Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 14:59, курсовая работа
Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.
Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әреттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;
3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады;
лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
лизинг алушы - лизинг шартының талаптарына орай кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы.
лизинг мәмiлесi - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келiсiлген iс-қимылының жиынтығы;
лизинг қызметi - лизинг берушiнiң лизинг шартының талаптарын орындау жөнiндегi қызметi;
тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тозатын, бiрақ пайдалану процесiнде табиғи қасиеттерiн жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлiк;
сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады;
лизинг мүмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар;
лизинг мерзiмi - лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.
Лизингтiң түрлерi:
1.қайтару лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретiнде лизингке алу талабымен сатады; қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;
2. банк лизингi - лизингтiң бiр түрi, мұнда лизинг берушi банк болып табылады; 3. толық лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi жүзеге асырады; сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;
4. таза лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг алушы жүзеге асырады.
Лизинг берушімен лизинг алушының арасындағы маңызды қарым қатынасты реттейтін лизингтік контракті шарттау. Шарттың бөлімдері мынадай.
1. Лизинг обьектісі және оны қабылдап алу тәртібі. Бұл бөлімдер обьектіге толық сипаттама берілуі тиіс. Яғни техникалық эксплотациялық.
2. Жалға беру мерзімі және шұғыл шартты бұзу жағдайы. Лизингтік шарттар мерзімділігіне сәйкес оперативтік және қаржылық деп бөлінеді.
3. Лизинг алушының обьектіні пайдалану құқығы.
4. Лизинг алушы мүлікті өзге мүлікті алушыға беруге құқығы жоқ.
5. Арендатордың жалға алынған мүлікті өзге біреуге пайдалануға құқы жоқ.
Банктің несие бөлімінде лизинг шартының жобасында мынадай мәліметтер бар.
1. Банктің шығын сомасының жоспары.
2. Шарттың ұзақтығы.
3. Жарналардың реттілігі
4. Ставкасы және жағдайы.
5. Салық салу.
6. Қалдық құн.
Лизинг шартында, Азаматтық кодекстің 567-бабына сәйкес мынадай талаптар болуға тиіс: мүлікті сатушының атауы; лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі; төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі; шарт мерзімі; егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары.
Мүлікті лизингке беру туралы сатушының хабардар ету туралы кодекстің 568-бабында лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлік сатып ала отырып, мүліктің белгілі бір тұлғаға лизинг ретінде беруге арналғандағы туралы сатушыны хабардар етуге тиіс.
Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.
Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:
кезеңдік төлемдер – лизингтік келісімге қатысушы, тараптар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;
бір мерзімдік төлемдер – егер келісімінде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.
Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере отырып, мәміле лизингтік төлемдерді дөлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдері белгіленуі мүмкін:
бірдей үлестермен – бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;
өспелі өлшемдермен (прогрессивтік төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтік төлемді аз жарналармен енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және онда өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;
азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданатын төлемдер.
Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі, қалдық құн, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары (тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды, салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестерді ұйымдастыру) әсер етеді. Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:
амортизация;
мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар үшін төлемі;
көрсетілген қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін лизингтік маржа;
лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты тәуекелділік сыйақысының көлемі.
Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік пайызды құрайды.
Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг алушыға бекітім – міндеттемесі бар хатты, қол қойылған келісімінің жалпы шартының көшірмесін, оған жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді. Бұл құжатты фирма-жабдықтаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі. Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны жабдықтаушыға жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату-сатып алу туралы келісім және жабдыққа жіктелім құрастыруды қолдануы мүмкін.
Лизинг алушыға лизинг шартының нысанасын беру туралы 571-бапта жазылған.
Тараптардың жауапкершiлiгi туралы Азаматтық кодекстің 572-бабында жазылған. Егер тараптар келiсiмге келе алмаған жағдайда шартқа байланысты пайда болған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес төрелiк сотта шешiлуге жатады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 74-бабына сәйкес қаржы лизингi туралы «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан астам мерзiмге жасалған лизинг шарты бойынша мүлiктi беру егер ол мына талаптардың бiрiне сай келсе:
1. мүлiктi лизинг алушының меншiгiне беру және (немесе) лизинг алушыға мүлiктi тiркелген бағамен алу жөнiнде құқық берiлуi лизинг шартында айқындалса
2. қаржы лизингiнiң мерзiмi қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiктiң пайдалы қызметi мерзiмiнiң жетпiс бес процентiнен асса;
3. қаржы лизингiнiң барлық мерзiмi үшiн лизинг төлемдерiнiң ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк құнының тоқсан процентiнен асса, ол қаржы лизингi болып табылады.»
1.3 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде қарастырылуы
«ҚР Ұлттық Банкі» ММ Алматы қалалық филиалының бас маманы – экономисі Сабырбаева Г.Е., «Қазақстанда лизингті дамыту перспективалары» баяндамасында лизингтің ҚР-ғы маңызы туралы жазды[15]:
«Нарық дамыған сайын жаңа қаржы құралдарын пайдалану қажеттілігі туындайды. Қазіргі кезде Қазақстанда өндірістің өсу болашағы зор, мұның өзі техникамен құрал-жабдыққа қажеттіліктің де өсуін білдіреді. Лизинг кəсіпорындарға жалаң қаржы жүктемелері кезінде өндірістік процесті жүзеге асыруға қажеттінің бəрін алуға мүмкіндік береді. Мұның өзі Қазақстандағы лизинг қызметін көрсету нарығын жуық арадағы жылдарда тек қана өседі деп болжауға негіз болады.
Сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстандағы қазіргі заманғы экономикалық ахуал лизинг үшін қолайлы болып отыр. Лизинг операциясы барлық қатысушылар үшін тиімді: тараптардың бірі кезең-кезеңмен төлейтін кредитті жəне қажетті жабдықтарды алады; басқасы – кредитті қайтару кепілдігін алады, өйткені лизинг объектісі соңғы төлем түскенге дейін лизинг берушінің немесе лизинг операциясын қаржыландыратын банктің меншігі болып табылады.
Барлық жағдайларға банктің өзі лизинг алушы болып табылатын нұсқаны қосуға болады. Бұл – банк үшін пайдалы, өйткені, банктің теңгерімі жеңілдейді жəне банк қызметін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерде оң көрсетіледі.
Қазақстанда 90-шы жылдардың басынан бері лизингті қолдану басталды. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң қабылдады, онда отандық нарықта лизингті кеңінен дамыту үшін мемлекеттің айтарлықтай қолдау көрсетуі, қолайлы экономикалық орта жасау көзделген. Қазақстанда қазіргі кезде 20 жуық лизинг компаниясы жұмыс істейді. Осы компаниялардың Қазақстандағы бизнесі 2008 жылы лизингтік мəмілелердің жалпы көлемінің 90% құрады. 2008 жылы лизинг компанияларының ағымдағы мəмілелерінің құны 472 млн. долларға жетті, мұның өзі 2006 жылғыға қарағанда 49% жоғары. Жасалған мəмілелер көлемі 174 млн. доллар болды, 2008 жылғы 6 ай ішінде аяқталған мəмілелердің көлемі 18 млн. доллардан асты. 2006 жылғымен салыстырғанда нарықтың өсуі 60% болды.
Лизингтік мəмілелерді қаржыландыру үшін ресурстарды тиімді тарту – лизинг компаниялары табысының негізгі факторы. Лизинг компанияларын қаржыландырудың неғұрлым кең таралған көзі жалпы қаржыландыру көлемінің 85% астамын иеленетін банк кредиттері болып табылады. Мəміленің қалған бөлігі меншікті қаражат есебінен қаржыландырылады. Банктердің жанынан құрылған лизингтік компаниялардың басымдыққа ие болатыны сөзсіз.
Лизинг компаниясының басты бəсекелестік артықшылығы тұрақты қаржыландыру көзі болып табылатындықтан, 2008–2009 жылдары лизинг компанияларының облигациялар эмиссиясына қызығушылығы өсті. 2008 жылы 2 млрд. теңге сомасындағы облигацияларды «БТА ORIX Лизинг» компаниясы шығарды, ал 2008 жылы «Альянс Лизингтің» эмиссияларының көлемі 2,5 млрд. теңге болды. Нарыққа қатысушылар облигациялардың қаржыландыру құралдарының қосымша көзі ретіндегі болашағын түгелдей оң бағалайды.
1-диаграмма. Лизингтік қаржыландыру көздері
Соңғы төрт жылда елде лизингтік операциялар қарқынды дамуда. 1-суретте көрсетілгендей 2003 жылы 2002 жылмен салыстырсақ лизинг көлемі 4 есеге өсті. 2004 жылы 1300 лизинг шарттары бойынша лизинг мүлкіне 170 млн. АҚШ долл. болды. Егер 2006 жылы лизингтік қаржыландыру соммасы 445 млн долл. болса, 2007 жылы 600 млн. долл. жетті.
Ауыл шаруашылығы техникасының үлесі 2006 жылғы 48%-дан 2008 жылы 22%-ға дейін қысқарды. Ауыл шаруашылығы секторына «ҚазАгроФинанс» компаниясы тарапынан құю көлемінің жоғары көрсеткіші арқасында ұзақ уақыт бойына лизинг операцияларының осы санаты көшбасшы болып келді. Осы сегментте жоғарыда аталған компаниядан басқа «БТА ORIX Лизинг», «Центр Лизинг» сияқты ойыншылар пайда болды. Үлесі 2006 жылғы 8%-дан 2008 жылы 15%-ға дейін өскен құрылыс техникасымен лизинг операцияларының көлемі айтарлықтай өсті. Құрылыс, жол-құрылыс жəне басқа құрылыс техникасы сегментінде «Центр Лизинг», «АТФ Лизинг», «БТА ORIX Лизинг», «Халық Лизинг», «Бипек Лизинг» сияқты компаниялар неғұрлым белсенді
Батыс Қазақстанда жаңа көмірсутегі кен орындарын өңдеу Қазақстанға активтерді сатып алуға арналған құрал ретінде лизингті пайдаланатын ірі инвесторларды тартады. «Райффайзен Лизинг Қазақстан» жəне «Халық Лизинг» компаниялары 2008 жылы 5% құраған өндіруге арналған жабдықтардың негізгі портфелін қалыптастырды. Каспийде қазақстандық танкер флотының жасақталуына байланысты теңіз көлігі лизингіне сұраныстың (үлесі 6%), сондай-ақ теміржол көлігі лизингіне сұраныстың (үлесі 9%) пайда болғанын атап айту қажет. Осы сегментте «Райффайзен Лизинг Қазақстан» жəне «Альянс Лизинг» белсенді.
Қазақстанда лизинг нарығы дамуының əлуеті əлі де жеткілікті түрде ауқымды. Өндірістің əр түрлі салаларында лизингті ұйымдастыру мен жүргізудің нақты рəсімдерінің, өкінішке орай, болмауы банктерге əзірше оның тиісті қызмет көрсету стандарттарын əзірлеуге жəне өздерінің оған қатысу тиімділігін айқындауға мүмкіндік бермейді. Лизинг мəмілелерін жүргізу көптеген міндетті нысаншылдықпен қоса жүргізілуде. Оның ішінде:
Информация о работе Лизингтік операциялардың банктік операциялар жүйесіндегі орны