Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 21:56, курсовая работа
Қаржылық бухгалтерия бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудың қағидалары, онда бухгалтерлiк есептiң әрекет етiптұрған стандарттарына сәйкес, түпкi нәтижеде, пайдаланушыларға қаржылық есеп берудiң сенiмдi ақпараттың беруiмен танылады. Бұл үшiн қаржылық бухгалтерия кәсiпорынның белгiленген тәртiбi бойынша өндiрiс шығындарын есепке алатын шоттардан тыс, яғни активтер мен мiндеттемелердiң есебiн жүргiзедi. Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10–80-бөлiмшелерiне енетiн шоттарын жүргiзiп, есептiң бас кiтабын, кәсiпорынның балансын және қаржылық есеп берудi жасайды.
Өнеркәсiптiк үлгiлер. өнеркәсiптiк үлгiлердi пайдалануға айырықша құқықты растайтын потенттер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес берiледi. өнеркәсiптiк үлгiлер: модельдерiмен, суреттерiмен немесе екеуiнiң қосындысымен берiлуi мүмкiн. Егер үлгiнiң қоғамдық белгiлерi Қазақтан Республикасында немесе шетелдерде белгiсiз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсiптiк үлгi болып табылады. Егер өнеркәсiптiк үлгi өнеркәсiптiк әдiспен бұйым ретiнде жасалынып шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсiпте қолдануға болатындығы мойындалады. Егер өнеркәсiптiк үлгi бiрнеше азаматтардың бiрлескен еңбегiнiң жемiсi болса, онда олардың бәрi өнеркәсiптiк үлгiлердiң авторыф болып есептелiнедi.өнеркәсiптiк үлгiлерге потент Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiзiмiне тiркелген соң берiледi.
Лицензиондық келiсiм бойынша потент иесi (лицензиондар) өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалану құқығын басға тұлғаларға да (лицензиат) бере алады, ал соңғысы лицензинарға төлемдер берiп тұруға және келiсiмде қарастырылған басқа да iс-әрекеттердi орындауға мiндеттi. өнеркәсiптiк үлгiлердiң құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледi.
Лицензия (еркiндiк, құқық деген латын сөздерiнен алынған)-қандай да бiр операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттiк органдарының берген рұқсаты.
Лицензиялар келесi белгiлерi бойынша бөлiнедi:
Субъект бойынша:
-Қазақстан
Республикасының заңды және
-шетелдiк заңды және жеке тұлғаларға, азаматтықы жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берiлетiндер;
қызмет ету көлемi бойынша:
-негiзгi (бас) -мерзiмi шектеусiз, белгiлi бiр қызмет түрiмен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметi бiр тұтас технологиялық кешенге кiретiн болса, онда бас лицензия қызметтiң бiрнеше түрiмен шұғылданатындарға да берiледi;
-бiр
жолғы (бiр-ақ рет пайдалануға
берiлетiндер)-белгiлi бiр
-операциондық -валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгiлi бiр банк қызметiнiң операцияларын жасау үшiн берiледi;
Мерзiмдiк әрекетi бойынша:
-тұрақты-берiлген мерзiмi шектелмеген;
-уақытша-белгiлi бiр мерзiмге берiлген;
Аймақтың әрекет ету сферасы (территориялыј әрекет ету аясы) бойынша:
-тұтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етедi;
-Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аймағында ғана әрекет етедi;
-Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де таратылады.
Материалдық емес активтердiң басқа да түрлерi:
Материалдық емес активтердiң бұл тобына “Фирманың бағасы” (“гудвилл”), интеллектуалдыј меншiк және т.б. кiредi (“гудвилл” құрамына кiретiн материалдық емес активтер сызбада көрсетiлген)
Гудвилл. Гудвиллдi бухгалтерлiк есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды бiрiктiрiп немесе сатып алған кезде кәсiпорынның сатып алынған бағасын және оның дербес бiрлiк болып тұрған кезiндегi баланстың қалдық құнының (мiндеттемелерiн қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетедi.
Гудвилл материалдық емес активтердiң бґл түрi бүтiндей жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың немесе олардың құрылымдық бөлiмдерiнiң бiр тобын сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдiң пайда болу себептерi әрқылы болып келедi. Әдетте, мұндай кәсiпорындардың (бөлiмшелердiң) баланстың құнымен емес, аукциондық (конкурста), кәсiпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкiндiгiне, оның өнiмдi шығару нарығындағы беделiне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайында пайда болатын заңды құбылыс. Кәсiпорынның (бөлiмшенiң) сатылу құны оның балансындағы активтерiнен асып түсуi “фирма бағасын” құрайды.
Демек
кәсiпорын өзiнiң баланстық
Олардың iшiндегi ең айырықшасы: ерекше тиiмдi жарнама саясаты, бұрындары белгiсiз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары рейтингi, қызметтерiнiң машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылығы, жабдықтаушылардың тиiмдi және тұрақты байланысының болуы, тағы басқалар. Гудвилл кәсiпорынының бүкiл қызметiнiң барысында жоғарыда келтiрiлген факторларға сәйкес тұрақты түрде қатысып отырғандығын, бiрақ ол есеп беруде тек кәсiпорында сатқанда ғана көрiнiс табатындығын көремiз.
Дегенмен де гудвиллдiң сандық мөлшерiн белгiлеу, кәсiпорынның өз табысын бағалауымен тiкелей байланысты болып келедi.
Гудвиллды
анықтаудың мысалы: “Тұлпар” ЖШС-тегi
“Виста” ЖШС-гiн 2200 мың теңгеге сатып
алды делiк. Сатып алғанға дейiн кәсiпорынның
балансының көрсеткiштерi мынадай болған:
“Тұлпар” ЖШС
бухгалтерлiк балансы
Баланс баптары | Сатып алынған кезiндегi мәлiметi мың, теңге |
Ұзақ
мерзiмдi активтер
Ағымдағы активтер Ақша қаражаттары Активтердiң жиынтығы Меншiк капитал Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер Ағымдағы мiндеттемелер Меншiк капиталы мен мiндеттемелердiң жиыны |
3000
2000 2500 7500 4000 2000 1500 7500 |
“Тұлпар” ЖШС бухгалтерлiк балансы.
Баланс баптары | Сатып алынған кезiндегi мәлiметi мың, теңге |
Ұзақ
мерзiмдi активтер
Ағымдағы активтер Ақша қаражаттары Активтердiң жиынтығы Меншiк капитал Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер Ағымдағы мiндеттемелер Меншiк капиталы мен мiндеттемелердiң жиыны |
2200
1500 500 4200 1400 2000 800 4200 |
“Тұлпар” ЖШС-нiң сараптаушылары, “Виста” ЖШС-нiң активтерi мен мiндеттемелерiн тексерiп, оның нақты нарықтық бағасын шығарды. Ол мынадай болды:
Баланс баптары | Сатып алынған кезiндегi мәлiметi мың, теңге |
Ұзақ
мерзiмдi активтер
Гудвилл Ағымдағы активтер Ақша қаражаттары Активтердiң жиыны Меншiк капитал Ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер Ағымдағы мiндеттемелер Меншiк капиталы мен мiндеттемелердiң жиыны |
5200 (3000+2200)
800 3500 (200+1500) 800 (2500-2200+500) 10300 4000 4000 (2000+2000) 2300 (1500+800) 10300 |
“Тұлпар” компаниясының таза активi 1400 мың теңге құраған (4200 мың теңге-2800 мың теңге) “Тұлпар” компаниясы 2200 мың теңгеге сатып алып, оның нәтижесiнде “гудвиллдiң” құны 800 мың теңге құраған (2200 мың теңге-1400 мың теңге).
Егер де компанияның мүлкiн сатып алынған күнiндегi бағасы бойынша есептесек, оның нәтижесiнде ондағы активтердiң құны кем шықса, онда бiз оны келеңсiз гудвилл ретiнде танимыз да, оны кейiнге қалдырылған болашақ кезеңнiң табысы ретiнде 3520 шотта есепке аламыз.
Қазақстан Республикасында материалдық емес активтердi есептен шығару мерзiмi он жыл, бiрақ ол субъектiнiң қызмет ету мерзiмiнен асып кетпеуi керек.
“Интеллектуалдық
меншiк” ұғымына: авторлық құқықтары,
орындаушы артистердiң қызметiне
қатысты құқықтары (дыбысын жазу, радио
және телехабарларға байланысты хабар
беруге), ойлап табушылық потент құқықтары,
ғылыми жаңалық ашу құқықтары, өнеркәсiптiк
үлгiлер, тауар белгiлерi, т.б. интеллектуалдық
меншiк түрлерi жатады.
2.3. Материалдық емес активтердi бағалау және тану
Материалдық емес активтер ретiнде болашақта экономикалық олжа әкелетiн активтер ретiнде танылады (есепке тiркеледi). өз кезегiнде, материалдық емес активтердiң құны, активтердiң белсендi нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкiн: кез келген уақытша мәмiле жасауға ынта бiлдiрушi сатып алушымен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы да халық үшiн қолайлы болады.
Бiршама материалдық емес активтердiң белсендi нарығы болмайды, өйткенi олар өте сирек кездеседi, мысалға, тауар белгiлерi, басылым атауы, кино мен музыкаға берiлген авторлық құқықары жәе бiр актив үшiн төленген сомасы, осы тәрiздес басқа активтiң құнын өлшеу үшiн, негiз бола алмайды.
Сондықтан көптеген материалдық емес активтердiң құнын, әдетте, екi жақтың келiсiмi бойынша анықтайды.
Материалдық емес активтер танылған кезеңiнен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердiң бастапқы құны олардың алынған тәсiлiне байланысты болып келедi, сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бiрлестiгiнiң күшiмен, айырбастау арқылы немесе мемлекеттiк субсидияның есебiнен) немесе шаруашылы жүргiзушi субъектiнiң өз күшiмен жасалса.
Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде, сол құны бойынша көрiнi табуы тиiс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгiзiледi, соның iшiнде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және тағы басқалар.
Егер де материалдық емес активтер бартерiн (айырбас) негiзде алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәрiздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтiң бастапқы құны несие есебiнен алынса, онда сол несие үшiн төленетiн пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезеңдiк шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтiң бастапқы құны мемлекеттiң есебiнен тегiн (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттiң субсидияның есебiнен) алынса, онда ол сату немесе белсендi нарықтағы материалдық емес активтерiнiң тап осы түрiнiң құны бойынша танылады.
Егер де үкiмет тарапынан ауыл шаруашылығының қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн, мысалы, шегiрткеге қарсы күресетiн препаратқа “АВВА” кәсiпорынның лицензиондық келiсiмiн тегiн алды делiк, бұндай жағдайда аталған лицензиондық келiсiмнiң белсендi нарығы болмайды.
Материалдық емес активтердiң түсуi мен шығарылуы “Материалдық емес активтердi қабылдау-беру актiсiмен” рәсiмделедi. Актiде материалдық емес активтердiң түрi дәл аталады және кәсiпорынға берiлген күнi объектiнiң сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажеттi мәлiметтерi көрсетiледi.
Материалдық емес активтердi қабылдап алу жөiндегi актi әбiр объектiге бiр данадан толтырылады. Бiрнеше бiртектес материалдық мес активтердiң объектiсi, оларды пайдалану тәтiбi немесе кәiпорынның мүлiктiк құықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалетрияға берiледi, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсiпорынның басшысы бекiтедi. Материалдық емес активтердi басқа кәсiпорынға бергенде (сату, тегiн беру) акт екi дана етiп жасалынады: берушi және алушы кәсiпорын үшiн.
Материалдық емес активтердiң нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 2700 “Материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң шарттарында жүргiзiледi. Осы шоттардың дебетi бойынша-материалдық емес активтердiң келiп түскен айдың басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетiледi де, ал кредитi бойынша-материалдық емес активтердiң есептен шығарылғандары көрсетiледi.
2700
“Материалдық емес активтер” бөлiмшесiнiң
шоттарын талдамалық есепке алу “Материалдық
емес активтердiң мүлiктiк есеп карточкасында”
жүргiзiледi. Карточка кәсiпорынға түскен
материалдық емес активтердiң барлық түрлерiн
есепке алу үшiн қолданылады. Материалдық
емес активтердiң әрбiр жеке объектiсiне
бухгалтериядан мүлiктiк карточка ашылады.
Карточка “Материалдық емес активтердi
алу-беру актiсiнiң”, техникалық және басқа
құжаттардың, кәсiпорынның материалдық
емес активтердiң объектiсiн алғанын растайтын
құжаттардың негiзiнде толтырылады. Материалдық
емес активтердi басқа кәсiпорынға (ұйымға)
берген кезде, оның есептен шыққаны туралы
белгi соғу үшiн негiзгi “Материалдық емес
активтердi алу-беру актiсi” болып табылады.