Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 21:56, курсовая работа
Қаржылық бухгалтерия бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудың қағидалары, онда бухгалтерлiк есептiң әрекет етiптұрған стандарттарына сәйкес, түпкi нәтижеде, пайдаланушыларға қаржылық есеп берудiң сенiмдi ақпараттың беруiмен танылады. Бұл үшiн қаржылық бухгалтерия кәсiпорынның белгiленген тәртiбi бойынша өндiрiс шығындарын есепке алатын шоттардан тыс, яғни активтер мен мiндеттемелердiң есебiн жүргiзедi. Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10–80-бөлiмшелерiне енетiн шоттарын жүргiзiп, есептiң бас кiтабын, кәсiпорынның балансын және қаржылық есеп берудi жасайды.
Материалдық
емес активтердiң мүлiктiк
Материалдық емес активтердiң бастапқы құны субъектiнiң өз күшiмен де жасалуы мүмкiн, ол кезде оның құны нақты тiкелей шығынымен де және үстеме шығысымен де танылады. Осы шығындарды есепке алу үшiн, 2700 “Материалдық емес активтер” шоттарының бөлiмшесiне, жеке “Материалдық емес активтердi жасау шығындары” деп аталатын iшкi (субшоты) ашылуы мүмкiн. Осы аталған субшотқа мынадай шығындар енедi:
-материалдық
емес активтердi жасауға
-заң бойынша белгiленген еңбек ақыдан жасалынатын аударымдар;
-материалдық емес актитердi жасау кезiндегi тұтынатын материалдар мен атқарылатын қызметтер;
-несие үшiн төленетiн пайыздар (марапаттаулар);
-басқа да шығындар;
-үстеме шығындар.
Материалдық емес активтердi жасауға кеткен барлық шығындар өзiнiң анықтамасы мен тұжырымдамасына сәйкес келген кезiнен бастап, 2700 “Материалдық емес активтердiң” бөлiмше шоттарының және “материалдық емес активтердi жасауға кеткен шығындары” субшотының дебетi бойынша есепке алынады.
Ал
сәйкес кезеңге дейiн орын алған барлық
шығындарға 8021 шоты дебеттелiп, 2700 “материалдық
емес активтерiнiң”
бөлiмше шоттары және “материалдық емес
активтерiн жасауға кеткен шығындар”
субшоты кредиттеледi.
Субъектiнiң күшiмен жасалған материалдық емес активтердi өз арналымы бойынша қолдануда қолданса, онда олардың дайындық кезеңнен бастап, жасалған шығындары 2700 “Материалдық емес активтерiнiң” бөлiмше шоттарының, “Материалдық емес активтерiн жасауға кеткен шығындар” субшотының кредитiнен 2700 “Материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң тиесiлi шоттарының дебетiне шығарылады.
Материалдық емес активтердi жасау кезiнде оның құнын анықтауға мысал: өсiмдiк қоспасынан әзiрленген дәрi-дәрмекке зерттеулердi формацевтiк зауыты жүргiздi. 2006 жылы зауыт 300 мың теңге шығыс жасаған. Ал 2007 жылдың басында сол көрсетiлген шығынның жұмсалғандығы дәлелдендi, сосын сол аталған технологияны iске асыру үшiн 2007 жылы ақпанда 500 мың теңге, ал наурызда 250 мың теңге жұмсалған.
Формацевтiк зауытының 300 мың теңге шығарған шығыны, дайындалатын препараттың технологиясының сәйкес келуiне дейiнгi шығысы 7210 шотының дебетiнде және 3430, 3310, 1251 т.б. шоттарының кредитiнде есепке алынады. Ал қалған шығыны (500+250=750) материалдық емес активтер ретiнде, “Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыс” деп аталатын субшотының кредитiне және “Басқа да” шотының дебетiнде есепке алынады.
Субъектiнiң өзi жасаған тауар белгiлерi материалдық емес актив ретiнде танылмайды, өткенi олардыңнақты құнын анықтау мүмкiн бола бермейдi. Компанияның жсаған жарнама шығындарының тауар белгiсiне анықтау мүмкiн емес, бiрақ ол субъектiнiң атағын шығаруға қолайлы жағдай және нарықтық жағдайында тауар қозғалысын арттырады. Сондықтан бұндай жарнамаға кеткен шығындар есептiк кезеңнiң шығыстарына жатқызылады және материалдық емес активтердiң алынатын құнына енгiзiлмейдi.
Демек, мына шығындар жұмсалғанымен материалдық емес активтерге жатпайды, олар тек кезеңдiк шығыстар болып табылады:
-зерттеуге кеткен шығындар;
-өндiрiстiк немесе жаңа цехтардың ашылуына дейiнгi кеткен шығындар (егер бұл шығындар негiзгi құралдың бастапқы құнына қосылмаса);
-кәсiпорын ашуға, заңды құжаттарын (жарлық, құрылтай келiсiм шарттарын, мөрiн тампын т.б.) әзiрлеуге кеткен шығындар;
-жетiлдiруге, көшуге, қайта құруға кеткен шығындар;
-субъектiнiң жасаған: тауар белгiлерiне, фирма атауларына т.б. шығындар;
-белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыру үшiн мемлекет берген лицензияға кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзiмi бiр жылдан аспаса)
Алғашқыда, материалдық емес активтердi алу ретiнде танылған шығыстары, бiршама уақыт өткеннен кейiн оның құнының бiр бөлiгi болып саналмайды. Бiрақ бұндай шығыстарды нақты бiр материалдық емес активтерге жатқызу қиын, әдетте, олардың экономикалық олжа әкелетiнiн анықтау оңай емес. Материалдық емес активтердiң барлық түрлерiн алған кезде шоттардың мынадай корреспонденциясы жасалады:
қатар № | Шаруашылық операциялардың мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | |||
1. | 2. | 3. | 4. | 5. |
Материалдық емес активтердi алу | ||||
1. | Басқа заңды тұлғалардан
материалдық емес активтер алынды:
-келiсiлген құнына; ҚҚС сомасына (16%) |
100000 16000 |
2730 |
3310,3440 |
2. | Кәсiпорынның жарлық
капиталына құрылтайшылардың (қатысушылардың)
салған материалдық емес активтерi көрсетiлдi:
-келiсiлген құнына; |
800000 |
2730 |
2140 |
3. | Тегiн алынған материалдық
емес активтер кiрiстеледi:
-баланстың құны |
60000 |
2730 |
2140 |
4. | Кәсiпорынның барлық активiнен асып түскен. Сатып алу құны көрсетiлдi (көрiнiс тапты) (“фирманың репутациялық iскерлiк бағасы”) | 200000 |
2730 |
1040 |
5. | Активтердi дайындық жағдайын қалпына келтiрумен байланысты және арналымы бойынша пайдалану шығыстары, материалдық емес активтердiң құнына қосылды. | 40000 |
2730 |
3310,3440 |
Материалдық емес активтердi жасау | ||||
6. | Материалдық емес
активтердi жасауға кеткен шығындар жинақталып
және оларға шолу жасалды:
-материалдық емес активтердi жасауға қатысқан еңбеккерлердiң еңбек ақысы бойынша шығыстар. |
50000 |
2700 “материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң шоттары, “материалдық емес активтердi жасауға кеткен шығындары” | 3350 |
-еңбек ақыдан аударылған шығыстар ((500000-5000) (10% зейнеткерлiк аударымдар)Х 21%) есептелген әлеуметтiк салық | 9450 | 2700 “материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң шоттары, “материалдық емес активтердi жасауға кеткен шығындары” | 3140 “әлеу- меттiк салық” субшо- ты | |
-материалдық емес активтердi жасауға берiлген несие үшiн төленетiн пайыздар немесе марапттаулар жасау мерзiмi ұзаққа созылған жағдайда | 15000 | 2700 “материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң шоттары, “материалдық емес активтердi жасауға кеткен шығындары” | ||
Материалдық емес активтердi жасау кезiнде алынған материалдар | 8000 | 2700 “материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң шоттары, “материалдық емес активтердi жасауға кеткен шығындары” | 1315 | |
Шығын жиыны | 107450 | |||
7. | Субъектiнiң өзi жасаған материалдық емес активтерiнiң құны кiрiстеледi, 107450 теңге (50000+9450+15000+8000) | 107450 | 2730 | 2700 “материалдық емес актив- тер” бөлiм- шесi- нiң шот- тары, “мате- риал- дық емес актив- тердi жасау -ға кеткен шығын-дары” |
2.4. Материалдық емес активтердiң амортизациясын есептеу
Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасыбойынша активтiң әрекет ететiн мерзiм бойына жүйелi түрде есептен шығарылып отырылуы тиiс. Материалдық емес активтердiң есебiнде экономикалық қызмет ету мерзiмiн белгiлеу жеткiлiктi түрде күрделi болып саналады және материалдқы емес активтердiң амортизациялық кезеңiн анықтау барысында келесi факторларды ескерген жөн.
-заңды, реттеушi, келiсiмдi жағдайларын ескерiп, олардың максималды қызмет ету мерзiмiмен шектелуi мүмкiн;
-жаңарту
немесе ұзарту жағдайлары
-тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлары оның қызмет ету мерзiмiн қысқартуы мүмкiн;
-келешектегi бәсекелестiктердiң және басқа да субъектiлердiң әрекетi (iс-қимылы) материалдық емес активтердiң бүгiнгi белсендiлiк қабiлеттiлiгiн шектеуi мүмкiн;
-материалдық
емес активтердiң кейбiр
Материалдық емес активтердiң пайдасын қызмет ету мерзiмiн субъектiнiң өзi дербес белгiлей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (потент, авторлыј құқық) немесе келiсiм-шартпен (лицензиондық келiсiм). Материалдық емес активтердiң мерзiмiн дәл анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзiмiн 10-жыл деңгейiнде белгiлейдi, бiрақ ол шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қызмет ету мерзiмiнен аспауы керек.
Материалдық емес активтердi есептеу үшiн әртүрлi әдiстер пайдаланылады: бiрқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және кумулятивтiк. Әдiстi таңдау активте күтiлетiн экономикалық олжаның тұтыну моделiне байланысты болып келедi.
Материалдық емес активтердiң арналымы бойынша пайдалануға дайындық кезеңiнен бастап амортизациясын есептейдi.
Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретiнде танылады, егер де ол басқа да активтердiң құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдiсiн таңдау бiр есептiк кезеңнен екiншiсiне жүйелi түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтыну моделi айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердi жою құны өте сирек кездеседi, олардан алынатын олжа тек қызмет етудiң соңында анықталады. Сондықтан материалдық емес актвитердi жою құны, әдетте 0-ге тең болады.
Материалдық емес активтердiң амортизациясы (тозуын) есепке алуға 2110 “материалдық емес активтердiң амортизациясы” деп аталатын бөлiмшесiнiң шоттары арналған.
Бұл шоттар пассивтi, реттеушi, контрактивтi болып келедi, олардың кредитi бойынша ай басындағы амортизацияның (тозудың) қалдығы, ағымдағы айда есептелiнген амортизациясы және есеп берiлген айдың соңындағы амортизацияның қалдығы көрсетiледi, ал дебетi бойынша-материалдық емес активтердiң амортизациясын (тозуын) есептен шығарылған (төмендетiлген) сомасы көрсетiледi. Материалдық емес активтердiң амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиiмдi пайдаланудың болжамды мерзiмiне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелiнiп отырады.
Әрбiр кәсiпорын материалдық емес активтердiң барлық түрлерiнiң пайдалану мерзiмiн, негiзделген (дәлелдеген) есептер бойынша анықталуы тиiс.
Амортизацияның
(тозу) есептелiнеген сомасына: 7110 “тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) сату шығындары”,
8045, 8046 “негiзгi құралдардың тозуы және
материалдық емес активтердiң амортизациясы”,
шоттары дебеттеледi де, 2740 шоттары кредиттеледi.
2.5. Материалдық емес активтердi түгендеу және есеп беруде
олардың мәнiн ашу
Материалдық емес активтердi мүлiктiк түгендеу. Материалдық емес активтердi мүлiктiк түгендеу кезiнде кәсiпорынның меншiк құқығы бар материалдық емес активтердiң нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетiлуiн, материалдық емес активтердiң тозуын есептеудiң дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерiн тексередi. Негiзгi құжаттарда материалдық емес активтер объектiлерiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзiмi, амортизациялау нормасы, пайдаланатын объектiнiң құрылымы және басқа мәлiметтерi көрсетiледi. Материалдық емес активтердi мүлiктiк түгендеу барысында объектiнiң нақты барын және кәсiпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттары да тексерiледi. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердiң объектiсi немесе оны пайдалану тәртiбiн сипаттайтын және кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалдық активтердi сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртiбiн белгiлейтiн, сондай-ақ кәсiпорынның мүлiктiк құқын қуаттайтын құжаттар жатады. Есеп беруде материалдық емес активтердiң мәнiн ашу.Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қаржылық есеп беруiнде материалдық емес активтерiнiң есебi үшiн қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: амортизацияны есептеу үшiн пайдаланатын тәсiлi; пайдалы қызмет ету мерзiмi немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептiк кезеңнiң басы мен аяғына жинақталған амортизациясының сомасы; кәсiпорынның өзi жасаған.
Материалдық емес активтердiң баланстық құны және тағы басқалар көрсетiледi.
Сондай-ақ қаржылық есеп беруде: материалдық емес активтердiң түрi, баланстық құны, материалдық емес активтердiң амортизацияланбай қалған кезеңi; иелiк ету құқығы шектелген материалдық емес активтердiң құны мiндеттемесi бойынша кепiлдiк ретiнде берiлген активтердiң жалпы баланстық құны, материалдық емес активтер бойынша алынған мiндеттемелердiң сомасы да ашып көрсетiледi.
Қаржылық есеп беруде
есептiк кезеңдегi шығысы деп танылған
шығындар сомасы да ашылуы тиiс: бағдарламалық
жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары;
компанияның жарнама шығындары; субъектiнi
құру кезеңдегi жұмсалған шығындар; материалдық
емес активтердi ашумен, күшейтумен, жинақтаумен,
қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен
байланысты шығындар сомасы көрсетiледi.
3.0. Қорытынды.
Қазақстан Республикасының
тарында
және субъектілердің қаржылық шаруашылық
қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының
бас есеп жоспарында бекітілген жалпы
қағидалар мен ережелерінің негізінде
құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды
пайдаланушылар талабына қызметтің құрлымына,
ұйымның нысанына айрықша ерекшілігіне
есептін сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Материалды емес (ұстап көруге болмайтын)
активтер нақты активтердің нысаны жоқ
сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен
материалдық активтердің де, материалдық
емес активтердің де құрамында кездесуі
мүмкін. Материалдық емес активтердің
мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған
жағдайда оның пайдалы пайдалану мерзімін
10 жыл денгеиінде белгілейді, бірақ ол
шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет
ету мерзімінен аспауы керек. Егер де материалдық
емес активтерден кәсіпорынға ешқандай
олжа болмаса онда оны бухгалтерлік баланстан
шығарады. Материялды емес активтерді
есептен шығарған кезде, одан алынған
табыстар немесе зияндар қаржылық шаруашылық
қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде
көрніс табады. Материялдық емес активтерді
мүліктік түгендеу барысында объектінің
нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану
құқығын растайтын құжаттары да тексеріледі.
Бұл құжатарға материялдық емес активтердің
объектісі немесе оны пайдалану тәртібін
сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік
құқықтарын растайтын құжаттар жатады.
Қаржылық есеп беруде кезендегі шығысы
деп танылған шығындар сомасы ашылуы тиіс:бағдарламалық
жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары,
субъектіні құру кезіндегі жұмсалған
шығындары, материялдық емес активтерді
ашумен, күшейтумен, жинақтаумен, қолданумен
және басқа да шығындар сомасымен байланысты
шығындар сомасы көрсетіледі.