының ашықтығын, мөлдірлігін қамтамасыз етеді, азаматтармен тікелей қарым-қатынас жасайтын “жемқор” деген репутацияға ие құрылымдар веб-портал арқылы қызмет көрсетіп, жемқорлық азаяды, қаржы-қаражат, мемлекеттік сатып алу сияқты іс-әрекеттер желіде ашық және нағыз бәсекелестік негізде жүретін болады.   

2.2 Электронды үкімет  құрудың шетелдік  тәжірибесі 

      

    Мемлекеттер
      Индекс
    Рейтингтік  орны
    1 Дания
      1.0000
    1
    2 Швеция
      0.9833
    2
    3 Америка Құрама Штаттары
      0.9532
    3
    4 Норвегия
      0.9465
    4
    5 Франция
      0.8294
    5
    6 Корея Республикасы
      0.8227
    6
    7 Нидерландия
      0.7893
    7
    8 Канада
      0.7659
    8
    9 Ұлыбритания
      0.7525
    9
    10 Жапония
      0.7425
    10
 
 

Кесте-1. БҰҰ 2008 жылғы есебі бойынша әлемдік ауқымдағы электрондық үкіметі ең дамыған 10 елдің рейтингтік орындары  

      Жоғарыда  берілген рейтингке сәйкес, ізденуші Америка құрлығы елдерінің ішінен электрондық үкіметі дамыған әлемдегі үздік ондыққа кіретін екі мемлекеттің – АҚШ пен Канаданың тәжірибесін талдауды жөн деп тапқан. Бұл екі елдің  электрондық  үкiметтi  қолданысқа  енгiзу саясаты мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын  қызмет  көрсетулер  сапасын жақсартуға, мемлекеттік қызметтің шығындары мен атқарылу мерзiмiн қысқартуға,  мемлекеттiк органдар  қызметiнiң ақпараттық базасына  қолжетiмдiлiктi   қамтамасыз   етуге бағытталған. Олар электрондық үкіметті  әкiмшiлiк жүйенi  жетiлдiрудi  ескере  отырып,  құрамы  жағынан тиiмдi  әрi  оңтайлы мемлекеттiк   аппарат   құрудың тиімді механизмі деп қарастырады. Сонымен қатар  электрондық  үкiмет құрудың басты  басымдылықтары Интернет байланысқа  қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  саласында  бiлiм  деңгейiн  көтеру,  сондай-ақ  мемлекеттiк  басқару  жүйесiн  модернизациялау  болып  отыр.

     АҚШ біртұтас үкіметтік интернет-порталы FirstGov– 2000 жылы қыркүйек айында ашылып, оның тұсауын сол кездегі ел Президенті Б. Клинтон кесті. FirstGov американдық  мемлекеттік мекемелердің жаңа ақпараттық технологияларға көшіруге бағытталған  ұлттық бағдарламаны жүзеге асырудың бастамасы болды. Бұл мемлекеттік интернет портал 20 мыңға жуық мемлекеттік веб-тораптарды біріктірді, ал онда өкілдігі бар ұйымдардың жалпы саны 30 мыңнан асып жығылды. Ал олардың қолындағы мемлекеттік қаражаттың сомасы 500 млрд. АҚШ долларына тең деп бағаланды.

     2001 жылы АҚШ сенаторлары Дж. Либерман және Дж. Тернер ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекет тарапынан қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған “Электрондық үкімет туралы” заң жобасын алғаш рет ұсынды. Бұл заң жобасы Конгресстің екі палатасымен қаралып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді және 2002 жылы қабылданған болатын.

     АҚШ-та үкіметтің қызмет түрлерін е-governmentке көшіру арқылы бюрократиялық рәсімдерді жетілдіру халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын  көтерді (ақпаратқа қолжетімділік деңгейі өсті, құжаттарды беру жеделдетілді т.б.) және оны ұстауға кететін шығынды қысқартты. Мысалы, АҚШ Ауыл шаруашылық департаменті электрондық төлем жүйесін орнатқаннан кейін бір келісім-шарт рәсімдеуге кететін әкімшілік шығындары 77 $-дан 17 $ дейін төмендеген, ал канадалық тәжірибе көрсеткендей, бір канадалық азаматты қабылдап, арыз-шағымын өңдеу үшін 44 Канада доллары шығындалса, осы қызметті пошта арқылы орындау – 38, телефон арқылы – 8 Канада доллары жұмсалады екен. Дәл осы қызметті электрондық форматта көрсету небәрі 1 канадалық долларға тең болған [9].

     Сонымен қатар, е-government технологияларын енгізу мемлекеттік басқару процестерінің  мазмұнын өзгертпегенімен, бұл қоғам  мен үкімет арасындағы өзара әрекеттесуді жандандырды, жекелеген азаматтар мен әлеуметтік топтардың саясатты қалыптастыру процесіне қатысуының тиімді арналарын жасады, чиновниктердің жұмысын қағазбастылықтан арылтты, саяси жүйенің кері байланыс тетіктерін нығайтты, осының бәрі түптеп келгенде мемлекеттің қызметтік мүмкіндіктерін нығайтуға ықпал етті.

     Өз  кезегінде электрондық үкіметті дамытуға жұмсалатын шығынның артуы АҚШ экономикасының дамуына мультипликативтік эффект беріп, ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен инфрақұрылым нарығындағы компанияларға инвестиция ретінде құйылды. Электрондық үкіметті дамыту саясаты арқасында жоғарыда аталған көптеген американдық компаниялар ірі-ірі мемлекеттік тапсырыстар алып, бизнестерін жандандырды. “Ақылды экономика” дамыды, ғылымның экономикадағы үлесі артты. Мыңдаған инженерлік-техникалық жұмысшылар мен ғалымдар жұмыспен қамтылды.

     Басқаша айтсақ, АҚШ-тағы электрондық үкіметті дамытуға кеткен шығын ғылым мен өндірістің, жалпы экономика мен шағын бизнестің дамуына қосымша серпін берді, сол үшін олар маңызды мемлекеттік бағдарламаға кететін бюджеттік шығынды жылдан жылға ұлғайта берді. Жұмыста АҚШ-тың белді мемлекеттік органдарының электрондық үкіметті дамытуға жұмсаған шығындары санмен және пайыздық көрсеткіштермен берілген.

     Канадалық электрондық үкімет бастамалары үшін нәтижелікті бағалаудың қисынды құрылымы ортақ мақсат - Канаданы автоматты басқару мен ақпараттық технологияларды дамыту мен қолдану бойынша әлемдік көшбасшы етудің арасына өзара байланыс орнатуды қамтиды.

     Салыстырмалы  саяси талдаудың мақсаты мен қажеттiлiгi әлем елдерінің электрондық үкiмет құруда жiберген қателiктердi болашақта қайталамау.

     Тараушаны қорыта келе, АҚШ пен Канада тәжірибелерінен Қазақстан қандай сабақ алуға болатынын автор арнайы көрсетеді.  АҚШ билігінің электрондық үкімет құруды табысты жүзеге асыруына ықпал еткен шешуші фактор – электрондық жобаларды әзірлеу мен қолданысқа енгізу процесінің барлық министрліктердің, ведомстволардың, университеттердің, жеке фирмалар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-қимылы мен серіктестігі арқасында жүзеге асатындай етіп ұйымдастырылуы. Қазақстандағы электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамытуда біз осыны ескеруіміз қажет. Мысалы, американдықтар сияқты бізде де “Электрондық үкімет” тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу гранттарын беру бағдарламасын неге жарияламасқа?

Информация о работе Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы