Макроэкономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - макроэкономиканың, мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, экономикалық категория ретінде мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.

Курстық жұмыстың міндеті

-Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;

-Макроэкономикалық теориялардың пайда болу тарихын зерттеу;

-Макроэкономиканың зерттеу пәні мен негізгін анықтау;

-Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдарын қарастыру;

-Макроэкономикалың модельдер мен көрсеткiштерін талдау;

Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық жағдай.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МАКРОЭКОНМИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Макроэкономиканың негізгі теориялары............................................................5

1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары...............................6

1.3 Макроэкономикалық үлгілер, олардың түрлері мен көрсеткіштері.................8

1.4 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары......11

2 МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘСЕЛЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Макроэкономикалық модельдер мен көрсеткіштер.........................................13

2.2 Макроэкономикалық мәселенің ерекшелігі......................................................19

2.3 ҚР Макроэкономиканың қазіргі жағдайына талдау.........................................19

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................25

Работа содержит 1 файл

макро.doc

— 219.00 Кб (Скачать)

    - экономикалық өсуді қамтамасыз  ететін құрылымдық 

    - экономиканың мерзімдік құбылуларын  (тұрақсыздануын) басуға, ресурстардың  жұмыспен толық қамтылуына, бағалардың  тұрақты деңгейін және сыртқы  экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған конъюктуралық (тұрақтандыру) саясатына.

    Тұрақтандыру  саясатының негізгі түрлері:

    а) Фискалдық (немесе бюджеттік-салықтық) саясат

    б) монетарлық (немесе ақша-несиелік) саясат

    в) сыртқы экономикалық саясат

    г) табыстар саясаты

      
 

    4) Шетелдік сектор (бөлік) – дүниежүзінің  барлық басқа елдерін біріктіріп, жеке оңтайлы әрекеттегі (қызмет  жасайтын) макроэкономикалық агент.  Ол осы елмен келесілер арқылы өзара әрекеттестікті іске асырады:

    а) халықаралық сауда арқылы (тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты);

    б) капиталдардың ауысуымен (капиталдың экспорты мен импорты, яғни қаржы  активтердің).

    Талдауға  шетел секторының (бөлігінің) қосылуы  ашық экономиканы алуға мүмкіндік  береді. Нарықтардың агрегаттауы  әрқайсысының қызмет атқару заңдылықтарын табу, атап айтқанда – нарықтың әр қайсысына сұраныс пен ұсыныстың қалыптасу ерекшеліктерін, олардың тепе-теңдік жағдайларын зерттеу, сұраныс пен ұсыныс ара қатынастарының негізінде тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік көлемді анықтау, әр нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеру салдарын талдау мақсатымен өткізіледі.

    Нарықтардың агреттауы 4 макроэкономикалық нарықты  айыруға мүмкіндік береді:

    -тауарлар мен қызметтер нарығы (шынайы нарық)

    -қаржы нарығы (қаржы активтер нарығы)

    -экономикалық ресурстар (қорлар) нарығы

    -валюталық нарық 

    1.3 Макроэкономикалық  үлгілер, олардың  түрлері мен көрсеткіштері 

    Модельдеу мен дерексіздендіру (абстракциялау), ойша жіктеу макроэко-номикалық талдаудың негізгі әдісі болып табылады. Барлық макро-экономикалық үдерістер модельдерді (үлгілерді) салу негізінде зерделенеді. Макроэкономикалық модельдер араларындағы негізгі өзара қатынастарды табу мақсатымен экономикалық үдерістер мен құбылыстардың графикалық немесе алгебралық баяндалуы. Модельді салу үшін әр зерттелетін құбылыстың ең маңызды сипаттарын айырып, мәні, маңызы аз құбылыстар мен факторлардан дерексіздену қажет. Сонымен, модель (үлгі) дүниенің, шындықтың қарапайым көрінісі, ол экономикалық үдерістер дамуының негізгі заңдылықтарын тауып, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық сияқты күрделі макро-экономикалық мәселелердің шешу нұсқаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін жеңіл түріндегі көрініс болып келеді. Макроэкономикалық модельдердің түрлері көп: функциялар, графиктер, сызбалар мен кестелер, олар макроэкономикалық шамалар араларындағы, экономикалық құбылыстар араларындағы себеп – салдар байланыстарын түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономикада функциялардың әр түрлерін айырады. [4,9б].

    а) іс-қимылдық, олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайды (мысалы, тұтыну функциясы): ,

    мұнда  a – табыс деңгейінен тәуелсіз жеке тұтыну;

                (V - T) – қолдағы  табыс; 

    b – іс-қимылдық коэффициент, ол  тұтынуға шекті бейімділік деп  аталады да қолдағы табыс шамасының  бірлікке өзгеруіндегі тұтыну шамасының өзгеруін көрсетеді.

    б) технологиялық, олар өндіріс технологиясын  баяндайды (мысалы, өндірістік функция): ,

    мұнда Y- жиынтық шығарудың шамасы, ол капитал  қоры (К) және еңбек қорымен (L) анықталады, яғни негізгі экономикалық ресурстардың (қорлардың) санымен.

    в) институционалдық, олар институционалдық факторлардың (мемлекеттік басқару  параметрлерінің) макроэкономикалық  шамаларға жасайтын ықпалын көрсетеді, мысалы, салықтар функциясы: ,

    мұнда Т – салық түсімдерінің шамасы,

     - табыс деңгейінен тәуелсіз ерікті  салықтар,

    t – салық мөлшері,

    Y- жиынтық табыс деңгейі (шығару);

    г) дефинициондық, олар кез келген макроэкономикалық  шаманың анықтауын көрсетеді (мысалы, жиынтық сұраныс функциясы, анықтау бойынша, ол барлық макроэкономикалық агенттер сұранысының сомасы):

    

    мұнда,

    С – үй шаруашылықтардың сұранысы (тұтыну шығындары),

    I – фирмалар сұранысы (инвестициялық  шығындар),

    G – мемлекет сұранысы (тауарлар  мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары) мен

    Xn – шетел секторының сұранысы (таза экспорт).

    Барлық  функцияларды графиктер мен кестелер түрінде көрсетуге болады. Модельдерге (үлгілерге) көрсеткіштердің 2 түрі кіреді: экзогенді және эндогенді.

    Экзогенді шамалар – ол сырттан берілетін, үлгіден тыс қалыптасатын көрсеткіштер. Экзогенді шамалар тәуелсіз болып келеді. Эндогенді шамалар – үлгінің ішінде қалыптасатын көрсеткіштер.

    Үлгі  экзогенді шамалардың (сыртқы күш, қозғалу) өзгеруі эндогенді шамалардың өзгеруіне  әсер етуін көрсетуге мүмкіндік береді, мысалы егер тұтыну функциясының  түрі С=C (Yd,W) болса,

    мұнда С-жиынтық тұтыну шығындардың шамасы,

    Yd-қолдағы  табыс және 

     W-байлық

    онда Yd және W – экзогенді шамалар, ал С – эндогенді болып табылады. Бұл үлгі қолдағы табыстың немесе байлықтың өзгеруі тұтыну шығындар шамасын қалай өзгертетінін талдауға мүмкіндік береді. Сонымен, тұтыну тәуелді шама ретінде (функция), ал қолдағы табыс пен байлық шамасы – тәуелсіз шамалар (функцияның негізі) ретінде саналады. Әр түрлі үлгілерде бір шаманың эндогенді де, экзогенді де болуы мүмкін. Солай, тұтыну үлгісіндегі тұтыну шығындары (С) эндогенді (тәуелді) шама ретінде, ал жиынтық сұраныс үлгісінде тұтыну шығындары (С) экзогенді (тәуелсіз) шама, яғни ауыспалы болып келеді, ол жиынтық шығару мен жиынтық табыстың шамасын анықтайды. Бұған мемлекеттік басқарудың ауыспалылары жатпайды, олар, әдетте, экзогенді болып келеді. Мысалы: тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары, аккордты салықтар, салық мөлшерлері, трансферттердің шамасы, пайыздың есептеу мөлшері, міндетті резервтер (қорлар) нормалары, ақша базасы. Ауыспалылардан басқа, үлгілерге параметрлер мен константалар кіреді. Олар тұтынуға деген шекті бейімділік, сақтауға шекті бейімділік, депозит ретінде енгізу нормасы, артылып қалған резервтер (қорлар) нормасы және икемділік көрсеткіштері, мысалы, инвестициялардың (қаржы салымының) пайыз мөлшерінің өзгеруіне икемділігі, табыстың өзгеруіне ақшаға деген сұраныс икемділігі, капитал ұтқырлығының дәрежесі және т.б. [5,185б].

    Макроэкономикалық ауыспалылардың маңызды ерекшелігі – олардың 2 топқа бөлінуі: ағындар  көрсеткіштері мен қорлар көрсеткіштері. Ағын – ол белгіленген мерзім ішіндегі сан. Макроэкономикада уақыт бірлігі  ретінде жыл саналады. Ағындар  көрсеткіштеріне жатады: жиынтық шығару, жиынтық табыс, тұтыну, инвестициялар, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, жұмыссыздардың саны, экспорт, импорт және басқалар, олар жыл сайын есептеседі. Қор – уақыттың белгіленген сәтіне келетін сан, яғни белгіленген уақытқа (мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарына). Қорлардың көрсеткіштеріне жатады; ұлттық байлық, жеке байлық, капитал қоры, жұмыссыздардың саны, өндірістік әлеует, мүмкіндік, мемлекеттік қарыз және т.б. Макроэкономикалық көрсеткіштер абсолюттік және салыстырмалы деп бөлінеді. Абсолюттік көрсеткіштер ақша (құндық) түрінде (бұған адам санымен өлшенетін жұмыссыздар санының көрсеткіштері енбейді), ал салыстырмалы – пайыздарда немесе салыстырмалы шамаларда өлшенеді. Салыстырмалы көрсеткіштерге жұмыссыздық деңгейі, дефлятор (бағалардың жалпы деңгейі), инфляция қарқыны, экономикалық өсу қарқыны, пайыз мөлшері, салық мөлшері және т.б. кіреді.

    Макроэкономикада  тепе-теңдік жағдайларды зерделеудің  зор маңызы бар. Тепе-теңдіктің 3 түрін  айырады: тұрақты, тұрақсыз және бейтарап. Жүйедегі тепе-теңдік тұрақты деп саналады, егер тепе-теңдік жағдайдан шығарылып, жүйе өз бетімен оған қайтакелсе, тұрақсыз – орнына қайтпаса және бейтарап – жүйе алғашқы жағдайына келе ме, жоқ па – анық айтуға болмаса. Макроэкономикалық үлгілерде уақыт факторының маңызы зор. Талдауда осы фактор қалай есептелуіне байланысты макроэкономикалық үлгілердің 3 түрін айырады: статикалық, салыстырмалы статиканың және динамикалық. Статикалық модельдер уақыттың белгіленген сәтіндегі экономикалық ахуалды сипаттайды. Салыстырмалы статика модельдері экономикалық жүйенің бір тепе-теңдік жағдайдан екінші жағдайға көшу нәтижесін көрсетеді, бірақ, бұл көшудің қалай болатындығын зерттемейді. Бұл процестің (үдерістің) механизмі динамикалық үлгілерде зерделенеді. Динамикалық үлгілерде дисконттау қағидасы маңызды рөл атқарады, яғни болашақ табыстардың құнын қазіргі мерзімге келтіру (PV). Дисконттау әдісі инвестициялық жобалардың қаржыландыруына қаржыларды салу нәтижелілігін анықтауында, құнды қағаздарды сатып алғанда, тұтынудың уақытаралық таңдауында пайдаланады. Дисконтталған құн мына формула бойынша есептеледі:

    

    мұнда х1, х2...хn – әр болашақ кезеңдерінде экономикалық агент ұйғаратын (болжайтын) табыстар (біріншіден n - дейін),

    r – дисконт нормасы, макроэкономикалық үлгілерде ол пайыз мөлшеріне тең. Пайыз мөлшерінің макроэкономикалық мәні: ақшаны басқаша пайдаланудың баламалы шығалары (шығындары). 

    1.4 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары 

    Макроэкономикалық талдаудың жалпы әдістері мен принциптеріне мыналар жатады: [6,19б].

    -абстракциялау  (экономикалық құбылыстар мен  үрдістерді зерттеу және түсіндіру  үшін үлгілерді қолдану);

    -индукция  мен дедукция әдістерінің үйлесімділігі; 

    -нормативтік  және позитивтік талдаудың үйлесімділігі; 

    -«әртүрлі тең жағдайларда» принципін қолдану;

    -экономикалық  агенттердің ұтымды шешім қабылдаулары  туралы болжамдар және т.б..

    Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі –  ол  агрегаттау болып табылады. Экономикалық агенттердің мінез – құлықтарының және тәртіпте-рінің аса маңызды жақтарын айқындауға негізделген макроэкономикалық агрегаттау әдісі мынадай төрт негізгі макроэкономикалық агентті бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, олар: үй шаруашылықтары немесе тұтынушылар, фирмалар немесе өндірушілер, мемлекет немесе үкімет, шетелдік сектор немесе сыртқы орта.

    Рыноктарды  агрегаттау мынадай негізгі төрт макроэкономикалық рынокты бөліп  көрсетуге мүмкіндік береді: игіліктер немесе тауарлар мен қызметтер рыногы, қаржы рыногы, экономикалық ресурстар рыногы, валюталық рынок. Макроэкономикалық үлгілер макроэкономикалық шамалар арасындағы өзара тәуелділіктерді түсіндіруге және экономикалық құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыстарды танып білуге мүмкіндік беретін функциялардан, графиктерден, формулалардан, сызбалардан және кестелерден құралады. Ал макроэкономикалық үлгілерді құру үшін экзогендік және эндогендік айнымалылар қолданылады.

    Макроэкономикада  күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш мәселе бар. Бiрiншiсi –  тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн  қалай түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары  жұмыссыздық бiрнеше жылға созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады.

    Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу  барысында қандай шараларды қолдану  тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң  пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн  мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.

    Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық  өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.

    Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат–инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.

    Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу  мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл  әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда  соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930 жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi.  
 
 

Информация о работе Макроэкономика