Макроэкономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - макроэкономиканың, мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, экономикалық категория ретінде мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.

Курстық жұмыстың міндеті

-Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;

-Макроэкономикалық теориялардың пайда болу тарихын зерттеу;

-Макроэкономиканың зерттеу пәні мен негізгін анықтау;

-Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдарын қарастыру;

-Макроэкономикалың модельдер мен көрсеткiштерін талдау;

Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық жағдай.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МАКРОЭКОНМИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Макроэкономиканың негізгі теориялары............................................................5

1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары...............................6

1.3 Макроэкономикалық үлгілер, олардың түрлері мен көрсеткіштері.................8

1.4 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары......11

2 МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘСЕЛЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Макроэкономикалық модельдер мен көрсеткіштер.........................................13

2.2 Макроэкономикалық мәселенің ерекшелігі......................................................19

2.3 ҚР Макроэкономиканың қазіргі жағдайына талдау.........................................19

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................25

Работа содержит 1 файл

макро.doc

— 219.00 Кб (Скачать)

    Жалпы ереже бойынша фирма тауар  қорын көбейткен сайын инвестиция көлемi қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енедi. Сол себептi, өндiрiс нәтижесiнде қор өсiмi пайда  болады. ЖҰӨ көбейедi.

    Көптеген тауарлар және қызмет түрлерi ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен есептелiнедi, ал кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерi нарықта сипатталмайды, сол себептi нарықтық базасы жоқ. Дегенмен осы көрсетiлген қызмет құны ЖҰӨ-ге енгiзiлу керек, сол үшiн оларды өлшеу керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелiнген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелiнген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретiнде қолданылады. Пәтердi уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын тјлеп, тұруға берген үйдiң шығындары, бәрi ЖҰӨ-дi есептегенде осы жалдау төлемiне есепке енгiзiледi.

    Ұлттық  есеп жүйесiнiң үлкен бiр бөлiгiнiң  көрсеткiшi – бұл керек ағындарға  байланысты ақпараттар. Бұл деректердi шығын құрауыштары және табыс  көрсеткiштерi деп 25-топқа бөлуге болады.

          Экономистердiң көзқарасы  бойынша, тек қана өндiрiс тауарлары  мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң  жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге  өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бөлiнуi және тағайындалуы есепке алынады. ЖҰӨ  құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:

    Тұтыну (С)

    Инвестициялар (I)

    Мемлекеттiк  сатып алу (G)

    Таза  экспорт (Хn)

    Сонымен, ЖҰӨ-дi Y символымен јрнектеп, мына јрнектi аламыз:

    Y =  С+ I + G + Xn

    ЖҰӨ–бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттiк  шығындардың және таза экспорт көлемдерiнiң  жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбiр шығын құрауышы осы топтардың бiреуiне жатады. Бұл теңдiк өрнек болуы – осыған кiретiн айналымдардың анықтамасы әсерiнен теңдiк орындалады. Бұл Ұлттық есепшот тепе-теңдiгi деген атау алады.

    Тұтыну  – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетiлген қызмет түрлерiнiң жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлiнедi:

    Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарлар;

    Ұзақ  мерзiмдi қолданылатын тауарлар;

    Көрсетiлген қызмет.

    Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарларға қысқа  уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киiм және азық-түлiк тауарлары, т.б. жатады.

    Ұзақ  мерзiмдi тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мысалы, машиналар, кiржуатын  машиналар, т.б. жатады.

    Көрсетiлген қызмет түрiне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.

    Инвестиция  мынадай топтарға бөлiнедi: [11,3б].

    1) Өндiрiстiк капиталды салу (немесе  негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясы  жатады);

    2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;

    3) Қор инвестициясы.

    Негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндiрiстiк кәсiпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.

    Тұрғын  үй-құрылыс инвестициясы – бұл  тұратын жаңа үйлер мен жалға  беретiн үйлердi салудағы шығындар.

    Инвестиция  қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсiмi (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемi терiс мәнге ие болады).

    Мемлекеттiк  шығындар – өкiмет тарапынан сатып  алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң  жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттiк  қызметкерлердiң еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, яғни әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кiрмейдi. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгiзiлмейдi. Соңғы топ – бұл басқа елдермен сауда жасаудың нәтижелерiн көрсететiн таза экспорт.

    Таза  экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны көлемiнiң айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, сыртқы сауда  шеңберiнде қарастырғанда экспорт  пен импорт көлемi тең болады, таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда ЖҰӨ iшкi шығындар жиынтығына тең болады:

    ЖҰӨ =С + I + G

    Бiрақ  егерде экспорт импорттан көп  болса, онда әлемдiк нарыққа “нетто-экспортшы” ретiнде қатысады, сонда ЖҰӨ iшкi шығын  көлемiн жоғарылатады Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда  көп болса, онда бiз әлемдiк нарыққа “нетто-импортершы” ретiнде қатысады, сонда таза экспорт терiс мән болып табылады және шығын көлемi өндiрiс көлемiнен жоғары болады.

    2.2 Макроэкономикалық  мәселенің ерекшелігі 

    Макроэкономикада  күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары  жұмыссыздық бiрнеше жылға созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады. [12,21б].

    Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу  барысында қандай шараларды қолдану  тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.

    Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық  өскен кезде мемлекет өз тарапынан  қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты  төмендету немесе мемлекет шығынын  өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге  саяды.

    Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат–инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.

    Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу  мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл  әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930 жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi.  

    2.3 ҚР Макроэкономиканың  қазіргі жағдайына  талдау 

   Қазақстан ТМД-ның басқа елдерін басып  озып, жүйелі экономикалық реформалардың  күрделі кезеңін басынан кешті. Қазіргі таңда елде нарықтық экономиканың еркін дамуына негізгі жағдайлар жасалған. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, дербес саяси және экономикалық даму жолына түскеніне он бес жыл болды. Әрине, тарихи өлшем бойынша, он бес жыл — шамалы уақыт. Сонымен қатар, барлық басқа кеңестен кейінгі республикалар сияқты, осы кезеңде Қазақстанның тағдырына елеулі экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтар түсті. [13,115б].

   Өзгерістер жолының басында, барлық бұрынғы социалистік елдердей, Қазақстанның алдында киелі сұрақ тұрды: «Бір мезгілдегі өзгерістер мен жаһандану үдерісінде өзіңді ауқымды ауылдағы шеткі орындарға шығартып тастатпау үшін не істеу керек? Егер оның ортасы болу көптеген географиялық және тарихи, экономикалық және саяси айқын себептерден мүмкін болмаса, оның шетінде-ақ, бірақ белгілі бір пайдамен, бекітілу үшін не істеу керегін ойланған жөн. Тек қана таңдаулылар емес, барлығы үшін пайдамен». Экономикалық реформалардың күмәнсіз табыстары арқасында Қазақстан «ауқымды ауылдағы» «шеткі» орындарға қанағат болайын деп тұрған жоқ деген сөздің жаны бар, бұл туралы төменде айтылмақ.

   Жүйелі  трансформацияны жақтайтын басты  дәлел — сұраныс пен ұсыныс экономикасына қарай жылжу өндірістің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігіне ықпал тигізіп, тұтыну мөлшерін үлкейтеді және халықтың өмір сүру деңгейін арттырады деген сенім. Қазақстанда экономиканы ырықтандыруда, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде және макроэкономикалық тұрақтылыққа жетуде тиімді және қолайлы тәсілдер қолданды. Бұл бағыттың іске асырылуы елімізде жаңартылған мемлекеттік биліктің әрекеттілігі сақталып, беделі қолдануы арқасында мүмкін болды.

   Қазіргі таңда республикадағы ЖІӨ доллар эквивалентінде $77,2 млрд. құрады. 2010 жылы нақты ЖІӨ-нін 2009 жылға қатысты өзгеруі 110,6%, ал 2008 жылға қатысты — 181,2% құрады. Осыдан ЖІӨ-ні екі есе үлкейту мәселесі 2012 жылда шешілуі әбден мүмкін деуге болады, бұл жоспарланған мерзімнен екі жылға ертерек. Қазақстан дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерін салыстырмалы талдауды сатып алу қабілетінің паритеті (СҚП) негізінде жасаған жөн, өйткені номиналды алмастыру бағамдар әр түрлі елдердегі салыстырмалы бағалар арасындағы айырмашылықты ылғи көрсетіп тұрмайды.

   Дүниежүзілік  банк есептейтін СҚП коэффициенттері арқылы, кәдімгі индекстер арқылы тауарлар мен қызметтердің нақты құнының уақытша салыстырмаларын жасауға болатындай, елдер арасындағы нақты бағалар деңгейін стандартты салыстырмаларын жасауға болады.

   Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі  агенттігінің алдын ала мәліметтері бойынша, ЖІӨ-нің 10,6%-ға өсуі экономиканың барлық салаларының нақты көлемдерінің үлкеюіне байланысты: өнеркәсіпте — 6,9%-ға, ауыл шаруашылығында — 7,0%-ға, құрылыста - 35,6%-ға, көлікте — 7,0%-ға, байланыста - 20,4%-ға, саудада — 9,8%-ға.

   2006-2010 жылдары СҚП (ІЖӨ/СҚП) бойынша есептелген жан басына шаққандағы ЖІӨ Қазақстанда $3331,7-дан $9017,3-ға дейін үлкейіп, 2,7 есе өсті. Аталмыш кезеңнің аяғына деген мәліметтер Дүниежүзілік банк 2010 жылдың сәуірінде жасаған бағалау екенін атап кеткен жөн. Ал халықаралық ұйымдардың (оның ішінде Дүниежүзілік банктің) Қазақстандық ЖІӨ-нің өсу динамикасы туралы болжамдары еліміз өткен нақты өсу шегінен анағұрлым төмен болып шықты. Сондықтан ЖІӨ/СҚП көрсеткіші қазірдің өзінде $10 мың деңгейден асты деуге әбден болады.

   Осыған  қарамастан, салыстырмалы талдау үшін Дүниежүзілік банк мәліметтерін пайдаланайық, олар бойынша 2009 жылы Қазақстан жан басына шаққандағы ЖІӨ/СҚП жағынан әлемде (208 ел арасында) 63-ші орын және ТМД елдері арасында 1-ші орын алып тұр. Қазір Қазақстандық ІЖӨ/СҚП Өзбекстанның іспеттес көрсеткішін 4,5 есе, Қырғызстанның — 4 есе, Тәжікстанның — 6 есе асып тұр. Сол мезгілде бұл көрсеткіш Ресей деңгейінен 74%-ға, Еуропа және Орталық Азия елдері деңгейінен 87%-ға, орта әлемдік деңгейден 84%-ға тең. Келтірілген деректер белгілі шамамен еліміздің экономикасын реформалау табыстарын көрсетеді. Ал ЖІӨ/СҚП деңгейі бойынша Қазақстан әлемнің 208 елдері арасында 55-ші орында тұр.

   Біздің  пікірімізше, Қазақстаңда инфляция деңгейінің өсу себебі ең алдымен отандық өңдеуші өндірістердің жеткіліксіз бәсекеге қабілеттілігімен байланысты. Бүкіл әлемде инфляция өлшенетін тұтынушы бағалар индексінің өсуіне үлкен әсерді азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың, сонымен қатар қызметтердің айтарлықтай үлесі тигізеді. Егер бұрын Қазақстанда кейбір позициялар бойынша азық-түлік тауарлардың импорты олардың меншік өндірісін едәуір асып тұрса, соңғы жылдары жағдай анағұрлым өзгерді. Алайда азық-түлік емес тауарлардың үлкен көлемдері инфляция деңгейіне жағымсыз ықпал тигізеді. Инфляция өсу динамикасына әсер ететін үшінші фактор — қызметтерге жоғары бағалар, олардың сапасы әзірше әлемдік стандарттарға сәйкес келмейді. Мұндай жағдай ТМД-ның көптеген елдеріне тән екенін атап кеткен жөн. [15,101б].

   Ел  дамуының барынша біріктірілген көрсеткіші — жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ). Қазақстанда бұл СҚП (ЖҰТ/СҚП) бойынша есептелген көрсеткіштің жан басына шаққандағы мөлшері $7730 құрайды. Біздің республикамыз табысы орташа мемлекеттерге жатады (орташа табыстың шеткі мөлшері 2010 жылы $7195 құрады). Қазақстандық жан басына шаққандағы ЖҰТ/СҚП орташа әлемдік деңгейден 82% және Словениядан басқа барлық транзитті экономикалар кіретін Еуропа мен Орталық Азия елдерінің орташа деңгейінен 85% құрайды.

   Алайда  бұл Қазақстандық көрсеткіш орташа ТМД бойынша 1,6 есе, Тәжікстандағыдан 6,1  есе үлкен, Қырғызстандағыдан шамалау үдерістері үдемелі құрылымдық өзгерістерге әкелгенін дәлелдейді. Біріншіден, қызметтер өндірісі үлесінің бір мезгілді үлкеюінде (34,7%-дан 52,6%-ға дейін) тауарларды өндіру үлесі қысқарды (66,5%-дан 43,9%-ға дейін).

   Қызметтер үдесінің үлкеюі олардың өндірісінің (байланыс, көлік, сауда және басқа  қызметтер) артуымен ғана емес, қызметтер  бағаларының өсуімен де қабаттасады. Мәселен, республика халқына ақылы қызметтер соңғы 10 жылы 4,7 есе, азық-түлік тауарларға — 1,4 есе көбейді, ал азық-түлік емес тауарларға — 22,9%ға қысқарды.

   ҚР  статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанға  2007 жылы әкелінген өнімдерде бағалардың айтарлықтай өсуі тоқыма бұйымдары мен аяқ-киімге — 1,5 есе, құрылыс материалдарына — 20,6%-ға, машиналар мен жабдықтарға — 13,5%-ға ден тіркелген. Кейбір азық-түлік тауарларының импорттық жеткізілімдері елеулі қымбаттады, олар: қант — 43,1%-ға, кофе — 43,6%-ға, көкөніс — 32%-ға, балық — 17,9%-ға, какао — 25,2%-га, колбаса — 16,4%-ға, сұйық май — 8,3%-ға, 4 еседен көп, және Өзбекстандағыдан шамалы аз. Оған қоса, 2005 жылмен салыстырғанда, ЖҰТ/СҚП 10,7%-ға артты.

Информация о работе Макроэкономика