Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 14:59, курсовая работа
Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.
Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әреттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Альянс-лизинг компаниясы өзі үшін тиімді және басымдық берілген бағыттармен жоспарлы түрде дами бермек. Лизингке берілген мүліктік құрылым тұрғысынан келгенде, қазір мүліктің дәстүрлі түрлеріне де, сонымен бірге жаңа түрлеріне де сұраным артып отыр. Мәселен, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру мүмкіндігі жақындаған сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жабдықтарына деген қызығушылық та, сұраныс та артып отыр.
Барлық лизинг рыногында әлем бойынша коммерциялық жылжымайтын мүлік рыногының үлесі 2-3 пайызды құрайды. Бұл болашағы зор тиімді бағыт екені даусыз. Алайда бұл сала негізінен жеке меншік лизингтік компаниялардың үлесіне тиесілі.
Альянс-лизинг әрқашан тұрақты тұтынушыларға техникалардың кең көлемді түрлерін ұсынады. Кейбір кәсіпкерлерге өз бизнесіне барынша тереңірек қарауды, оны дамытудың жаңа бағыттарын табуды ұсынады. Жасалған “консалтинг лизинг” өнімі де бизнес жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған. Ізденістердің нәтижесінде кәсіпкерлерге рыноктың перспективалық түрлеріне және әлі де кәсіпкерлік кең дамымаған салаларға баса назар аудару керектігін үйретеді. Бүгінгі күні бұл шаралар қажеттілігі мен тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Альянс Банкінің негізгі акционері - "Сеймар Альянс" Қаржылық корпорациясы - Банктің жай акцияларының 76 пайызын "Самұрық-Қазына" қорына сату туралы шешім қабылдады.
Банк студенттерді, шағын жіне орта бизнесті, үлестік құрылысты несиелендірудің мемлекеттік бағдарламаларына бөлінеге қаражатты үлестірген оператор болды.
Альянс Банктің кредиторларына қарызды қайта құрылымдау ұсынысымен өтінді. Банк несиелік келісім бойынша қарызды өтеуді тоқтата тұруды шешті.
Альянс Банкі өз қарызын қайта құрылымдауға қатысты Кредиторлар Комитетімен Өзара түсіністік жөніндегі меморандумағ қол қойды. Бұл кредиторлардың қарызды қайта құрылымдауға келісімін білдіреді.
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ және Альянс Банкі мүдделер жөніндегі келісіміге отырды. Қол қойылған құжатқа сәйкес қор банк акцияларының 66 пайызға дейінгі үлесін сатып алды, сонымен қатар 129 млрд. теңге көлемінде қосымша капиталдандыруды өткізеді.
Альянс Банкі ҚҚА-не банктің қарыз алуды қайта құрылымдау және қайта капиталдандыру жоспарын ұсынды.
Қорытынды
Лизинг инвестицияларды тартуға қабілетті, икемді және көп үміт күтерлік экономикалық иінтірек болып келеді, отандық өндірісті көтеруге мүмкіндік жасау, капиталды ел экономикасының маңызды саласына тарту, шағын бизнеске нақты қолдауды қамтамасыз етеді және т.б.
Елде лизингтің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр, ол толыққанды бәсекелестікті туындатудың және лизинг қызметтері сапасының көтерілгендігінің дәлелі. Лизинг қызметтерінің рыногы инвесторлармен бірге өндірушілерге де тартымды болып отыр.
Үкімет, лизингке қолайлы жағдай саясатын декларациялар соңғы жылдары берік нормативтік база дайындады. өкінішке орай, заңмен анықталған барлық жеңілдіктер, орындарда нұсқаулықпен бекітілген, бірақ нақтылап алғанда орындалмайды.
Қазақстаннның инвестициялық қызметке байланысты заңдылық базасында, лизингке көп көңіл аударыла бастады, бірақ тәжірибе жүзінде ол инвестициялық ауа-райына толық тәуелді, экономиканың нақты секторының дамуына байланысты.
Қорыта келгенде, лизинг несиені арзан ауыстыру болып табылмайды. Негізгі қаражаттың жабдығын қаржыландырудың белгілі артықшылығы бар, бірақ несиелеудің машықтары мен қаржылық ағындарды бағалау, қамтамасыз етілмеген несиедегі сияқты өте қиын. Басқа сөзбен айтқанда жетерлік қаражатсыз, бірақ жоғары тиімді жобамен істі бастау үшін, лизинг алушы үшін негізгі жағымды сәт жоғалады, сондай-ақ, лизингте банктер кепілзатты талап етеді. Осылайша, лизинг банктің «өз» клиенттерінің инвестициялық жобаларына қызмет көрсетудің тиімді құралына айналды.
Лизингтік операцияларды қаржыландыру көздері ретінде қор рыногына облигациялар шығарылды. «Альянс-лизинг» компаниясы 2,5 миллиард теңгеге облигация шығарды. «Альянс-лизинг» АҚ лизинг алушылар үшін әр түрлі тиімділіктер ұсынады. Бірақ менің ойымша оған қоса мына бағыттарды жетілдіру қажет:
- кәсіби мамандардың дайындау, ұсынатын қызметтердің ақпараттық жариялауды қосу, кең дамыған лизингтік қызметтің нарық инфроқұрылымын тауып, құру;
- лизингтік мәмілердің ұзақ мерзімдік несиеленуінде (3 жылдан аса) банктің кең спектрлі жеңілдігін ұсыну;
- лизингте 100 пайыздық кепілзаттан сақтану үшін, кепілдік жүйесін дамыту (мәселен, сақтандыру);
- қабылданған шаралармен қатар (халықаралық лизинг келісім-шарттарындағы валюталық бақылаудың болмауы), лизинг көлемінде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша шаралар кешенін күшейту.
Осындай элементтерді жетілдіру банкті күмәнді, қауіп-қатерлі пайданы қысқа мерзімнің ішінде алудың орнына сенімді пайда алу үшін экономиканы қаражатты ұзақ мерзімдік инвестициялауға бағыттауға итерер еді.
Лизингтің күрт өсуі ондаған жылдарға созылуы және экономиканың бүкіл бағыт-бағдарын өзгертуі мүмкін. Өйткені экономиканың барлық саласы дерлік жаңа техникамен жарақтанады. Экономикадағы лизингтік бизнестің рөлі, мәні мен маңызы мынада тұр: біздің экономикада ондаған жылдар бойы негізгі капитал – машина құрал-жабдықтарын жаңарту процесін жүргізбеді. Ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп немесе құрылысты алайық, сондай-ақ әуе, теміржол, тас жол транспорты, қалаларда автобус паркі техникаларының 70-80 пайызы ескірген. Олар моральдық жағынан да, күш-қуаты жағынан да тозды. Енді соларды түбегейлі өзгертіп, жаңғыртып, жаңартуымыз қажет. Бірақ техниканың бағасы тым жоғары. Сондықтан аталған кез келген салада лизингтік әдісті пайдалану бүгінгі күні тиімді.
Лизинг болашақта Қазақстан Республикасының экономикасының өсуіне үлкен ықпалын тигізеді деп сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» Алматы-2004
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 31 тамыздағы жарлығы
3. «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі №78 Заңы
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 12 маусым 2001 ж. №209.
5. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Оқу құралы. Экономика,2000
6. Лаврушина О.И «Банковское дело», учебник, 1998
7. Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктердің операциялары» — Алматы: Қазақ университеті, 2002
8. Міржақыпова С.Т «Банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы – 2004
9. Саниев М. «Ақша, несие, банктер» Оқу құралы. Алматы-2001
10. Сейтқасымов С. «Ақша, несие, банктер» Оқулық. Экономика,2001
11. Хамитов Н.Н «Банк ісі» лекциялар курсы Алматы: Экономика -2006
12. Бекеева Г. «Қаржы лизингінің үш жақты шарты: салық салынатын табысы, анықтау тәртібі мен талаптары» - Бухгалтерлік бюллетені-2009 №35
13. Григорьева О. «Финансовый лизинг» - Бухучёт на практике-2008 №6-31-34 беттер
14. Тлепова Г. «Лизингтің экономикадағы алатын орны»-Ізденіс-Поиск -2009 №2- 18-21 беттер
15. Сабырбаева Г.Е., «Қазақстанда лизингті дамыту перспективалары»- www.gazeta.kz
16. Фролов М.А. «Оперативный лизинг: настоящее и будущее»- Деньги и кредит-2008 №11 68-69 беттер
17. www.alb.kz
ҚОСЫМШАЛАР
1 қосымша
Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi туралы
ШАРТ
Алматы қ.
<заңды тұлғаның атауы, резиденттiгi, құрылған күнi, тiркеу туралы куәлiгi, күнi мен нөмiрi, кiм тiркедi>, бұдан әрi "Лизинг берушi" деп аталады, <жарғының, ереженiң, 200__жылғы "__"_____№____сенiмхаттың> негiзiнде iс-әрекет ететiн <шартқа қол қойған тұлғаның лауазымы, аты-жөнi> арқылы, және бұдан әрi "Лизинг алушы" деп аталатын <заңды тұлғаның атауы, резиденттiгi, құрылған күнi, тiркеу туралы куәлiгi, күнi және нөмiрi, кiм тiркедi немесе жеке тұлғаның аты-жөнi, азаматтығы, резиденттiгi, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi және күнi>, төмендегiлер туралы осы Шартты жасады.
1. Шарттың мәнi
1.1.Лизинг алушының өтiнiшiне сәйкес Лизинг берушi ақысын төлеуге және Лизинг алушы таңдаған мынадай мүлiктi лизингке одан әрi беру үшiн сатып алуға мiндеттенедi:
№ | Мүлiктiң атауы | Түрi, моделi, маркасы | Қызмет мерзiмi | Бiрлiк саны | Жеткiзушiнiң атауы, жеткiзу шартының нөмiрi, күнi | Жеткiзу мерзiмi | Мүлiктiң құны, млн. теңге |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту:
1. 4-бағандағы қызмет мерзiмi амортизацияның қолданылып жүрген нормаларын негiзге ала отырып немесе тездетiлген амортизацияның рұқсат етiлген нормаларын негiзге ала отырып, тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
2. Осы шарттың мәнi бiрдей қызмет мерзiмi, бiрнеше атауы бар мүлiк болуы мүмкiн.
Көлiк шығыстарын __________ млн. теңге ____________________ млн. теңге және қосылған құн салығын қоса алғанда мүлiктiң _____ млн. теңге сомасына сатып алынуы мүмкiн.
1.2. Мүлiктi __________________ мекен-жай бойынша жеткiзiп бередi және оны Лизинг алушы пайдаланады.
Мүлiктiң орналасқан жерiн ауыстыру Лизинг алушының жазбаша келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.
1.3. Лизинг берушi Сатушыны мүлiктi одан әрi Лизинг алушыға беру үшiн осы шарттың талаптарына сәйкес сатып алатыны туралы хабардар етуге мiндеттi.
1.4. Лизинг алушы жеткiзушiмен 1.1-тармағында көрсетiлген мүлiктiң барлық техникалық-экономикалық сипатымен, мүлiктiң сапасы, жеткiзу мерзiмi және орны бойынша кепiлдiктердiң ерекше нұсқамасын қоса алғанда, келiседi және ерекше нұсқамамен бiрге осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын коммерциялық келiсiм-шарт жасайды.
2. Лизинг мерзiмi
1.1-тармағында көрсеiтлген мүлiк Лизинг алушы оны қабылдаған күннен бастап ____ жыл мерзiмiне Лизинг алушыға берiледi.
3. Мүлiктi қабылдау
3.1. Осы шарт бойынша жеткiзiлген мүлiктi қабылдауды Лизинг берушiнiң қатысуымен жеткiзу орынында Лизинг алушы жүргiзедi.
3.2. Мүлiктi қабылдау мүлiктi жеткiзу жиынтығын растайтын және коммерциялық келiсiм-шартта көзделген техникалық-экономикалық көрсеткiштерге сәйкес қабылау актiсiмен ресiмделедi.
Қабылдау актiсiне Лизинг берушi, Лизинг алушы және Жеткiзушiнiң өкiлдерi қол қояды.
3.3. Қабылдауға байланысты барлық шығыстарды Лизинг алушы көтередi.
3.4.Қабылдау кезiнде анықталған ақаулар қабылдау актiсiнде көрсетiледi. Бұл ретте Лизинг берушi жеткiзушiге мерзiмiн көрсете отырып, ақауларды жоюды тапсырады. Ақауларды жою мүмкiн болмаған жағдайда Жеткiзушi өз есебiнен мүлiктi жаңа мүлiкке айырбастап беруге мiндеттi.
3.5.Мүлiктi дұрыс пайдалануға кедергi келтiретiн ақаулар үшiн Лизинг алушы мүлiктi қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ол жазбаша нысанда (анықталған кемшiлiктер мен ақауларды мiндеттi түрде дәлелдей және көрсете отырып) Лизинг берушiге хабар беруi тиiс. Осы рекламация Лизинг берушiге мүлiктi сатып алу-сату шартты бұзуға құқық бередi.
3.6. Мүлiктi қабылдау жеткiзу күнiнен кейiн 30 тәулiк iшiнде ресiмделуi тиiс. Осы көрсетiлген мерзiмде Лизинг алушы қабылдау актiсiне қол қоймаса және осы уақыт iшiнде шарттың 3.5-тармағына сәйкес қабылдаудан бас тартатыны туралы хабарламаса, онда қабылдау жасалған болып есептеледi.
Информация о работе Лизингтік операциялардың банктік операциялар жүйесіндегі орны