Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:53, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты - макроэкономиканың, мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, экономикалық категория ретінде мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.
Курстық жұмыстың міндеті
-Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;
-Макроэкономикалық теориялардың пайда болу тарихын зерттеу;
-Макроэкономиканың зерттеу пәні мен негізгін анықтау;
-Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдарын қарастыру;
-Макроэкономикалың модельдер мен көрсеткiштерін талдау;
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық жағдай.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 МАКРОЭКОНМИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Макроэкономиканың негізгі теориялары............................................................5
1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары...............................6
1.3 Макроэкономикалық үлгілер, олардың түрлері мен көрсеткіштері.................8
1.4 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары......11
2 МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘСЕЛЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Макроэкономикалық модельдер мен көрсеткіштер.........................................13
2.2 Макроэкономикалық мәселенің ерекшелігі......................................................19
2.3 ҚР Макроэкономиканың қазіргі жағдайына талдау.........................................19
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................25
2
МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ
МАҚСАТЫ МЕН МӘСЕЛЕСІНЕ
ТАЛДАУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ
САЯСАТТЫҢ ЖАЛПЫ
НЕГІЗДЕРІ
2.1
Макроэкономикалық
модельдер мен
көрсеткіштер
Макроэкономика териясының негiзi ретiнде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәнi – үй шаруашылықтары мен фирмалардың берiлген экономикалық шарттардың шешiм қабылдау және сол берiлген шарттарда өзара қызметтерi арқылы қалыптастыру механизмдерi болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берiлген өлшем ретiнде қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлi тауарлар мен қызметтер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макроталдауда, керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты iрi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесi, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секiлдi қабылдайтын шешiмдерiне әсерiн тигiзедi де, ал олар өз кезегiнде жиынтық сұраныстың көлемi мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдiстер өзара тығыз байланыста болады. Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз: [7,18б].
1-кезеңде фирмалар
мен үй шаруашылықтарының
2-кезеңде фирмалар
мен үй шаруашылықтарының
3-кезеңде
Экономикалық үлгi экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар орнатуға қажеттi алғышарттардан тұрады. Үлгi қисынның, графиктiң және математиканың көмегiмен құрылған теориялардан белгiлi бiр қорытынды алуға пайдаланылады, ол өз кезегiнде теория түсiндiруге тырысатын құбылыстардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүмкiндiк бередi Сөйтiп, үлгiнi экономикалық шарттардың өзгеруi және сатып алынатын иiгiлiктердiң құны мен көлемiне қандай өзгерiстер енгiзетiнiн анықтау, жорамалдау үшiн пайдаланамыз.
Экономикалық айнымалылар деп әртүрлi мәндерге ие бола алатын өзгеретiн өлшемдердi немесе ақша сомаларын айтамыз. Әдетте экономикалық үлгiлер экономикалық шарттардың ең маңызды экономикалық айнымалыларға әсерiн түсiндiруге тырысады. Үлгiде мәндерi берiлген айнымалылар параметрлер деп аталады.
Экономикалық
үлгiлердiң қорытындылары
Макроэкономикалық үлгi – әртүрлi экономикалық құбылыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн көрсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргiзуде нақты өмiрдiң барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан да бiрде-бір макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер ететiн iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.
Экзогендi
айнымалылар – алғашқы
Экономикалық принциптер арқылы түсiндiрiлетiн айнымалылар эндогендi, ал түсiндiрiлмей, берiлген түрде қабылданатын айнымалылар экзогендi деп аталады. Негiзгi мақсатымыз эндогендi айнымалылардың өзгерiсiн экзогендi айнымалылар арқылы түсiндiру болып табылады.
Үлгiнiң көмегiмен қамтамасыз етiлетiн экономикалық мәселелердi шешудегi жан-жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемдiлiгiн және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгiлердi пайдалану Үкiмет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдiк толқуларды реттеуде жүргiзетiн бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Шеңберлi
ағым үлгiсi, АD-AS, Кейнс кресi, IS-LM, Филипс
пен Лаффер қисығы, Солоу үлгiсi сияқты
жалпылама макроэкономикалық
а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгi құрарда оны жеткiлiктi алғышарттармен қамтамасыз ету;
ә) макроэкономикалық саясат үшiн қате шешiмдердi болдырмау. Үлгi жеткiлiктi дәрежеде нақты өмiрдi көрсетуi мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда ол өте күрделiленiп кетуi де ықтимал.
Ал
өз кезегiнде үлгiнiң
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себептi, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмiнiң түсiнiгi болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негiзiнде қалыптасқан.
Экономикалық статистика – бұл объективтi ақпараттың қайнар көзi. Үкiмет фирмалар мен азаматтардың экономикалық iс-әрекетi туралы, яғни белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс мөлешерiн, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемi зерттеулер жүргзедi. Алынған деректер бойынша әртүрлi статистикалық көрсеткiштер есептелiнедi, олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерiнiң талдауларында пайдала-нады. Бұлар экономикалық көрнiстердi бағалауда және тиiстi әдiстердi жасағанда көмек көрсетедi.
Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы Ұлттық өнiм (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.
ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi. Статистикалық деректер мемлекеттiң экономика министрлiгiнiң 3 айда бiр есептеуi бойынша, экономикалық iс-әрекет нәтижесiн бiрыңғай көрсеткiшпен беруге негiзделген. ЖҰӨ-дi төмендегiдей бөлiктерге бөлiп көрсетуге болады:
1) Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. 2)Өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызметтердiң жалпы шығын көлемi.
ЖҰӨ – экономика жағдайын сипаттайды, себебi адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбiрек қалайды. Яғни өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет көлемi жоғарылаған сайын, өзiндiк қанағаттану дәрежесiнiң деңгейi, өндiрiстiк және мемлекеттiк тұтыну деңгейi жоғары болады.
ЖҰӨ – экономикадағы табыс пен өндiрiстегi шығын көлемiн бiрдей өлшейдi. Себебi бұл өлшемдер соңында бiрдей болады. Жалпы, экономика үшiн табыс көлемi шығын көлемiне тең болуы керек.
Мысал
ретiнде мынадай экономиканы
Ауыспалы көлем 2 түрге бөлiнедi – қор және ағын.
Ваннадағы
судың көлемi – бұл қор, ол әдетте
нақты уақыт мерзiмiмен
Кран арқылы келетiн су – ағын, ваннаға уақыт бiрлiгiнде келетiн су көлемi. Сондықтан, қор мен ағында өлшеу үшiн әр түрлi бiрлiктер қолданылады. Ваннада 50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады. Кейбiр айнымалыларға теориялық талдау жасаған сәтте бiз қор мен ағын арасындағы тәуелдiлiктi жиi кездестiремiз. Ваннадағы жағдай бұл әдеттегi тәуелдiлiк. Қордағы су, кран арқылы құйылатын ағынның жиналуы нәтижесiнде ванна толады. Қордың өзгеру үрдiсi ағында көрсетiлген. Экономикалық көрсеткiштердi зерттеу кезiнде, көбiнесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады – қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелдiлiк бар ма?
Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын.
Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын.
Мемлекеттiк қарыз-қор, бюджет тапшылығы – ағын.
Көпшiлiгi ағын түсiнiгiне жатады. Мысалы, ЖҰӨ (ЖIӨ), инвестиция, мемлекеттiк шығын, т.б.
Макроэкономикада маңызды деп есептелiнетiн қор-ағын ұғымына жататын кейбiр көрсеткiштердi қарастырамыз.
1. Инвестиция және негiзгi капитал.
Экономикадағы
капитал – бұл белгiленген, анықталған
уақытта жинақталған тұрғын үй қоры,
машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар
қоры және елдегi өндiрушi күш. Инвестициялық
шығындар – бұл белгiлi бiр уақыт аралығында
негiзгi капиталды қолдауда және капиталдың
өсуiне бағытталған өнiмдер ағыны. Осыдан
төмендегiдей қатынасты алуға болады.
К = К-1 + I
Мұндағы:
К – қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры.
К-1 – қарастырылып отырған жыл алдындағы жылдың капитал қоры.
Қор өсiмi (К-К-1) инвестиция ағымына тең.
Егер инвестиция мен капитал қорының арасындағы байланысты тереңiрек қарастырсақ, онда төмендегi теңдеудi құрауға болады.
К= К-1 + I – DN
Мұндағы:
DN – кейбiр капитал қоры табиғи қартаяды немесе үнемi пайдалану нәтижесiнде тозады, мұндай тозуды амортизация деп те атайды.
I – инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.
I – DN – таза инвестиция.
2. Қор және байлық.
Жоғарыда қарастырылған қор – ағын ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор және байлықты қарастыруға болады. Қор Ұлттық табыстың тұтынудан қалған бөлiгi, бұл қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi.
W- W-1 = S
(W – W-1) – қор жинағының өсiмi қорға тең.
3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.
Қор – ағын ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол ағындағы операция шоттары (СА) шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасындағы байланысты көрсететiн тәуелдiлiк.
NIIP-1 + СА
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттiк қарыз.
Бұл көрсеткiш мемлекеттiң таза қарызының мөлшерi Dd пен бюджет тапшылығы (DEF) арасындағы тәуелдiлiктi көрсетедi.
Dd – Dd-1 – DEF
Нақты
өмiрде мемлекеттердiң ЖҰӨ-н
Қор есебi: Мысалы, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндiрiсiн үлкейтсе, яғни нан өндiрсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейiн жасаған тауарлары өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшемiне қалай әсер етедi?
Жауап өтпей қалған нанды не iстейдi, соған байланысты. Егер нан керек емес деп тасталса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемi ретiнде төленедi, - сонда фирма жалақы ретiнде үлкен сома төлесе, ал пайда ретiнде өзiне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлемiне және табыс деңгейiне әсер етпейдi. Сондықтан, ЖҰӨ өлшемi өзгерiссiз қалады (тек қана жалақыға тиесiлi бөлiгi аз). Басқаша айтқанда, егер нанды кейiнiрек сату үшiн, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципiне байланысты, бұл операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды, себебi нан фирма қорында сақталуда. Сол себептi ЖҰӨ көлемi көбейедi. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынан шығын көлемi көбейедi. [10,78б].