Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 14:59, курсовая работа
Лизинг феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық тетіктердің элементтері кездесетін, жалгерлік қатынастың ықпалындағы келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталды.
Лизингілік операция банк құрылымының іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтымақтастық құруына және өзара әреттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.
Қаржы нарықтары, активтер мен пассивтерді басқару бойынша Альянс Банк Қазақстанның ақша жəне валюта нарықтарына белсенді қатысушы болып табылады. 2007 жылы Қазынашылық департаменті қазынашылық операцияларының өтімділігін оңтайландыру жəне табысын арттыруға байланысты іс-шараларды одан əрі жүргізді. Жаңа қаржы өнімдерінің дамытылуына ерекше көңіл бөлінді.
2007 жылы Банк өз капиталын бағалы қағаздардың қосымша эмиссиясы көмегімен едəуір ұлғайтты. 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банктің 10 037 500 акциясы орналастырылды жəне төленді, олардың 9 637 500 данасы жай акциялар жəне 400 000 данасы ерекше акциялар.
Қаржыландыруды əртараптандыру, сондай-ақ Банктің қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді өтімділігін сақтау мақсатында облигациялық қарыздарды орналастыру жөнінде бірқатар операциялар жүргізілді. 2006 жылғы желтоқсанда жалпы 5 миллиард теңге сомасына облигациялардың бір шығарылымы тіркеліп, 2007 жылы толық орналастырылды, сондай-ақ 2007 жылы жалпы 1,1 миллиард теңге сомасына облигациялардың екі шығарылымы тіркеліп, ішінара орналастырылды. Бағалы қағаздармен сауда жасаудан түскен жиынтық табыс 2007 жылы 6,1 млрд. теңге болды.
2007 жылы Банк бағалы қағаздар қоржынының көлемін шетелдік бағалы қағаздар үлесін ұлғайту есебінен елеулі түрде ұлғайтты. Бағалы қағаздар қоржынының көлемі бір жылдың ішінде 17%-ға, 160,19 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл Банк активтерінің 13,64%-ын құрайды. Мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі бағалы қағаздар қоржыны жалпы көлемінің 85,32%-ын құрайды.
3 бөлім. «Альянс-лизинг» АҚ-да лизингтік операциялардың атқарылуы және жетілдіру жолдары
3.1 Лизинг операцияларының атқарылу механизмі
Ірі кәсіпорындардың инвестициялық тұтыныстарының түрлілігі жобалар мен бағдарламалардың қаржыландыру нысандарын, сонымен қатар құрылымдық және жобалық қаржыландыруды дамытуға алып келеді. Жобалық қаржыландыру физикалық және моральды тұрғыда тозған негізгі қорларды жаңартудың есебінен шығарылатын өнімге белсенді әрі төлемге қабілетті сұраныс жағдайындағы өндіріс көлемін ұлғайту үшін де, сонымен қатар негізгі капиталды кеңейту үшін де қажет болып отыр. Банк өзінің клиенттеріне идея немесе бастапқы бизнес-жоспар сатысынан бастап жобаны іс жүзінде іске асыруға дейінгі жобалық қаржыландыру қызметтерін ұсынады (экономикалық тұрғыда пайдалылығының бастапқы анықтамасы, жобаның салалық талдауы, маркетинг стратегиясын өңдеу, қаржы үлгісін өңдеу).
Оның алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік кредит мекемелерімен жасалған кең іскерлік байланыстары және кредиттік ресурстары мен инвестицияларды тартудағы жинақталған ауқымды тәжірибесі жобалық идеяны, табысты іске асыруды да, жобаны барлық сатыда жүзеге асыруды да қамтамасыз етеді.
Қаржы лизингі – Банк клиент көрсеткен сатушыдан меншігіне алған және лизинг шартымен ескертілген лизинг затын белгіленген ақыға және белгіленген талаптармен кем дегенде 37 ай мерзімге кәсіпкерлік мақсатқа уақытша иеленуге немесе пайдалануға беруге міндеттенетін инвестициялық қызметтің түрі. Бұл жағдайда лизинг затын лизинг шарты бойынша беру төмендегі талаптардың қайсыбіріне жауап беруге тиіс:
1. лизинг затын клиенттің меншігіне беру және (немесе) клиентке лизинг затын лизинг шартымен кесілген бағаға иелену құқығын беру лизинг шартымен белгіленген;
2. лизингтің мерзімі лизингтің пайдалы қызмет ету мерзімінің 75% аспайды;
3. лизингтің бүкіл мерзіміне лизинг төлемінің ағымдағы (дисконтталған) құны берілетін лизинг заты құнының 90% асады.
Қаржы лизингінің артықшылықтары:
қаржыландырудың ұзақ мерзімділігі;
лизинг затына төлемдерді қайтаруды қамтамасыз ететін банктің жеке құқығы қызмет атқарғандықтан қосымша кепілдеуді қамтамасыз етуді ұсыну талап етілмейді;
лизинг беруші ҚР Үкіметімен белгіленген құрамға кіретін лизинг шарты бойынша қаржы лизингіне табыстау мақсатында әкелінген импорт мүлігі қосылған құнға салынатын салықтан босатылады;
қаржы лизингі амортизацияның жедел әдісін қолдануға рұқсат ететіндіктен мүлікке толық немесе толуға жақын амортизация болады;
лизинг алушының қызығушылыған арттыру мақсатында Банк ірі жобалардың рентабелділігін зерттеу және оларды іске асыру мақсатына сәйкес баға беру, кеден құжаттарын ресімдеу, техникалық қызмет көрсету және қосалқы бөлшектерін жеткізу бойынша функцияны үйлестіруді жүзеге асырушы жеткізуші туралы ақпаратты дайындау және өңдеу сияқты жұмыстарды да атқарады;
лизингтік төлемдерді төлеу тәртібі икемді болғандықтан лизинг алушы табысы түскендігін есептей алады және Банкпен бірге төлемнің ыңғайлы түрін – негізгі қаражатты тұрақты өтеу және маусымдық және басқа да (тоқсан сайын / жарты жылда1 рет және т.б.) факторларды ескеру сыйақын таңдай алады:
компания өз активтерін жедел толықтыруларына немесе жаңартуларына болады.
Лизингтік мәміленің кезеңі:
Клиентке кеңес;
Өтінімді қабылдау, қарастыру, Клиенттің несие төлей алатындығын бағалау;
Банктің уәкілетті органдарының өтінім бойынша шешімдерін қабылдау;
Лизинг алушы және Сатушымен лизинг шартын және сатып алу–сату шартын жасау;
Мәміле паспортын ресімдеу және валюталық заңнаманың талаптарына сәйкес (лизинг заты импорт болған кезде) қажет тәртіпті жүзеге асыру;
Жеткізу және кедендік ресімдеу (лизинг заты импорт болған кезде);
Лизинг алушының уақытша иелігіне және пайдалануына беруге лизинг затын қабылдау–табыстау мемлекеттік органдарда тіркеу (қажет болған жағдайда) және лизинг затын сақтандыру;
Банк және Лизинг алушы арасында салыстыру актісін құру;
Лизинг затын Лизинг алушыға (лизингтік төлемдерді төлеген соң) жеке меншік құқығына қайта ресімдеу.
Лизинг алушыны қаржыландыру туралы оң шешім қабылдағанда, «Альянс-лизинг» лизинг затын алу туралы сатушымен келіссөз жүргізеді. Сатушы, «Альянс-лизинг» және лизингалушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады, бір мезгілде «Альянс-лизинг» пен лизинг алушы арасында лизинг шарты жасалады.
Лизингтік операциялар кезінде лизинг соммасын есептеу-ең қиыны болып саналады. Көптеген экономистер лизинг пен несиенің арасындағы ұқсастықты айтады, бірақ лизингтің құжаттарын толтырғанда жоғары мамандар болу қажет.
Әрбір лизинг соммасына келесілер кіреді:
Амортизация
Лизинг мәмілені атқарғаны үшін тартылып отырған қаражат
Лизингтік маржа, лизинг берушінің қызметі үшін төлеммен қоса
Тәуекел соммасы
Қаржы лизинг бойынша аренданың соммасын есептегенде аннуитет формуласы қолданылады:
Мұндағы Р- арендалық төлемдер соммасы
А- амортизация соммасы
П – шарт мерзімі
И – лизинг пайызы
Т – арендалық төлемдердің периоды
Қалдық құны бойынша төлем соммасы 1- жылдың дисконттау коэффициенті арқылы табамыз:
Мұндағы ОС- қалдық құны.
Осыдан басқа төлемдерді есептеудің тағы бір түрі бар, мұнда амортизацмяны есептеудің әр түрлі әдістері қолданылады. Лизингтік төлемдердің жалпы соммасы келесідей:
Лп= А + Пк + Пком + Пу + ҚҚС
Мұндағы А – амортизация соммасы
Пк – несиелік ресурстарды тартқаны үшін төлем
Пком – лизинг бойынша комиссия
Пу - қосымша қызмет бойынша төлем
1. Амортизация соммасы:
Мұндағы А- амортизация соммасы:
С – мүліктің баланстық құны
На – амортизация нормасы, %
2. Несиелік ресурстарды тартқаны үшін төлем:
Мұндағы К – несиелік ресурстар соммасы
Ск – тартылып отырған қаражатың пайыздық ставкасы
3. Лизинг бойынша комиссия
Мұндағы Ском – комиссиондық сыйақы бойынша ставка
4.Қосымша қызмет бойынша төлем:
Пу= Рк+Ру+Рр+Рд
Мұндағы Рк – іс-сапар шығындары
Ру – қызмет шығындары
Рр – жарнамаға кеткен шығындар
Рд – басқа да шығындар.
5.Лизинг төлемдерді уақытына байланысты төлеу:
Жыл сайын төлеу: Лв=Лп:Т
Тоқсан сайын төлеу: Лв=Лп:4
Ай сайын төлеу: Лв=Лп:Т:12
Операцияның түрі | Жалпы талаптар | Ерекше талаптар (15%- аванс, 15% -жылына, 15% -ҚҚС) | «100 % ЛИЗИНГ» (0% -аванс, 0,1% -комиссия) |
Қаржыландыру сомасы | 100 000,00 АҚШ долларынан немесе оның баламасынан бастап | ||
Лизингтің валютасы | теңге, АҚШ доллары, евро. | ||
Лизингтің мерзімі | 37 айдан 84 айға дейін | ||
Аванстық төлем |
| Лизинг заты құнының 15%-нан 30% -на дейін | Талап етілмейді |
Проценттік мөлшерлеме |
| Қарыздың қалдығына есептелетін жылдық 15% |
|
ҚҚС төлеуден босату | Негізгі қаражаттардың импорты кезінде- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.04.2004.ж. №475 Қаулысына сәйкес | ||
Жоба қарастырылатын мерзім | Құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін 2 апта | ||
Кепілдік қамтамасыздық | Лизинг заты құнының 30-50% | ||
Өтеу тәртібі | Аннуитетті ай сайынғы төлемдер. Ерекше жағдайларда бизнестің маусымдылығын есепке алатын өтем кестесі қолданылады | ||
Бастапқы жарна | Лизинг затының ақырғы құнының 15% дан 30% -на дейін | ||
Мерзімінен бұрын өтеу | кем дегенде 37 аймен шектелген | ||
Қамтамасыздықтың түрлері | иеленетін лизинг заты. | ||
Жобаның сараптамасы үшін Банктің комиссиясы | Лизинг заты құнының 0,3% дан 0,5% -на дейін | ||
Лизинг және кепіл затын бағалағаны үшін Банктің комиссиясы | Ақысыз | ||
Қосымша талаптар | Лизинг қызметін алуға кредиттік желі түріндегі келісімді жасау мүмкіндігі | ||
Сақтандыру | Сақтандыру шарты бойынша Банкті пайда иеленуші ретінде міндетті түрде тағайындай отырып Банк ұсынған сақтандыру компаниясында Лизинг затын және кепіл мүлкін міндетті түрде сақтандыру |
2 кесте. «Альянс-лизинг» АҚ-ның лизинг беру шарттары
Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:
- техникалық қызмет – клиент пайдаланатын объектіні тасымалдауды, құрастыруды және орналастыруды ұйымдастыруға, жабдыққа техникалық қызмет етуге және ағымды жөндеуге байланысты (көбіне жабдық жаңа болған жағдайда);
- кеңес беру қызметі- салық салу, рәсімдеу және т.б мәселелер бойынша қызметтер
ШОБ субъектілерін автокөлік иеленуге қаржыландыру. Бұл операция бойынша лизингтің минималды сомасы 5 000 АҚШ доллары немесе теңгедегі балама сомасы, Бастапқа жарнаның сомасы Кем дегенде 30% (ұсталған автокөлік үшін), кем дегенде 15% (жаңа автокөлік үшін) Қамтамасыздықтың түрі бастапқы жарна болған кезде – иеленетін автокөлік бастапқы жарна болмаған жағдайда – жылжымайтын мүлік объекті мен иеленетін автокөлік (қамтамасыздық жеткіліксіз болған жағдайда) Ерекше талаптар Жаңа басталған бизнесті кредиттеу үшін 3 айға дейінгі жеңілдік кезеңін ұсынады.
Лизинг операциялар тәуекелді операцияларға жатады. Лизинг мәмілелердің тәуекелдері: маркетингтік тәуекел, обьектінің моральды тозу тәуекел, бағалық тәуекел, өтімділіктің балансталмағандығы тәуекелі, төлеу алмау тәуекелі, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекелі.
3.2 «Альянс-лизинг» АҚ-нда лизингтік операцияларды жетілдіру жолдары
Нарық заманында кәсіпкерліктің дамуына қаржылық лизингтің тигізетін игі ықпалы зор. Біздің елімізде қаржылық лизинг рыногы әлі де жоғары деңгейде дамымаған сала. Отандық бизнес құрылымы лизинг рыногының тиімділігін енді ғана түсініп, қазір жаппай ден қоя бастады. Бұл ретте еліміздегі қаржылық лизингті насихаттайтын ақпараттық талдау да аз екенін мойындауымыз керек.
Бүгінде Альянс-лизинг жалпы құны 478,2 миллион АҚШ долларынан тұратын 44 лизингтік мәмілені қаржыландыруға шешім қабылдады. Оның ішінде Альянс-лизингтің жалпы үлесі 211 миллион долларды құрайды. Қазіргі уақытқа дейін олардың ішіндегі 17 лизингтік мәміле толық қаржыландырылды, 21 мәміле бойынша қаржыландыру басталды, 6-ы алдағы уақытта қаржыландырылмақ.
Біздің еліміздегі лизингтің болашағына келетін болсақ, оның көкжиегі кең. Біріншіден, бұл үлкен қаржы, екіншіден, оған айналымдағы көп қаржыны жұмсамай, 15-20 пайыз көлеміндегі аванс төлесе болғаны. Лизингтің тиімділігі нәтижесінде өндірісшілер алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылады. Сонымен бірге қазақстандық рынокта лизингтің өсу деңгейіне қажетті қуат көздері де жеткілікті.
Еліміздің экономикасын және қаржылық жүйесін тұрақтандыру жөніндегі біріккен іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың негізгі операторы “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры болып табылады. Ал “Альянс-лизинг” АҚ осы қордың құрамдас бір бөлімі болып саналады. Басымдық беретін жобалар индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар болып келді және алдағы уақытта да сондай бола бермек. АҚ бұрынғысынша қаржылық лизингпен айналысады, отандық бизнеске жаңа өндіріс орындарын ашуға, істеп тұрған өндіріс ошақтарын қайта құруға көмектеседі. Өзіміздің “Индустриялық қайта құру өнері” деген ұранымызға сәйкес жалпы дағдарысқа қарсы жасалған жоспар ауқымында өзіміздің нақты міндеттерімізді атқара береміз.
Информация о работе Лизингтік операциялардың банктік операциялар жүйесіндегі орны