Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 21:56, курсовая работа
Қаржылық бухгалтерия бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудың қағидалары, онда бухгалтерлiк есептiң әрекет етiптұрған стандарттарына сәйкес, түпкi нәтижеде, пайдаланушыларға қаржылық есеп берудiң сенiмдi ақпараттың беруiмен танылады. Бұл үшiн қаржылық бухгалтерия кәсiпорынның белгiленген тәртiбi бойынша өндiрiс шығындарын есепке алатын шоттардан тыс, яғни активтер мен мiндеттемелердiң есебiн жүргiзедi. Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10–80-бөлiмшелерiне енетiн шоттарын жүргiзiп, есептiң бас кiтабын, кәсiпорынның балансын және қаржылық есеп берудi жасайды.
Қаржыландыру
көздері. Өзіндік құралдар. Жарғылық
қор: 2005 жыл 189000-68,4. 2005 жыл 200000-70,1.
2007 жыл 201000-71,2. Қосымша төленбеген
капи-тал 2005 жыл 4800-17,4. 2006 жыл 49000-
17,2. 2007 жыл 35000-12,4.Бөлінбеген
2.1. Материалдық емес активтердiң есебi және олардың амортизациясы
Материалдық емес активтер-бұл өндiрiсте ұзақ мерзiм бойына пайдалану үшiн немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуға, әкiмшiлiк мақсатқа және басқа субъектiге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәнi) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтердi анықтауға болады, олар субъектiнiң күшiмен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа деп күтiледi.
Материалды емес активтердi анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса: болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тiкелей қатысы (болады) болса. Материалдық емес активтердi субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкiндiгi ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тiкелей байланысты, егер олар мынадай жағдайда алынса: болашақ экономикалық олжаны өсiруде материалдық емес активтердiң ролi анықталса; субъектiнiң осы активтi пайдалану қабiлеттiлiгi мен ниетi болса; бүгiнгi күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектiге болашақта күтiлетiн экономикалық олжалануға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер-нақты табиғи нысаны жоқ, сезiлмейтiн құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердiң де, материалдық емес активтердiң де құрамында кездесуi мүмкiн. Мысалға, кәсiпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшiн, оны компьютерлiк бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткенi онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлiнбейтiн бөлiгi болып саналады. Осыдан, компьютерлiк баадарламамен қамтамасыз етудiненiң құрамында екенiн баяндап ақыл-парасатпен анықтау керек, өйткенi ол негiзгi құралдың да, материалдық емес активтiң де құрамында есептелуi мүмкiн.
Кейбiр материалдық емес активтер физикалың заттың (алып жүрушiлердiң)-дискетте, фильм лентасында, заңды құжаттау (лицензия, потент)-қағазға болады, бiрақ дискет те, лента да, қағаз да өз кезегiнде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтiң мәнiн анықтау үшiн негiз бола алмайды.
Бұған қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердiң де есебiнде көптеген ұқсастықтар бар, бiрақ соңғының есебiнде теңестiру немесе құсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзiмiн бағалау (анықтау) сияқты аспектiлер өте күрделi болып саналады.
Кейбiр материалдық емес активтер фирманың басқа да активтерiне жеке теңестiрiлуi мүмкiн, мысалға, потент, сауда маркiсi сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестiрiлмеуi мүмкiн, керiсiнше осындай материалдық емес активтердiң құны басқа да фирманың активтерiмен тығыз байланыста шығарылуы мүмкiн: бұндай материалдық емес активтiң қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердiң сенiмiне немесе қызметкерлердiң машықтық деңгейiне негiзделедi. Мысал. Жоғары радиациондық (сәуле шашатын) зонада орналасқан формацевтикалық “Бота” фирмасымен лицензиондық келiсiм жасасты делiк. Ол радиациондық сәуленiң әсерiнен болатын ауруларды емдеу үшiн қажет.
Компанияның келешектегi экономикалық пайдасы (олжасы) жоғарыда айтылған лицензиондық келiсiммен де тiкелей байланысты болады, егер де:
-сол
жерде тұратын халықтың
-препарат
өндiру үшiн компания
-кредиторлардың,
жасалған келiсiм-шартқа
Субъект кей жағдайларда тиесiлi құжаттардың құнын рәсiмдемей-ақ осы экономикалық олжамен басқа кәсiпорындардың шұғылдануына тыйым сала алады. Егер де шығарылатын өнiмнiң технологиясы потенттелген болса, онда ол басқа субъектiнiң айналысуына тыйым салады.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келiсiмдер, компьютерлiк бағдарламамен қамтамасыз етулер, потенттер, авторлық құқықтар, тауар белгiлерi, фирма атаулары, тәжiрибелi-конструкторлық жұмыстар және тағы басқалар.
Бұл топқа “Ноу-Хау”, ЭЕМ-мен мәлiметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микро-схемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгiлi бiр формуланы пайдалану технологиясы немесе өнiмнiң сыртқы бейнесi, өнеркәсiптiк үлгiлерi, сервитуттар және тағы басқалары жатады. “Ноу-Хау”-құжаттама өндiрiстiк озық тәжiрибесiн құжатталған түрiнде көрсетiлген нысан және тағы басқалары түрiнде көрiнетiн техникалық бiлiмдерiн айқындау үшiн халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында “Ноу-Хау” техникалық құґжаттама түрiнде рәсiмделген, бiрақ потенттелмеген, белгiлi бiр өндiрiстiң түрiн ұйымдастыруға қажеттi өндiрiстiк тәжiрибесiнiң техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететiн бiлiм жиынтығы. Лицензиялық келiсiм-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте “кiлтi қолма-қол” тапсырылатын құрылыста және тағы басқа қызмет көрсетудiң сан-алуан түрлерiнде кеңiнен қолданылады. Жаңалықтар потентi, тауар белгiлерi, авторлық құқықтар мен потенттiк ақпараттар субъектiнiң меншiгi болып табылады. Кәсiпорын “Ноу-Хаудың” құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтiң анықтамасына жауап бере алады.
“Ноу-Хау” өзiнiң бағасы мен басты көрсеткiштерi құнды. Өзiнiң табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. “Ноу-Хау” сатып алушылардан қосымша алынған есебiнен қалыптасады және ол оның иесiне төленетiн сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрiнде күрсетiледi. Субъект белгiлi бiр ақыға сатып алатын лицензиялар мен потенттерден “Ноу-Хаудың” өзгешелiгi, ол әдетте субъектiнiң жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдыј үлесi ретiнде салынуы мүмкiн. “Ноу-Хаудың” субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келiсiм-шарттарының көмегiмен анықталады.
Өндiрiстiк ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу
Оған материалдық емес активтер қатарына белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде табыс әкелетiн, ақыға сатып алынған өндiрiстiк ақпарат немесе субъектiнiң өнiмiн болашақ кезеңдегi тұтынушылары туралы: шикiзатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестер және тағысын тағылар туралы мәлiметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бiрлескен немесе акционерлiк кәсiпорындарды құру кезеңiнде пайдаланбаған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелiнедi. Бұған кәсiпорын қызметiнiң бастапқы кезеңiндегi шығындар мен кәсiпорынның әрбiр қатысушысының ұйымдастыру шығындары кiрмеуге тиiс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшiлерге төленген ақы, кәсiпорынды тiркеу, құжаттарды дайындау, банктерге шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.
ЭЕМ-бағдарламасымен
жабдықтау-кәсiпорын иемденген,
ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабiлеттi
бағдарламаларды пайдалануға қажеттi
мәлiметтердi талдау және бағдарламалық
құжаттар жүйесiнiң жиынтығы.
2.2. Коммерциялық қызметпен байланысты емес активтер
Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан әсерi және тағы басқа жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп-тауарларды тиесiлi таңбалар бойынша айыра алатын белгiсiн айтады. Кәсiпкерлiктi жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тiркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тiркелген тауар таңбасының иесi тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын рұқсатсыз жасау, шаруашылық айналымына өзгерiс енгiзу тағы басқа осы iспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесiнiң құқықтарына қол сұғу болып есептелiнедi.
Таңбалар сөз түрiнде, көркем суреттер түрiнде, көлемдi немесе бәрiнiң комбинациясы түрiнде болуы мүмкiн: олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесiмiнде тiркеледi.
Айыру белгiсi жоқ, тек бiр ғана белгiден тұратын, сондай-ақ мемлекеттiк елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердiң ресми аттары, халықаралық және үкiметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепiлдiк және сапасын көрсететiн белгiлерi, мөрлер, марапаттау белгiлерi және басқа да айыру белгiлерiнен немесе соларға ұқсас, аралас деңгейiндегi белгiлерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етiлмейдi. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтерi бар, қоғамдық мүдделерi мен адамгершiлiк принциптерiне қайшы келетiн тауар таңбалары да тiркелмейдi.
Заңды немесе жеке тұлға тiркелген барлық тауарға немесе оның бiр бөлiгiне қатысты тауар таңбасын, оның иесiнiң келiсiмi бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келiсiм бойынша белгiленген тәртiпке сай iстелiнедi.
Тауардың шыққан жерiнiң атауы-тауарды таңбалау үшiн пайдаланатын елдiң, елдi мекеннiң, жердiң немес басқа географиялық объектiнiң атын қоса және басқа да ерекшелiктерi арқылы сипатталады.
Тауардың шыққан жерiнiң атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн. Ол белгiленген тәртiп бойынша тiркеледi. Тауардың шыққан жерiнiң атауын пайдалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектiлерде және басқа да тауарды шаруашылық айналымына енгiзуге байланысты басқа да құжаттарда пайдаланғанды санайды.
Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерiнiң атауы бәсекелестiк әрекет етушi құралы болып табылады.ТМД елдерiнде жасалынған өнiмдер арасында шетелдiк және iшкi нарықта сатылатын “Беларусь” (тракторлары,) “Зенит” (фото-тауарлары), “Лада”(автомобиль), “Рахат”(конфеттерi), “Слава” және “Чайка” (сағаттары) және тағы басқа тауарлық белгiлермен бұйымдарды шығарушылар өздерiнiң сенiмдi де iскер екендiктерiн танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге өнiм шығарушы кәсiпорындар тауар таңбаларынан тауардың шығу орындарының атын қорғауды да қамқорлыққа алғаны жөн, себебi, мұндай қорғаудың болмауы ұқсас немесе дәл осындай шетелдiк тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды бәсекелестiктң де нәтижесi болып табылатын, кездейсо қайшылықтарқа ұрындыруы мүмкiн. Ал ендi географиялық белгiлеулерге келсек, олардың арасынан тауарлардың жасанды таңбалары өте жиi кездеседi, өйткенi ол кәсiпорынның танымал болуына септiгiн тигiзедi және ол тауарлардың сату мүмкiндiгiн кеңейтедi, сатып алушылардың санын өсiредi.
Сондықтан, нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсiпорынның өте қымбат тұратын активi болып табылады, себебi, компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлесi ретiнде пайдалану құқығын бередi. Бiрақ, ол үшiн тауар таңбасының құнын бiлу керек. Есеп тәжiрибесiнде кәсiпорынның тауар таңбасын бағалаудың бiрнеше әдiсi бар: өзiндiк құн, сатып алу құны бойынша бағалау. Алайда, меншiктi тауар таңбаларын өзiндiк құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ол жарғылық капиталға үлес ретiнде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен есепке алған жөн. Тауар таңбасының нарықтық құнын анықтау үшiн арнайы есептеушiлер жүргiзу керек.
Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету тауарлары, тауардың шығу орындарының атауын қозғау және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-i күнi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес қабылданған “Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердiң атауы туралы” Қазақстан Республикасы заңымен реттеледi.
Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндiрiстiк ақпаратты қолдану құқықтары копирайт (копировать) (көшiру құқығы) лицензиялар және басқалар жатады.
Потенттер Потент онық ұстаушысының потент қамтыған нәрсесiн, процесiн немесе қызмет түрiн және дәл сондай әрекеттi басқа тұлғаның жүзеге асыруына тыйым салатын, бақылайтын, сататын, өндiретiн және пайдаланатын құқық болып табылады. Потенттiң күшi оны берген мемлекеттiң аумағында ғана жүредi. Потенттiң қызмет мерзiмi (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгiленедi. Сонымен қатар, потент деп белгiлi кәсiппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берiлген құжат саналады. Потент берiлгенде алым (пошлина) ұсталынады. Потенттi алуға көптеген iрi кәсiпорындар мүдделi болып келедi. Себебi, потент сатып алуға да потенттелiнген жаңалықтарды өндiрiске енгiзуге де қаржысы болуы керек.