Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 16:48, курсовая работа

Описание работы

ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқару және электронды үкімет

1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

1.2 Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің мәні және оны туындатушы фактор


2 бөлім. Электрондық үкімет үлгілерін талдау және оның шетелдік тәжірибесі

2.1 Электронды үкімет құру үлгілерін талдау

2.2 Электронды үкімет құрудың шетелдік тәжірибесі

3 бөлім. Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары

3.1 Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Уразгалиева.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  Университеті

Экономика және басқару факультеті

«Экономика  және бизнес» кафедрасы 
 

                                                                                                                    «Қорғауға жiберiлдi»

«Экономика және бизнес»

кафедрасының меңгерушiсi

э. ғ. к.  Сабирова Р.К.

_____________________

«_____»_________2010ж. 
 
 

К У Р С Т Ы  Қ        Ж Ұ М Ы С 

Тақырыбы: «Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы»

Пән: «Мемлекетті басқару теориясы» 
 
 
 
 

Орындаған: «Мемлекеттік және жергілікті

басқару»  мамандығының 312 топ студенті

                                                                                     Уразгалиева Р.  
 
 
 

Ғылыми  жетекші: аға оқытушы

Мукашева  А.Ж. 
 
 
 
 
 

Атырау -2010 жыл.

 

      Мазмұны

     Кіріспе

     1 бөлім. Қазақстандағы  мемлекеттік басқару  және электронды  үкімет

     1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  басқару 

     1.2 Қазақстан Республикасындағы электронды  үкіметтің мәні және оны туындатушы  фактор 
 

2 бөлім. Электрондық үкімет үлгілерін талдау және оның шетелдік тәжірибесі 

     2.1 Электронды үкімет құру үлгілерін  талдау 

     2.2 Электронды үкімет құрудың шетелдік  тәжірибесі 

     3 бөлім. Электрондық  үкіметтің Қазақстандық  нұсқасын жүзеге  асыру бағыттары 

     3.1 Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары 

     Қорытынды

     Пайдаланылған әдебиеттер

 

      Кіріспе

    ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.

     Қазақстанның  постиндустриалды даму сатысына өту  мүмкіндігі туралы мәселені алғаш көтерген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың “Постиндустриалды қоғам қалыптасуының стратегиясы және өркениеттер серіктестігі” атты жаңа еңбегінде заманауи ғылыми-техникалық, ақпараттық және өзге де инновациялық төңкерістер жалпы адамзат өркениетінің, оның ішінде біздің отанымыздың да келешектегі бет-бейнесін айқындайтынын атап көрсетеді

     Қазақстандағы демократиялануды одан әрі тереңдету  ісі азаматтық қоғам институттарын  дамытумен де тікелей байланысты, өйткені тұрақты жұмыс істейтін үкіметтік емес сектор азаматтарды қоғамдық істерге тартады, саяси қатысу мен белсенділікті арттырады. Себебі, аймақтық саясаттың негізгі мақсаттарының бірі – азаматтық қоғамның әлеуметтік жағдайын жандандыру. Ал азаматтық қоғам институтарын дамыту мен ынталандырудың бірден-бір ұтымды жолы – билік тарапынан оларға деген сенімнің нығаюы, әлеуметтік әріптестіктің дұрыс жолға қойылуы. Билік пен азаматтық қоғам арасында жасампаздыққа негізделген өзара әрекеттесу мен өзара жауапкершілік болуы тиіс. Қазақстанда жаңа саяси және экономикалық жүйелер қалыптасты, сәйкесінше, полиэтникалық қоғамның өмірін қамтамасыз ету мен динамикалық дамуына, оның ішінде ұлтаралық қатынастарды жаңа жағдайларға бейімдеуге қажетті тетіктер мен шарттар жасалған.

    Қазіргі кезде қазақстандық қоғамның барлық саласында ақпараттандыру процесі қызу жүруде, оның ішінде саясат саласында да жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, мемлекеттік қызмет пен әкімшілік-басқару істерін әлемдік стандарттарға сай модернизациялауға барынша күш салынып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның саяси жаңғыруындағы аса маңызды факторлардың бірі – электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бұл маңызды мәселеге ерекше мән беріп: “Үкіметке заңдар мен заңнамалық актілерге ғылыми, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау, мүдделік қолдау (лоббистік) қызметі, электрондық үкімет мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалану туралы заң жобаларын ең бірінші кезекте әзірлеп, Парламентке енгізуді тапсырамын” - деп әкімшілік реформаларды жүргізудегі басты міндеттердің қатарына қойды.

    Ұзақ  мерзімді Қазақстан-2030 Стратегиялық бағдарламасында  электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуына негіз болатын ақпараттық инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп, бұл туралы: “Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында, ең алдымен, болашақта әлемнің дамыған елдерінің ақпараттық инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті, дербес тәуелсіз және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру міндеті тұр” – деп анықталды.  “Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” қабылданып, оның ізін ала 2008-2010 жылдарға арналған электрондық үкімет бағдарламасы қисынды жалғасын тапты.  Бүгінде қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы жаңа идеологиялық тұғырнама негізінде жүзеге асып, соңғы бағдарламаға сәйкес белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар бұл құжаттар 2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздік деңгейін төмендетуге бағытталған мемлекеттік бағдарламамен толығып, кешенді мемлекеттік саясатқа ұласты.

     Бүгін қазақстандық электрондық үкіметтің қалыптасуы мен дамуы саяси өмірде өз орнын тапты, электрондық үкімет іс жүзінде қоғамымыздағы әлеуметтік көлбеу және тік қарым-қатынастар мен саяси коммуникацияны қамтитын кең әрі терең ұғым. Сондықтан осы өзекті мәселенің саяси ғылым тұрғысынан зерттеу, электрондық үкіметті жасақтаудың әлемдік тәжірибесіне салыстырмалы саяси талдау жасай отырып, оның жаңа жолдарын іздестіру, жетістіктеріне баға беру, қазіргі жағдайы мен әлеуетіне талдау жасап, даму үрдістері мен келешегіне саяси болжам жасау қажеттілігі туындайды.

    Электрондық үкіметті одан әрі дамыту өзекті саяси міндеттердің қатарында, оған Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған жолдауларында ерекше көңіл бөлініп, басымдық берілуі дәлел. Сол сияқты, студент жастарға арнап оқыған дәрісінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: “Мен Үкімет алдына инновациялық қызметті белсенді ету міндетін қойдым. Бәрінен бұрын технологиялар трансферті мен білімнің кешенді жүйесін құру қажет. Инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырған жөн” деп қадап айтты. Инновацияларды мұндай тиімді басқару жүйесіндегі электрондық үкімет қызметінің алар орны ерекше.

    Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында “ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес адам өміріне де ықпал ете отырып, қоғам дамуының басты факторы болып табылады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті құру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру мен инфрақұрылымын қалыптастыру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады” - делінген.

    Қазақстанда электрондық үкіметті дамыта беру стратегиялық мәнге ие. Қазақстан әлемдік өркениет көшінен қалмай, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеріп, оны саяси жүйе мен жалпы қоғам өмірінде кеңінен қолданса ақпараттық ғасырдағы тұрақты даму жолына түспек.

          Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.

      Курстық жұмыстың міндеттері:

  • электронды үкімет теориясымен танысу;
  • Қазақстандағы электронды үкіметтің қалыптасу бағыттарын анықтау;
  • электронды үкімет құрудың шетелдік тәжірибесін қарастыру.

     Зерттеу обьектісі: Қазақстан Республикасында электронды үкіметті қалыптастыру бағыттары.

     Курстық жұмыс  кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан, тұрады.   
    1 бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқару және электронды үкімет

     1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

Мемлекеттік басқару жүйесінде қағида заңдылықты, қатынастарды, элементтер арасындағы өзара байланысты білдіреді. Соларға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесі құрылып, жұмыс істейді. Қандай да 6ip қағидадан «бас тарту» бүкіл жұйенің қалыпты қызметіне нұсқан келтipyi мүмкін. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидаларын айқындау және негіздеу процесіне белгілі талаптар қойылады: а) мемлекеттік басқарудың кез келген емес, тек екі маңызды, басты, объективті, қажетті заңдылыктарын, қатынастары мен өзара байланыстарын білдіу; э)мемлекеттік басқарудағы тек тұрақты заңдылықтарды сипаттау; б) мемлекеттік басқарудың өзге басқару турлерінен ерекшелік білдіру

     Елімізде  мемлекеттік басқаруды жетілдірудің саяси астарына да үлкен көңіл бөлу қажет. Өйткені қоғамның экономикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық әлеуеті өркендеген сайын оны басқару жүйесінің саяси негізі де сәйкесінше өзгеріп отырады. Ол осындай өзгерістерге ұшырамаған жағдайда аталмыш әлеуеттің өркендеуі жолында жасанды кедергілер кездесуі әбден мүмкін – бұл адамзат тарихында талай рет дәлелденген ақиқат. Сондықтан да еліміз «әуелі экономика, содан соң - саясат» қағидасын ұстана отырып, әлеуметтік – шаруашылық бағытта ірі табыстарға қол жеткізгесін ғана саяси реформа мәселелерін күн тәртібіне қойып, олардың негізгі арқауы – мемлекеттік басқаруды демократияландырудың ағымдағы өзекті істерін жүзеге асырып келеді. Осындай саяси да, тәжірибелік те маңызы зор ауқымды істің бастамасы Ел Басшысы 2007 жылғы мамыр айының 16 – шы жұлдызындағы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен мәжілісінде жасаған баяндама болып табылады. Бұл баяндамадан туындайтын шаралар тәуелсіз Отанымыздың саяси тарихының жаңа беттерін ашуға заңнамалық негіз құрастыратын болады. Олардың маңызын айқындай түсу үшін осы уақытқа дейін экономикалық дамусыз бен саяси тұрақтылығымыздың іргетасы болып келген Атазаңымыздың (1995ж.) біраз негізгі ұстанымдарына тоқтала кеткен жөн. Әәңгіме, ең алдымен, Президент, Парламент және Үкімет арасындағы конституциялық және биліктік байланыстар мен олардың мемлекет басқарудағы орны жайында болғаны ләзім.

     Еліміздегі  мемлекеттік билік жүйесі Конституциямыздың 3 – ші бабына сәйкес құрылып, оның үш тармағының (заң шығарушы, атқарушы органдар мен сот жүйесі) күнделікті қызметі өзара үйлесімділік пен бірін – бірі тежемелілік жағдайда іске асырылып келеді. Бұл жерде мемлекеттік басқарудың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарта беру талабы «Қазақстан 2030» Стратегисын іске асыру міндеттерінен де туындайды. Осы міндеттердің бірі – орталықтандырылған басқарушы органдар (Үкіметті қоса есептегенде) өздеріне онша тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға беру, сөйтіп олардан арылу арқасында мемлекеттік басқаруды жетілдіре беру болып табылады. Дегенмен, осындай түбегейлі міндеттерді жүзеге асыру үшін еліміздің Атазаңына да өзгерістер енгізу өмір талабынан туындап отыр.

     Осы уақытқа дейін әлгі заңға сәйкес құрылған мемлекеттік басқару жүйесінің  қағидалық сызбасы төмендегідей еді. Жалпыхалықтық сайлау нәтижесінде ел Президенті лауазымына ие болған адам Парламент келісімін ала отырып Премьер – Министрді, соңғысының ұсынысымен Министрлер мен облыс және Астана, Алматы қалаларының әкімдерін тағайындайды.

     Бес жылдық мерзімге сайланған 77 депутаттан (67 – сі бір мандатты аумақтық округтан, 10 адам саяси партиялар тізімі бойынша) тұратын Мәжіліс Үкімет енгізген заң мәтіндерін талқылап, қажет деп есептеген жағдайда оларды Сенаттың назарына ұсынады. Ал, қажет деп есептемеген жағдайда ол мәтіндерді Сенат Мәжіліске, Мәжіліс – Үкіметке қайтаруға құқылы. Бұл – жаңағы заң мәтіндері әлі де жетілдіруді талап етеді деген сөз.

     Қазіргі Конституциядағы ұстанымдарға байланысты мемлекеттік басқару органдары  арасындағы тежемелік және тепе –  теңдік жүйесін пайдаланудың да біраз тәжірибесі жинақталды. Оған сүйенетін болсақ, кезінде Президенттік билікті күшейтудің бірден – бір дұрыс бағыт болғанына көз жеткіземіз. Сонау Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің сызбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында (1991-1993жж.) оны күшейтудің көптеген объективті себептерін ескеру керек болды. Олардың негізгілері ретінде мыналарды атап көрсеткеніміз жөн:

    • тарихи масштабпен алғанда қас – қағым сәтте құлап түскен алып империяның бір «пұшпағында» республикамыздың мемлекеттілігін қамтамасыз етіп, оны тәуелсіз ел ретінде қалыптастыру керек болды;
    • республикалар одағынан тұратын мемлекет ыдырағанда болмай тұрмайтын экономикалық дағдарысты бастан кешіріп, одан тезірек шығу жолдарын қарастыру, ол жолда еліміз халықтарының менталитетін, табиғи – экономикалық және интеллектуалдық ресурстарды, ішкі және сыртқы саяси ахуалды және т.б. айтарлықтай ақиқаттарды ескеру керек болды;
    • қол жеткен тәуелсіздігімізді қорғау және нығайту мақсатында ішкі саяси жағдайды ушықтырмау ісін еліміздің қорғаныс күштерін жаңадан жасақтау жұмысымен ұштастыру керек болды;
    • көрші және алыстағы елдермен дипломатиялық, саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды орнатып, оларды жан – жақты дамыту керек болды;
    • отанымыздың ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын шекарасын дәлірек анықтап, «іргемізді» бекітіп алу мақсатында көптеген және кезек күттірмейтін саяси – экономикалық мәселелерді шешу керек болды;
    • мемлекеттің унитарлық болмысын ескере отырып, оның әлеуметтік – шаруашылық жүйесін тікелей (вертикаль) және көлденең (горизонталь) басқару жүйесін қалыптасқан жағдайға сәйкес шапшаңырақ жетілдіріп отыру керек болды;
    • еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бағыттары мен стратегиясын негіздеп, оларды сатылап іске асырудың түбегейлі мәселелерін өзара логикалық байланыста шешіп отыру керек болды.

Информация о работе Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы