Макроэкономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты - макроэкономиканың, мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, экономикалық категория ретінде мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.

Курстық жұмыстың міндеті

-Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;

-Макроэкономикалық теориялардың пайда болу тарихын зерттеу;

-Макроэкономиканың зерттеу пәні мен негізгін анықтау;

-Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдарын қарастыру;

-Макроэкономикалың модельдер мен көрсеткiштерін талдау;

Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық жағдай.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 МАКРОЭКОНМИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Макроэкономиканың негізгі теориялары............................................................5

1.2 Макроэкономикалық талдаудың әдістері мен қағидалары...............................6

1.3 Макроэкономикалық үлгілер, олардың түрлері мен көрсеткіштері.................8

1.4 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары......11

2 МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘСЕЛЕСІНЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Макроэкономикалық модельдер мен көрсеткіштер.........................................13

2.2 Макроэкономикалық мәселенің ерекшелігі......................................................19

2.3 ҚР Макроэкономиканың қазіргі жағдайына талдау.........................................19

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................25

Работа содержит 1 файл

макро.doc

— 219.00 Кб (Скачать)

Барлық  ескертулерді түзеттім, ал бірақ әдебиеттерге түзету енгізген жоқпын, олар онсыз  да жаңа. 2006 жылдан басталған әдебиеттер, олар ең жаңа әдебиеттер 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................................3 

1 МАКРОЭКОНМИКАНЫҢ  ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Макроэкономиканың  негізгі теориялары............................................................5

1.2 Макроэкономикалық  талдаудың әдістері мен қағидалары...............................6

1.3 Макроэкономикалық  үлгілер, олардың түрлері мен  көрсеткіштері.................8

1.4 Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдары......11 

2 МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ  МАҚСАТЫ МЕН МӘСЕЛЕСІНЕ ТАЛДАУ  ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Макроэкономикалық модельдер мен көрсеткіштер.........................................13

2.2 Макроэкономикалық  мәселенің ерекшелігі......................................................19

2.3 ҚР  Макроэкономиканың қазіргі жағдайына талдау.........................................19 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................................25 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Тақырыптың  өзектілігі: Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.

    Макроэкономика  экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.

    Тақырыптық  зерттелу дәрежесі. Әлемдегі көптеген ғалымдардың еңбектерінде макроэкономиканың маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орыны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр.

    Макроэкономиканы зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей экономистерді айтуға болады: Бортников М.Ю., Ведута Е.Н., Дроздов В.А., Кадыров Р.Ф., Киселев В.В., Красавина Л.Н., Лаврушина  О.И., Московкина Л. А., Ольхова Р. Г., Печников Л.В., Поляков В.П., Пономарев В.А., Пятенко С.В., Родионов С.С., Сахорова М.О.

    Нарықтық экономика теориясымен өзара байланыста бұл проблемалардың әртүрлі жақтары Аубакиров Я.А., Шеденов Ө.Қ., Байжұмаев Б.Б., Елемесов Р.Е., Есентүгелов А.Е., Жатқанбаев Е.Б., Жүйриков К., Кенжегузин М.Б., Кошанов А.К., Кучукова Н.К., Нарибаев К.Н., Нысанбаев С.Н., Тұрысов К.Т. сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

    Курстық жұмыстың мақсаты - макроэкономиканың, мақсатын, міндетін, талдау құралдарының теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, экономикалық категория ретінде мазмұны мен мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді, заңнамаларды елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру.

    Курстық жұмыстың міндеті

    -Қазіргі макроэкономика ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;

    -Макроэкономикалық теориялардың пайда болу тарихын зерттеу;

    -Макроэкономиканың зерттеу пәні мен негізгін анықтау;

    -Макроэкономиканың зерттеу әдісі, мақсаттары және талдау құралдарын қарастыру;              

    -Макроэкономикалың модельдер мен көрсеткiштерін талдау;

    Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық жағдай.

    Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.

    Зерттеудің  теориялық және әдіснамалық  негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.

    Ақпараттық базасы. Курстық жұмыста ғылыми конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы материалдарға, жалпы экономикалық және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.

 

    1 МАКРОЭКОНОМИКАНЫҢ  ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ  ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 

    1.1 Макроэкономиканың  негізгі теориялары 

    Микроэкономика сияқты, макроэкономика да экономика теориясының бөлімі. Грек тілінен аударғанда: «макро» – үлкен, «микро» – кішкентай, кішкене, «экономика» – шаруашылықты жүргізу. Сонымен, макроэкономика – тұтастай экономиканың немесе оның ірі жиынтықтарының (агрегаттарының) тәртібін зерделейтін ғылым.

    «Макроэкономика»  терминін ең алғашқы болып 1933 жылы белгілі  норвегиялық ғалым – экономист-математик, эконометриканың негізін салушыларының  бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Рагнар Фриш қолданды. Бірақ қазіргі макроэкономикалық теория атақты ағылшын экономист, Кембридж мектебінің өкілі, Джон Мейнард Кейнстің басты (іргелі) еңбегінен басталады. 1936 жылы оның «Жұмыстылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы жарық көрді. Онда Кейнс макроэкономикалық талдаудың негізін қалады. Кейнс еңбегінің маңызы өте зор, тіпті экономикалық әдебиетте «Кейнсиандық төңкерісі» деген термин, кейнсиандық макроэкономикалық модель (үлгі) пайда болды. Оның алдындағы – микроэкономикалық талдау (классикалық модель, үлгі) Микроэкономика жеке шаруашылық жүргізетін субъектілердің (тұтынушы немесе өндіруші) жеке нарықтағы экономикалық тәртіптерін (мінез-құлықтарын) зерделейді, ал макроэкономика экономиканы біртұтас ретінде зерделеп, барлық экономика үшін ортақ жалпы мәселелерді зерттейді. Макроэкономика жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық сұраныс, жиынтық тұтыну, инвестициялар, бағалардың жалпы деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз деген жиынтық шамаларды қолданады. Макроэкономиканың негізгі мәселелері: экономикалық өсу және оның қарқындары; экономикалық цикл және оның себептері; жұмыстылық деңгейі мен жұмыссыздық мәселесі; бағалардың жалпы деңгейі мен инфляция мәселесі; пайыз мөлшерінің деңгейі мен ақша айналымының мәселелері; мемлекеттік бюджеттің жағдайы; бюджеттік тапшылығын қаржыландыру мәселесі мен мемлекеттік қарыз мәселесі; төлем балансының жағдайы мен валюталық бағам мәселелері; макроэкономикалық саясаттың мәселелері [1,21б].

    Барлық  осы мәселелер макроэкономикалық  талдау тұрғыларынан, яғни жеке тұтынушы, жеке фирма, тіпті жеке сала деңгейінде шешілмейді. Осындай бірқатар жалпы – немесе макроэкономикалық мәселелердің болуына байланысты экономика теориясының жеке бөлімі, жеке пәні – макроэкономиканың пайда болу қажеттілігі туды (туындады). Макроэкономиканы зерделеудің маңыздылығы:

    -ол макроэкономикалық құбылыстар мен үдерістерді жай ғана баяндамай, олардың араларындағы заңдылықтар мен тәуелділіктерді тауып, экономикадағы себеп-салдар байланыстарды зерттейді.

    -макроэкономикалық тәуелділіктер мен байланыстарды білу арқылы экономикадағы жағдайды бағалап, оны жақсарту үшін не істеу керегін көрсету, ең алдымен саяси қайраткерлердің іс-қимылдары, яғни экономикалық саясатының қағидаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

    -макроэкономиканы білу арқылы келешекте үдерістердің дамуын болжауға, яғни болашақ экономикалық мәселелерді көріп, болжам жасайды.

    -Макроэкономикалық талдаудың 2 түрін айырады: ex post талдауы және ex ante талдауы. Макроэкономикалық талдау ex post немесе ұлттық есеп жүргізушілік, яғни статистикалық мәліметтер талдауы экономикалық қызметтің нәтижелерін бағалауға, мәселелер мен жағымсыз құбылыстарды тауып шығаруға, оларды шешу мен жеңу бойынша экономикалық саясатты әзірлеуге, әр елдердің экономикалық әлеуетінің салыстырмалы талдауын өткізуге мүмкіндік береді. Макроэкономикалық талдау ex ante, яғни белгіленген теориялық тұжырымдамалардың негізіндегі экономикалық үдерістер мен құбылыстардың болжамдық модельдеуі. Бұл экономикалық үдерістердің даму заңдылықтарын анықтап, экономикалық құбылыстар мен ауыспалылар арасындағы себеп салдар байланыстарын табуға мүмкіндік береді. Осы ғылым ретіндегі макроэкономика. 

    1.2 Макроэкономикалық  талдаудың әдістері  мен қағидалары 

    Өз  талдауында макроэкономика микроэкономикада пайдаланатын әдістер мен қағидаларды қолданады. Экономикалық талдаудың осындай жалпы әдістері мен қағидаларына мыналар жатады: ойша жіктеу (экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеп түсіндіру үшін үлгілерді пайдалану); дедукция мен индукцияны үйлестіру; нормативтік және позитивтік талдауды үйлестіру; «басқа да тең жағдайларда» қағидасын пайдалану; экономикалық агенттер мінез-құлқының (іс-әрекеттерінің) оңтайлылығы, тиімділігі жөніндегі болжам және т.б. [2,118б].

    Макроэкономикалық талдаудың ерекшелігі – оның ең маңызды қағидасы ретінде ойша жіктеу болып келеді. Тұтастай экономика деңгейінде экономикалық тәуелділіктер мен заңдылықтардың зерделуі мүмкін, егер жиынтықтарды немесе агрегаттарды қарастырса. Макроэкономикалық талдау агрегаттауды талап етеді. Агрегаттау – ол жеке элементтердің біртұтас, агрегатқа, жиынтыққа бірігуі. Агрегаттау әрқашан ойша жіктеуге негізделеді, яғни экономикалық үдерістер мен құбылыстардың ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын көрсетеді. Агрегаттау макроэкономикалық агенттерді, макроэкономикалық нарықтарды, макроэкономикалық өзара қатынастарды, макроэкономикалық көрсеткіштерді атап айтуға мүмкіндік береді. Экономикалық агенттер мінез-құлқының типтік қасиеттерін табуға негізделген агреттау 4 макроэкономикалық агентті атап көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді:

    -үй шаруашылықтары

    -фирмалар

    -мемлекет

    -шетел секторы

    1) Үй шаруашылықтары – ол жеке, тиімді, оңтайлы жұмыс жасайтын  агент, оның экономикалық қызметінің  мақсаты – ең жоғары пайдалыққа  жету. Олар: а) экономикалық қорлардың  (еңбектің, жердің, капиталдың және  кәсіпкерлік қабілеттіліктердің) иесі болып келеді. Экономикалық қорларды сатып, үй шаруашылықтары табыс табады, олардың көбін тұтынуға (тұтыну шығындарға) ұстап, сол себептен олар: б) тауарлар мен қызметтердің негізгі сатушысы болып келеді. Табыстың қалған бөлігін үй шаруашылықтары сақтайды, сондықтан олар: в) негізгі сақтаушы немесе несие беруші (кредитор) болып келеді, яғни экономикада несие қаражаттарының ұсынысын қамтамасыз етеді.

    2) Фирмалар – жеке дербес, оңтайлы  әрекеттегі макроэкономикалық агент,  оның экономикалық қызметінің мақсаты – пайданың өсуі. Фирмалар: а) өндіріс үдерісін қамтамасыз ететін экономикалық қорлардың сатып алушысы ретінде; б) экономикада тауарлар мен қызметтердің негізгі өндірушісі болып келеді. Өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтерді сатудан алынған түсімді фирмалар үй шаруашылықтарына факторлық табыстар түрінде төлейді. Өндіріс үдерісін кеңейтіп, капиталдың қорын өсіруге және капиталдың тозуының, ескіруінің орнын толтыруын қамтамасыз ету үшін инвестициялық тауарлар қажет (бірінші кезекте, жабдық), сондықтан фирмалар; в) инвесторлар, яғни инвестициялық тауарлар мен қызметтердің сатып алушылары болып табылады. Әдетте фирмалар өз инвестициялық шығындарын қаржыландыру үшін қаржы құралдарын пайдаланады, яғни олар; г) экономикадағы негізгі қарыз алушы болып келеді, өйткені несие құралдарына сұраныс береді.

      
 

    3) Мемлекет – экономиканы реттеуге, экономикалық процестер (үдерістер)  барысына әсер ету саяси және  заң құқығы бар мемлекеттік  мекемелер мен ұйымдар жиынтығы. Мемлекет – ол дербес (жеке), оңтайлы әрекеттегі макроэкономикалық агент, оның негізгі міндеті – нарықтың сәтсіздікке ұшырауын болдырмау және қоғамдық  игілігін жоғарылату – сондықтан ол: а) қоғамдық игіліктердің өндірушісі; б) өзінің көптеген міндеттерін атқару үшін және мемлекеттік секторының (бөлігінің) қызметін қамтамасыз ету үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алушысы ретінде табылады; в) ұлттық табыстың (салықтар мен трансферттер жүйесі арқылы) қайта үйлестірушісі; г) мемлекеттік бюджеттің жағдайына байланысты – қаржы нарығында қарыз, несие беруші немесе қарыз алушы.  Бұдан басқа мемлекет; д) нарық экономикасы қызметінің реттеушісі мен ұйымдастырушысы болып табылады. Ол экономика қызметінің институционал негіздерін (заңнамалық базасы, қауіпсіздік жүйесі, салық салу жүйесі, сақтандыру жүйесі және т.б.) құрып, қамтамасыз етеді, яғни «ойын ережелерін» әзірлейді; елде ұсынысын қамтамасыз етіп, бақылайды, себебі ақша эмиссиясына (ақшаның шығарылуы мен айналымына) монополиялық құқығына ие, макроэкономикалық саясатын өткізеді. Макроэкономикалық саясат бөлінеді: [3,78б].

Информация о работе Макроэкономика