Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 16:48, курсовая работа

Описание работы

ХХI ғасыр - ақпарат ғасыры болып табылады, адамзат қауымы дамудың жаңа сатысына - ақпараттық қоғамға аяқ басты. 2006 жылғы 27 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы 17 мамырды Халықаралық ақпараттық қоғамның күні етіп белгілеу туралы ресми шешім қабылдады. Осындай әлемдік ауқымда жүріп жатқан заманауи үрдістен, өркениеттің көшінен біздің еліміз де қалыс қала алмасы түсінікті.

Содержание

Кіріспе

1 бөлім. Қазақстандағы мемлекеттік басқару және электронды үкімет

1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару

1.2 Қазақстан Республикасындағы электронды үкіметтің мәні және оны туындатушы фактор


2 бөлім. Электрондық үкімет үлгілерін талдау және оның шетелдік тәжірибесі

2.1 Электронды үкімет құру үлгілерін талдау

2.2 Электронды үкімет құрудың шетелдік тәжірибесі

3 бөлім. Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары

3.1 Электрондық үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Уразгалиева.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

     Американдық электрондық үкіметтің халық арасында кеңінен танымал болып, тез таралуына әсер еткен – мемлекеттік қызметке қатысты ақпараттан бөлек, веб-порталда азаматтар үшін қызығушылық тудыратын қосымша ақпараттардың орналастырылуы болды. Американдықтардың ұраны - интернет-технологиялардың заманауи түрiмен барлық тұрғындарды қамту. Мысалы, үкімет тарапынан қандай грант, стипендия, өтемақы қарастырылған, артық ақшаны қайда инвестициялаған пайдалы т.б. қосымша ақпараттарға да қол жетімділік мемлекеттік вебсайттарды пайдаланушылардың санын өсіруге жағымды ықпал етеді. Қазақстандық электрондық үкімет жобаларында тұтынушылардың осындай психологиялық ерекшеліктерін ескеруіміз қажет.

     АҚШ-тық FirstGov электрондық жобасының арнайы бағыты “Географиялық электрондық үкімет жасау” – штаттар мен округтардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарын біртұтас географиялық ақпараттық жүйеге интеграциялау бағдарламасына айналды. Бұл түрлі штаттардағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін кеңейтті. Бізде де осы сияқты “Қазақстан өңірлері” атты аймақтарды интеграциялайтын бірегей электрондық үкімет жобасын әзірлеп, жүзеге асырған тиімді. Бұл бір жағынан Елбасымыздың биылғы Жолдауында көрсетілген өңірлердің дамуы – елдің дамуы атты басымдығына да сәйкес келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның облыстық әкімияттарының веб-сайттары Интернет желісінде өз алдына бөлек-бөлек, шашыраңқы  орналасқан, ал қазақстандық электрондық үкімет негізінен министрліктерді қамтиды. Егер бірегей өңірлік электрондық үкімет порталы болса, бұл аймақтар арасындағы өзара байланыс пен әрекеттесуді дамытуға үлкен серпін берер еді.

     Американдықтардың электрондық үкіметті дамытудағы ерекшелігі - Федералды бюджетте Электрондық үкіметті дамытудың арнайы қоры құрылуы.  Бұл қосымша қаражат FirstGov үкіметтік порталын дамытуға жұмсалады. Электрондық үкіметті қаржыландырудың артуы АҚШ экономикасының дамуына мультипликативті әсер етіп, ақпараттық технологиялар мен инфрақұрылым саласына инвестиция ретінде құйылды. Нәтижесінде бизнес дамып, сонымен қатар, ғылымның экономикадағы үлесі артып, инженерлік-техникалық бағыттағы қызметкерлер жаңа жұмыс орындармен қамтылды. Қысқасы, АҚШ-тағы электрондық үкіметті дамытуға кеткен шығын ғылым мен өндірістің, жалпы экономика мен шағын бизнестің дамуына қосымша серпін берді. Қазақстан жағдайында электрондық үкіметті қалыптастыру мен дамыту мемлекет пен бизнестің, ғылым мен білімнің серіктестігі ұстанымына сүйенгені барша қоғам үшін тиімді болмақ. Электрондық үкіметті қалыптастыру тек қана мемлекеттің ісі деген сыңаржақ түсінікке бой ұрып кетпеуіміз қажет.

     Канада тәжірибесінің Қазақстан үшін сабақтары жетерлік: электрондық үкiмет пен осы пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны дамытуымыз қажет; халықты  электрондық  үкiмет мүмкiндiктерiн пайдалануға кеңінен тарту,  яғни  бiлiм алу және ақпарат теңсiздiгiн еңсеруге, қоғамды қажеттi бiлiм деңгейiмен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды iске асыру; мемлекеттiк органдарды  тиімді ақпараттандыру мен нәтижелі басқарудың  бiрыңғай  саясатын  жүргізу. Тиімді ақпараттандыру – бұрыннан келе жатқан бюрократиялық кедергілер мен қағазбастылықты көз жұмып автоматтандырудан аулақ болуды білдіреді. Электрондық үкімет сонда ғана бюрократия мен жемқорлықты ауыздықтауға мүмкіндік береді, басқарудың нәтижелілігі осыдан келіп шығады.

     Канадалық тәжірибемен салыстырсақ, Қазақстанда  электрондық  үкiмет қалыптастыру саясатын жүргiзуде және мемлекеттiк басқаруды ақпараттандыру  бөлiгiнде өзiне тән проблемалары бар екені де байқалады. Оларға ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық базаның  жетiлмегендiгiн; ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi қалыптастыру жөнiндегi  функциялар   мен жауапкершiлiктi  бөлудегі регламенттеудiң  жоқтығы; көптеген  мемлекеттiк   органдарда ақпараттандыру қызметтерiнiң болмауы және ақпараттық   технологиялар  саласында мемлекеттiк қызметшiлердiң  бiліктiлiк   деңгейiнiң  жетiспеушiлiгiн жатқызуымызға болады.

     Сонымен қатар, қазақстандық азаматтардың электрондық үкіметті кеңінен пайдалануы үшін және ақпараттық ресурстарға деген сенімін арттыру үшін канадалықтар сияқты жарнама мен үгіт-насихаттың әлеуетін әлі дұрыс қолданбай келеміз. Өкінішке орай, қазақстандық кейбір азаматтар электрондық үкіметтің не екенін әлі күнге дейін білмейді. БАҚ арқылы электрондық үкіметтің артықшылықтарын жарнамалауды, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, насихаттауды мемлекеттік деңгейде шұғыл қолға алуымыз қажет. Барша қазақстандықтар электрондық үкiмет игiлiгiн пайдалану үшiн телекомуникация саласын дамытуымыз керек. Мұндай кешенді іс-шаралар атқарылмаса, қазақстандық электрондық үкiмет толыққанды жұмыс iстемейдi.

     Электрондық үкіметті құруға бел шеше кіріскен елдердің алдыңғы қатарында Евро Одақ тұр. Европалық ықпалдасудың идеологтары ақпараттық қоғамның орнауы өмір сүру жағдайларын жақсартуда үлкен серпін беретініне сенімді. Ақпараттық қоғамның әлеуеті санды технологияның, кең ауқымды байланыс (АDSL), ұялы байланыстың үшінші толқыны (3G) туындаған сайын арта түсуде.

     Жаңа  ақпараттық қызметтер сәйкесінше нарықтың жаңа түрлерін туындатып, еңбек өнімділігін арттыруға, мұның барлығы түптеп келгенде экономиканың өсуі мен экономикадағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарылатты. Ал тұрмыста бұл жетістік ақпарат пен байланыс құралдарын ыңғайлы әрі тез игерумен сипатталды. Біріккен Европа елдерінде «электрондық үкімет» құру мақсатында 1999 жылы қабылданған және 2002 жылы қайта жасақталған Э-Европа бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты Біріккен Европа елдерін толық ақпараттандыру болып табылады. Осы міндетті шешуге бағытталған бағдарлама “Электрондық Европа-2002 – баршаға арналған ақпараттық қоғам” деп аталды. Бағдарлама білімге негізделген қоғам құру стратегиясын жүзеге асырудың іс-шаралар кешенін әзірлеуді қамтып қана қоймай, сонымен қатар мынадай міндеттерді шешуге бағытталды:

  • қызмет көрсету, бизнес-қосымшалар нарығын кеңейтуге ынталандыру, үкіметтік және қоғамдық ұйымдармен қатар, өнеркәсіп пен коммерция мұқтаждықтарын өтеуге қажет ақпараттық ресурстарды дамыту;
  • телекоммуникациялық инфрақұрылымның технологиялық базасын жетілдіруді қамтамасыз ету және оның сенімділігі мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    “Электрондық  Европа-2002” тұжырымдамасының қисынды  жалғасы “Электрондық Европа-2005”  болды, онда тәжірибелік мақсаттар  мен қаржыландыру көздері нақты айқындалды. “Электрондық Европа-2005” бағдарламасының орындалуы Европалық қауымдастыққа мынадай жетістіктер әкелді: он-лайн режимінде азаматтармен өзара қарым-қатынас жасайтын заманауи мемлекеттік қызметті; электрондық үкіметті; электрондық білім беру жүйесін; электрондық денсаулық сақтау жүйесін; электрондық бизнестің динамикалы нарығын; бәсекеге қабілетті төменгі бағадағы өнімділігі жоғары, кең ауқымды байланыс желілеріне шығу мүмкіндігін; сенімді және қауіпсіз ақпараттық инфрақұрылымды.

     Жалпы алғанда, “Электрондық Европа” бағдарламасы табысты жүзеге асты және интернетке бастапқыда жоспарлағаннан әлдеқайда көп ұйымдар мен адамдардың қосылуына ықпал етті. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ақпараттық технологиялар мен интернеттің таралуы шапшаң қарқынмен жүруде, алайда қоғамның осы өзгерістерді игеруі мен оларға бейімделуі баяу жүреді, бұл ұзақ уақытты қажет ететін процесс. Бұл үшін ұйымдық өзгерістермен қатар адамдардың аталған жаңа бағдарламаларға қатынасы мен тұтынушы ретіндегі көзқарастарының өзгеруі тиіс, құқықтық нормалардың модернизациялануы мен тиісті саяси шешімдердің қабылдануы қажет. Ал 2010 жылы “Электрондық Европа” бағдарламасы алдына қойған мақсаттарына жетеді деп күтілуде, алайда келешектегі Европалық ақпараттық қоғам үшін өзекті проблемлар ретінде адамдардың ақпараттық біліктілігін арттыру, олардың электрондық мемлекеттік қызметтерге деген сенімін нығайту, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қала бермек.

    Данияның  электрондық үкімет тәжірибесіне сүйенсек, оларда бұл мәселемен екі ұйым айналысатыны айқындалды: Қаржы министрлігіндегі Санды коммуникациялар мәселелері жөніндегі Данияның тематикалық тобы – электрондық үкімет мәселелері бойынша мемлекеттік билік жүйесінің барлық деңгейлеріндегі үйлестік пен ынтымақтастыққа жауапты болса, екінші ұйым – Ғылым, технологиялар мен инновациялар министрлігі жанындағы Ақпараттық технологиялар стратегиясы жөніндегі орталық. Қазақстанда болса электрондық үкімет мәселесін бір ғана дербес агенттік – Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік атқарады.  Яғни, ғылыми-зерттеулермен, электрондық үкіметті жетілдіру мәселелерімен арнайы айналысатын ғылыми-зерттеу орталығы бізде жоқ. Сондықтан ҚР БҒМ еліміздің ақпараттық саласын терең зерттеуді, инновациялық технологиялардың мемлекеттік жүйедегі маңызын ғылыми негіздеумен айналысатын орталық құрылып, оған ғалымдар мен арнайы сарапшы-мамандар тартылса,  бізде де екі ұйым электрондық үкіметті дамыту жобаларын бірлесе отырып жүзеге асырар еді. Даниялық тәжірибеге қарағанда мұндай біріккен іс-қимыл сәтті әрі нәтижелі болмақ.

    Электрондық үкіметтің Швециялық үлгісін бейімдесек, құжаттарды рәсімдеуге онлайндық өтініштер беру, Интернет арқылы дербес салық декларациясын толтыру, электрондық мемлекеттік сатып алу, статистикалық есептерді жинау мен өңдеу,  білім беру, ғылым, экономика мен техника салаларындағы инновациялық жобаларды ілгерілету, мобильді телефон арқылы WAP-қызмет көрсету салаларында жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. 

    Француздық электрондық үкіметтің GEODE - еңбекпен қамту, SIO - пошталық қызмет,   IMAGINE - консорциум негізінде жергілікті билік органдарының, провайдерлер мен программист-ғалымдардың серіктестігі сияқты көптеген жобалар азаматтарға билік органдарымен интерактивті қарым-қатынас жасауға қолдау көрсетіп, ақпарат пен құжаттарға, сонымен қатар биліктің саяси шешімдеріне қол жетімділікті қамтамасыз етуде. Қазақстандық электрондық үкіметті дамытуға жетіспейтін қасиеттер – осындай икемділікті, ұтқырлықты, серіктестікті дұрыс жолға қою.

    Ұлыбританиядағы электрондық үкімет жобасының тәжірибесі екі үлкен веб-портал құрудың тиімділігі мен қажеттілігін көрсетеді: біріншісі - UK Online тұрғылықты халыққа ұсынылатын ақпараттарды біріктіруге арналса (мұндай веб-портал бізде әзірге жоқ), екіншісі - Government Gateway мемлекеттік қызмет шлюзі (қазақстандық www. e.gov.kz сияқты). 

    Нидерландылық электрондық үкіметің тәжірибесінен халық үшін анықтамалық қызмет көрсететін (Overheid.nl, Helpdesk Overheid.nl) сайттың тұрақты жұмыс істеуінен сабақ алуға болады, нәтижесінде қазақстандық азаматтар мемлекеттік ведомстволармен қатар қоғамның маңызды салаларына қатысы бар, қажетті ақпараттарға Интернет арқылы қол жеткізетін болады.

    Нидерландылық электрондық үкіметіндегі келесі бір озық тәжірибе - электрондық демократияны дамыту. Интернеттің мүмкіндіктерін пайдаланып, сайлау кезінде арақашықтықтан дауыс беруді қол жетімді процеске айналдыру жүзеге асқан. Қазақстандық “Сайлау” автоматты дауыс беру жүйесін осындай қосымшамен толықтырып, икемділігін арттыруға болады.

    Жалпы, курстық жұмыста электрондық үкімет қалыптастыру мен дамытудың шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы саяси талдау жасала келе, оның табысты жүзеге асуына мына факторлар әсер еткені анықталды:

    1. Электрондық үкімет идеясына деген сенімді қалыптастыру. Бұл міндетті шешу үшін  тек қана техникалық қана емес, құқықтық, әлеуметтік, тіптен кейбір жағдайда конституциялық мәселелер шешілуі тиіс.

    2. Азаматты клиент деп қабылдау  ұстанымы. Мемлекеттік қызмет көрсету  барысында клиенттермен өзара  қарым-қатынастарды басқару жүйесін  қолдану электрондық үкімет жобасының табыстылығын айқындайтын шешуші фактор.

    3. Электрондық үкімет жобаларын қаржыландыруды оңтайлы шешу. Бұл үшін мемлекеттік және жеке бизнестің серіктестігін жолға қою қажет. Электрондық үкімет жобаларына бастапқыда бюджеттік қаржы бөлу керек, ал одан кейінгі қаржыландыруды өзара тиімді шарттармен жеке бизнес алады.

     4. Бюджеттік қаражаттың шектеулі  бөлінуінен электрондық нарықтың фрагментарлы болуы. Шағын электрондық жобаларға веб-дизайн мен ұсақ Интернет-қызметтер көрсететін шағын фирмаларды тартып,  шағын және орта бизнестің ақпараттық нарықтан өзіндік орнын табуына мүмкіндік беру.

     5. Интернет арқылы қызмет ететін, жаңа технологияларды меңгерген  персоналды іздеу мен дайындау.

 

3 бөлім. Электронды үкіметтің Қазақстандық нұсқасын жүзеге асыру бағыттары 

3.1 Электронды үкіметтің  Қазақстандық нұсқасын  жүзеге асыру бағыттары 

     Саяси жүйе құрылымының ақпараттық-коммуникативті компоненті оның элементтері арасындағы байланыс пен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Бұған үкіметтің, тұтастай қоғамның жағдайы және оның жекелеген жүйелері туралы қажетті ақпараттар жинаудың әртүрлі формалары, сондай-ақ, мемлекеттің жүргізіп отырған саяси бағытына ықпал ету мақсатында әрқилы мүдделі қоғамдық топтардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мемлекеттік органдармен байланыс орнату құралдары жатқызылады. Ақпараттық-коммуникативті компонент сенімді және қоғам мен мемлекеттің жағдайына бара-бар сәйкес келетін, қоғамның саяси жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл сала саяси тыныс-тіршіліктің күретамыры және партиялар мен мемлекеттің арасында, саяси және экономикалық қосалқы ішкі жүйелердің арасында, таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың, елдегі жеке адамдардың арасында белгілі бір саясатты талдауға және өмірге енгізуге байланысты саяси билікті ұйымдастыруға, жүзеге асыруға және дамытуға қатысты қалыптасқан өзара әрекет етудің әрқилы қарым-қатынастары мен түрлерінің жиынтығы. Сонымен бірге ол әрқилы елдердің саяси жүйелері арасындағы байланыстардан да тұрады. Яғни, ақпараттық-коммуникациялық шағын жүйе екі қырлы қызмет атқарады: жүйенің ішкі элементтерінің арасында байланыс орнатады және оны сыртқы әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестіреді.

Информация о работе Мемлекеттік басқару және электронды үкімет байланысы